2-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тіркеу




Название2-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тіркеу
страница1/30
Дата конвертации14.02.2016
Размер2.93 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.enpf.kz/download/12429/ yurist - [Ќr 2003 zh. 2 shІldedegІ № 461-ІІ zaЊy].doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 13.01.2015 15:14:22


Қазақстан Республикасының
Заңы
 
Бағалы қағаздар рыногы туралы

(2014.29.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

1-тарау. Жалпы ережелер

(1-5 баптар)

2-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тіркеу

(6-13 баптар)

3-тарау. Облигациялар шығару мен олардың айналысының ерекше талаптары

(14-20 баптар)

4-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру

(21-27 баптар)

5-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздар айналысы

(28-32 баптар)

6-тарау. Туынды бағалы қағаздардың және туынды қаржы құралдарының айналымы

(33-35 баптар)

7-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу және олар бойынша құқықтарды бастау

(36-40 баптар)

8-тарау. Бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық құпия

(41-44 баптар)

9-тарау. Бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыру тәртібі

(45-56 баптар)

10-тарау. Бағалы қағаздарын нақтылы ұстау

(57-62 баптар)

11-тарау. Бағалы қағаздар рыногындағы брокерлiк және дилерлiк қызмет

(63-64-2-баптар)

12-тарау. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызмет

(65-68 баптар)

13-тарау. Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызмет. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызмет

 

(69-72 баптар)

14-тарау. Кастодиандық қызмет

(73-75 баптар)

15-тарау. Трансфер-агенттік қызмет

(76-77 баптар)

15-1-тарау. Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметі

(77-1-77-2-баптар)

16-тарау. Орталық депозитарий

(78-82 баптар)

17-тарау. Сауда-саттықты ұйымдастырушы

(83-90 баптар)

18-тарау. Бағалы қағаздар рыногындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар

(91-100 баптар)

19-тарау. Бағалы қағаздар рыногындағы ақпарат

(101-107 баптар)

20-тарау. Бағалы қағаздар рыногы субъектілерінің қызметін бақылау

(108-112 баптар)

21-тарау. Қорытынды ережелер

(113-114 баптар)

Түпнұсқада мазмұны жоқ

 

2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен мәтін бойынша сөздер өзгертілді (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «қызметтік, коммерциялық», «коммерциялық, қызметтік» деген сөздер «коммерциялық» деген сөзбен ауыстырылды, «коммерциялық және қызметтік», «қызметтік және коммерциялық» деген сөздер «коммерциялық» деген сөзбен ауыстырылды (бұр.ред. қара)

 

2013 ж. 1 қаңтардан бастап 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «бірыңғай тіркеуші», «бірыңғай тіркеушінің» деген сөздер «тіркеуші», «тіркеушінің» деген сөздер деп есептелсін

 

2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)

Осы Заң эмиссиялық бағалы қағаздардың және өзге де қаржы құралдарының шығарылуы, орналастырылуы, айналысы және өтелуi процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды, бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнiң құрылуы мен олардың қызметiнің ерекшелiктерiн реттейдi, бағалы қағаздар нарығының қауiпсiз, ашық және тиiмдi жұмыс iстеуiн, инвесторлардың және бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтарының қорғалуын, бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың адал бәсекелестігін қамтамасыз ету мақсатында бағалы қағаздар нарығын реттеу, бақылау және қадағалау тәртiбiн айқындайды.

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

07.07.04 ж. № 577-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2005.21.04. № 46-III ҚР Заңымен; 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.05.06 № 146-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.19.02 № 230-III (бұр.ред.қара); 2008.05.07 № 66-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2009 ж. 1 қаңтарда қолданысқа енді ) 1-бап өзгертілді; 2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред. қара); 2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.12.02. № 133-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.22.07. № 475-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңның мақсаттары үшiн мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) агенттік облигация - эмитенті қаржы агенттігі болып табылатын облигация;

2) айырбасталатын бағалы қағаз - акционерлiк қоғамның шығару проспектiсiнде айқындалатын шарттармен және тәртiппен оның басқа түрдегi бағалы қағазына алмастыруға жататын бағалы қағазы;

3) андеррайтер - брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар және эмитентке эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру жөнiнде қызметтер көрсететiн бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушы;

4) бағалы қағаз - мүлiктiк құқықтарды куәландыратын белгiлi бiр жазбалар мен басқа да белгiлеулердiң жиынтығы;

5) бағалы қағаздарды номиналды ұстау - номиналды ұстау шартына не осы Заңға сәйкес бағалы қағаздарды ұстаушылар атынан және есебiнен белгiлi бiр заңды iс-әрекеттердi жасау, сондай-ақ бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алу мен растау және осындай ұстаушылардың бағалы қағаздарымен жасалатын мәмiлелерді тiркеу;

6) бағалы қағаздардың бағасын белгiлеу - ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында белгiлi бiр уақыт кезiнде бағалы қағаз бойынша сұраныстың және (немесе) ұсыныстың жарияланған бағасы;

7) бағалы қағаздардың бастапқы рыногы - эмитенттiң бағалы қағаздардың қайталама рыногында өзi бұрын сатып алған эмиссиялық бағалы қағаздарын бұдан әрi орналастыруын қоспағанда, эмитенттiң (андеррайтердiң немесе эмиссиялық консорциумның) жарияланған эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруы;

8) бағалы қағаздардың қайталама рыногы - орналастырылған бағалы қағаздардың айналысы процесiнде бағалы қағаздар рыногының субъектiлерi арасында қалыптасатын құқықтық қатынастар;

9) бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнің жүйесi - белгiлi бiр уақыт кезiнде эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқық ұстаушыларды сәйкестендiрудi, бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелердi тiркеудi қамтамасыз ететін эмитент, эмиссиялық бағалы қағаздар және оларды ұстаушылар туралы мәлiметтердiң жиынтығы, сондай-ақ осы бағалы қағаздар бойынша айналымға немесе құқықтарды жүзеге асыруға арналып тiркелген шектеулердiң сипаты және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiне сәйкес өзге де мәлiметтер;

10) бағалы қағаздар рыногында айла-шарғы жасау - бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң ұсыныс пен сұраныстың объективтi арақатынасы нәтижесiнде бағалы қағаздарға орныққан бағадан жоғары немесе төмен баға белгiлеуге және (немесе) ұстап тұруға, бағалы қағазбен сауда-саттықтың көрiнiсiн жасауға және (немесе) инсайдерлiк ақпаратты пайдаланып мәмiле жасауға бағытталған iс-әрекеттерi;

11) бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушы - өз қызметін бағалы қағаздар рыногында лицензия негізінде не Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асыратын заңды тұлға;

12) бағалы қағазды ұстаушы - бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнің жүйесiнде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесiнде тiркелген, бағалы қағаздар бойынша құқықтарға ие тұлға, сондай-ақ пайларын ұстаушылар ортақ үлестiк меншiк құқығында инвестициялық пай қоры активтерiнiң құрамына кiретiн бағалы қағаздар бойынша құқықтарды иеленетiн инвестициялық пай қоры;

13) базалық актив - стандартталған тауарлар партиясы, бағалы қағаздар, валюта, қаржы құралдары және сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарында айқындалған өзге де көрсеткiштер;

14) биржадан тыс бағалы қағаздар рыногының баға белгiлеу ұйымы - акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, осы сауда-саттықты ұйымдастырушы клиенттерiнiң арасында баға белгiлеудi айырбастау жүйесiн пайдалану мен қолдау арқылы сауда-саттықты ұйымдық және техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын заңды тұлға;

15) биржадан тыс бағалы қағаздар рыногының баға белгілеу ұйымының баға белгілеуді айырбастау жүйесі - биржадан тыс бағалы қағаздар рыногының баға белгілеу ұйымының материалдық-техникалық құралдарының, ішкі құжаттарының кешені, оларды пайдалана отырып биржадан тыс бағалы қағаздар рыногының осы баға белгілеу ұйымы клиенттерінің арасында баға белгілеуді айырбастауға қолдау көрсетіледі;

16) брокер - клиенттiң тапсырмасы бойынша, оның есебiнен және мүдделерiн көздеп, эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер жасайтын бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушы;

17) бұйрық - қаржы құралдарын ұстаушы (сатып алушы) өзiне тиесiлi қаржы құралдарына немесе қаржы құралдарын сатып алуға арналған ақшаға қатысты белгiлi бiр iс-әрекеттi жүзеге асыруды көрсете отырып, бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушыға табыс ететiн құжат;

18) бірыңғай тіркеуші- акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, дауыс беретін акцияларының елу пайыздан астамы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын мамандандырылған коммерциялық емес ұйым;

19) дара инвестор - институционалдық инвестор болып табылмайтын инвестор;

20) делистинг - бағалы қағаздарды сауда-саттық ұйымдастырушының тiзiмiнен уақытша немесе тұрақты шығарып тастау;

21) депозитарийлiк қолхат - осы депозитарийлiк қолхаттың базалық активi болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздардың белгiлi бiр санына меншiк құқығын растайтын туынды эмиссиялық бағалы қағаз;

22) депозитарийлiк қызмет - басқа номиналды ұстаушылар үшiн бағалы қағаздарды номиналды ұстау қызметтерiн көрсету және ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында қаржы құралдарымен жасалған мәмiлелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру жөнiндегi қызмет;

23) депозитке салу - орталық депозитарийдiң өз клиенттерiнiң жеке шоттарындағы қаржы құралдарын есепке алуы;

24) депонент - орталық депозитарийдiң клиентi болып табылатын ұйым;

25) дефолт - эмиссиялық бағалы қағаздар және өзге де қаржы құралдары бойынша мiндеттемелердiң орындалмауы;

26) дилер - ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында және ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында оған тiкелей кiру құқығымен өз мүдделерiн көздеп және өз есебiнен эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер жасайтын бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушы;

2013.21.06. № 106-V ҚР
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

Похожие:

2-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тіркеу icon2-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тіркеу
Р 2015 жылғы 12 қарашадағы №391-v заңын қараңыз (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тіркеу iconБағалы қағаздар рыногы туралы
Заңға сәйкес бағалы қағаздарды ұстаушылардың атынан және есебінен белгілі бір заңды іс-әрекеттерді жасау, сондай-ақ бағалы қағаздар...
2-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тіркеу iconҚадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының
Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, бағалы қағаздар...
2-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тіркеу iconНоминалды ұстаушы, бағалы қағаздармен мәмілелер жасау қызметін көрсететін, сондай-ақ бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотының үзінді көшірмесін ресімдейтін және беретін бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларын тіркеу ережесін бекіту туралы
Бағалы қағаздар рыногындағы кәсіби қатысушылардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының...
2-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тіркеу iconНоминалды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, олардың бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы
Азақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тіркеу iconБағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың басшы қызметкерлері лауазымдарына кандидаттарды тестілеуден өткізуге арналған тест сұрақтары
Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығы – бұл
2-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тіркеу iconҚазақстан қаржы нарығының құрылымындағы бағалы қағаздар нарығы
Көпшілік жағдайда соңғысы кәсіпорындар мен корпорациялардың ссудалық капитал нарығында қаржы-несиелік институттармен және бағалы...
2-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тіркеу iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі б а с қ армасыны ң
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы негізінде, бағалы қағаздар рыногын одан әрі дамыту жөніндегі...
2-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тіркеу icon"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ депонент іне
Бағалы қағаздар орталық депозитарийі АҚ (бұдан әрі – Орталық депозитарий) берілген мүмкіндікті пайдаланып, Сізге кәсіби қызметті...
2-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тіркеу iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Осы курсты менгерген кезде, студенттер бағалы қағаздарға сай ерекшеліктерімен, бағалы қағаздарды шығару және орнату тәртібін, бағалы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница