Әкімшілік құқық бұзушылық туралы




Скачать 53.37 Kb.
НазваниеӘкімшілік құқық бұзушылық туралы
Дата конвертации14.02.2016
Размер53.37 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://kostanay.stat.gov.kz/db/Zakon/ob_adm_pravonar_kz.doc
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы

Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ



ҮЗІНДІ:




497-бап. Алғашқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін
                бұзу

      1. Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына анық емес алғашқы статистикалық деректерді ұсыну –
      ескерту жасауға әкеп соғады.
      2. Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына алғашқы статистикалық деректерді белгіленген мерзімде ұсынбау – 
      жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жеті, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бірiншi және екінші бөлiктерінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
      жеке тұлғаларға – жеті, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


499-бап. Әкімшілік деректерді ұсыну тәртібін бұзу

      1. Әкімшілік көздердің лауазымды адамдарының мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға анық емес әкімшілік деректерді ұсынуы –
      он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Әкімшілік көздердің лауазымды адамдарының мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға әкімшілік деректерді ұсынбауы –
      он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бірiншi және екінші бөлiктерінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


500-бап. Мемлекеттік статистикалық байқаулар жүргiзуден
                бас тарту

      Лауазымды адамдардың өздерiне жүктелген статистикалық байқаулар жүргiзу жөнiндегi мемлекеттiк мiндеттердi орындаудан бас тартуы немесе оларды уақтылы орындамауы –
      ескерту жасауға немесе он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


501-бап. Лауазымды адамның алғашқы статистикалық
                деректерді, статистикалық ақпаратты және
                (немесе) дерекқорларды жоғалтуы, сатуы, беруі
                немесе өзге де заңсыз жария етуі

      «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік статистика органдары лауазымды адамының респондентті бірдейлендіруге мүмкіндік беретін алғашқы статистикалық деректерді, статистикалық ақпаратты және (немесе) дерекқорларды жоғалтуы, сатуы, беруі немесе өзге де заңсыз жария етуі, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
      жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


502-бап. Алғашқы статистикалық деректерді бекітілмеген
                статистикалық нысан бойынша жинау

      Алғашқы статистикалық деректерді бекітілмеген статистикалық нысан бойынша жинау –
      лауазымды адамдарға ескерту жасауға немесе он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


503-бап. Әкімшілік деректерді келісілмеген нысан бойынша
                жинау

      Әкімшілік деректерді келісілмеген нысан бойынша жинау –
      лауазымды адамдарға ескерту жасауға немесе он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


719-бап. Мемлекеттiк статистика саласындағы уәкiлеттi
                орган

      1. Мемлекеттiк статистика саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 497, 499, 500, 501, 502, 503-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға мемлекеттiк статистика саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.


920-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгізу тәртібі

      1. Осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап:
      2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 10, 11, 13-құжаттар; № 4, 21-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 54, 56-құжаттар; № 13, 62, 63, 64-құжаттар; № 14, 72, 74, 75-құжаттар; № 15, 77, 78, 79, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 6, 9-құжаттар; № 2, 10, 11-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 46, 49-құжаттар; 2014 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы Кодекс, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 281-баптың бесінші бөлігінің 8) тармақшасын қоспағанда, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Похожие:

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы iconКодекс Республики Казахстан Об административных правонарушениях Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан
Республикасының Заңдар жинағының IV томына енгізілген әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі мәтінін...
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы iconӘкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу тәртібін түсіндіреді
Жасау туралы хаттама жазылған сәттен немесе прокурордың әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау қаулысын шығару, сондай-ақ сот...
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы iconДене шынықтыру және спорт саласындағы негізгі көрсеткіштер туралы есеп
Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына алғашқы статистикалық деректерді тапсырмау, уақтылы тапсырмау және дәйексіз деректерді...
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы iconӘкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі
Республикасының Заңдар жинағының IV томына енгізілген әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі мәтінін...
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы icon2015 жылдың 1 жартыжылдығында жүргізілген тексерулер
Р «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 58, 41 және 44-баптарына сәйкес айыппұл түріндегі әкімшілік жазадан босатылды
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы iconКодексі 2010. 04. 05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Жалпы ережелер (1 27 баптар) 1-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдар (1 6 баптар)
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы iconҚазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы №155-ii кодексі
Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдары Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы осы кодексiнен...
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы icon«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»
«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі №339 заңының 10-бабына және "Жануарлар дүниесін қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану...
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы iconӘкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі
Р заңымен (бұр ред.қара); 2014. 29. 12. №269-v қр заңымен (бұр ред.қара); 2014. 29. 12. №272-v қр заңымен (бұр ред.қара); 2015. 14....
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы iconМемлекеттік статистиканың тиісті органдарына алғашқы статистикалық деректерді, уақытылы тапсырмау, дәйекті емес деректерді беру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады және әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады
Республикасы Статистика агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2010 жылғы 21 желтоқсандағы №351 бұйрығына 47-қосымша
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница