«Казпо ш та» АҚ директорлар Кеңесіне үміткерлерді таңдау бойынша Саясат




Скачать 75.22 Kb.
Название«Казпо ш та» АҚ директорлар Кеңесіне үміткерлерді таңдау бойынша Саясат
Дата конвертации14.02.2016
Размер75.22 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.kazpost.kz/uploads/content/files/kazpolitikaotbora.rtf
«Казпошта» АҚ

Директорлар кеңесінің

«___»_______ 2011 жылғы

№ _________ хаттама шешімімен бекітілді


 

«Казпошта» АҚ директорлар Кеңесіне

үміткерлерді таңдау бойынша

Саясат


  1. Жалпы ережелер

1. «Казпошта» АҚ директорлар Кеңесіне үміткерлерді таңдау бойынша осы Саясат (одан кейін - Саясат) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрастырылған және «Казпошта» АҚ директорлар Кеңесінің мүшесі ретінде үміткерлерді сайлау мақсатында оларды таңдау тәртібін белгілейді.

2. Саясатта келесідей түсініктер қолданылады:

Жалғыз акционер – «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат Қоры» акционерлік қоғамы;

Қоғам – «Казпошта» АҚ;

Үміткер – конкурста Қоғамның директорлар Кеңесінің мүшесін сайлау мақсатымен, қатысатын жеке тұлға;

Комитет – Қоғамның директорлар Кеңесіндегі тағайындаулар мен сыйақылар бойынша Комитет;

Корпоративтік хатшы – Қоғамның Корпоративтік хатшысы;

Ұйым – білікті мамандарды іздеу және таңдау бойынша қызметтерді көрсететін заңды тұлға;

Жауапты бөлімше – кадрлық саясат үшін жауапты Бөлімше;

Директорлар Кеңесінің Төрағасы – Қоғамның директорлар Кеңесінің Төрағасы;

Директорлар – Қоғам директорларының кеңесі.

3. Конкурс біліктілік талаптарына сәйкес директорлар Кеңесінің мүшесін таңдау мақсаттарында жүргізіледі.

4. Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:

1) директорлар Кеңесінің мүшелеріне деген қажеттіліктерді анықтау;

2) Комитеттің Бірыңғай акционерлерге біліктілік талаптарын бағыттауы;

3) Жалғыз акционердің Ұйыммен бірге біліктілік талаптарына сәйкес келетін Қоғам директорларының Кеңесіне мүшелікке үміткерлерді іздеу және таңдау бойынша процедураларды өткізуі;

4) үміткерлердің біліктілігін бағалау;

4) Жалғыз акционер ретінде Қоғамның директорлар Кеңесінің мүшелігіне үміткерлерді қарастыру;

5) Жалғыз акционердің директорлар Кеңесінің мүшелігіне Қоғамға Қоғамның корпоративтік сайтында орналастыру үшін үміткерлер тізімін жіберуі.

6) Жалғыз акционердің Қоғам директорларының Кеңесінің мүшелігіне үміткерлерді сайлауы.


2. Директорлар Кеңесінің мүшелігіне деген қажеттілікті анықтау


5. Корпоративтік хатшы Қазақстан Республикасының заңнамаларының талаптарына сәйкес Қоғам директорлары Кеңесінің құрамынан Қоғамның директорлар Кеңесінің мүшелігіне қажеттіліктерді сұрастырады.

6. Корпоративтік хатшы Қоғам директорлары Кеңесінің Төрағасының қолтаңбасын алуға директорлар Кеңесінің мүшелігіне қажеттілігі жөніндегі материалдарын жібереді.

6. Корпоративтік хатшы директорлар кеңесі мүшелерінің ұсынысы бойынша Комитетке осы Ережелердің 9 бөліміне сәйкес тәуелсіз директорларды таңдау бойынша конкурста қатысуды көздейтін үміткерлерге қатысты құжаттарды ұсына алады.

7. Комитеттің Жалғыщ акционерге Қоғамның директорлар Кеңесінің мүшелігіне қажеттілігі жөніндегі материалдары мен біліктілік талаптарын ұсынуы.

7. Жауапты бөлімшеге материалдарды ұсынбас бұрын, Корпоративтік хатшы алдын-ала ұсынған материалдарды Қордың жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшесімен ұсынылған материалдарды келісімдеуі тиіс.


3. Қоғамның директорлар Кеңесінің мүшелігіне үміткерлерді іздеу және таңдау

8. Жалғыз акционер Ұйыммен бірге Қоғамның директорлар Кеңесінің мүшелігіне біліктілік талаптарына сәйкес келетін үміткерлерді іздейді және таңдайды. Жауапты бөлімше директорлар кеңесіне тәуелсіз директорлардың қажеттілігі жөніндегі материалдарды алғаннан соң төмендегілерді қоса алғанда, келесі амалдардың кез-келгенімен үміткерлерді іздестіреді:

1) Жалғыз акционердің веб-сайтында Қоғамның директорлар Кеңесінің мүшелерін таңдау бойынша конкурсты өткізу жөніндегі ақпараттың орналастырылуын қамтамасыз ету;

2) мерзімдік басылымдарда хабарландырулардың басылып шығуын қамтамасыз ету;

3) халықаралық және отандық қауымдастықтарға және басқа да қоғамдық бірлестіктерге жолданымды қамтамасыз ету.

9. Қоғамның директорлар Кеңесінің мүшесі лауазымын алуға конкурсқа қатысуға тілек білдірген тұлғалар келесідей құжаттарды ұсынады:

1) еркін формадағы келісім-өтініш;

2) үміткердің жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;

3) білім, ғылыми дәреже, лицензиялар және/немесе патенттер, куәліктер, болған жағдайда сертификаттар жөніндегі нотариалдық куәландырылған құжат көшірмелері;

4) мәліметтерден тұруы қажет үміткер жөніндегі деректер:

- үміткердің тегі, есімі, жасы және білімі;

- үміткердің кемінде соңғы 7 (жеті) жыл ішінде қызмет еткен лауазымы;

- үміткердің құжаттарды ұсыну сәтіндегі лауазымы;

- үміткердің Компаниямен қарым-қатынасының сипаты (қосылуы, серіктестік және т.б.);

- басқа қоғамдардың директорлар кеңесіндегі мүшелігі немесе басқа да лауазымдар және үміткердің басқа заңды тұлғаларда орындайтын жұмыстары;

- кәсіби ұйымдар мен бірлестіктердегі мүшелігі;

- үміткерді директорлар кеңесінің мүшесіне ұсынуы немесе басқа заңды тұлғалардағы лауазымдарға сайлауы (тағайындауы) жөніндегі мәліметтер;

- Компанияның қосылма тұлғалармен қарым-қатынастары жөніндегі мәліметтері.

10. Құжаттар мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде, немесе қажет болған жағдайда басқа тілдерде (мүмкін мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармаларының қосымшасын сала отырып) жіберіледі.

11. Ұйым үміткерлердің ұсынған құжаттарының толықтыққа және дайындалу дұрыстығына тексерісін іске асырады, үміткерлердің белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігіне баға береді.

12. Жалғыз акционер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес үміткерлерді іздеу және таңдау бойынша процедураларды жүзеге асыру үшін ұйымды жұмылдыра алады.

Жалғыз акционер ұйымға сапалы сипаттамалары мен қызметтерді көрсету мерзімдеріне белгіленетін талаптарын көрсете отырып, Қоғамның директорлар Кеңесінің мүшелігіне үміткерлерді іздеу және таңдау қызметтерін сатып алу бойынша техникалық айрықшаманы ұсынады.

13. Ұйым Қоғамның директорлар Кеңесінің мүшелігіне үміткерлерді іздеу және таңдау бойынша жүргізілген жұмыс нәтижелері жөніндегі есептігін құрастырады.


4. Үміткерлердің біліктілігін бағалау


14. Жалғыз акционер үміткерлердің немесе ұйымның ұсынған құжаттарының Қоғамның директорлар Кеңесінің мүшесіне біліктілік талаптарына сәйкестігіне баға береді және үміткерлердің белгіленген тәуелсіздік критерийлеріне сәйкестігін анықтайды, қажет болған жағдайда үміткерлерден немесе ұйым арқылы қосымша құжаттарды сұрастырады.

15. Бағалау нәтижелері бойынша ұсынылған кандидатураларды болдырмауы мүмкін. Осы жағдайда үміткерлерді іздеу және сайлау жұмыстары қайта жүргізіледі. Осы кезде Қоғамның директорлар Кеңесі Төрағасының мекен-жайына үміткерлердің барлық құжаттардың қосымшаларын қоса отырып, ұсынылған кандидатуралары мен себептері жөніндегі ақпараттан тұратын, Қоғамның директорлар Кеңесінің мүшелігіне сәйкестігіне жүргізілген бағалау нәтижелері жөніндегі ресми хаты жіберіледі.

16. Қоғамның директорлар Кеңесінің Төрағасы үміткерлердің ақпараты мен құжаттарын ұсыныстар жасау үшін Қоғам Комитетіне жібере алады.

16. Бағалау қорытындылары бойынша Комитет біліктілік талаптарына және тәуелсіздік критерийлеріне сәйкес келетін үміткерлерді Жалғыз акционерлер отырысына қарастыруға жіберу жөніндегі шешімін қабылдайды.

17. Қоғамның директорлар Кеңесінің мүшесі лауазымына сайлаудан өтпеген тұлғалар, келесі конкурстарда қайта қатыса алады.

18. Жалғыз акционер Қоғамның корпоративтік сайтында орналастыру үшін Қоғамның директорлар Кеңесінің мүшелігіне үміткерлер тізімін жібереді.


5. Жалғыз акционердің директорлар Кеңесінің мүшелігіне кандидатураларды қарастыру


18. Жалғыз акционердің қарастыруға жіберуі жөніндегі шешімі Жалғыз акционердің отырысты өткізу күнін, уақытын және орнын көрсете отырып, Қоғамның директорлар Кеңесі мүшесінің лауазымына үміткерлер тізімі түрінде дайындалады.

19. Жалғыз акционердің үміткерлермен отырысында Қоғам Комитетінің ұсыныстары мен Қоғамның директорлары Кеңесінің мүшелерінің үміткерлер жөніндегі пікірлерін ұсынатын, Қоғамның директорлар Кеңесі Төрағасының міндетті қатысуымен сұхбаттасу жүргізіледі. Осы кезде Ұйым үміткерлерге және Қоғамның директорлар Кеңесінің Төрағасына өткізу күнін, уақытын және орнын көрсете отырып, сұхбаттасуға шақырулар жібереді.

20. Жалғыз акционер қарастыру қорытындысы бойынша Жалғыз акционердің отырыс хаттамасымен дайындалатын, Қоғамның директорлар Кеңесінің мүшесіне үміткерлерді сайлау бойынша ұсыныстарын жасайды.

21. Жалғыз акционердің Қоғамның директорлар Кеңесіне үміткерлерді сайлау бойынша ұсыныстары бар отырыс хаттамасы Қоғам директорлары Кеңесінің төрағасына хаттамаға қол қойылғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде жіберіледі.


6. Директорлар Кеңесі мүшесінің Жалғыз акционерін сайлау.


21. Құрылымдық бөлімше Жалғыз акционердің мәжіліс хаттамасы үзіндісі негізінен Жалғыз акционер шешімінің жобасын және Қоғамның директорлар Кеңесі мүшесін сайлау туралы Жалғыз акционердің орнатылған тәртіпте шешімін қабылдау үшін барлық қажетті материалдарды дайындайды.

22. Құрылымдық бөлімше Жалғыз акционердің қабылдаған шешімі туралы хаттамаға қол қойған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлама жолдау арқылы Қоғамның директорлар Кеңесін хабардар етеді.

8. Қорытынды ережелер.


23. Кандидатты резервке тіркеу оның келісімімен жүзеге асырылады. Қоғам Комитеті резервке енгізілген Қоғамның директорлар Кеңесі мүшесі лауазымына кандидаттар тізімін рәсімдейді.

Похожие:

«Казпо ш та» АҚ директорлар Кеңесіне үміткерлерді таңдау бойынша Саясат icon«Казпо ш та» а қ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілді
«Қазпошта» АҚ директорлар кеңесінің МҮшелерімен біліктілікті жоғарлату және сыртқы сарапшыларды тарту жөніндегі саясат
«Казпо ш та» АҚ директорлар Кеңесіне үміткерлерді таңдау бойынша Саясат iconПән тақырыптарының мазмұны Тақырып Саясат әлем теориялық зерттеу объектісі ретінде
Саясаттың мақсаты мен құралдары. Саясат мүмкіндік өнері ретінде. Саяси болмыстың құрылымы. Саясат әлемінің мазмұны. Саясатты кәсіби...
«Казпо ш та» АҚ директорлар Кеңесіне үміткерлерді таңдау бойынша Саясат icon«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің Аудит бойынша комитеті туралы ереже
Ереже Қоғамның Директорлар кеңесінің Аудит бойынша комитетінің мәртебесін, құзыретін, құрамын, жұмыс тәртібін және функцияларын,...
«Казпо ш та» АҚ директорлар Кеңесіне үміткерлерді таңдау бойынша Саясат icon«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесі бекіткен
Саясатының (бұдан әрі Саясат) мақсаты – халықаралық ohsas 118001-2007 стандартына сай келетін менеджмент жүйесін енгізу
«Казпо ш та» АҚ директорлар Кеңесіне үміткерлерді таңдау бойынша Саясат icon«теориялық саясаттану» пәні бойынша № Мазмұны
Саясат ұғымы. Саясат табиғатын анытаудағы ағыттардың көптүрлілігі, оның мазмұны мен көлемі
«Казпо ш та» АҚ директорлар Кеңесіне үміткерлерді таңдау бойынша Саясат icon«Паскаль программалау тілі» (Таңдау курсы-7) пәнінен ОҚУ-Әдістемелік кешен «Физика»
«Паскаль программалау тілдері» таңдау компонентінен кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу-әдістемелік кешен 050110 «Физика» мамандығы...
«Казпо ш та» АҚ директорлар Кеңесіне үміткерлерді таңдау бойынша Саясат icon«самұРЫҚ-энерго» АҚ директорлар кеңесінің тағайындаулар бойынша комитеті туралы ереже
«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің Тағайындаулар бойынша комитеті (бұдан әрі Қоғам) туралы бұл ереже Қазақстан Республикасының...
«Казпо ш та» АҚ директорлар Кеңесіне үміткерлерді таңдау бойынша Саясат iconДиректорлар Кеңесінің шешімімен
Саясат) Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы»...
«Казпо ш та» АҚ директорлар Кеңесіне үміткерлерді таңдау бойынша Саясат icon2-бөлім. Директорлар кеңесі мүшелерінің біліктілікті арттыру және сыртқы сарапшыларды тарту мәселесіндегі құқықтары мен міндеттері
Саясат Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңына, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне,...
«Казпо ш та» АҚ директорлар Кеңесіне үміткерлерді таңдау бойынша Саясат icon5В050600- «Экономика» (бакалавр) мамандығының Элективті пәндер (таңдау бойынша)

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница