Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы




Скачать 448.29 Kb.
НазваниеБірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
страница1/5
Дата конвертации14.02.2016
Размер448.29 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.enpf.kz/download/12353/ yurist - [Ќr ЂlttyЌ bankІ basЌarmasynyЊ 2013.27.08 № 237 Ќaul
  1   2   3   4   5
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 03.12.2014 17:15:00


Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 237 Қаулысы

(2014.26.02. берілген өзгерістермен)

 

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.26.02. № 33 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және нормалары 2013 жылғы 29 тамыздан бастап туындаған қатынастарға қолданылатын Қағидалардың 1-қосымшасын қоспағанда, 2013 жылғы 22 тамыздан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

 

 

Ұлттық Банк

Төрағасы

 

Г. Марченко

 

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2013 жылғы 27 тамыздағы

237 қаулысымен

бекітілді

 

 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті
жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру
қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі - Бағалы қағаздар нарығы туралы заң), «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы (бұдан әрі - Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру тәртібін белгілейді.

Қағидалардың ережелері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының арасында жасалатын сенімгерлікпен басқару шартының шегінде жүзеге асырылатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқаруға қолданылмайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) баға белгілеу - почта, электрондық немесе факсимильді байланыс арқылы алынған қарсы әріптестердің қаржы құралдары бойынша баға ұсыныстары;

2) қарсы әріптес - Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес қаржы құралдарымен мәмілелер жасау құқығына ие заңды тұлға;

3) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;

4) халықаралық қаржы ұйымы - халықаралық шарт (келісім) не жарғы негізінде құрылған және жұмыс істеп тұрған, халықаралық мәртебесі бар ұйым;

5) principal protected notes - эмитенттің негізгі борыштың сомасын толық қайтару бойынша кепілдігі белгіленген борыштық бағалы қағаздар;

3. Қағидалардың мақсатында уәкілетті органмен Standard & Poor's агенттігінің рейтингілік бағасынан басқа Moody's Investors Service және Fitch агенттіктерінің де және олардың еншілес рейтингілік ұйымдарының да (бұдан әрі - басқа рейтингілік агенттіктер) рейтингілік бағалары танылады.

Эмитентте және (немесе) қаржы құралында халықаралық және (немесе) ұлттық шәкіл бойынша бірнеше рейтингілік баға бар болған кезде, есепке уәкілетті орган таныған рейтингілік агенттіктердің бірінің халықаралық және (немесе) ұлттық шәкілі бойынша барынша жоғарғы рейтингілік бағасы есепке алынады.

4. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры айрықша Қор салымшыларының (алушыларының) мүддесіне қызмет етеді.

5. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 35 және 36-баптарына сәйкес жүзеге асыралады.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерінің шартты бірлігінің құнын есептеуді Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес жүргізеді.

6. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленген тәртіпте және талаптармен тартылатын ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін Қағидалардың 2-қосымшасында көрсетілген қаржы құралдарына орналастырады.

Қағидалардың 2-қосымшасында көрсетілген зейнетақы активтері есебінен қаржы құралдарына инвестициялардың мөлшері ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларацясында белгіленеді.

7. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленген тәртіпте және талаптармен тартылатын ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің (бұдан әрі - ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері) және ерікті зейнетақы жарналары, міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған, инвестициялық басқаруға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан қабылданған зейнетақы активтерінің есебін жеке-жеке жүргізеді.

Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының ішкі есебінің жүйесінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті активтерінен және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінен ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының баланстан тыс шоттарында есепке алынуы арқылы жекеленеді және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының міндеттемелері бойынша олар өндіріліп алынбайды.

 

 

2. Инвестициялық қызметті жүзеге асыру тәртібі

 

8. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры өзінің қызметін Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 52-бабында белгіленген тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру тәртібіне қойылатын талаптарға сәйкес жүзеге асырады.

9. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры меншікті активтері есебінен мәмілелерді ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясына сәйкес инвестициялық шешімдерді қабылдауға уәкілетті ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық комитеті қабылдаған инвестициялық шешім негізінде жасайды.

10. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен мәмілелер бағалы қағаздардың халықаралық (шетелдік) нарықтарында мына талаптарды сақтаған кезде, жасалады:

1) акцияларды (депозитарлық қолхаттарды) сатып алу бойынша мәмілелер Bloomberg немесе Reuters ақпараттық талдама жүйелерінде берілген ақпаратқа сәйкес осы қаржы құралы айналыста болатын халықаралық (шетелдік) қор биржаларында мәмілелерді жасау күнінде қалыптасқан осы қаржы құралы бойынша бағаның ең жоғарғы мәнінен аспайтын баға бойынша жасалады;

2) акцияларды (депозитарлық қолхаттарды) сату бойынша мәмілелер Bloomberg немесе Reuters ақпараттық талдама жүйелерінде берілген ақпаратқа сәйкес осы қаржы құралдары айналыста болатын халықаралық (шетелдік) қор биржаларында мәмілелерді жасау күнінде қалыптасқан осы қаржы құралы бойынша бағаның ең төмен мәнінен аспайтын баға бойынша жасалады;

3) principal protected notesті қоспағанда, борыштық бағалы қағаздар бойынша, сондай-ақ туынды қаржы құралдары бойынша мәмілелер Bloomberg немесе Reuters ақпараттық талдама жүйелерінде сатып алуға және (немесе) сатуға бағамның талдамасы бар болған не осындай бағамдар жоқ болған кезде, түрлі үш қарсы әріптестен кемінде үш бағам бар болған жағдайда жасалады. Егер қарсы әріптес осы қаржы құралына бағам бермесе, қарсы әріптестің бағамы болмауы не қаржы құралына баға беруден бас тартуы жөніндегі хабарламасы мәмілелерді жасау туралы есепке (құжатқа) енгізіледі;

4) Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-»-тен төмен емес рейтингі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық (шетелдік) қаржы ұйымы осы мәміле бойынша қарсы әріптес болып табылады;

5) туынды қаржы құралдарын қоспағанда, осы қаржы құралдары бойынша жасалған мәмілелер бойынша есеп айырысу бір тараптың қаржы құралын немесе ақшаны жеткізу бойынша міндеттемелерді орындауы басқа тараптың ақшаны немесе қаржы құралын жеткізу бойынша қарсы міндеттемелерді орындамауысыз мүмкін болмайтын «төлемге қарсы жеткізілім» қағидаты бойынша халықаралық (шетелдік) есептік-депозитарлық (Euroclear, Clearstream, Depository Trust & Clearing Corporation, Japan Securities Clearing Corporation ұқсас) жүйелер арқылы жүзеге асырылады.

11. Мына жағдайларды:

1) эмитент инвестициялық портфеліндегі облигацияларды акцияларға айырбастауын;

2) басымдықпен сатып алу құқығын жүзеге асыруды;

3) «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы заңының 27-бабына сәйкес эмитенттің инвестициялық портфеліндегі бар акцияларды сатып алу талабын;

4) қор биржасы делистингке ұшыратқан бағалы қағаздарды сатуды;

5) эмитенттің міндеттемелерін қайта құрылымдау мақсатында шығарылған осы эмитенттің басқа бағалы қағаздарына эмитенттің бағалы қағаздарын және өзге де міндеттемлерін айырбастауды;

6) қор биржасы мәмілені жасау кезінде сауда-саттығын ашпаған бағалы қағаздарды сатуды;

7) эмитенттің меншікті бағалы қағаздарын сатып алуын жүзеге асыруды;

8) Қазақстан Республикасының резидент эмитенттері және Қазақстан Республикасының резиденті емес эмитенттер шығарған (ұсынған), бағалы қағаздардың халықаралық (шетелдік) нарықтарында Қағидалардың 10-тармағында белгіленген ерекшеліктерді ескеріп саудаланатын қаржы құралдарын сатып алу-сату бойынша халықаралық (шетелдік) нарықтарда мәмілелерді жасауды;

9) Қағидалардың 10, 22 және 23-тармақтарында көзделген талаптарды ескеріп жасалған туынды қаржы құралдарымен мәмілелерді жасау жағдайларын қоспағанда, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен қайталама нарықта жасалатын мемлекеттік бағалы қағаздармен және мемлекеттік емес бағалы қағаздармен, сондай-ақ туынды қаржы құралдармен мәмілелер айрықша тек қана ұйымдастырылған нарықта жасалады.

12. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтері есебінен «principal protected notes» сатып алған кезде есеп айырысу Қағидалардың 2-қосымшасында көзделген талаптарды ескеріп, «төлемге қарсы жеткізілім» қағидаты бойынша жүзеге асырылады.

13. Ұйымдастырылған нарықтағы мәмілелерді, сондай-ақ Қағидалардың 10-тармағында және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтеріне кастодиандық қызмет көрсету шартында көзделген жағдайларды қоспағанда, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен жасалатын мәмілелер мыналармен:

1) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының үлестес тұлғаларымен;

2) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының ірі акционерлеріне тиесілі ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын сенімгерлік басқарушылармен;

3) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушылары шығарған акцияларды және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының ірі акционерлерінің жарғылық капиталында қатысу үлестерін сенімгерлік басқарушылармен;

4) Қағидалардың осы тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген сенімгерлік басқарушылардың үлестес тұлғаларымен жасалмайды.

14. Өлшемдері қор биржасының акциялар нарығының индексін есептеу мақсатында пайдаланылатын, қор биржасының тізіміне (қор биржасының өкілдік тізіміне) кіретін акцияларды не осындай акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттарды қоспағанда, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтері есебінен үлестес тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін, үлестес тұлғалар шығарған акцияларды не осындай акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттарды сатып алмайды.

15. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтері есебінен Қағидалардың
  1   2   3   4   5

Похожие:

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы iconНациональный Банк Республики Казахстан
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің есебінен инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді бірыңғай...
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы iconНациональный Банк Республики Казахстан
Зейнетақы активтер есебінен жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді жинақтаушы зейнетақы...
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы iconНациональный Банк Республики Казахстан
Зейнетақы активтер есебінен жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді жинақтаушы зейнетақы...
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы iconЗейнетақы активтер есебінен жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді жинақтаушы зейнетақы қорларының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 13 ақпандағы №28 Қаулысы
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдері
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы iconБірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы №240 Қаулысы
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы iconЖинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат беру және қосылатын жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін беру қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №56 Қаулысы
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы iconЖинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті тарату ережесін бекіту туралы
Республикасында жинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті тарату тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында...
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы iconҚазақстан республикасының Қаржы рыногын
Банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссияларының қызметіне бақылауды...
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы iconЖинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №76 Қаулысы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница