Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау




Скачать 85.17 Kb.
НазваниеАуыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау
Дата конвертации14.02.2016
Размер85.17 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://krgagri.kz/sites/default/files/ Субсид воды на замеч ДРГУИТ по п 6 и 11 каз.rtf
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы « » .
№ қаулысымен
бекітілген


«Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге
су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау»
мемлекеттік қызметінің стандарты



1. Жалпы ережелер


  1. Мемлекеттік қызметтің атауы – «Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау» (бұлан әрі – мемлекеттік қызмет).

  2. Осы мемлекеттік стандартты (бұдан әрі – стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

  3. Мемлекеттік қызметті облыстың (Астана және Алматы қалаларының) жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – Басқарма) көрсетеді.

  4. Осы стандартта мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

  5. ведомствоаралық комиссия – оларға суару суын беру жөніндегі қызметтер құнының бөлігінде өтінімдерді қарау және жергілікті бюджеттен субсидиялауға жататын су пайдаланушылар тізімін және су пайдаланушылар бойынша субсидиялар сомаларын бекіту бойынша ұсыныстар енгізу үшін аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің шешімімен құрылатын комиссия (бұдан әрі – ВАК);

  1. субсидиялау – ауыл шаруашылығы дақылдарын суару үшін су беру жөніндегі алынған қызметтерге су пайдаланушылардың шығындарын бекітілген су пайдаланушылар лимиттерінің шегінде ішінара өтеу (алынған қызметтердің құнын арзандату);

  2. су пайдаланушылар – өзінің қажеттіліктерін және (немесе) коммерциялық мүдделерін қанағаттандыру үшін су ресурстарын пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген жеке немесе заңды тұлға;

  3. су пайдаланушылардың ауылдық тұтынушылар кооперативі – бір алаңда жер учаскелерін иеленетін (пайдаланатын) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы қажеттіліктері үшін гидротехникалық құрылыстарды, құрылғылар мен жабдықты бірлесіп басқару үшін мүшелік негізіндегі еркін бірлестігі (бұдан әрі – САТК).

  1. ВАК жұмысшы органы – ауданның аудандық немесе қалалық ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі – Бөлім);

6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – қызмет алушылар) көрсетіледі.


2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі


7. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімдерде көрсетіледі:

1) Бөлім ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерден құжаттар қабылдау мерзімдерін және басқа да қажетті мәліметтерді көрсете отырып, ВАК жұмыс тәртібін жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етеді.

2) ВАК ағымдағы жылғы 25 ақпанға дейінгі мерзімде су беру жөніндегі қызметтердің құнын арзандату бойынша субсидиялар алуға ұсынылған өтінімдерді қарайды және САТК бөлінісіндегі су пайдаланушылар тізімдерін және бекітілген ставкаларға сәйкес субсидиялар сомаларын аудан әкіміне бекітуге ұсынады;

3) аудан әкімі су пайдаланушылар тізімін бекіткеннен кейін ағымдағы жылғы 28 ақпанға дейінгі мерзімде Басқармаға САТК бөлінісіндегі су пайдаланушылар тізілімін ұсынады;

4) Басқарма бір апталық мерзімде су пайдаланушылар мен САТК-ні жылдық субсидиялау сомаларын көрсете отырып, су пайдаланушылар тізімдерін бекіту бойынша аудан әкімдері қабылдаған шешімдер туралы хабардар етеді;

5) Бөлім осы стандарттың 12-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген құжаттарды тексергеннен кейін ағымдағы айдын 25 күніне дейінгі мерзімде Басқармаға жиынтық су пайдаланушылар тізілімін жолдайды;

6) Басқарма бес жұмыс күні ішінде осы стандарттың 12-тармағының талаптарына ұсынылған құжаттардың сәйкестігін тексереді, бюджеттік субсидиялар төлеуге ведомості, төлем шоттарын қалыптастырады және аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін және төлем шоттарын ұсынады;

7) қажетті құжаттар тапсыру кезінде кезекте күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты – 30 минуттан артық емес;

8) ең ұзақ рұқсат етілген қызмет көрсету уақыты – он бес минуттан артық емес.

8. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: қағаз.

9. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарын қоса беріп, төлем шоттарының тізілімін ұсыну немесе субсидиялар беруден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

10. Мемлекеттік қызмет ақысыз көрсетіледі.

11. Мемлекеттік қызмет осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетіледі. Жұмыс кестесі: жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мерекелік күндер.

Құжаттарды қабылдау жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында көрсетілген мерзімдерде және алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

12. Субсидиялар алуға арналған тізілімге енгізу үшін су пайдаланушылар САТК арқылы:

1) ВАК-қа ағымдағы жылғы 20 ақпанға дейінгі мерзімде осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім ұсынады.

Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:

САТК жарғысының көшірмесі;

оған өтінімді ұсыну және субсидиялар алу бойынша өкілеттіктерді беру туралы САТК мүшелері жиналысының хаттамасы;

су берушінің тарифті бекіту туралы бұйрығының көшірмесі;

осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес үлгілік нысан бойынша әрбір су пайдаланушы үшін су пайдалану лимитін айлар бойынша көрсете отырып, алдағы суару кезеңіне су беру туралы САТК су пайдаланушыларының су берушімен шарты;

әрбір су пайдаланушының жер учаскесіне құқық белгілеу құжаттарының көшірмелері;

әрбір су пайдаланушының суаруға арналған құрылыстарына, жабдықтары мен құрылғыларына техникалық паспорттардың болуын растайтын құжаттардың көшірмелері;

әрбір су пайдаланушының суаруға арналған аттестатталған суды есепке алу құралдарының болуы туралы құжаттардың көшірмелері;

заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың көшірмесі (су пайдаланушының шотына ақша аударған жағдайда жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі немесе дара кәсіпкерді тіркеу туралы куәліктің көшірмесі). «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және өкілдіктер мен филиалдарды есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік зады тұлға қызметін тоқтатқанға дейін қолданыстағы болып табылады;

салық органы беретін, су пайдаланушыны салықтық есепке қоюды растайтын құжаттың көшірмесі;

оның деректемелерін көрсете отырып, банктік шоттың болуы туралы банктің анықтамасы.

Су берушінің каналынан жалғыз су пайдаланушы болып табылатын су пайдаланушылар субсидиялар алу үшін САТК жарғысының көшірмесін және өкілеттіктерді беру туралы САТК мүшелері жиналысының хаттамасын қоспағанда, осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттарды өз бетінше ұсынады;

2) жиынтық тізілімге енгізілген САТК әрбір айдын 20 күніне қарай Бөлімге:

осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес су берушінің су беру жөніндегі қызметтер көрсету актісін;

су берушіге су жеткізу бойынша алынған қызметтер үшін қаражат аударуын растайтын төлем құжаттарының көшірмелерін;

қатарынан қалған бөлігін субсидиялар алғаннан кейін төлеу міндеттемесін өзіне ала отырып (Тараптардың уағдаласуы бойынша су пайдаланушы (су пайдаланушылар атынан САТК)), су берушіге су жеткізу бойынша алынған қызметтер үшін қаражатты су беруші көрсеткен қызметтер құнының 50 %-ынан кем емес аударуын растайтын төлем құжаттарының көшірмелерін ұсынады.

13. Субсидиялар беруден бас тарту үшін негіз осы стандарттың
12-тармағында көрсетілген құжаттардың толық емес пакетін ұсыну, не осы стандарттың 6-тармағында айқындалған оларды ұсыну мерзімдерін бұзушылықтар болып табылады.





3. Мемлекеттік қызметті даулау тәртібі


14. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген немесе әдепсіз қызмет көрсетілген жағдайда шағым:

1) осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша басқарма басшысының атына;

2) 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, 301-кабинет, телефон: 8 (7172) 55-57-63 мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің (бұдан әрі – Министр) атына беріледі.

Жұмыс кестесі: жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мерекелік күндер.

Шағым www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан Министрдің блогында баяндалуы мүмкін.

3) шағым Порталда «Кері байланыс» сілтемесі арқылы берілуі мүмкін.

15. Басқарма қызметкерлерінің құқықсыз әрекеттерін (әрекетсіздігін) шағымдау тәртібін түсіндіруді, сондай-ақ шағым дайындауда көмек көрсетуді осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша орналасқан заң қызметінің мамандары жүзеге асырады.

16. Басқарма қызметкерлерінің құқықсыз әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым өтініштің көшірмесін қоса беріп, еркін нысанда беріледі.

Қызмет алушы өзінің шағымында міндетті түрде:

1) тегін, атын, әкесінің атын;

2) жауап жолдануы тиіс пошталық мекенжайын;

3) шағым мәнінің баяндалуын;

4) жеке қолын және күнін көрсетеді.

Басқарма қызметкерлерінің құқықсыз әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым «Мемлекеттік қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының заңында көзделген мерзімдерде қаралады.

Басқарма қызметкерінің әрекеттерін (әрекетсіздігін) шағымдау тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

17. Шағым берген қызмет алушыға өтінішті қабылдау күні мен уақыты, қабылдаған тұлғаның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.

Шағымды қарау нәтижесі пошта бойынша жолданады не қызмет алушыға берілген талонды ұсыну бойынша қолға (не сенімхат бойынша өкіліне) беріледі.

Шағымды Портал арқылы «жеке кабинеттен» жөнелткеннен кейін қызмет алушыға мемлекеттің органда өңдеу барысында жаңартылатын шағым туралы ақпарат (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау нәтижелері бойынша жауап немен қараудан бас тарту) қолжетімді болады.

18. Көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда қызмет алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа өтініш жасауға құқылы.


4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін
ескере отырып, өзге де талаптар



19. Қызмет алушылар үшін мемлекеттік қызметті көрсету кезінде күту және қажетті құжаттар дайындау уақытына жағдайлар жасалады (күтуге арналған креслолар, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттар тізбесі және оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақталады).

20. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

21. Портал арқылы өтініш жасаған кезде өтініш қызмет алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында беріледі.

22. Мемлекеттік қызмет алуға электрондық сұрау салуды портал арқылы жолдаған кезде қызмет алушыда мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинетінде» алу мүмкіндігі болады.

23. Мемлекеттік қызметті алу тәртібі туралы қысқаша ақпарат қызмет алушы жадынамасы және мемлекеттік қызметті алу схемасы (осы стандартқа 6 және 7-қосымшалар) түрінде әзірленді.

Мемлекеттік қызмет туралы (толық және қосымша) ақпарат сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны (1414) бойынша ұсынылады.


____________________________________

Похожие:

Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау iconАуыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі
Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау iconАуыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі
Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау iconАуыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне су беру қызметтерінің құнын субсидиялау

Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау iconӨсімдіктерді қорғау мақсатында ауылшаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау
«Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)
Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау icon«Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау»
Көрсетілетін қызметті берушінің өтінімдерді қабылдау мерзімдерінің аяқталу сәтінен бастап – 41 (қырық бір) жұмыс күні
Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау iconАсыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау
...
Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау iconМал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру мақсатында субсидиялау қағидалары
Е қабiлеттiлiгiн арттыру үшiн отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi (бұдан әрi – тауар өндiрушiлер) қолдау мақсатында тиісті...
Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау iconАсыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау
«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін...
Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау icon«Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесі
«Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі облыс ауыл шаруашылығы және агроөнеркәсіп кешені саласында басшылықты...
Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау icon1. Мыналар: 1 осы қаулыға 1 қосымшаға сәйкес басым ауыл шаруашылығы дақылдарының 2012 жылға арналған тізбесі
«Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница