Қолма-қол ақшасыз төлемдер және ақша аударымдары бойынша көрсеткіштерді қалыптастыру әдістемесі (қолма-қол ақшаны пайдаланумен салыстыру)
1. Осы Қолма-қол ақшасыз төлемдер және ақша аударымдары бойынша көрсеткіштерді қалыптастыру әдістемесі (қолма-қол ақшаны пайдаланумен салыстыру) қолма-қол ақшаны пайдаланумен салыстыру кезінде қолма-қол ақшасыз төлемдер және ақша аударымдары нарығын талдау кезінде пайдаланылатын көрсеткіштерді, сондай-ақ осы көрсеткіштерді есептеу тәртібін айқындайды.
2. Талдау жасалып отырған кезеңдегі қолма-қол ақшасыз төлемдердің және ақша аударымдарының жалпы көлемі: 1) Қазақстан Республикасының аумағында жүргізілген қолма-қол ақшасыз төлемдердің және ақша аударымдарының көлемі, оған мыналар кіреді: 1. | «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» РМК (бұдан әрі – ҚБЕО) Банкаралық ақша аудару жүйесі арқылы жүргізілген төлемдердің және ақша аударымдарының көлемі | 2. | ҚБЕО Банкаралық клиринг жүйесі арқылы жүргізілген төлемдердің және ақша аударымдарының көлемі | 3. | Халықаралық ақша аудару жүйелері (Western Union, Золотая корона, Contact және басқалары) арқылы Қазақстан бойынша жүргізілген төлемдердің және ақша аударымдарының көлемі | 4. | Банктер арасында ашылған корреспонденттік шоттар арқылы Қазақстан аумағында жүргізілген төлемдердің және ақша аударымдарының көлемі | 5. | Қазақстанның және шетелдің эмитенттерінің төлем карточкаларын пайдалана отырып, сондай-ақ оларды пайдаланбай электрондық терминалдар және қашықтан кіру жүйелері арқылы Қазақстан бойынша жүргізілген төлемдердің және ақша аударымдарының көлемі | 6. | Эмитенттері Қазақстанның банктері болатын электрондық ақшаны пайдалана отырып жүргізілген төлемдердің көлемі | 7. | ҚБЕО Халықтың бөлшек төлемдерді өңдеу жүйесі (Авангард Plat) арқылы жүргізілген төлемдердің көлемі | Қазақстанның аумағында Қазақстан теңгесімен жүргізілген төлемдердің және ақша аударымдарының үлесі бөлек есептеледі.
2) Шетелге жіберілген қолма-қол ақшасыз төлемдердің және ақша аударымдарының көлемі, оған мыналар кіреді: 1. | Халықаралық ақша аудару жүйелері (Western Union, Золотая корона, Contact және басқалары) арқылы шетелге жіберілген төлемдердің және ақша аударымдарының көлемі | 2. | Банктер арасында ашылған корреспонденттік шоттар арқылы шетелге жіберілген төлемдердің және ақша аударымдарының көлемі | 3. | Қазақстан эмитенттерінің төлем карточкаларын пайдалана отырып шетелде жүргізілген төлемдердің көлемі | Шетелге төлемдер және ақша аударымдарын жүргізу кезінде пайдаланылған негізгі валюталардың үлестері бөлек есептеледі. Жоғарыда көрсетілген көрсеткіштер бойынша деректер алу көздері және деректерді қалыптастыру әдістемесі осы Әдістемеге 1 және 2-қосымшалардың кестелерінде берілген. Мысал үшін: 1. 2015 жылғы 9 айдағы қолма-қол ақшасыз төлемдердің және ақша аударымдарының жалпы көлемі Қазақстанның аумағында жүргізілген және шетелге жіберілген қолма-қол ақшасыз төлемдердің жалпы көлемі | 276,2 трлн. теңге |
Қазақстан бойынша жүргізілген қолма-қол ақшасыз төлемдердің және ақша аударымдарының көлемі Жүйелер | Сомасы (млрд. теңге) | Үлесі, %-бен | Банкаралық ақша аудару жүйесі | 159 797,1 | 92,6% | Банкаралық клиринг жүйесі | 3 999,0 | 2,3% | Халықаралық ақша аудару жүйелері (Western Union, Золотая корона, Contact және басқалары) | 38,2 | 0,02% | Тікелей корреспонденттік шоттар | 7 679,4 | 4,5% | Төлем карточкалары, сондай-ақ оларды пайдаланбай электрондық терминалдар және қашықтан кіру жүйелері арқылы | 923,8 | 0,5% | Электрондық ақша | 29,4 | 0,02% | Авангард Plat | 46,9 | 0,03% | Жиынтығы | 172 513,9 | 100,0% | -
оның ішінде теңгемен | 168 201,1 | 97,5% |
Шетелге жіберілген қолма-қол ақшасыз төлемдердің және ақша аударымдарының көлемі Жүйелер | Сомасы (млрд. теңге) | Үлесі, %-бен | Халықаралық ақша аудару жүйелері (Western Union, Золотая корона, Contact және басқалары) | 236,4 | 0,2% | Тікелей корреспонденттік шоттар | 103 303,4 | 99,6% | Төлем карточкалары (шетелде пайдалану) | 158,7 | 0,2% | Жиынтығы | 103 698,4 | 100,0% | -
оның ішінде, тікелей корр.шоттар және БААЖ бойынша | 103 539,7 |
| АҚШ долларымен | 82 911,1 | 80,1% | теңгемен | 12 032, |
11,6% | Ресей рублімен | 4 | 536,1 4,4% | еуромен | 3 161,9 | 3,1% | өзге валюталармен | 898,4 | 0,9% | |
3. Қазақстан бойынша жүргізілген қолма-қол ақшасыз төлемдердің және ақша аударымдарының көлемін қолма-қол ақшамен төлемдер (операциялар) жүргізу көрсеткіштерімен салыстыру кезінде мынадай бағыттар пайдаланылады: 1) Тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз төлемдердің көлемін мынадай көрсеткіштерді пайдалана отырып тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін төлемдердің жалпы көлемімен салыстыру: 1.1) тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз төлемдердің көлемі (оның ішінде заңды және жеке тұлғалардың төлемдері), оған мыналар кіреді: 1. | Тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін Банкаралық ақша аудару жүйесі және Банкаралық клиринг жүйесі арқылы жүргізілген төлемдердің көлемі (ТМК1 нақтыланған кестесінің 7 және 8-бөлімдерінің ТМК таңдау) | 3. | Тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін халықаралық ақша аудару жүйелері және банктер арасында ашылған корреспонденттік шоттар арқылы Қазақстан бойынша жүргізілген төлемдердің көлемі (ТМК нақтыланған кестесінің 7 және 8-бөлімдерінің ТМК таңдау) | 3. | Тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін Қазақстанның және шетелдің эмитенттерінің төлем карточкаларын пайдалана отырып, сондай-ақ оларды пайдаланбай электрондық терминалдар және қашықтан кіру жүйелері арқылы Қазақстан бойынша жүргізілген төлемдердің көлемі (операцияның түрі бойынша таңдау) | 4. | Эмитенттері Қазақстанның банктері болатын электрондық ақшаны пайдалана отырып, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың пайдасына жүргізілген төлемдердің көлемі | 5. | Авангард Plat арқылы төлемдер |
1.2) тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін төлемдердің көлеңкелі экономика ескерілген көлемі: – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін төлемдердің жалпы көлемі жөніндегі деректері, оған мыналар кіреді: 1. | бөлшек сауда көлемі | 3. | көтерме сауда көлемі | 3. | тамақ өнімдері мен сусындар беру бойынша көрсетілетін қызметтердің көлемі (қоғамдық тамақтану) | 4. | көрсетілген қызметтердің көлемі және нақты көлемнің индекстері | 5. | автомобильдерге, мотоциклдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша көрсетілетін қызметтердің көлемі | 6. | тұрғын үй құрылысына инвестициялар | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми деректеріндегі көлеңкелі экономика деректері.
1.3) тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемінің тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін төлемдердің көлеңкелі экономика ескерілген жалпы көлеміндегі үлес салмағы
| = | тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз төлемдердің көлемі (тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін төлемдердің жалпы көлемі + көлеңкелі экономиканың көлемі)
| Мысал үшін: Тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз төлемдер тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз төлемдердің көлемі (оның ішінде дара кәсіпкерлер мен жеке тұлғалардың төлемдері) | 17,3 трлн. теңге | тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемінің тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін төлемдердің көлеңкелі экономика ескерілген жалпы көлеміндегі үлес салмағы | 68% | | |