1-бап. Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасы




Скачать 417.5 Kb.
Название1-бап. Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасы
страница1/5
Дата конвертации14.02.2016
Размер417.5 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.kmg.kz/upload/company/np_akty_rk/kz/trans_cen.doc
  1   2   3   4   5

Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ»

Документ: ТРАНСФЕРТТІК БАҒА БЕЛГІЛЕУ ТУРАЛЫ 2008 Ж. 5 ШІЛДЕДЕГІ № 67-ІV ҚР ЗАҢЫ

Дата: 24.12.2015 09:33:50

Қазақстан Республикасының
Заңы
 
Трансферттік баға белгілеу туралы
(2015.29.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы Заң халықаралық іскерлік операцияларда және халықаралық іскерлік операцияларға байланысты мәмілелерде мемлекеттік кіріс ысырабын болдырмау мақсатында трансферттік баға белгілеу кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.

 

1-бап. Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

 

2010.09.05. № 288-IV ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) ақпарат көздерінен алынған баға - ресми танылған ақпарат көздерінен, биржалық белгіленімдер туралы деректерден, уәкілетті органдардан, сондай-ақ басқа да ақпарат көздерінен алынған баға;

2) бағалар ауқымы - осы Заңда белгіленген тәртіппен нарықтық бағаларды айқындау әдістерінің бірін немесе ақпарат көздерін қолдану нәтижесінде айқындалған нарықтық бағалардың ең төменгі және ең жоғарғы мәндерімен шектелген нарықтық бағалардың бірқатар мәндері;

2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) белгіленім кезеңі - мәміле шарттарына сәйкес мәміле тараптары тиісті биржалық тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің), сондай-ақ бағалары биржалық тауарлардың белгіленімдеріне байланыстырылған биржалық емес тауарлардың күнделікті орташа арифметикалық баға белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәнін айқындайтын кезең ішінде тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізуге арналған келісімшартта белгіленген, бірақ биржадағы баға белгіленімдері жарияланған, қатарынан күнтізбелік отыз бір күннен аспайтын баға белгілеу кезеңі;

2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

3-1) белгіленім күні - ресми танылған ақпарат көздерінде тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) жарияланған баға белгіленімі бар күн;

4) бірдей тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) - өздеріне тән бірдей негізгі белгілері: физикалық сипаттамалары, сапасы және рыноктағы өтімділігі, шығарған және өндірген елі бар тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер);

5) бірдей (ал олар болмаған жағдайда - біртекті) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) тиісті рыногы - нарықтық баға қалыптасатын тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) межелі (берілетін) рыногы немесе тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) межелі (берілетін) рыногының базасында нарықтық баға объективті түрде қалыптасатын және (немесе) айқындалатын рынок;

6) біртекті тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) - бірдей болмаса да ұқсас сипаттағы және ұқсас құрамдастардан тұратын, бұл оларға бір ғана функцияларды атқаруға және оларды өзара алмастыруға мүмкіндік беретін тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер);

7) дифференциал - мәміле бағасын немесе ақпарат көзінен алынған бағаны салыстырымды экономикалық шарттарға келтіру үшін қолданылатын түзету мөлшері;

8) жеңілдікті салық салынатын мемлекет - Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалатын шет мемлекет;

9) комиссиялық (агенттік) сыйақы - мәмілеге қатысушы мен сауда брокері, трейдер немесе агент арасындағы жеке келісімде көзделген, жасалған мәміле сомасы немесе сомасының пайызы түрінде төленетін, тауарды сатып алу-сату, жұмысты орындау, қызметті көрсету бойынша сауда брокерінің, трейдердің немесе агенттің көрсеткен қызметі үшін төлемақы;

10) Қазақстан Республикасының аумағында жасалатын, халықаралық іскерлік операциямен тікелей өзара байланысты мәміле - кейіннен халықаралық іскерлік операцияның мәні болып табылатын тауарларды сатып алу-сату, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жөніндегі мәміле;

2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

10-1) қолайсыз әлеуметтiк-экономикалық салдарлар - ұлттық мүдделерді іске асыруға кедергі жасайтын немесе оларға қауіп тудыратын, сондай-ақ ұлттық экономиканың орнықты дамуына қатер төндіретін әлеуметтік және экономикалық салдарлардың жиынтығы;

11) қолданылатын бағаның экономикалық негіздемесі - мәміле бағасының қолданылу негізділігін растайтын және уәкілетті органдарға берілетін құжаттар мен ақпарат;

12) «қол созу» принципі - өзара байланысты тараптар арасындағы мәмілелер шарттарын осы Заңда белгіленген тәртіппен айқындалатын нарықтық баға бойынша мәмілелерді жүзеге асыратын тәуелсіз тараптар арасындағы мәмілелер шарттарымен салыстыру негізінде бағалар ауқымын ескере отырып, нарықтық бағаны айқындау үшін қолданылатын принцип;

13) маржа - тауарларды сатып алу-сату, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жөніндегі мәмілелерді жүргізу нәтижесінде сауда брокері, трейдер немесе агент алатын сома;

14) маржаның ауқымы - салыстырымды экономикалық шарттарда «қол созу» принципіне сәйкес айқындалған нарықтық маржаның ең төменгі және ең жоғарғы мәндерімен шектелген бірқатар мәндер;

15) мәміле бағасы - осы Заңмен реттелетін мәмілені жасау кезінде мәмілеге қатысушылар қолданатын тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) бағасы;

16) мәмілеге қатысушы - осы Заңмен реттелетін мәмілені жасасқан жеке немесе заңды тұлға;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 17) тармақша жаңа редакцияда

17) мәмілелер мониторингі бойынша есептілік - трансферттік бағаларды қолдана отырып есепті кезең ішінде жасалған мәмілені қоса алғанда, уәкілетті орган бекітетін тәртіп пен нысанға сәйкес мәмілеге қатысушы жыл сайын мемлекеттік кіріс органдарына ұсынатын мәмілелер бойынша деректер;

18) нарықтық баға - «қол созу» принципіне сәйкес айқындалатын салыстырымды экономикалық шарттарда бірдей (ал олар болмаған жағдайда - біртекті) тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың өзара іс-қимылы кезінде қалыптасқан тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) бағасы;

19) рентабельділік нормаларының ауқымы - салыстырымды экономикалық шарттарда «қол созу» принципіне сәйкес айқындалған рентабельділік нормаларының ең төменгі және ең жоғарғы мәндерімен шектелген рентабельділік нормаларының бірқатар мәндері;

20) рентабельділік нормасы - негізгі қызметтен түскен, тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізуден алынған бухгалтерлік пайданың осы тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өндіруге және өткізуге жұмсалған шығындарға қатынасы;

21) салықтар бойынша жеңілдіктер - салық төлеушілердің жекелеген санаттары бойынша салық міндеттемелерінен босату (оларды азайту), инвестициялар жөніндегі келісімшартқа сәйкес инвестициялық салық преференцияларының болуы немесе қызметті арнайы экономикалық аймақтар аумағында жүзеге асыру;

22) салыстырымды экономикалық шарттар - егер мұндай шарттар арасындағы айырмашылық бағаға ықпал етпесе немесе мәмілелердің шарттарын осы Заңға сәйкес салыстырымды экономикалық шарттарға келтіру мақсатында түзету мүмкін болса, бірдей (ал олар болмаған жағдайда - біртекті) тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) нарығындағы мәмілелердің шарттары;

23) сауда брокері, агент - мәмілеге қатысушымен жасалған агенттік келісімнің шарттарына сәйкес делдалдық қызмет көрсетулерді орындайтын тұлға;

24) сауда-делдалдық функцияларды орындағаны үшін өтемақы - сауда-делдалдық қызмет көрсетулерді жүзеге асырғаны үшін мәміле тараптары бірінің ақшалай сыйақы немесе тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізу бағасына жеңілдіктер беру (бағаны кеміту) нысанындағы өтеуі;

25) трансферттік баға (трансферттік баға белгілеу) - өзара байланысты тараптар арасында қалыптасатын және (немесе) тәуелсіз тараптар арасында мәмілелер жасау кезінде бағалар ауқымы ескеріле отырып, объективті түрде қалыптасатын нарықтық бағадан айырмашылығы болатын, осы Заңға сәйкес бақылауға жататын баға;

26) трансферттік баға белгілеуді қолдану жөніндегі келісім - белгілі бір кезеңге нарықтық бағаны айқындау әдісі және нарықтық бағаны айқындау үшін қолданылатын ақпарат көзі белгіленетін, уәкілетті органдар мен мәмілеге қатысушының арасындағы жазбаша шарт;

27) трейдер - тауарларды сатып алу-сату, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде дербес және (немесе) мәмілеге қатысушының тапсырмасы бойынша делдалдық функцияларды жүзеге асыратын тұлға;

28) түпкі тұтынушы - мәмілеге қатысушылармен осындай мәмілеге қатысушылар жүзеге асыратын мәміленің экономикалық нәтижелеріне ықпал ететін ерекше өзара қарым-қатынастары жоқ тәуелсіз тарап;

2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 29) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

29) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органы;

30) ұзақ мерзімдік баға - ресми танылған ақпарат көздерінде және (немесе) мәмілеге қатысушылар арасындағы келісімшартта (шартта) белгілі бір кезеңге белгіленген мәміле бағасы;

31) халықаралық іскерлік операциялар - тауарларды сатып алу-сату жөніндегі экспорттық және (немесе) импорттық мәмілелер; тұрақты мекеме құрмастан Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын, резидент емес болып табылатын тараптардың бірінің жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі мәмілелері; Қазақстан Республикасы резиденттерінің Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тауарларды сатып алу-сату, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету жөнінде жасаған мәмілелері.

 

2010.09.05. № 288-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-бап өзгертілді

3-бап. Трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыру

1. Трансферттік баға белгілеу кезіндегі бақылау (бұдан әрі - бақылау) мынадай:

1) халықаралық іскер операциялармен жүзеге асырылады.

Бұл ретте осы тармақшаның мақсаты үшін:

тауарлар экспорты - кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын, Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарларды әкету;

тауарлар импорты - кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын, Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан тауарларды әкелу;

2) Қазақстан Республикасының аумағында:

тараптардың бірі болып табылатын жер қойнауын пайдаланушы өндірген, өткізілетін пайдалы қазбалар бойынша;

салықтар бойынша жеңілдіктері бар тараптардың бірімен;

мәмілелер жасасатын жылдың алдындағы соңғы екі салық кезеңі ішінде салық декларацияларының деректері бойынша залал шеккен тараптардың бірімен жасалатын халықаралық іскерлік операциялармен тікелей өзара байланысты мәмілелер бойынша жүзеге асырылады.

2. Бақылау уәкілетті органдардың:

1) мәмілелер мониторингін;

2) тексерулер;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де рәсімдерді жүргізуі арқылы жүзеге асырылады.

3. Осы Заңға сәйкес жүзеге асырылатын бақылау жүргізу кезінде уәкілетті органдардың өзара іс-қимылының тәртібін уәкілетті органдар айқындайды.

 

2010.09.05. № 288-IV ҚР
  1   2   3   4   5

Похожие:

1-бап. Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасы iconҚазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап; 2010 ж. №5, 23-бап; №7, 32 -бап; №15, 71-бап; №24, 149-бап, 152-бап; 2011 ж., №1, 2-бап, 3-бап; №2, 21-бап; №11, 102-бап; №12,...
1-бап. Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасы iconФильтрлі сигареттерге ең төмен бөлшек баға белгілеу туралы
«Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 12 маусымдағы Заңына...
1-бап. Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасы iconҚазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасы
Жеке басқа қол сұғылмаушылық 15-бап. Жеке бастың абыройы мен қадiр-қасиетiн құрметтеу
1-бап. Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасы iconДамыған елдердегі баға белгілеу
Олар тәуелсіздігін бізден бұрын алған және олардың экономикасы көптеген ерекшеліктерге ие, сонымен қатар шет дамыған еледрдің баға...
1-бап. Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасы iconДамыған елдердегі баға белгілеу
Олар тәуелсіздігін бізден бұрын алған және олардың экономикасы көптеген ерекшеліктерге ие, сонымен қатар шет дамыған еледрдің баға...
1-бап. Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасы iconІрі салық төлеушілер мониторингі Жалпы ережелер
Республикасының салық заңнамасының сақталуын және трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыру мақсатында қолданылатын...
1-бап. Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасы icon1-бап. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы
Осы Кодекс бюджеттік, бюджетаралық қатынастарды реттейді, бюджет жүйесінің жұмыс істеуінің, бюджет қаражатының құралуы мен пайдаланылуының,...
1-бап. Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасы icon33 баспасөз релизі теңгенің АҚШ долларына қатысты айырбастау бағамының ауытқулар дәлізін өзгерту туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Ұлттық Банктің негізгі мақсаты баға тұрақтылығын...
1-бап. Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасы iconЕсiрткi, психотропты қ заттар, прекурсорлар ж ә не оларды ң за ң сыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi n 279-1 Заңы
Р 05. 05. 00 ж. N 47-ii; 31. 05. 02 ж. N 327-ii заңына сәйкес 1-бап өзгертілді; 2006. 02. 03 №130-iii қр заңымен 1- бап жаңа редакцияда...
1-бап. Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасы icon1-тарау. Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс
Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына, осы Кодекске және Қазақстан Республикасының...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница