60 кесте. Kase ішкі құжаттарының, сондай-қа 2011 жылда бекітілген Kase ішкі құжаттарына енгізілген өзгертулердің тізімі Жалпы бөлім




Скачать 273.9 Kb.
Название60 кесте. Kase ішкі құжаттарының, сондай-қа 2011 жылда бекітілген Kase ішкі құжаттарына енгізілген өзгертулердің тізімі Жалпы бөлім
страница1/3
Дата конвертации14.02.2016
Размер273.9 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.kase.kz/files/reports/2011_fb_kz/newdocs.doc
  1   2   3

Анықтамалық ақпарат

60 кесте. KASE ішкі құжаттарының, сондай-қа 2011 жылда бекітілген KASE ішкі құжаттарына енгізілген өзгертулердің тізімі

Жалпы бөлім

1. "Қазақстан қор биржасы" АҚ 2011–2013 жылдарға даму стратегиясы

Бекіткен күні: 24 ақпан 2011 жыл

Бекітті: Биржалық кеңес

Комментарийлер: KASE 2011-2013 жалдарға негізгі даму бағыттарын анықтайды.

2. "Қазақстан қор биржасы" АҚ ақпараттық саясатының негізгі қағидалары

Бекіткен күні: 15 наурыз 2011 жыл

Бекітті: Биржалық кеңес

Қолданысқа енгізу датасы: 16 наурыз 2011 жыл

Комментарийлер: мүдделі тұлғалар (соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары) және өз персоналының қарым-қатынастар аясындағы KASE ақпараттық саясатын жүзеге асырудың негізқалаушы ұстанымдары мен тәртібін анықтайды.

3. Нақты уақыт тәртібіндегі сауда-саттықтар туралы биржалық ақпараттарды коммерциялық негізде ұсыну шарттары туралы қағидаға енгізілген № 3 өзгерту

Бекіткен күні: 15 наурыз 2011 жыл

Бекітті: Биржалық кеңес

Қолданысқа енгізу датасы: 01 сәуір 2011 жыл

Комментарийлер: енгізілген өзгерту арқылы нақты уақыт тәртібінде биржалық ақпараттарды ұсыну бойынша оның қайта таратушыларына (вендорларға) орта есеппен 35 %-ға тарифтер төмендетілді.

4. Биржалық ақпараттарды тарату ережелері

Бекіткен күні: 28 сәуір 2011 жыл

Бекітті: Биржалық кеңес

Қолданысқа енгізу датасы: 01 шілде 2011 жыл

Комментарийлер: Ережелердің жаңа редакциясы 2011 жылдың 16 наурызынан бастап "Қазақстан қор биржасы" АҚ ақпараттық саясатының негізгі қағидалары" атты KASE құжатының қолданысқа енгізіле бастағанына байланысты әзірленді. Бұдан басқа, Ережелердің алдыңғы редакциясында биржалық ақпараттардың кейбір түрлерінің толық сипаттамасы болған жоқ, биржалық ақпараттарды тарату әдістерінің классификациясы ескірді, биржалық ақпараттардың әр түрін таратудың негізгі әдісін анықтайтын, нормалар болған жоқ, биржалық ақпараттың негізгі түрлері үшін ең сенімді және нақты көзін анықтау болған жоқ, тегін және коммерциялық (ақылы) негізде ұсынылатын ақпараттарды анық бөлу болған жоқ.

Ережелердің жаңа редакциясының ең елеулі айырмашылығы болып табылады:

1. Биржалық ақпараттың классификациясы актуалдандырылған және реттелген (соның ішінде нақты уақыт тәртібіндегі кідірілген және туынды сауда-саттық ақпараттарды классификацияға қосу арқылы).

2. Биржалық ақпараттардың әр түрін таратудың негізгі және қосымша әдістері анықталды.

3. Ең маңызды биржалық ақпарат үшін, Биржаның түрлі жарияланымдарында айырмашылық болған кезде, приоритетті көздері анықталды.

4. Биржалық ақпараттың тегін (еркін жарияланатын) және ақылы (коммерциялық негізде таратылатын) ақпараттарға анық бөлуі жасалды. Бұл ретте биржалық ақпараттың барлық түрлері Ережелерде ескертілген әдістермен ғана тегін таратылатыны белгіленген. Сату мақсатында арнайы топтастырылған, тексеріліп-түзетілген және өңделген биржалық ақпарат коммерциялық негізде таратылады

5. Биржаға өз ақпараттық өнімдерін тарату үшін сырт ұйымдарды (өкілетті агенттікті) тартуға құқық беретін норма белгіленді.

6. Биржалық ақпаратты қайтала тарату шарттары белгіленді.

7. Биржалық ақпаратты тарату барысында биржаның жауапкершілігін шектеу бойынша нормалар толықтырылды. Атап айтқанда, Ережелер жобасының мәтініне таратылатын биржалық ақпарат қаржылық нарықта қандай да бір әрекеттерге бағыттайтын ұсыныстар ретінде қызмет етпейді деген анықтама енгізілген.

5. "Қазақстан қор биржасы" АҚ тәуекелдерді басқару саясаты

Бекіткен күні: 31 мамыр 2011 жыл

Бекітті: Биржалық кеңес

Қолданысқа енгізу датасы: 01 шілде 2011 жыл

Комментарийлер: Саясат тәуекелдерді басқару үдерісінің мақсаттарын, міндеттерін, принциптерін, негізгі компоненттерін және ұйымдастыруын, сондай-ақ тәуекелді басқару үдерісінің қатысушылар тізімін, олардың міндеттерін, өкілеттілігін және жауапкершілігін анықтайды.

6. Биржалық кеңестің бюджет және стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитеті туралы қағида

Бекіткен күні: 31 мамыр 2011 жыл

Бекітті: Биржалық кеңес

Қолданысқа енгізу датасы:

Комментарийлер: Қағидада Биржалық кеңестің бюджет және стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитетінің (Комитет) мәртебесі, құзырлығы, құрамы, жұмыс тәртібі және функциялары, сондай-ақ оның мүшелерінің құқықтары мен жауапкершілігі анықталған. Комитет Биржалық кеңестің кеңес беру-талқылау органы болып табылады және KASE акционерлерінің мүддесінде қызмет етеді.

7. "Қазақстан қор биржасы" АҚ қызметінің үздіксіздігін басқару саясаты

Бекіткен күні: 30 маусым 2011 жыл

Бекітті: Биржалық кеңес

Қолданысқа енгізу датасы: 01 қыркүйек 2011 жыл

Комментарийлер: Саясат Биржа қызметінің үздіксіздігін басқару үдерісінің негізгі мақсаттарын, міндеттерін және кезеңдерін анықтайды.

8. Биржалық кеңестің Сараптық комитеті туралы қағидаға енгізілген № 1 толықтырулар мен өзгертулер

Бекіткен күні: 31 тамыз 2011 жыл

Бекітті: Биржалық кеңес

Қолданысқа енгізу датасы: 27 қыркүйек 2011 жыл

Комментарийлер: түзетулерді енгізу қажеттілігі 2011 жылдың 23 тамызынан бастап "Бағалы қағаздарды бағалау әдістемесі" KASE ішкі құжатының қолданысқа енгізілуіне байланысты туындады, оған сәйкес Биржалық кеңестің Сараптама комитетінің (бұдан әрі - Комитет) құзыретіне, мемлекеттік бағалы қағаздардың, атап айтқанда Ұлттық Банктің ноталарының, МЕККАМ, МЕОКАМ және МЕУКАМ нарықтық бағалауын жүзеге асыруға қажетті, бірқатар параметрлерді анықтау жатқызылды. Осыған орай Комитет функциялары, индекстелінбеген Қазақстан Республикасы МБҚ нарықтық бағалауын жүзеге асыру мақсатында оларды топтарға бөлу және осындай топтардың параметрлерін анықтау бойынша функцияларды қосқанда, кеңейтілді. Бұған қоса, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеумен қадағалау агенттігінің таратылуына байланысты Қағида мәтініне редакциялық түзетулер енгізілді.

9. Листингілік комиссия туралы қағидаға енгізілген №1 өзгерту

Бекіткен күні: 06 қазан 2011 жыл

Бекітті: Биржалық кеңес

Қолданысқа енгізу датасы: 11 қараша 2011 жыл

Комментарийлер: Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және қадағалау агенттігінің және Қазақстан Республикасы Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығы қызметін реттеу агенттігінің таратылуына және олардың функцияларын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне беруге, сондай-ақ Листингілік комиссия мүшелерінің сырттай дауыс беруі бойынша процедураларына байланысқан, редакциялық және түсіндірмелі түзетулер енгізілді.

10. Биржалық кеңестің қаржылық есеп берушілік және эмитенттердің аудиті жөніндегі комитеті туралы қағидаға енгізілген № 1 өзгерту

Бекіткен күні: 06 қазан 2011 жыл

Бекітті: Биржалық кеңес

Қолданысқа енгізу датасы: 11 қараша 2011 жыл

Комментарийлер: Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және қадағалау агенттігінің және Қазақстан Республикасы Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығы қызметін реттеу агенттігінің таратылуына және олардың функцияларын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне беруге Интернет-ресурс (Web-сайт) анықтамасын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтірумен байланысты, редакциялық түзетулер енгізілді.

11. "Қазақстан қор биржасы" АҚ Биржалық кеңесінің жұмыс регламентіне енгізілген № 1 өзгерту

Бекіткен күні: 06 қазан 2011 жыл

Бекітті: Биржалық кеңес

Қолданысқа енгізу датасы:

Комментарийлер: өзгертулермен Биржалық кеңес мүшелерін уақытылы хабарландыру мақсатында Биржалық кеңес отырысының өткізілуі туралы Биржалық кеңес мүшелеріне осы отырыс өткізілер алдында кемінде бес жұмыс күн бұрын (алдында кемінде үш жұмыс күн бұрын болған) хабарланады деп белгіленген; Биржалық кеңес отырысының күн тәртібіндегі сұрақтар бойынша материалдар Биржалық кеңес мүшелері отырыс материалдарымен уақытыл және нақты танысуы мақсатында осы отырыс алдында кемінде бес жұмыс күн бұрын (алдында кемінде үш жұмыс күн бұрын болған) Биржалық кеңес мүшелеріне ұсынылуы тиіс.

12. "Қазақстан қор биржасы" АҚ есептік саясаты

Бекіткен күні: 27 қазан 2011 жыл

Бекітті: Биржалық кеңес

Қолданысқа енгізу датасы: 01 қаңтар 2012 жыл

Комментарийлер: Саясатта, Биржа қаржылық есеп берушілікті әзірлеу және ұсыну үшін қабылдаған, нақты ұстанымдар, негіздер, шарттар және тәжірибесін сипаттаған. Есептік саясатты қалыптастырудың базасы және негізі қаржылық есеп берушіліктің халықаралық стандарттары болып табылады, бұнда шаруашылық операциялардың, активтердің, меншікті капиталдың, міндеттемелердің және қызметтің нәтижелерін көрсетудің альтернативті әдістеріне рүқсат етілген.

Биржа мүшелері

13. Мүшелік туралы қағидаға енгізілген № 16 толықтырулар

Бекіткен күні: 24 ақпан 2011 жыл

Бекітті: Биржалық кеңес

Қолданысқа енгізу датасы: 24 маусым 2011 жыл.

Комментарийлер: сауда-саттыққа қайта жіберілген және сауда-саттықтан шеттетілген KASE мүшелері үшін ай сайынғы мүшелік жарнаны, тиісінше, төлеуді бастау және төлеуден босату тәртібі реттелген.

14. Маркет-мейкерлер қызметінің ережелеріне енгізілген № 2 өзгертулер

Бекіткен күні: 29 наурыз 2011 жыл

Бекітті: Биржалық кеңес

Қолданысқа енгізу датасы: 01 шілде 2011 жыл

Комментарийлер: өзгертулер Ережелердің "Қор нарығының мүшесі үшін маркет-мейкер дәрежесінің маманданымы" атты 2 қосымшасына, "АҚШ долларының маркет-мейкері дәрежесінің маманданымы" атты 4 қосымшасына және "Ресей Федерациясы рублінің маркет-мейкері мәртебесінің маманданымы" атты 5 қосымшасына енгізілді. Өзгертулермен:

– АҚШ доллары маркет-мейкері үшін озық міндетті баға белгілеулері арасында спрэд 2 000 000 АҚШ долларына дейінгі нетто-жайғасымда 0,1 теңгеден аспайтын көлемде белгіленді;

– ресейлік рубль маркет-мейкері үшін озық міндетті баға белгілеулері арасында спрэд 30 000 000 рубльге дейінгі нетто-жайғасымда 0,01 теңгеден аспайтын көлемде белгіленді;

– облигациялар маркет-мейкерлері үшін минималды міндетті баға белгілеу көлемі 2 000 АЕК көлемінде белгіленді;

– міндетті баға белгілеуді қанағаттандыру сауда-саттық күні барысында маркет-мейкердің нетто-жайғасымы 2 000 000 АҚШ доллары сомасынан асып түсуіне әкеліп соқтыру мүмкін жағдайларды қоспағанда, АҚШ доллары маркет-мейкері үшін міндетті баға белгілеу мөлшері 500 000 АҚШ долларынан кем емес болып орнатылды;

– ресейлік рубль маркет-мейкері үшін міндетті баға белгілеу мөлшері сауда-саттық күні барысында 3 000 000 рубль кем емес болып орнатылды;

– сауда-саттық күні барысында нетто-жайғасым мөлшері 2 000 000 АҚШ долларына жетсе, АҚШ долларының маркет-мейкері ұсынылған міндетті баға белгілеуінен бас тартуға құқылы.

15. Сауда-саттық жүйесін қолдануға және жеке сәйкестендіру нөмірлері мен сауда-саттық жүйесіне рұқсаттаманың құпия сөзін беру, алу және қолдану ережелеріне енгізілген № 2 толықтыру

Бекіткен күні: 31 мамыр 2011 жыл

Бекітті: Биржалық кеңес

Қолданысқа енгізу датасы: 20 шілде 2011 жыл

Комментарийлер: толықтырулар құпия ақпаратты ашу тәуекелін төмендету мақсатында енгізілді және тұтынушылар паролін ауыстыру жиілігі (әрбір 60 күн сайын) бойынша талаптар қоюға және алдындағы парольдердің тарихын сақтауға байланысты.

Бұған қоса, Ережелер сауда-саттық жүйесіне тұтынушының кіруін автоматты түрде оқшаулау бойынша талаптармен толықтырылды:

– тұтынушы сауда-саттық жүйесін 60 күн арасында қолданбағанда;

– қате парольді үш рет қатарынан енгізгенде.

16. "Қазақстан қор биржасы" АҚ ең көзге түскен мүшелерін жыл сайынғы марапаттау ережелері

Бекіткен күні: 27 маусым 2011 жыл

Бекітті: Басқарма

Қолданысқа енгізу датасы: 01 шілде 2011 жыл, за исключением подпункта 5) пункта 2

Комментарийлер: Ережелердің жаңа редакциясының ең елеулі айырмашылығы:

– "Мерзімдік нарық көшбасшысы" аталымы қосылды, осы аталым бойынша көтермелеуді KASE мерзімдік нарықтағы белсенділіктің пайда болу мөлшеріне қарай бастайды;

– "Биржалық валюта нарығы" аталымы алып тасталды (бұл туралы арнайы жаңалық жарияланады);

– KASE мүшесі әділ бәсекелестік принциптерін бұзған жағдайда, оның қандай да болсын белсенділік көрсеткішін түзету механизмі енгізілді.

Бұдан басқа, құжат мәтініне редакциялық түзетулер енгізілді, құжат атауы біршама өзгертілді, құжат құрылымын реттейтін түзетулер енгізілді.

17. "Қазақстан қор биржасы" АҚ мүшелерінің белсенділік көрсеткішін есептеу әдістемесіне енгізілген № 4 толықтырулар

Бекіткен күні: 27 маусым 2011 жыл

Бекітті: Басқарма

Қолданысқа енгізу датасы: 01 шілде 2011 жыл

Комментарийлер: түзетулермен:

– KASE мүшелерінің мерзімдік келісімшарттардың сауда-саттығы секторындағы белсенділік көрсеткішін есептеу алгоритмін анықталды;

– KASE Басқармасына қандай да бір себептермен биржалық нарықтың қандай да бір секторында белсенділік рэнкингін құрастырудан бас тарту құқығына иеленді;

– белсенділік көрсеткіштерін пайдалану және жариялаудағы KASE мүмкіндіктері кеңейтілді.

18. Мүшелік туралы қағидаға енгізілген № 17 толықтырулар

Бекіткен күні: 27 қазан 2011 жыл

Бекітті: Биржалық кеңес

Қолданысқа енгізу датасы: 28 желтоқсан 2011 жыл

Комментарийлер: банктік ұйым болып табылатын, KASE мүшелеріне Биржаға ай сайын өздерінің валюталық жайғасымдары туралы есеп берулерін ұсыну талабы енгізілді.

19. Маркет-мейкерлер қызметінің ережелеріне енгізілген № 3 өзгертулер

Бекіткен күні: 27 қазан 2011 жыл

Бекітті: Биржалық кеңес

Қолданысқа енгізу датасы: 01 ақпан 2012 жыл

Комментарийлер: түзетулермен:

– өтімді бағалы қағаздардың өтімділіктің бірінші класстағы бағалы қағаздар тізіміне (бұрынғы анықтамада); өтімділіктің екінші класына өтімділігі орташа және төменгі деңгейдегі бағалы қағазардың, өтіміділіктің үшінші класына сауда-саттықтары ашылған, бірақ мәмілелер жасалмаған, бағалы қағаздардың жатқызылуын қарастыратын, "Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткішін анықтау әдістемесі" атты биржаның ішкі құжатына жоспаланған өзгертулерді енгізуге байланысты өтімді және өтімсіз бағалы қағаздар тізімдерінің атауын өзгертілді;

– KASE Басқармасының 2011 жылдың 10 маусымындағы Тәуекел комитеті туралы қағидаға өзгертулер енгізу туралы шешіміне сәйкес Тәуекел комитетінің атауын "Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау бойынша комитет" деп өзгертілді.

Бағалы қағаздар нарығы

20. Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткішін анықтау әдістемесіне енгізілген № 1 өзгертулер

Бекіткен күні: 15 наурыз 2011 жыл

Бекітті: Басқарма

Қолданысқа енгізу датасы: 15 наурыз 2011 жыл

Комментарийлер: түзетулер өтімді және өтімсіз бағалы қағаздардың тізімдерін қалыптастыру үдерісін оңайлату және оларды актуальдылау мақсатында енгізіліп, келесі қарастырады.

1. Өтімді және өтімсіз бағалы қағаздар тізімін қалыптастырудың мерзімділігі өзгертілді. Түзетулерге сәйкес аталмыш тізімдерді биржа бұдан бұрын қарастырылғандай тоқсан сайын емес, екі айда бір рет қалыптастыратын болады.

2. Өтімді және өтімсіз бағалы қағаздар тізімі әрбір тақ айының жиырма үшінші жұлдызында (немесе бұл күн Қазақстандағы демалыс немесе мерекені күні болған жағдайда, осы күннен кейінгі бірінші жұмыс күнінде) қалыптастырылатын болады және аталмыш тізім қалыптастырылған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап қолданыста болады.

3. Бағалы қағаздардың өтімділігі көрсеткішінің табалдырығынан аспайтын тұрақты қолданыстағы мәні 0,700 деңгейінде белгіленді. Өтімділік көрсеткішінің тең немесе үлкен мәнімен сипатталған бағалы қағаздар өтімді бағалы қағаздар тізіміне енгізілсе, қалғандары өтімсіз бағалы қағаздар құрамына енгізіледі. Бұдан бұрын Биржа Басқармасы тоқсан сайын табалдырықтан аспайтын мәнді қайта қарастыратын болады.

4. Өтімді және өтімсіз бағалы қағаздар тізімін қалыптасыру үшін Биржа, есептесу датасына дейінгі алпыс күнтізбелік күн аралығында бағалы қағаздармен жасалған мәмілелер параметрлері негізінде, KASE ресми тізімінде тұрған аталмыш бағалы қағаздар қатарынан әрбір бағалы қағаз атауы үшін өтімділік көрсеткішінің мәні есептейді. Бұдан бұрын есептесу кезінде аталмыш тізімдер қалыптастырылған айға дейінгі екі реттілік үш айлық кезеңнің мәмілелерінің параметрлері ескерілді.

  1   2   3

Похожие:

60 кесте. Kase ішкі құжаттарының, сондай-қа 2011 жылда бекітілген Kase ішкі құжаттарына енгізілген өзгертулердің тізімі Жалпы бөлім icon60 кесте. 2010 жылы бекітілген kase ішкі құжаттарының, сондай-ақ kase ішкі құжаттарына енгізілген түзетулер тізімі Жалпы бөлімі
Комментарийлер: өзгертулер kase-дегі мүшелік санаттары жүйесінің өзгеруіне байланысты енгізілді
60 кесте. Kase ішкі құжаттарының, сондай-қа 2011 жылда бекітілген Kase ішкі құжаттарына енгізілген өзгертулердің тізімі Жалпы бөлім icon61 кесте. 2012 жылы бекітілген kase ішкі құжаттарының, сондай-ақ, ішкі құжаттарына енгізілген түзетулердің тізімі Жалпы бөлім
Комментарийлер: бағалы қағаздар эмитенті ретінде, Биржаның инсайдерлік ақпараттарын құрайтын, сондай-ақ Биржаның, сауда-саттық ұйымдастырушысы...
60 кесте. Kase ішкі құжаттарының, сондай-қа 2011 жылда бекітілген Kase ішкі құжаттарына енгізілген өзгертулердің тізімі Жалпы бөлім iconTable 60. List of kase internal documents and amendments to kase internal documents, approved in 2010

60 кесте. Kase ішкі құжаттарының, сондай-қа 2011 жылда бекітілген Kase ішкі құжаттарына енгізілген өзгертулердің тізімі Жалпы бөлім icon59 кесте. 2011 жылдағы kase техникалық кешенінің модернизациясы мен дамуы бойынша атқарылған жұмыстар тізілімі
Осж қолданысқа енгізілді, осыны енгізу шегінде осж сервері мен сайты іске асырылды
60 кесте. Kase ішкі құжаттарының, сондай-қа 2011 жылда бекітілген Kase ішкі құжаттарына енгізілген өзгертулердің тізімі Жалпы бөлім icon«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Ішкі бақылау жүйесі туралы ереже
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның (бұдан әрі – Қоғам) Ішкі бақылау жүйесі туралы ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қоғамның бірлескен басқару Кодексіне...
60 кесте. Kase ішкі құжаттарының, сондай-қа 2011 жылда бекітілген Kase ішкі құжаттарына енгізілген өзгертулердің тізімі Жалпы бөлім icon«Орал қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (мемлекеттік органы) туралы ереже
«Орал қалалық ішкі саясат бөлімі» (мемлекеттік орган) мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Бөлім) ішкі саясат саласында мемлекеттік саясатты...
60 кесте. Kase ішкі құжаттарының, сондай-қа 2011 жылда бекітілген Kase ішкі құжаттарына енгізілген өзгертулердің тізімі Жалпы бөлім iconФ кгму 4/3-04/02 ип №6 умс при Каз гма от 14 июня 2007г
Тақырыбы: Клиникалық медицинаға кіріспе. Ішкі ағза аурулары жалпы түсінік және ішкі медицинаның міндеттері. Дәрігерлік деонтология...
60 кесте. Kase ішкі құжаттарының, сондай-қа 2011 жылда бекітілген Kase ішкі құжаттарына енгізілген өзгертулердің тізімі Жалпы бөлім icon«Нұрбанк» АҚ-тың Директорлар кеңесі бекіткен 1-Бөлім. Жалпы шарттар
Республикасының №2444 «Қазақстан Республикасында банктер және банк қызметі туралы» Заңының негізінде және сол Заңға Қазақстан Республикасының...
60 кесте. Kase ішкі құжаттарының, сондай-қа 2011 жылда бекітілген Kase ішкі құжаттарына енгізілген өзгертулердің тізімі Жалпы бөлім iconҚорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің смж ішкі құжаттарының тізімі
Е 01-14 Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесі туралы ереже
60 кесте. Kase ішкі құжаттарының, сондай-қа 2011 жылда бекітілген Kase ішкі құжаттарына енгізілген өзгертулердің тізімі Жалпы бөлім iconҚазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ішкі қызмет жарғысы. Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері. Әскери атақтар және айырым белгілер
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ҚР Қк ішкі қызмет жарғысын, әскери қызметшілердің жалпы міндеттерін, әскери атақтар мен айырым белгілерді...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница