Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы




Скачать 448.29 Kb.
НазваниеБірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
страница2/5
Дата конвертации14.02.2016
Размер448.29 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.enpf.kz/download/12353/ yurist - [Ќr ЂlttyЌ bankІ basЌarmasynyЊ 2013.27.08 № 237 Ќaul
1   2   3   4   5
13-тармағында көрсетілген тұлғалар шығарған (ұсынған) және Қағидалардың 2-қосымшасының 2-тармағында айқындалған тізбеге кіретін қаржы құралдарын сатып алу бойынша мәмілелерді жасамайды.

16. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтері есебінен бағалы қағаздарды сатып алу бойынша инвестициялық шешімдерді мына:

1) эмитенттің дефолты (эмитеттің бағалы қағаздарын және өзге де міндеттемелерін эмитеттің міндеттемелерін қайта құрылымдау мақсатында шығарылған осы эмитенттің бағалы қағаздарына айырбастауды қоспағанда);

2) эмитенттің бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізімінің «буферлік санаты» санатына аудару;

3) қор биржасы бұл бағалы қағаздармен сауда-саттықты тоқта тұру күнінен бастап қабылдамайды.

17. Мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздарды бастапқы орналастыру кезінде сатып алу бойынша мәмілелерді қоспағанда, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің қатысуымен ұйымдастырылған нарықта жасалған мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмілелері ашық сауда-саттық әдісімен жасалады.

Зейнетақы активтері есебінен жасалатын «кері репо» мәмілелері күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге жасалады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары зейнетақы активтерінің қатысуымен жасалатын «кері репо» операцияларының мәні болып табылады.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.26.02. № 33 Қаулысымен 18-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

18. Егер қандай да болмасын жағдайлардың нәтижесінде ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары портфелінің құрылымы Қағидаларда, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры үшін пруденциялық нормативтерде белгіленген талаптарға сәйкес келмесе, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры осындай сәйкессіздікпен байланысты инвестициялық қызметін дереу тоқтатады және бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі - уәкілетті орган) іс-шаралардың атауын, олардың орындалуына жауапты ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерін және орындалу мерзімдерін көрсете отырып, сәйкессіздікті жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын қоса бере отырып, осы сәйкессіздік фактісі мен себептері туралы хабарлайды.

Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын бес жұмыс күні ішінде қарайды. Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдаған кезде, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры оны іске асыруға кіріседі және уәкілетті органға іс-шаралар жоспарында белгіленген іс-шаралардың орындалғаны туралы есептерді ұсынады. Іс-шаралар жоспарына уәкілетті органның ескертулерін алған жағдайда, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілетті органның іс-шаралар жоспарын қарау нәтижелері туралы хатын алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға түзетілген іс-шаралар жоспарын ұсынады.

19. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкіндегі салымға орналастыру мерзімі отыз алты айдан аспайды. Салымның сомасы мен ол бойынша сыйақының сомасы ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық шоттарына банк салымы шартының мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен кешіктірмей есепке алынады.

20. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан-банктегі инвестициялық шоттарға, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан-банкінің халықаралық (шетелдік) кастодиан-банктердегі корреспонденттік шоттарына және кастодиан-банктің халықаралық (шетелдік) депозитарлық-есеп айырысу жүйелерінің қатысушылары - халықаралық (шетелдік) ұйымдардағы шоттарына келіп түсетін зейнетақы активтері ұлттық валютаға қатысты он жұмыс күні ішінде, шетел валютасына қатысты күнтізбелік отыз күн ішінде ағымдағы міндеттемелерді шегергенде толық көлемде инвестициялауға жатады.

21. Егер бағалы қағаздар Қағидалардың 2-қосымшасының талаптарына сәйкес келмегенде, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры жоғарыда аталған оқиға басталған күннен бастап бір жыл ішінде осындай бағалы қағаздарды сатады.

22. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерінің есебінен туынды қаржы құралдармен мәмілелерді егер осы қаржы құралдарының базалық активі зейнетақы активтерінің құрамына кірген жағдайда хеджирлеу мақсатында ғана жасайды.

23. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан Республикасы бағалы қағаздарының ұйымдастырылмаған нарығында своп, опцион мен форвард мәмілелерін жасаған кезде аталған мәміле бойынша қарсы әріптес тиісті құралдар бойынша түрлі үш қарсы әріптестен үштен кем емес бағамдар бар болған кезде Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «В» төмен емес рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының қаржы ұйымы болып табылады.

24. Егер бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры меншікті инвестициялық портфелін дербес басқарса, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті активтері есебінен мәмілелер бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті активтерін инвестициялау саясатына сәйкес инвестициялық шешімдерді қабылдауға уәкілетті бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық комитеті қабылдаған инвестициялық шешім негізінде жасалады.

25. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры меншікті активтері есебінен мыналарды:

«өмірді сақтандыру» саласындағы қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарын;

инвестициялық портфельді басқарушыларды;

брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды;

консалтинг немесе актуарлық қызметті жүзеге асыратын қаржы ұйымы болып табылмайтын заңды тұлғаларды құруды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағындағы сияқты оның шегіндегі заңды тұлғаларды құруға және олардың қызметіне қатыспайды.

26. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті активтері есебінен мәмілелер Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген тұлғалармен жасалмайды.

27. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті активтері есебінен туынды қаржы құралдарымен мәмілелер хеджирлеу мақсатында ғана егер базалық активі ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті активтерінің құрамына кірген жағдайда жасалады.

28. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті активтері есебінен мәмілелер бағалы қағаздардың халықаралық (шетелдік) нарықтарында Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген талаптарды сақтаған кезде жасалады.

29. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті активтері есебінен мемлекеттік бағалы қағаздармен және мемлекеттік емес бағалы қағаздармен қайталама нарықтағы, сондай-ақ туынды қаржы құралдарымен мәмілелер Қағидалардың 11-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларында көзделген жағдайларды және мына жағдайларды:

1) бағалы қағаздардың халықаралық (шетелдік) нарықтарында Қағидалардың 10-тармағында белгіленген есекшеліктерді ескеріп саудаланатын, Қазақстан Республикасының резденті эминеттері және Қазақстан Республикасының резиденті емес эмиенттер шығарған (ұсынған) қаржы құралдарын сатып алу-сату бойынша халықаралық (шетелдік) нарықтарда мәмілелерді жасауды;

2) Қағидалардың 27, 28, 29 және 30-тармақтарында көзделген талаптарды есеріп жасалған туынды қаржы құралдармен мәмілелерді жасасуды қоспағанда, айрықша ұйымдастырылған нарықта жасалады.

30. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан Республикасы бағалы қағаздарының ұйымдастырылмаған нарығында своп, опцион мен форвард мәмілелерін жасаған кезде аталған мәміле бойынша қарсы әріптес тиісті құралдар бойынша түрлі үш қарсы әріптестен үштен кем емес бағамдар бар болған кезде Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «В» төмен емес рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының қаржы ұйымы болып табылады.

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.26.02. № 33 Қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы

қорының және (немесе) ерікті

жинақтаушы зейнетақы қорларының

қызметін жүзеге асыру қағидаларына

1-қосымша

 

 

Зейнетақы активтерінің шартты бірлігі құнының есебі

 

1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры айдың әрбір күнтізбелік күннің аяғында зейнетақы активтерінің шартты бірлігі құнының есебін жүргізеді.

2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің орташа құны қандай да болмасын айда осы қосымшаның 3-тармағына сәйкес есептелген осы айдың әрбір күнтізбелік күнінің аяғындағы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігі құнының орташа арифметикалық мәні ретінде есептеледі.

3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің осы айдың әрбір күнтізбелік күнінің аяғындағы құнын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры мына формула бойынша есептейді:

 



 

Қі - осы күннің аяғындағы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің құны;

ЗАі - осы күннің аяғында осы қосымшаның 4-тармағына сәйкес есептелген бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының «таза» зейнетақы активтерінің ағымдағы құны;

ШБі - осы күннің аяғында осы қосымшаның 5-тармағына сәйкес есептелген бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің шартты бірліктерінің жалпы саны.

4. Осы айдың әрбір күнтізбелік күнінің аяғындағы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының «таза» зейнетақы активтерінің ағымдағы құны мына формула бойынша есептеледі (Қағидаларда белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып):



ЗА (і-1) - алдыңғы күнтізбелік күннің аяғындағы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының «таза» зейнетақы активтерінің ағымдағы құны;

Жі - бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына осы күні түскен зейнетақы жарналары;

Ti - ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы активтерін осы күнгі ауыстыру;

Кі - бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері бойынша осы күнге есептелген инвестициялық кірісі;

Аі1 - бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жарналарын уақтылы ауыстырмағаны үшін осы күні алған өсімпұл;

Аі2 - бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерін уақтылы инвестицияламағаны үшін осы күні алған өсімпұл;

Hi - бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан осы күнге есептелген зейнетақы төлемдері, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына жасалған ауыстыру, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан сақтандыру ұйымына жасалған ауыстыру және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық шотына қателесіп түскен сомалар бойынша міндеттемелер (бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры және оған қызмет көрсететін кастодиан банк түскен күні қателесіп түскен деп таныған, қаржы құралдарына орналастырылмаған және салымшылардың жеке шоттарына есепке алынбаған сомаларды қоспағанда);

КСі - бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының осы күнге есептелген комиссиялық сыйақылары.

5. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының осы айдың әрбір күнтізбелік күнінің аяғындағы зейнетақы активтерінің шартты бірліктерінің жалпы саны мына формула бойынша есептеледі:



ШБ (і-1) - бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының осы күннің алдындағы күнтізбелік соңғы күннің аяғындағы зейнетақы активтерінің шартты бірліктерінің жалпы саны;

Қ (і-1) - бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының осы күннің алдындағы соңғы күнтізбелік күннің аяғындағы зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің құны.

6. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің орташа құны туралы анықтаманы (бұдан әрі - анықтама) осы қосымшаның 
1   2   3   4   5

Похожие:

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы iconНациональный Банк Республики Казахстан
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің есебінен инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді бірыңғай...
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы iconНациональный Банк Республики Казахстан
Зейнетақы активтер есебінен жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді жинақтаушы зейнетақы...
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы iconНациональный Банк Республики Казахстан
Зейнетақы активтер есебінен жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді жинақтаушы зейнетақы...
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы iconЗейнетақы активтер есебінен жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді жинақтаушы зейнетақы қорларының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 13 ақпандағы №28 Қаулысы
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдері
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы iconБірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы №240 Қаулысы
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы iconЖинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат беру және қосылатын жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін беру қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №56 Қаулысы
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы iconЖинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті тарату ережесін бекіту туралы
Республикасында жинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті тарату тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында...
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы iconҚазақстан республикасының Қаржы рыногын
Банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссияларының қызметіне бақылауды...
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы iconЖинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №76 Қаулысы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница