2010 жылғы 1 шілдедегі облыс бюджетінің атқарылуы туралы




Скачать 75.46 Kb.
Название2010 жылғы 1 шілдедегі облыс бюджетінің атқарылуы туралы
Дата конвертации14.02.2016
Размер75.46 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://vkofin.gov.kz/files/rep-2010-1-6-3-kz.doc


04-38


2010 жылғы 1 шілдедегі облыс бюджетінің атқарылуы туралы


2010 жылдың 1 шілде айында облыс бюджетіне 80253,1 млн.теңге болжаммен 80546,5 млн.теңге, соның ішінде республикалық бюджеттен 57375,2 млн.теңге сомасында субвенция мен нысаналы трансферттер түсті.


Меншік кірістер 102,4%-ға орындалды. Аягөз ауданынан басқа, барлық бюджеттердің деңгейлері жоспарды орындады.

Ағымдағы жылдың 6 айында Бюджетке жер беті су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем (98,4%), жергілікті бюджеттерден қарыз алушы-банктерге берілетін бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар (99,4%), әкімшілік айыппұлдар (99,7%), азаматтарға пәтерлерді сатудан (55,5%) және жер телімдерін сатудан түскен түсімдерден (92,1%) басқа, барлық кіріс көздері бойынша жоспар орындалды.

Облыстық бюджетке 2010 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 7820,3 млн.теңге болжаммен 7955,4 млн.теңге меншік кірістері немесе 101,7%-ға орындалды.








Республикалық бюджеттен алынған нысаналы трансферттер ескере отырып, барлық деңгейдегі бюджеттерде бекітілген бағдарламаларды іске асыруға 77884,1 млн.теңге жұмсалды.

Облыстың мемлекеттік мекемелерін ағымдағы ұстауға 67315,2 млн.теңге, даму бюджеттік бағдарламаларына 10568,9 млн.теңге бағытталды.

Облыстың білімі беруіне 23186,1 млн.теңге немесе 97,3% жұмсалды, оның ішінде:

мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету және қолдау көрсетуге – 852,7 млн.теңге;

- облыстың қалалары мен аудандарындағы жалпы білім беруге – 15926,1 млн.теңге, соның ішінде мектеп, гимназиялар, лицейлер, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру профильді мектептер, мектептер-балбақшаларға – 14849,9 млн.теңге, арнайы білім беру оқу бағдарламалары бойынша жалпы білім беруге - 566,4 млн.теңге, мамандандырылған білім ұйымдарына дарынды балаларға жалпы білім беруге - 509,8 млн.теңге;

- техникалық және кәсіптік білім беруге – 1859,3 млн.теңге.

Ағымдағы жылдың 6 айында білім беру жүйесін ақпараттандыруға 94,2 млн.теңге жұмсалды.

Облыстық бюджеттен жетімдерді, ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды  әлеуметтiк қамсыздандыруға (балалар үйлер, баспаналар, отбасы үлгісіндегі  балалар ауылдары, патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) ұстау) ағымдағы кезеңде 428,2 млн.теңге жұмсалды, ол 98,2%-ды құрады.

2010 жылдың 1 шілдедегі жағдай бойынша облыстың денсаулық сақтау мекемелері бойынша орындалу 9 798,9 млн.теңгені құрады, жоспар бойынша есеп беру кезеңінде 10 172,5 млн.теңге немесе немесе 96,3%. Шоттардағы қаражат қалдықтары 373,6 млн.теңгені құрады, оның ішінде жергілікті бюджет бойынша 50,9 млн.теңге, республикалық бюджет бойынша 322,6 млн.теңге: қаражат стационарлық медициналық көмек және денсаулық сақтау ұйымдары мамандарына, қан және оның құрамындағыларды өндіру, жекелеген санаттарындағы ауруларды препараттармен қамтамасыз ету, салауатты өмір салтына жұмсалды. Оның ішінде өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлаудың стратегиясын іске асыру шеңберінде денсаулық сақтау объектілеріне күрделі, ағымдағы жөндеуге жергілікті бюджеттен 288,1 млн.теңге бөлінді, 13 объектіге - 182,7 млн.теңге, медициналық мекемелердің 18 объектіге ағымдағы жөндеуге – 105,4 млн.теңге; республикалық бюджет қаражаты есебінен 867,8 млн.теңге, 13 объектіге күрделі жөндеуге 550,3 млн.теңге, 13 объектіге ағымдағы жөндеуге - 317,5 млн.теңге. «ШҚО Денсаулық сақтау объектілерінің кейбір мәселелері туралы» облыс әкімдігінің 2009 жылғы 8 желтоқсандағы № 287 қаулысына сәйкес 31 мемлекеттік мекеменің 29-ы КМҚК қайта тіркелді.

2010 жылы жекелеген санаттағы қажет ететін азаматтарға жәрдемақылар төлеу жүзеге асырылуда: тұрғын үй көмегі – 135,8 млн.теңге, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегі – 225,5 млн.теңге, оның ішінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен 124,8 млн.теңге, 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар – 316,6 млн.теңге, оның ішінде жергілікті бюджет есебінен 218,2 млн.теңге көмек қарастырылды.

Жұмыспен қамту бойынша игеру 410,9 млн.теңгеге 97,9%-ды құрады.

Жалпы облыстың дамыту бағдарламаларына ағымдағы жылдың 6 айында 10 568,9 млн.теңге жұмсалды. Бюджеттік инвестициялардың негізгі бағыттары болып: - әлеуметтік сала объектілерін, сумен жабдықтау желілері мен автомобиль жолдарын дамыту. Қаржыландыру көздері салынған қаражат көлемінде: республикалық трансферттер, облыстық бюджеттен және аудандық (қалалық) бюджеттерден төмен тұрған бюджеттерге трансферттер болып табылады.

Білім объектілерін дамытуға есеп беру кезеңінде 967,5 млн.теңге қаражат жұмсалды, оның есебінен 12 объект салынып жатыр, оның екеуі – «Нұрлы көш» бағдарламасын іске асыру шеңберіндегі Өскемен қаласындағы бала бақша мен орта мектеп. Салынып жатқан объектілердің саны республикалық бюджеттен қосымша бөлінген қаражат есебінен бастапқы жоспарланғандарға қарағанда өсті, Үржар ауданындағы 2 мектеп және Глубокое және Куршім аудандарындағы мектептер мен Жарма ауданындағы бала бақша құрылысы.

Облыстық бюджет қаражаты есебінен білім объектілерін дамытуға 250,9 млн.теңге жұмсау жоспарланды, осы қаражат есебінен Аягөз ауданы Ақши мен Бородулиха ауданы Бородулиха ауылдарындағы мектеп құрылысы жалғастырылатын болады, Жарма ауданының Қалбатау ауылындағы балбақша құрылысы бойынша жұмыс басталды. 3 бала бақшаны одан әрі салуға жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленуде: Курчатов қаласының 100 орынға арналған, Аягөз қаласының 200 орынды, Шемонаиха қаласының 280 орынға арналған және Зайсан қаласындағы 600 орынды орта мектеп құрылысы.

Денсаулық сақтау объектілерін дамыту бойынша Қан орталығы мен Өскемен қаласындағы облыстық онкологиялық диспансердің Сәулелі терапия орталығы үшін арнайы медициналық жабдықтар жеткізіліп жатыр, осыған, 1,2 млрд.теңгеден астам республикалық трансферттер жұмсалды, осының есебінен Көкпектіжәне Катонқарағай аудандарында аудандық ауруханалар салынып жатыр. Жалпы есеп беру кезеңінде денсаулық сақтаудың салынып жатқан объектілері бойынша игеру 2,3 млрд.теңгені құрайды.

«Ауыз су» бағдарламасын іске асыру шеңберінде облыстың жеті ауданында сумен жабдықтау объектілерін қайта жаңарту бойынша іс-шаралар басталды, оның ішінде Аягөза, Бесқарағай, Бородулиха және Тарбағатай аудандарында, осыған есеп беру кезеңінде 640 млн.теңге жұмсалды.

Көлік инфрақұрылымын дамыту үшін автомобиль жолдарының 6 учаскесінде құрылыс жұмыстары жүргізілді, оның ішінде: Күршім ауданы Қар-Қаба өзені арқылы өтетін көпір құрылысы, Самара тас жолындағы темір жол арқылы өтетін автомобиль жолын, «Семей-Қайнар» автожолын қайта жаңарту, Глубокое ауданы «Волчиха-Карагужиха» автожолындағы Карагужиха өзені арқылы көпірін және «Риддер қаласының айналма жолы» учаскесінде құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр, оған 892,4 млн.теңге жұмсалды.

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындалу мақсатында Өскемен қаласын жайластыру, сондай-ақ әуежайдың ұшу-қону жолағын қайта жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілуде, оған сәйкесінше 655,3 млн.теңге немесе 531,1 млн.теңге жұмсалды.

Тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы мен «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша 2 287,2 млн.теңге пайдаланылды, аталған қаражаттар есебінен коммуналдық және ипотекалық тұрғын үй құрылысы, сондай-ақ инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салынып жатыр.

Агроөнеркәсіп кешенін қолдау мақсатында, оның ішінде мал шаруашылығын дамытуға және өнімдерінің өнімділігін арттыру, ауыз суды жеткізу, ЖЖМ бойынша қызметтерді төлеу үшін республикалық бюджеттен берілген субсидия есебінен 1 438,1 млн.теңге жұмсалды.

Есеп беру кезінде Семей қаласының жылумен жабдықтауды жаңғыртуға жоспарланған қаражат толығымен игерілді, ол 1 965,0 млн.теңгені құрады.

Біршама қаражат дамыту бағдарламаларына және жергілікті бюджеттер есебінен жұмсалуда.

Мәдениет және спорт объектілерін дамыту мақсатында облыстық бюджетте Өскемен қаласындағы 800 орынды қазақ драма театрының құрылысы үшін ЖСҚ әзірлеуге, Семей қаласындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы, Үржар ауданы Алакөл көлінің жағалауында бюджеттік ұйымдарының демалу базасының инфрақұрылымы жалғастырылыа жатыр, Зырян ауданы Новая-Бухтарма кентіндегі спорт модулінің қайта жаңартуға жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеу бойынша жұмыстар аяқталуда. мәдениет объектілерін дамытуға жоспарланған қаражаттар толығымен игерілді; спорт объектілері бойынша - 91,4%. «Уба» шипажайының құрылысына арналған жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеуге ағымдағы жылы қарастырылған қаражаттар толығымен игерілді.

Ішкі істер органдарының объектілерін дамыту үшін өңірлерде Семей және Зырян қалаларында уақытша ұстау изоляторының құрылысына жобалық құжаттарды әзірлеу іс-шаралары аяқталуда, оған 5,4 млн.теңге жұмсалды.

Облыстың автомобиль жолдарының ағымдағы жөндеу және ұстауға 1213,1 млн.теңге, әуе және теміржол тасымалдауға - 145,3 млн.теңге жұмсалды. Демалып жатқан халыққа жақсы көліктік инфрақұрылымын құру мақсатында «Голубой залив» демалу базасына кірме автожолын қайта жаңартуға жобалық-сметалық құжат әзірлену бойынша жұмытар басталды, 13,4 млн.теңге жұмсалды немесе 83,8%.




2010 жылға нысаналы ағымдағы трансферттер мен дамытуға арналған трансферттер қарастырылған, 36298,8 млн.теңге облыстық мәслихат сессиясының 2010 жылғы 15 қаңтардағы № 18/237-IV шешімімен облыстық бюджетте 36298,8 млн.теңге бекітілген, оның ішінде 20553,6 млн.теңге нысаналы ағымдағы трансферттер, 15745,2 млн.теңге дамытуға арналған трансферттер, сонымен қатар 2877,5 млн.теңге тұрғын үй құрылысы мен оны сатып алуға кредиттер.

Облыстық мәслихат сессиясының 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 20/245-IV шешімімен жол картасы бойынша трансферттерді ескере отырып, республикалық трансферттер ккөлеміне өзгертулер енгізілді, сондай-ақ трансферттер көлемі 40254,5 млн.теңгені құрады.

2010 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша республикалық бюджеттен облыс үшін 18860,6 млн.теңге сомасында нысаналы ағымдағы трансферттер мен дамытуға арналған трансферттер қарастырылды, 2010 жылдың 1 шілдесінде республикалық бағдарламалар әкімшілерінен нақты 18608,9 теңге түсті, оның ішінде есеп беру кезеңінде 17088,8 млн.теңге немесе республикалық бюджеттен бөлінгеннің 91,8%-ы игерілді.

Жалпы облыс бойынша нысаналы ағымдағы трансферттер бойынша игеру 90,9%, толық пайдаланылмай қалған қаражат сомасы 902,3 млн.теңгені құрады; дамытуға арналған нысаналы трансферттер бойынша 92,9%, пайдаланылмай қалған қаражат сомасы 617,8 млн.теңгені құрайды.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегі мен ай сайынғы 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар төлеуге –199,2 млн.теңге, тегін медициналық көмекті қамтамсыз ету және кеңейтуге 181,4 млн.теңге, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және жайластыруға – 529,0 млн.теңге, денсаулық сақтау объектілерін салуға және қайта жаңғыртуға – 2267,1 млн.теңге, білім объектілерін қайта жаңартуға - 967,5 млн.теңге, жылу энергетикалық жүйесін дамытуға – 1965,0 млн.теңге жұмсалды.


Похожие:

2010 жылғы 1 шілдедегі облыс бюджетінің атқарылуы туралы icon2010 жылғы 1 тамыздағы облыс бюджетінің атқарылуы туралы
...
2010 жылғы 1 шілдедегі облыс бюджетінің атқарылуы туралы icon2010 жылғы 1 қыркүйектегі облыс бюджетінің атқарылуы туралы
Меншік кірістер 100,5%-ға орындалды. Аягөз ауданы мен облыстық бюджеттен басқа, барлық бюджеттердің деңгейлері жоспарды орындады
2010 жылғы 1 шілдедегі облыс бюджетінің атқарылуы туралы icon2009 жылғы облыс бюджетінің атқарылуы туралы
Меншік кірістер 102,5%-ға орындалды. Барлық бюджеттердің деңгейлері жоспарды орындады
2010 жылғы 1 шілдедегі облыс бюджетінің атқарылуы туралы icon04-34 2009 жылғы 1 наурыздағы облыс бюджетінің атқарылуы туралы
Меншік кірістер 110,1%-ға орындалды. Барлық бюджеттердің деңгейлері жоспарды орындады
2010 жылғы 1 шілдедегі облыс бюджетінің атқарылуы туралы icon2013 жылғы 1 қаңтардағы облыс бюджетінің атқарылуы туралы
Меншік кірістер 103,2%-ға орындалды. Жоспарды орындау барлық бюджеттер деңгейлері бойынша қамтамасыз етілді
2010 жылғы 1 шілдедегі облыс бюджетінің атқарылуы туралы icon2015 жылғы 1 желтоқсандағы облыс бюджетінің меншік кірістер бойынша атқарылуы
Меншік кірістер 948,2 млн теңгеге орындалмады. Бесқарағай, Шемонаиха аудандары мен Семей, Өскемен қалаларынан басқа, барлық бюджеттер...
2010 жылғы 1 шілдедегі облыс бюджетінің атқарылуы туралы icon2010 жылғы аудан бюджетінің орындалуы туралы анықтама
Бюджеттің орындалу барысында бюджетке 7 рет анықтаулер мен түзетулер жүргізілді. Ауданның нақты бюджеті – 2 525 421,7 мың теңгені...
2010 жылғы 1 шілдедегі облыс бюджетінің атқарылуы туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі №979 қаулысы
«Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010...
2010 жылғы 1 шілдедегі облыс бюджетінің атқарылуы туралы iconФитосанитариялық қауіпсіздік және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі №745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі №745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
2010 жылғы 1 шілдедегі облыс бюджетінің атқарылуы туралы iconҚаулысы постановление правительства республики к азахстан
«Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница