Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы




Скачать 448.29 Kb.
НазваниеБірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
страница4/5
Дата конвертации14.02.2016
Размер448.29 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.enpf.kz/download/12353/ yurist - [Ќr ЂlttyЌ bankІ basЌarmasynyЊ 2013.27.08 № 237 Ќaul
1   2   3   4   5

 

Бірінші басшы (ол болмаған кезеңде - оның орнындағы адам)

_______________________________________________________________________________________________________

(тегі, аты, бар болса - әкесінің аты) (қолы)

Бас бухгалтер ___________________________________________________________________________________________

(тегі, аты, бар болса - әкесінің аты) (қолы)

Орындаушы: _______________________________________________________________ _________ ___________________

(лауазымы, тегі, аты)                                      (қолы)                   (телефон нөмірі)

Есепке қол қойған күн 20_____ жылғы «_____» __________

Мөр орны

 

1Үтірден кейін нақты үш белгіге дейін.

2Үтірден кейін нақты жеті белгіге дейін.

 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы

қорының және (немесе) ерікті

жинақтаушы зейнетақы қорларының

қызметін жүзеге асыру қағидаларына

2-қосымша

 

 

Зейнетақы активтерінің есебінен сатып алуға рұқсат берілген
қаржы құралдарының тізбесі

 

1. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерін орналастыратын қаржы құралдарының тізбесі және оларға қойылатын талаптар:

 



Қаржы құралының атауы

1.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айналысқа шығарылғандарды қоса алғанда), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілімен шығарылған бағалы қағаздар

2.

Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген облигациялар

3.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар

4.

Дауыс беруші акцияларының жүз пайызын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі иемденетін, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфелінің сапасын жақсартуға мамандандырылған ұйым шығарған борыштық бағалы қағаздар

5.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдар

6.

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «В-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша «kzBВ-»-тен «kzВ+» дейінгі рейтингілік бағасы бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі отыз алты айдан аспайтын мерзімдегі салымдар

7.

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «В-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша «kzBВ-»-тен «kzВ+» дейінгі рейтингілік бағасы бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің банктік депозиттік сертификаттары

8.

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар мына халықаралық қаржы ұйымдары шығарған борыштық бағалы қағаздар:

Азия даму банкі;

Африка даму банкі;

Халықаралық есеп-айырысу банкі;

Еуразиялық даму банкі

Еуропа қайта құру және даму банкі;

Еуропа инвестициялық банкі;

Ислам даму банкі;

Америка аралық даму банкі;

Халықаралық қайта құру және даму банкі;

Халықаралық қаржы корпорациясы;

9.

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойына «ВВВ-»-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған, мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар

10.

Шетел ұйымдары шығарған мемлекеттік емес бағалы қағаздар:

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингілік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар;

мөлшері мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар шығарылымының толық көлеміне сәйкес келетін, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-» төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар Қазақстан Республикасының резиденті емес бас ұйымның не Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «В-» төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар Қазақстан Республикасының резиденті бас ұйымның кепілімен эмитент шығарылымын жүзеге асыратын борыштық бағалы қағаздар;

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингілік бағасы бар шетел эмитенттерінің акциялары;

Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 22-1-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының резиденттері деп танылған шетел ұйымдарының, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің «Қор биржасында айналымына жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына талаптары, және де қор биржасы тізімінің бөлек санаттары туралы» 2008 жылғы 26 мамырдағы № 77 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5251 тіркелген) (бұдан әрі - № 77 қаулы) көзделген «акциялар» секторының бірінші (барынша жоғарғы) санатының талаптарына сәйкес келетін акциялары

11.

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған мемлекеттік емес бағалы қағаздары:

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар немесе Standard & Poor's ұлттық шәкілі бойынша «kzBB»-дан төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар эмитенттердің акциялары;

77 қаулыда көзделген «акциялар» секторының бірінші (барынша жоғарғы) санатының талаптарына сәйкес келетін, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген акциялар;

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «В-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингілік бағасы бар немесе Standard & Poor's ұлттық шәкілі бойынша «kzВ»-дан төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар;

77 қаулыда көзделген «рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» санатының талаптарына сәйкес келетін, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген борыштық бағалы қағаздар;

77 қаулыда көзделген «рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» санатының талаптарына сәйкес келетін, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасы ұйымдарының инфрақұрылымдық облигациялары;

басқарушы компаниясы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылатын, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, № 77 қаулыда көзделген «инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары» секторының талаптарына сәйкес келетін аралық инвестициялық пай қорларының пайлары;

осы эмитенттің бұрын шығарылған бағалы қағаздарына не өзге міндеттемелеріне айырбастау мақсатында эмитент міндеттемелерін қайта құрылымдау аясында шығарылған бағалы қағаздар.

12.

Осы тармақтың реттік нөмірі 9-жолында көрсетілген бағалы қағаздарды қоспағанда, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған, мына талаптарға сәйкес келетін мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар:

1) қор биржасы таныған рейтингілік агенттіктердің бағасы болуы;

2) борыштық бағалы қағаздар эмитентін мемлекеттік тіркеу оның акцияларын қор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы арыз берілген күнге дейінгі кемінде екі жыл бұрын жүзеге асырылған;

3) борыштық бағалы қағаздардың эмитенті қаржылық есептілікті халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарына (International Financial Reporting Standards) (бұдан әрі - ХҚЕС) немесе Америка Құрама Штаттарында қолданылатын стандарттарға (International Accepted Accounting Principles - GAAP) (бұдан әрі - АҚШ ҚЕС) сәйкес жасайды;

4) борыштық бағалы қағаздар эмитентінің қаржылық есептілігінің аудитін қор биржасы танитын аудиторлық ұйымдардың тізбесіне енетін аудиторлық ұйымдардың бірі жүзеге асырады;

5) аудиторлық есеппен расталған борыштық бағалы қағаздар эмитентінің қаржылық есептілігі (еншілес ұйымы (ұйымдары) болған жағдайда - шоғырландырылған қаржылық есептілік) кемінде аяқталған екі қаржы жылы үшін қор биржасына берілген;

6) борыштық бағалы қағаздар эмитентінің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған, соңғы есептік күнгі ұйымның қаржылық есептілігіне (еншілес ұйымы (ұйымдары) болған жағдайда - шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі миллион елу мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;

7) борыштық бағалы қағаздар эмитентінің соңғы екі жылдың біреуіндегі таза кірісі аудиторлық есеппен расталған, соңғы есептік күнгі ұйымның қаржылық есептілігіне (еншілес ұйымы (ұйымдары) болған жағдайда - шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің сексен бес мың алты жүз еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;

8) лизингтік ұйымды және кредиттік серіктестікті қоспағанда, қаржылық емес ұйымның - борыштық бағалы қағаздар эмитентінің негізгі қызметі бойынша сатуының соңғы екі жылдың әрқайсындағы көлемі аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігіне (еншілес ұйымы (ұйымдары) болған жағдайда - шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі миллион елу мың еселі мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;

9) борыштық бағалы қағаздар эмитенті акционерлерінің жалпы жиналысында бекітілген корпоративтік басқару жүйесі болуы;

10) осы бағалы қағаздар қор биржасының ресми тізімінде болған уақытта борыштық бағалы қағаздар бойынша маркет-мейкердің болуы;

11) борыштық бағалы қағаздар эмитентінің құрылтай құжаттарында және/немесе бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (тапсыру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалардың болмауы

13.

Осы тармақтың реттік нөмірлері 9 және 10-жолдарында көрсетілген бағалы қағаздарды қоспағанда, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, Қазақстан Республикасының ұйымдары Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарған, мына талаптарға сәйкес келетін мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар:

1) қор биржасы таныған рейтингілік агенттіктердің бағасы болуы;

2) борыштық бағалы қағаздар эмитентін мемлекеттік тіркеу оның акцияларын қор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы арыз берілген күнге дейінгі кемінде бір жыл бұрын жүзеге асырылған;

3) борыштық бағалы қағаздардың эмитенті қаржылық есептілікті ХҚЕС немесе АҚШ ҚЕС сәйкес жасайды;

4) борыштық бағалы қағаздар эмитентінің қаржылық есептілігінің аудитін қор биржасы танитын аудиторлық ұйымдардың тізбесіне енгізілген аудиторлық ұйымдардың бірі жүзеге асырады;

5) борыштық бағалы қағаздардың эмитенті қор биржасына соңғы аяқталған қаржы жылы үшін аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілікті (еншілес ұйымы (ұйымдары) болған жағдайда - шоғырландырылған қаржылық есептілікті) берді;

6) борыштық бағалы қағаздар эмитентінің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған, соңғы есептік күнгі ұйымның қаржылық есептілігіне (еншілес ұйымы (ұйымдары) болған жағдайда - шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш жүз қырық мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;

7) борыштық бағалы қағаздар эмитентінің аудиторлық есеппен расталған, соңғы есептік күнгі қаржылық есептілігіне (еншілес ұйымы (ұйымдары) болған жағдайда - шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес аяқталған үш қаржы жылының біреуінде таза кірісі болуы;

8) лизингтік ұйымды және кредиттік серіктестікті қоспағанда, қаржылық емес ұйымның - борыштық бағалы қағаздар эмитентінің негізгі қызметі бойынша сатуының соңғы қаржы жылғы көлемі аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігінің (еншілес ұйымы (ұйымдары) болған жағдайда - шоғырландырылған қаржылық есептілікке) деректері бойынша тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш жүз қырық мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;

9) борыштық бағалы қағаздар эмитенті акционерлерінің жалпы жиналысында бекітілген корпоративтік басқару жүйесі болуы;

10) борыштық бағалы қағаздар эмитентінің құрылтай құжаттарында және/немесе бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (тапсыру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалардың болмауы

14.

«Standard & Poor's principal stability fund ratings» «BBBm-» төмен емес не «Standard & Poor's Fund credit quality ratings» «BBBf-» төмен емес халықаралық рейтингілік бағасы бар инвестициялық қорлардың пайлары

15.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, Standard & Рооr's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар не қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, № 77 қаулыда көзделген «инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары» секторының талаптарына және мына талаптарға сәйкес келетін жылжымайтын мүлік қорларының акциялары:

шығарылған бағалы қағаздар және/немесе басқа міндеттемелер бойынша жылжымайтын мүлік қоры міндеттемелерінің мөлшері жиынтығында жылжымайтын мүлік қорының меншікті капиталының он пайызынан аспайды;

жылжымайтын мүлік қорының инвестициялық кірістерінің кемінде жетпіс бес пайызы жылжымайтын мүлікті жалға беру нәтижесінде алынған кіріс құрайды;

жылжымайтын мүлік қорының активтерін құрайтын жылжымайтын мүлік жылжымайтын мүлік қорының басқарушы компаниясынан және оның үлестес тұлғаларынан сатып алынбаған;

жылжымайтын мүлік қорының активтеріне кіретін жылжымайтын мүлікке ауыртпалық салынбаған не ол сенімгерлік басқаруға берілген;

жалға беру шартымен белгіленген жылжымайтын мүлік қорының активтеріне кіретін жылжымайтын мүлік объектілерін жалға беру мерзімі кемінде бір жылды құрайды;

жылжымайтын мүлік қорының активтерінің құрамына кіретін жылжымайтын мүлік объектілері оның бағалы қағаздарын ресми тізімге енгізу жөніндегі өтініш берілген күнге дейінгі екі жыл ішінде жалға беріледі

16.

Лондон бағалы металдар нарығының қауымдастығы (London bullion market association) қабылдаған халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін және бұл қауымдастықтың құжаттарында «Лондонның сапалы жеткізілімі» («London good delivery») стандарты ретінде белгіленген тазартылған бағалы металдар және он екі айдан аспайтын мерзімге орналастырылған металл депозиттері, оның ішінде Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «АА»-дан төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар Қазақстан Республикасының резиденті емес банктеріндегі металл депозиттері

17.

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «А-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингілік бағасы бар, мына талаптарға сәйкес келетін ұйымдар шығарған рrincipal protected notes:

айналыс мерзімі үш жылдан аспайды;

рrincipal protected notes шығару талаптарында қандайда бір мемлекеттің, эмитенттің өз міндеттемелері бойынша дефолт жағдайлары көзделмеген

18.

Осы қосымшада көрсетілген акциялар базалық активтері болып табылатын депозитарлық қолхаттар

19.

Зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдары, шетел валютасы, мынадай есептік көрсеткіштер (индекстер) базалық активтері болып табылатын фьючерстер, опциондар, своптар, форвардтар:

1. MICEX (Moscow Interbank Currency Exchange Index);

2. DAX (Deutscher Aktienindex);

3. CAC 40 (Compagnie des Agents de Change 40 Index);

4. NIKKEI - 225 (NIKKEI - 225 Index);

5. TOPIX (Tokyo Price Index);

6. HSI (Hang Seng Index);

7. ENXT 100 (Euronext 100);

8. RTSI (Russian Trade System Index);

9. DJIA (Dow Jones Industrial Average);

10. S&P 500 (Standard and Poor's 500 Index);

11. FTSE 100 (Financial Times Stock Exchange 100 Index);

12. KASE (Kazakhstan Stock Exchange);

13. MSCI World Index (Morgan Stanley Capital International World Index)
1   2   3   4   5

Похожие:

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы iconНациональный Банк Республики Казахстан
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің есебінен инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді бірыңғай...
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы iconНациональный Банк Республики Казахстан
Зейнетақы активтер есебінен жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді жинақтаушы зейнетақы...
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы iconНациональный Банк Республики Казахстан
Зейнетақы активтер есебінен жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді жинақтаушы зейнетақы...
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы iconЗейнетақы активтер есебінен жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді жинақтаушы зейнетақы қорларының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 13 ақпандағы №28 Қаулысы
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдері
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы iconБірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы №240 Қаулысы
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы iconЖинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат беру және қосылатын жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін беру қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №56 Қаулысы
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы iconЖинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті тарату ережесін бекіту туралы
Республикасында жинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті тарату тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында...
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы iconҚазақстан республикасының Қаржы рыногын
Банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссияларының қызметіне бақылауды...
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы iconЖинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №76 Қаулысы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница