1. | № 77 қаулыда көзделген инфрақұрылымдық облигацияларды қоспағанда, эмитенттері «екінші шағын санаттағы рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» шағын санатының (ең жоғарғыдан кейінгі) талаптарына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының ұйымдары Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарған, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген борыштық бағалы қағаздар |
2. | Басқарушы компаниясы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылатын аралық инвестициялық пай қорларының қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, № 77 қаулыда көзделген «инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары» секторының талаптарына сәйкес келетін пайлары |
3. | Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «BB-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар қаржы құралдары базалық активі болып болып табылатын фьючерстер, опциондар, своптар, форвардтар |
4. | Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, Standard & Рооr's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар не қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, № 77 қаулыда көзделген «инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары» секторының талаптарына және мына талаптарға сәйкес келетін жылжымайтын мүлік қорларының акциялары: жылжымайтын мүлік қорының шығарылған бағалы қағаздар және/немесе басқа міндеттемелер бойынша міндеттемелерінің мөлшері жиынтығында жылжымайтын мүлік қорының меншікті капиталының он пайызынан аспайды; жылжымайтын мүлік қорының инвестициялық кірістерінің кемінде жетпіс бес пайызы жылжымайтын мүлікті жалға беру нәтижесінде алынған кіріс құрайды; жылжымайтын мүлік қорының активтерін құрайтын жылжымайтын мүлік жылжымайтын мүлік қорының басқарушы компаниясынан және оның үлестес тұлғаларынан сатып алынбаған; жылжымайтын мүлік қорының активтеріне кіретін жылжымайтын мүлікке ауыртпалық салынбаған не ол сенімгерлік басқаруға берілген; жалға беру шартында белгіленген жылжымайтын мүлік қорының активтеріне кіретін жылжымайтын мүлік объектілерін жалға беру мерзімі кемінде бір жылды құрайды; жылжымайтын мүлік қорының активтерінің құрамына кіретін жылжымайтын мүлік объектілері оның бағалы қағаздарын ресми тізімге енгізу жөніндегі өтініш берілген күнге дейінгі екі жыл ішінде жалға беріледі |
5. | «Standard & Poor's principal stability fund ratings» «BBBm-» төмен емес не «Standard & Poor's Fund credit quality ratings» «BBBf-» төмен емес халықаралық рейтингілік бағасы бар инвестициялық қорлардың пайлары |
6. | Осы қосымшаның 1-тармағының реттік нөмірлері 9 және 10-жолдарында көрсетілген бағалы қағаздарды қоспағанда, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, Қазақстан Республикасының ұйымдары Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарған, мына талаптарға сәйкес келетін мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар: 1) қор биржасы таныған рейтингілік агенттіктердің бағасы болуы; 2) борыштық бағалы қағаздар эмитентін мемлекеттік тіркеу оның акцияларын қор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы арыз берілген күнге дейінгі кемінде бір жыл бұрын жүзеге асырылған; 3) борыштық бағалы қағаздардың эмитенті қаржылық есептілікті ХҚЕС немесе АҚШ ҚЕС сәйкес жасайды; 4) борыштық бағалы қағаздар эмитентінің қаржылық есептілігінің аудитін қор биржасы танитын аудиторлық ұйымдардың тізбесіне енгізілген аудиторлық ұйымдардың бірі жүзеге асырады; 5) борыштық бағалы қағаздардың эмитенті қор биржасына соңғы аяқталған қаржы жылы үшін аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілікті (еншілес ұйымы (ұйымдары) болған жағдайда - шоғырландырылған қаржылық есептілікті) берді; 6) борыштық бағалы қағаздар эмитентінің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған, соңғы есептік күнгі ұйымның қаржылық есептілігіне (еншілес ұйымы (ұйымдары) болған жағдайда - шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш жүз қырық мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды; 7) борыштық бағалы қағаздар эмитентінің аудиторлық есеппен расталған, соңғы есептік күнгі қаржылық есептілігіне (еншілес ұйымы (ұйымдары) болған жағдайда - шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес аяқталған үш қаржы жылының біреуінде таза кірісі болуы; 8) лизингтік ұйымды және кредиттік серіктестікті қоспағанда, қаржылық емес ұйымның - борыштық бағалы қағаздар эмитентінің негізгі қызметі бойынша сатуының соңғы қаржы жылғы көлемі аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігінің (еншілес ұйым (ұйымдары) болған жағдайда - шоғырландырылған қаржылық есептілікке) деректері бойынша тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш жүз қырық мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды; 9) борыштық бағалы қағаздар эмитенті акционерлерінің жалпы жиналысында бекітілген корпоративтік басқару жүйесі болуы; 10) борыштық бағалы қағаздар эмитентінің құрылтай құжаттарында және/немесе бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (тапсыру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалардың болмауы |