Мүлікті жария етуге кім құқылы?




Скачать 31.44 Kb.
НазваниеМүлікті жария етуге кім құқылы?
Дата конвертации14.02.2016
Размер31.44 Kb.
ТипВопрос
источникhttp://www.kazembsaudi.com/files/attachments/consular_services/INS.doc
Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде орналасқан мүлікті жария ету тәртібі бойынша нұсқаулық


1. Мүлікті жария етуге кім құқылы?

Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдар.

2. Жария етуге не жатады?

1) ақша;

2) бағалы қағаздар;

3) заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерi (бұдан әрі – қатысу үлестері);

4) оған құқық немесе ол бойынша мәмілелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын, басқа адамға ресімделген жылжымайтын мүлік (ғарыш объектілерінен және магистральдық құбырлардың желілік бөлігінен басқа);

5) құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ өздері орналасқан, жария етусубъектісіне меншік құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған үйлер (құрылыстар, ғимараттар);

6) Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлік жария етуге жатады.

Осы Заңның мақсаты үшін Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жылжымайтын мүлік болып айқындалатын мүлікке ұқсас мүлік Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлік болып танылады.

Алым:

1) осы Заңның 8-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, жинақ шотынан алынған немесе басқа шотқа аударылған ақша сомасының он пайызы;

2) Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде орналасқан мүліктің бағалау құнының немесе сатып алу құнының он пайызы мөлшерінде төленеді.

3. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде орналасқан жылжымайтын мүлікті жария ету

Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде орналасқан мүлiктi (ақшадан басқа) жария ететін жария етуші субъектілер мемлекеттік кірістер органына жария етуші субъектінің тұрғылықты орны бойынша мынадай құжаттарды:

1) белгіленген нысан бойынша екi данада мүлікті жария етуді өткізуге арналған өтінішті;

2) өтінішті берген кезде түпнұсқасын көрсету арқылы жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн;

3) шет мемлекетте тіркелген заңды тұлғалардағы қатысу үлесі және жылжымайтын мүлiк бойынша, осындай мүлiкке құқық белгiлейтiн құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесi;

4) эмитенттерi шет мемлекетте тіркелген бағалы қағаздар бойынша, бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алудың тиiстi жүйесiндегi жеке шоттан үзiндi көшірменi не резидентi бағалы қағаздардың эмитентi болып табылатын мемлекеттiң заңнамасында белгіленген, осы бағалы қағаздарға меншiк құқығын растайтын өзге де құжаттарды;

5) мүліктің сатып алу құнын немесе бағалау құнын растайтын құжатты;

6) алымды төлегенін растайтын құжатты тапсырады.

Бұл ретте, егер мүліктің құны шетел валютасында көрсетілсе, онда мұндай құн Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгемен, өтініш берілген күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша қайта есептеледі.

Шет ел тілінде ресімделген құжаттар нотариат куәландырған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен қоса ұсынылуға тиіс.


4. Басқа тұлғаға ресiмделген мүлiктi жария ету.

1. Басқа тұлғаға ресiмделген мүлiктi жария ететiн жария етуші субъектілер жоғарыда көрсетілген құжаттар тiзбесiне қосымша комиссияға мынадай құжаттарды:

1) мүлікке меншiк құқығын белгілейтін құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін;

2) басқа тұлғаның жария ету субъектісіне мүлікті өтеусiз бергенi туралы шарттың нотариат куәландырған көшірмесін;

3) бағалы қағаздар бойынша – бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алудың тиiстi жүйесiндегi жеке шоттан үзiндi көшірменi немесе резидентi бағалы қағаздардың эмитентi болып табылатын мемлекеттiң заңнамасында белгіленген, осы бағалы қағаздарға меншiк құқығын растайтын өзге де құжатты;

4) қатысу үлесі бойынша – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін, заңды тұлғаның мөрімен бекемделген мемлекеттік қайта тіркеу туралы заңды тұлға органының шешімін немесе шешімінен үзінді көшірмені тапсыруы қажет.

Похожие:

Мүлікті жария етуге кім құқылы? iconҚазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы
«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті...
Мүлікті жария етуге кім құқылы? iconҚазақстан Республикасының Заңы
Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне...
Мүлікті жария етуге кім құқылы? iconҚазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы
Жарияланған: "Егемен Қазақстан" 03. 07. 2014 ж. №129 (28353); "Казахстанская правда" от 03. 07. 2014 г. №129 (27750); Қазақстан Республикасы...
Мүлікті жария етуге кім құқылы? icon"Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы" 2014 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы
Жарияланған: "Казахстанская правда" от 30. 08. 2014 №169 (27790); "Егемен Қазақстан" 30. 08. 2014 ж. №169 (28393); Қазақстан Республикасының...
Мүлікті жария етуге кім құқылы? icon«Құқық негіздері» пәнінен әдістемелік нұсқау Қазақстан республикасы денсаулық сақтау
Мемлекет қоғамға қызмет етуі керек, оның мүдделері мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етуге, оның тіршілік етуіне қажетті...
Мүлікті жария етуге кім құқылы? icon6N0903 – Бағалау мамандығына дайыңдалу сұрақтары (бизнесті бағалау, жылжымайтын мүлікті бағалау, машин жабдықтардың, транспорт құралдарың бағалау, интелектуалды мүлікті бағалау, бағалау жұмыстарың құқықпен реттеу, экономика-математиқалық модельдеу пәндердің)
Бағалау мамандығына дайыңдалу сұрақтары (бизнесті бағалау, жылжымайтын мүлікті бағалау, машин жабдықтардың, транспорт құралдарың...
Мүлікті жария етуге кім құқылы? icon1 тарау. МҮлікті иеліктен алудан туындайтын міндеттмелер: глоссарий
Глоссарий: Сатып алу сату шарты бойынша бір жақ (сатушы) екінші жақтың (сатып алушының) меншігіне, шаруашылық жүргізуіне, жедел (оралымды)...
Мүлікті жария етуге кім құқылы? iconМүлікті сейфтік сақтау бойынша қызметтерді

Мүлікті жария етуге кім құқылы? iconЕкі клиентке арналған мүлікті сейфтік сақтау бойынша қызметтерді

Мүлікті жария етуге кім құқылы? iconҚазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы
Банк осы Заңға сәйкес банк қызметiн жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница