ШАҒын және орта бизнесті дамыту- экономиканың ТҰРАҚтылығының негізі




Скачать 75.97 Kb.
НазваниеШАҒын және орта бизнесті дамыту- экономиканың ТҰРАҚтылығының негізі
Дата конвертации14.02.2016
Размер75.97 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://group-global.org/sites/default/files/publications/Оспанова март.doc
ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ- ЭКОНОМИКАНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ


Оспанова Г.А., Жақсылықова А.М.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қызылорда қаласы


Қазақстан Республикасындағы кез-келген азамат заңға сәйкес өз бизнесін қалыптастырып, дамытуға құқылы. Бұл жөнінде ҚР Конституциясының 26-бабында «әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез-келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар» екендігі атап көрсетілген.

Қазақстанда кәсіпкерлік қызметті қалыптастыру мен дамыту мақсатында нақты шаралар ұйымдастырылып, оның белсенділігін арттыруда бірқатар маңызды құжаттар дайындалып, қабылданды. Атап айтқанда, «Жеке кәсіпкерлік туралы», «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Заңдар және «Шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекет тарапынан қолдау көрсетуді жеделдету шаралары» атты Қаулылары қабылданы. Қабылданған құжаттардың негізгі түпкі мақсаты шағын және орта кәсіпкерлік қызметке қолдау көрсету, жаңа жұмыс орындарын қалыптастыра отырып, халықты жұмыспен қамтамасыз ету. Кәсіпкерлік бірінші кезекте жекелеген азаматтар мен жалпы қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру және экономикалық өсу мақсатында өндірістің барлық факторларын тиімді пайдаланумен байланысты.

Нарықтық экономика жағдайында шағын және орта бизнесті дамыту бұл- елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайына оң өзгерістер береді және отандық тауар өндірушілер (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) арасында бәсекелестіктің артатындығына ықпал жасайды.

Бүгінде кәсіпкерлік қызметке негізделген принциптер мыналар:

  • өндіріс орындары ұлғайып, елдің жұмыссыздық мәселесі төмендейді;

  • отандық тауар өндірушілер арасында өндірілген (қызмет, жұмыс) өнімнің бәсекелестік қабілеті артады;

  • өнім сапасына көп мән беріледі;

  • халық тұтынатын тауарларға деген тапшылық азаяды.

Елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және оларға қолдау көрсету мемлекеттік экономикалық саясаттың басым бағыты болып саналады. Сондықтан да кәсіпкерліктің дамуы бірқатар әлеуметтік-экономикалық мәселелердің оң шешімін табуына және экономиканың өсу қарқынына оң ықпал етеді. Экономиканың нақты осы секторы мемлекеттің стратегиялық мақсаттары мен ағымдағы міндеттерін шешуге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында «шағын және орта бизнес –XXI ғасырдағы Қазақстанды индустриялық және әлеуметтік жаңғыртудың басты құралы», деп атап көрсетіп, ел экономикасында шағын және орта бизнестің үлесі артқан сайын Қазақстанның дамуы да орнықты бола түсетіндігіне және оған мол мүмкіндіктердің бар екендігін атап өтті[1]. Сонымен қатар Ел Президенті шағын және орта бизнесті өркендету мақсатында Үкіметке біршама тапсырмалар тапсырды. Атап айтқанда, бизнесті дамытуға кедергі келтіретін енжар құқықтық нормалардың күшін жою, осы сектор субъектілерінің күйреуінің нақты тетіктерін енгізу, шағын және орта бизнес индустриалды-инновацияны дамытуға негіз болуы қажет, сонымен қатар Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып жұмысын жаңа бастаған бизнесмендерге әдістемелік көмектің тиімді тетіктерін жасау.

Бүгінгі күні шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту объективті қажеттілік екендігіне көзіміз жетеді. Оны экономикасы дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отыр, яғни ЖІӨ-дегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 50-60 % құрайды. Оның негізгі себептеріне тоқталатын болсақ, біріншіден, ел экономикасының қарыштап дамуына негіз болады, екіншіден, халықтың жұмыспен қамтылуына жағдай жасайды, үшіншіден, жалпы ішкі өнімнің көлемін арттыруға оң әсерін тигізеді. Дегенмен, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын, соның ішінде, заңнамалық қамтамасыз ету; шағын және орта бизнесті индустриаландыруда әдістемелік көмектің тиімді тетіктерін енгізу маңызды болып табылады.

Шағын және орта бизнесті қалыптастыру мен дамытудың өзіндік артықшылықтары мен кемшіл тұстары да бар. Шағын және орта бизнестің шетелдік және отандық даму тәжірибелерін талдай отырып, мынадай артықшылықтарын атап өтуге болады:

  • шағын және орта бизнес субъектілерінің қызметінің тәуелсіздігі;

  • нақты шешімдерді қабылдауға және оны орындауға икемділігі, соның ішінде шығындарды басқару барысында;

  • бизнесті жүргізуде жергілікті талаптарға тез бейімделуі;

  • бәсекелестік ортаның қалыптасуы;

  • кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысында көп шығынның жұмсалмауы;

  • кәсіпкерлер мен тұтынушылар ерікті түрдегі таңдауларға ие болады.

Сонымен қатар, шағын және орта бизнес өкілдері жергілікті нарықтағы сұранысты жақсы біледі, жергілікті еңбек және материалды ресурстарды кең көлемде қолданады.

Шағын және орта бизнес субъектілерінің кемшіліктері:

  • тәуекел деңгейінің жоғары болуы;

  • нарық талабына сай басшылардың шаруашылық субъектілерін ұйымдастыру мен басқару қабілеттерінің төмендігі;

  • несие алудағы қиындықтар;

  • ірі компанияларға тәуелділігі.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қызметінде сәтсіздіктердің болуына ішкі себептермен қатар сыртқы факторлар да әсер етеді. Көп жағдайда басшылардың бизнесті басқара білу икемділігі мен кәсібилілігінің төмендігі әсер етеді.

А.Смит «кәсіпкерді - өзінің коммерциялық идеясын өткізіп, пайда табу мақсатымен экономикалық тәуекелге бас ұрған меншік иесі» деп сипаттайды[2].

Экономиканың тұрақты дамуы барысында кәсіпкерлік қызметтің маңызды факторы оның икемділігінің артуы болып табылады.

Туындайтын қиыншылықтарға қарамастан, жылдан-жылға елімізде кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шаруашылық субъектілер саны ұлғайып, экономикалық, әлеуметтік және ғылыми-техникалық мәселелерді шешуде үлес қосып келеді.

Аймақта шағын және орта бизнес субъектілерінің саны жылдан-жылға артып, аймақтың әлеуметтік мәселелерін шешуде оң өзгерістер қалыптастырып келеді. Төмендегі кестеде шағын және орта бизнес субъектілерінің нақты саны көрсетілген (1-кесте).

1-кесте Шағын және орта кәсіпкерлік қызметтің көлемін талдау

Шаруашылық субъектілері

жылдар

2009

2010

2011

2012

2013

Барлығы, оның ішінде:

6691

6827

7172

7484

8175

шағын

5981

6173

6521

6850

7517

орта

634

571

569

552

571

ірі

76

78

82

82

87

Ақпарат көзі: Қызылорда облысының статистикалық мәліметтері

1-кесте мәліметтері бойынша аймақтағы шаруашылық субъектілерінің 2009-2013 жылдар аралығындағы нақты санының өзгерісіне тоқталатын болсақ, 2013 жылды 2009 жылмен салыстырғанда барлық шаруашылық субъектілерінің саны 1484 бірлікке немесе 22,2 пайызға дейін артқан. Ірі кәсіпорындарға қарағанда шағын орта бизнес субъектілерінің саны 1536 бірлікке немесе 25,7 пайызға өскендігін байқауға болады. Бұл дегеніміз, шағын және орта бизнесті дамытудың қолайлы климаты қалыптасқандығын көрсетеді.

Батыс елдерінің тәжірибесі көрсеткендей, кәсіпкерлік қызметтің тұрақты дамуы көп жағдайда инфрақұрылымға байланысты. Сондықтан бәсекелестік экономиканың қазіргі жағдайында мемлекеттің негізгі ролі шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын құруы қажет. Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымы – бұл кәсіпкерлік субъектілерін дамытуға қажетті жағдай жасау және кәсіпкерлік қызметті енді бастағандарға ақпараттық, кеңес берушілік және т.б. әдістемелік көмектер көрсетуді қамтамасыз ету қажет.

Шағын және орта кәсіпкерлік қызметтің ролі туралы және дамыған елдер тәжірибесіне сүйене отырып, оның қарқынды дамуы келесі мәселелерді табысты түрде шешуде маңызды фактор болып табылады. Атап айтқанда:

  • тауарларға, қызметтер мен жұмыстарға қоғам мен жеке тұтынушылардың қажеттілігін сапалы түрде қамтамысыз ету;

  • сапалы тауарларды шығарумен қатар қызмет көрсету мәдениетін қалыптастырады;

  • шағын кәсіпкерлікті мамандандыра отырып, болашақта оларды орта деңгейге көшіру перспективасымен дамыту шараларын қалыптастыру;

  • қосымша жұмыс орындарын құра отырып, жұмыссыздық мәселесін қысқарту;

  • ғылыми-техникалық прогресті белсендендіру және ірі өндірістердің қалдықтарын игеру;

  • жергілікті шикізат көздерін пайдалану.

Шағын және орта кәсіпкерліктің жоғарыда атап көрсетілген және басқа да экономикалық, әлеуметтік қызметтерін ескере отырып, мемлекеттің алдағы уақытта да кәсіпкерлікті ұйымдастыру мен дамытуға және оны жан-жақты қолдауға жағдай жасауы бірінші кезектегі міндеттер деп білеміз.


Әдебиеттер


  1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» 17 қаңтар, 2014 жыл.

  2. Я. Әубәкіров. Экономикалық теория негіздері. Оқулық-Алматы. 2004, 480 б.

  3. М.Г.Лапуста.Предпринимательство: Учебник.-М.: ИНФРА-М,2008.-608с.

  4. Қызылорда облысының статистикалық мәліметтері

Похожие:

ШАҒын және орта бизнесті дамыту- экономиканың ТҰРАҚтылығының негізі iconҚазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Тақырып: 2012 жылдың бірінші жартыжылдығына шағын бизнесті дамыту туралы талдамалық баяндама
Тақырып: 2012 жылдың бірінші жартыжылдығына шағын бизнесті дамыту туралы талдамалық баяндама
ШАҒын және орта бизнесті дамыту- экономиканың ТҰРАҚтылығының негізі iconЕкібастұз қаласын дамытудың 2013-2015 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының
Екібастұз қаласы халқының жұмыспен қамтылғандарының оңтайлы құрылымын қамтамасыз ету үшін экономиканы әртараптандыру және шағын орта...
ШАҒын және орта бизнесті дамыту- экономиканың ТҰРАҚтылығының негізі icon1. тарау. Өтпелі кезең жағдайында шағын және орта бизнесті дамытудың объективті қажеттілігін
Кіріспе
ШАҒын және орта бизнесті дамыту- экономиканың ТҰРАҚтылығының негізі icon27. 06. 2013 145/18-v елордада шағын және орта
Жалпы өңірлік өнімнің құрылымында шағын және орта бизнестің үлесі 50 пайызды құрайды. Шағын және орта кәсіпкерлік саласында 165 мың...
ШАҒын және орта бизнесті дамыту- экономиканың ТҰРАҚтылығының негізі iconКез келген мемлекеттің экономикасында ірі кәсіпорындар,шағын және орта кәсіпкерлікпен қатар мемлекеттің дамуының негізі банк жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі
Кез келген мемлекеттің экономикасында ірі кәсіпорындар,шағын және орта кәсіпкерлікпен қатар мемлекеттің дамуының негізі – банк жүйесінің...
ШАҒын және орта бизнесті дамыту- экономиканың ТҰРАҚтылығының негізі iconШағын және орта бизнес
...
ШАҒын және орта бизнесті дамыту- экономиканың ТҰРАҚтылығының негізі iconШағын және орта кәсіпкерліктің жай-күйі
Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша 2011 жылғы 1 тамыз Қазақстандағы шағын және орта бизнестің жай-күйін сипаттайтын...
ШАҒын және орта бизнесті дамыту- экономиканың ТҰРАҚтылығының негізі icon1. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының теориялық негіздері
Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының институттары
ШАҒын және орта бизнесті дамыту- экономиканың ТҰРАҚтылығының негізі iconЖұмыс істеп тұрған бизнесті сервистік қолдау
«Жұмыс істеп тұрған бизнесті жүргізуді сервистік қолдау» төртінші бағытын жүзеге асыру аясында 2014 жылға ШҚО кәсіпкерлер палатасы...
ШАҒын және орта бизнесті дамыту- экономиканың ТҰРАҚтылығының негізі iconЗайсан ауданының шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудың 2009-2011 жылдарға арналған өҢірлік бағдарламасы
Зайсан ауданының шағын кәсіпкерлігін дамыту және қолдаудың 2009-2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасының төлқұжаты
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница