Сыбайлас жемқорлық деген не?




Скачать 126.84 Kb.
НазваниеСыбайлас жемқорлық деген не?
Дата конвертации14.02.2016
Размер126.84 Kb.
ТипВопрос
источникhttp://rudsots.kz/files/Pamatka_kor_kaz.doc


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде жадынама





2015 жылы

Сыбайлас жемқорлық деген не?

«Сыбайлас жемқорлық» деген түсінік мағынасына этимологиялық қарау мұны «параға сатып алу», «пара» ретінде, «corruptio» деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай–ақ «corrumpire» түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда «сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу» деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс–әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірмелі сөздігінде сыбайлас жемқорлық пара беріп сатып алу, лауазымды тұлғалардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы деп сипатталады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңында – бұл «...мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады».





Пара мыналар бола алады:


Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдардың немесе оларға теңестiрiлген адамдардың мынадай әрекеттерi игiлiктер мен артықшылықтарды заңсыз алуға байланысты сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар болып табылады:

өздерiнiң мемлекеттiк немесе оған теңестiрiлген мiндеттерiн атқарғаны үшiн, егер заңдарда өзгедей көзделмесе, өзi тиiстi мiндеттердi атқармайтын ұйымдардан, сондай–ақ жеке тұлғалардан ақша, көрсетiлетiн қызмет және өзге де нысандар түрiнде кез келген сыйақы қабылдау. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамның немесе оған теңестiрiлген адамның шотына келiп түскен, аталған адам бiлмейтiн ақша қаражаты, сондай–ақ оның осы тармақшаның бiрiншi абзацы бұзыла отырып, тиiстi мiндеттерiн атқаруына байланысты алған қаражаты ол анықталғаннан кейiн екi аптадан аспайтын мерзiм iшiнде тиiстi салық органына мұндай қаражат түсуiнiң мән–жайы туралы түсiнiктеме табыс етiле отырып, республикалық бюджетке аударылуға тиiс;

өзiнiң мемлекеттiк немесе оған теңестiрiлген мiндеттерiн атқаруына байланысты не қызметi бойынша өздерiне тәуелдi адамдардан жалпы қамқоршылығы немесе қызметінде бетімен жібергені үшін сыйлықтар алу немесе қызметiн қабылдау.


Пара үшін жазалау


Пара алу

(ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы)


Пара беру

(ҚР Қылмыстық кодексінің 367-бабы)

Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адамның не оған теңестiрiлген адамның немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның не лауазымды адамның, сол сияқты шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамының пара берушiнiң немесе оның өкiлi болған адамдардың пайдасына жасаған әрекеттері (әрекетсiздiгi) үшiн, егер мұндай әрекеттер (әрекетсiздiк) осы адамның қызметтiк өкiлеттiктеріне кiретін болса не ол лауазымдық жағдайына байланысты осындай әрекеттерге (әрекетсiздiкке) ықпал жасай алатын болса, сол сияқты жалпы қамқорлығы немесе жол берушілігі үшін өзіне немесе басқа адамдарға ақша, бағалы қағаздар, өзге мүлiк, мүлiкке құқық немесе мүлiк сипатындағы пайда түрiнде жеке өзi немесе делдал арқылы пара алуы

мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның елу еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


Айтарлықтай мөлшерде жасалған дәл сол іс–әрекет, сол сияқты заңсыз әрекеттері (әрекетсiздiгi) үшiн пара алу

мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның алпыс еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген іс–әрекеттер, егер олар:

  1. қорқытып алу жолымен;

  2. адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

  3. iрi мөлшерде;

  4. бірнеше рет жасалса,

мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның жетпіс еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген іс–әрекеттер, егер оларды қылмыстық топ жасаса, сол сияқты аса ірі мөлшерде жасалса,

мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның сексен еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


Ескерту.

Егер сыйлықтың құны екi айлық есептiк көрсеткiштен аспаса, осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамның бiрiншi рет сыйлық түрiнде мүлiкті, мүлiкке құқықты немесе өзге де мүлiктiк пайданы алуы бұрын жасалған заңды әрекеттерi (әрекетсiздігі) үшiн алдын ала уағдаластық болмаған кезде маңызы аз болуына байланысты қылмыс болып табылмайды және тәртiптiк немесе әкімшілік тәртіппен қудаланады.

Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамға не оған теңестірілген адамға немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамға не лауазымды адамға, сол сияқты шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамына жеке өзіне немесе делдал арқылы пара беру

мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның жиырма еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


Айтарлықтай мөлшерде жасалған дәл сол іс–әрекет

мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның отыз еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген іс–әрекеттер, егер олар:

  1. адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

  2. ірі мөлшерде;

  3. бірнеше рет жасалса,

мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның қырық еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген іс–әрекеттер, егер олар аса ірі мөлшерде жасалса немесе оларды қылмыстық топ жасаса,

мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның елу еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


Ескертулер.

Осы Кодекстің 366-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген адамға бұрын жасаған заңды әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін сомасы немесе құны екі айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сыйлықты бірінші рет беру, егер осы адам жасаған әрекеттер (әрекетсіздік) алдын ала уағдаластықпен байланысты болмаса, қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайды.

Пара берген адам, егер оған қатысты осы Кодекстің 366-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген адам тарапынан параны қорқытып алу орын алған болса немесе егер осы адам пара бергені туралы құқық қорғау органына немесе арнаулы мемлекеттік органға өз еркімен хабарласа, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.




Коммерциялық сатып алу үшін жазалау (ҚР ҚК 253-бабы)


Ақша беру және мүліктік сипаттағы қызмет көрсету


Ақша алу және мүліктік сипаттағы қызметтерді пайдалану


Коммерциялық немесе өзге де ұйымда басқару функцияларын орындайтын адамға ақшаны, бағалы қағаздарды немесе өзге мүлiкті заңсыз беру, сол сияқты оның өзінің қызмет бабын пайдаланғаны үшін, сондай-ақ параға сатып алуды жүзеге асыратын адамның мүдделерiне қызметi бойынша жалпы қамқорлығы немесе салғырттығы үшiн оған мүлiктiк сипаттағы қызметтерді заңсыз көрсету

бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


Бiрнеше рет не адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен не ірі мөлшерде жасалған дәл сол іс–әрекеттер

мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған не аса ірі мөлшерде жасалған іс-әрекеттер

мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Коммерциялық немесе өзге де ұйымда басқару функцияларын орындайтын адамның ақшаны, бағалы қағаздарды, басқа да мүлiкті заңсыз алуы, сол сияқты өзінің қызмет бабын пайдаланғаны үшін, сондай–ақ параға сатып алуды жүзеге асыратын адамның мүдделерiнде қызметi бойынша жалпы қамқорлығы немесе салғырттығы үшін мүлiктiк сипаттағы көрсетiлетін қызметтердi пайдалануы

мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


Осы баптың төртiншi бөлiгiнде көзделген іс–әрекеттер, егер оларды:

  1. алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаса;

  2. бірнеше рет жасалса;

  3. қорқытып алумен ұштасса;

  4. iрi мөлшерде жасалса,

мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


Осы баптың төртiншi немесе бесiншi бөлiктерiнде көзделген іс–әрекеттер, егер оларды қылмыстық топ жасаса немесе олар аса iрi мөлшерде жасалса,

мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


Ескертулер.

Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттердi жасаған адам, егер оған қатысты қорқытып алушылық орын алған болса немесе егер ол құқық қорғау органына немесе арнаулы мемлекеттік органға параға сатып алушылық туралы өз еркiмен хабарласа, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

Бұрын жасалған заңды әрекеттер үшiн алдын ала уағдаластық болмаған кезде мүлiктi беру немесе алу, мүлiктiк сипатта қызметтер көрсету немесе мұндай көрсетілетін қызметтердi сыйлық немесе сыйақы ретiнде пайдалану, егер мүлiктiң немесе көрсетілетін қызметтердiң құны екi айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын болса, онша маңызды болмауына байланысты қылмыс болып табылмайды және тәртiптiк немесе әкiмшiлiк тәртіппен қудаланады.



Сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылық субъектілер

Мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті тұлғалар

және оларға теңестірілген тұлғалар


Мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті тұлғалар


Мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті тұлғаларға теңестірілген тұлғалар

  1. мәслихаттардың депутаттары;

  2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңдарына сәйкес барлық мемлекеттiк қызметшiлер жатады.




  1. жергiлiктi өзiн–өзi басқару органдарына сайланған адамдар;

  2. заңда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасының Парламентi мен мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар ретiнде тiркелген азаматтар, сондай-ақ жергiлiктi өзiн–өзi басқару сайланбалы органдарының мүшелері;

  3. жергiлiктi өзiн–өзi басқару органдарында тұрақты немесе уақытша жұмыс iстейтiн, еңбегiне ақы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет қаражатынан төленетiн қызметшiлер;

  4. мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі елу пайыздан көп болатын ұйымдарда, оның ішінде акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық даму институттарында, олардың дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы өздеріне тиесілі еншілес ұйымдарында, сондай–ақ дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы көрсетілген еншілес ұйымдарға тиесілі заңды тұлғаларда басқару функцияларын атқаратын адамдар;

  5. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының  қызметшілері теңестіріледі.




Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектiлерiне лауазымды және мемлекеттiк мiндет атқаруға уәкiлеттi өзге де адамдарды немесе оларға теңестiрiлген адамдарды сатып алуды жүзеге acыpушы, сол сияқты оларға заңға қайшы мүліктік игiліктер мен артықшылықтар беретiн жеке және заңды тұлғалар да жатады.



Мемлекеттік қызметшілердің, сондай-ақ оларға теңестірілген

тұлғалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез–құлқы


  1. Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға не сыбайлас жемқорлықпен ұштасатын немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдайлар туғызатын әрекеттерге жол бермеуге тиіс.

  2. Мемлекеттік қызметшілер басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан болатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерінің жолын кесуге тиіс.

  3. Мемлекеттік қызметші, егер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы анық ақпараты болса, мұндай құқық бұзушылықты болғызбау және тоқтату жөнінде қажетті шаралар қолдануға, оның ішінде жоғары тұрған басшыға, өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органның басшылығына, уәкілетті мемлекеттік органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға тиіс. Мемлекеттік қызметші өзін басқа адамдардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көндіру жағдайлары туралы да аталған адамдар мен органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға міндетті.

Мемлекеттік органның басшылығы ақпаратты алған күннен бастап бір ай мерзімде мемлекеттік қызметшінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, өзін осы бұзушылықтарды жасауға көндіру жағдайлары туралы мәлімдеулері бойынша шаралар қолдануға, оның ішінде тексерулер ұйымдастыру және уәкілетті органдарға өтініштер жолдау арқылы шаралар қолдануға міндетті.

  1. Мемлекеттік органның басшылығы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың, өзін осы бұзушылықтарды жасауға көндірудің анық жағдайлары туралы хабарлаған мемлекеттік қызметшіні оның құқықтарын, заңды мүдделерін кемсітетін қудалаудан қорғау жөнінде шаралар қолдануға міндетті.

  2. Мемлекеттік қызметшілер жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруын қиындататын іс-әрекеттерге (әрекетсіздікке) жол бермеуге тиіс.

  3. Мемлекеттік қызметшіге сыбайлас жемқорлық жасаған деп көпшілік алдында негізсіз айып тағылған жағдайда, ол осындай айыптауды анықтаған күннен бастап бір ай мерзімде оны теріске шығару жөнінде шаралар қолдануға тиіс.



Мемлекеттік қызметшілердің көпшілік алдында сөйлеуі


  1. Мемлекеттік орган қызметінің мәселелері бойынша көпшілік алдында сөйлеуді оның басшысы немесе мемлекеттік органның уәкілеттік берілген лауазымды адамдары жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызметшілер пікірталастарды әдепті түрде жүргізуге тиіс.

  1. Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік саясатты жүргізуге және мемлекеттік органның қызметіне қатысы жоқ мәселелер бойынша мемлекеттік органның атынан жарияланымдарына жол берілмейді.

Педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызмет жөнінде материалдар жариялауды мемлекеттік қызметші жеке тұлға ретінде өз атынан жүзеге асырады.


Сыбайлас жемқорлық жасаған деп көпшілік алдында негізсіз

айып тағылған жағдайда мемлекеттік қызметшінің әрекеті


Мемлекеттік қызметшіге сыбайлас жемқорлық жасаған деп көпшілік алдында негізсіз айып тағылған жағдайда, ол осындай айыптауды анықтаған күннен бастап бір ай мерзімде оны теріске шығару жөнінде шаралар қолдануға тиіс.


Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық фактiсi туралы

көрiнеу жалған ақпарат хабарлаған адамдардың

жауаптылығы


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзушi органға басқа мемлекеттiк қызметшi, құқық қорғау органының қызметкерi жөнiнде сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық фактiсi туралы көрiнеу жалған ақпарат хабарлаған мемлекеттiк қызметшi, құқық қорғау органының қызметкерi сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзушi органның ұсынуы бойынша тәртiптiк ретпен қызметiнен босатуға немесе тиiстi мiндеттердi атқарудан өзгедей түрде босатуға дейiн жазаланады.


Ескерту: Барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті. Мемлекеттік органдардың басшылары мен жауапты хатшылары немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де лауазымды адамдары, ұйымдардың, оның ішінде мемлекеттің қатысу үлесі бар ұйымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз құзыреттері шегінде осы Заңның талаптарын орындауды және бұл үшін кадр, бақылау, заң қызметтері мен басқа да қызметтерді тарта отырып, онда көзделген тәртіптік шараларды қолдануды, сондай–ақ өздеріне белгілі болған барлық сыбайлас жемқорлық жағдайларын тіркеуді және олар туралы органдарға хабарлауды қамтамасыз етеді. Біздің мемлекеттік мекемеміздің қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық әрекетінің фактілері анықталған жағдайлары туралы 2–44–96 сенім телефоны бойынша «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ–не хабарлауыңызды сұраймыз.


Похожие:

Сыбайлас жемқорлық деген не? iconМазмұны Кіріспе Негізгі бөлім І – тарау. Мемлекеттік қызмет пен басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының мәселелерінің түсінігі
Тарау. Мемлекеттік қызмет пен басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының мәселелерінің түсінігі
Сыбайлас жемқорлық деген не? iconСыбайлас жемқорлық – қоғам дерті
Сүндетова Ж. С. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасы. 2010. 12 б
Сыбайлас жемқорлық деген не? iconРеферат Орындаған
Тақырыбы: Жемқорлыққа қарсы әрекетсаласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалары. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарға ҚР заңнамасында...
Сыбайлас жемқорлық деген не? iconРеферат Орындаған
Тақырыбы: Жемқорлыққа қарсы әрекетсаласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалары. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарға ҚР заңнамасында...
Сыбайлас жемқорлық деген не? iconҚазақстан Республикасының 1998 ж. 2 шiлдедегі №267-1
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықпен және ол үшiн жауаптылық
Сыбайлас жемқорлық деген не? iconРеферат Орындаған: Баймаханов А
Рз «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және...
Сыбайлас жемқорлық деген не? iconҚазақстан республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлықҚА Қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және
...
Сыбайлас жемқорлық деген не? iconБұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы үздік журналисттік жұмыстарға байқау туралы ереже
Ары (бұдан әрі – бақ) өкілдері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы үздік журналисттік жұмыстарға байқау (бұдан әрі – Байқау)...
Сыбайлас жемқорлық деген не? iconСыбайлас-жемқорлықпен күрестің негізгі қағидаларына келесі жатады
Рим құқығында сондай-ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға...
Сыбайлас жемқорлық деген не? iconИсточник: ис параграф www
«процентінен», «проценттен», «процентпен», «проценттер», «процентіне», «процентті» деген сөздер тиісінше «пайыздық», «пайызы», «пайыз»,...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница