«Қоғамдық денсаулықты сақтау 2» кафедрасы «бекітемін» Оқу-әдістемелік және тәрбие




Название«Қоғамдық денсаулықты сақтау 2» кафедрасы «бекітемін» Оқу-әдістемелік және тәрбие
страница1/12
Дата конвертации14.02.2016
Размер1.35 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://base.ukgfa.kz/kafedra/oz_2/dei/biostat_kz.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ


«Қоғамдық денсаулықты сақтау - 2» кафедрасы


«БЕКІТЕМІН»

Оқу-әдістемелік және тәрбие

жұмысы жөніндегі проректоры,

м.ғ.д., профессор М.Ұ. Анартаева

__________________________

“______”_____________ 2013 ж.


ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ


Пәні: «Биостатистика»

Пән коды Bіо 3214

Мамандық: ­­­­­­­­­­5В110400 - «Медициналық- профилактикалық іс»

Оқу сағатының көлемі - 90 сағат (2 кредит)

Курс - ІІІ Семестр - V


Шымкент - 2013 ж.

Жұмыс бағдарламасы МЖМБС - 2006 5В110400 - «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша Астана 2011 жылғы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес құрастырылған.






Жұмыс бағдарламасы «қоғамдық денсаулықты сақтау-2» кафедрасының мәжілісінде талқыланды.


Хаттама №___ «____»_____________2013 ж.


Кафедра меңгерушісі

м.ғ.д., профессор м.а: А.М.Жақсыбергенов.

ОҚМФА теориялық пәндер әдістемелік кеңеспен қабылданды(циклдік әдістемелік кеңес).



Хаттама №___ «____»_____________2013 ж.

Төрағасы:____________________________________________М.А.Бөлешов.




Жұмыс бағдарламасы ОҚМФА-ның Әдістемелік кеңесінде бекітілді.


Хаттама №____ «____» ____________ 2013 ж.


Төрағасы:______________________________________


2. Бағдарлама

2.1. Кіріспе

Жұқпалы аурулардың пайда болу себептерін анықтау және жою мақсатында әртүрлі аймақтардағы эпидемиялық жағдайларды зерттеу және талдаудың ғылыми және практикалық маңызы зор. Эпидемиялық үрдістің заңдылығын және оны тудыратын факторларды біле отырып, бұл үрдістің әрі қарай даму барысы жөнінде тұжырым жасауға болады. Болжау нәтижелерін практикада қолдану тұрғындардың жұқпалы аурулармен ауыруының алдын-алу шараларын аймақтық ерекшеліктерін ескере отырып жоспарлау және оларды басқаруға ғылыми тұрғыдан қараумен байланысты.

Эпидемиологияда талдаудың статистикалық әдістерін қолдану қажеттілігі тіпті бір аймақтағы эпидемиялық үрдістердің пайда болу көрсеткіштері жылішілік және жыларалық жағдайда айтарлықтай өзгеріп отыруымен байланысты. Статистикалық талдау эпидемиялық үрдістердің пайда болуларының өзгерулері жөніндегі ақпараттың шынайылығын, кейбір шарттардың, оның ішінде антропогендік ластанудың оған ықпалын бағалауға, және сол аймақ үшін нақты факторлардың ролінің маңыздылығын дәлелдеуге мүмкіндік береді. Сонымен, эпидемиологияның дамуының қазіргі замандағы кезеңі әртүрлі статистикалық әдістерді, олардың эпидемиологиялық диагностикада қолданылу шекараларын білуді талап етеді.

Статистика принциптерін білу денсаулық сақтаудағы әртүрлі жағдайлар мен ағымдарды бағалауға арналған зерттеулерді жоспарлау, жүргізу және талдау, сонымен бірге медициналық биология, клиника және денсаулық сақтау салаларындағы ғылыми зерттеулерді жүргізу үшін, заманауи медициналық басылымдардағы хабарламаларды түсіну және сыни көзбен бағалау үшін аса қажет.

Биостатистика – медицина, денсаулық сақтау және эпидемиологиядағы ғылыми зерттеулерде статистикалық әдістерді қолданылуымен байланысты ғылыми сала. Практикаға дәлелді медицинаның принциптерін ендіру медициналық жоғары оқу орындарының қазіргі заманғы түлектері үшін биостатистиканы түсіну қажеттілігінің қаншалықты маңызды екендігін айқындап отыр.

Биостатистика пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламаға биологиялық статистика теориясының негіздері, таңдама тәсіл, статистикалық жорамалдарды тексеру, стандарттау әдісі, дисперсиялық, регрессиялық, корреляциялық талдаулар негіздері, зерттеулерді ұйымдастыру теориясы мен тәжірибені жоспарлау негіздері енгізілді.

Теориялық зерттеулерде болсын, сол сияқты гигиена және эпидемиология маманының практикалық қызметінде болсын, медициналық және биологиялық деректерді статистикалық талдау мәдениетін жоғарылату қажеттілігінің туындауы, ең алдымен, деректерді бейнелеу мен жүйелеу мәселелерін компьютерлік құралдармен іске асырудың заманауи жетістіктерімен түсіндіріледі.

Студентке SAS, SPSS статистикалық кәсіптік, Statisticа әмбебап қолданбалы бағдарламалар пакеттерін қолдана білу және алынған нәтижелерді нақты түсіндіре білу ерекше маңызды.


2.2 Пәннің мақсаты: биологиялық статистиканың теориялық негіздерін оқыту және статистикалық өңдеу әдістерін гигиеналық және эпидемиологиялық талдауда қолдану дағдыларын қалыптастыру.


2. 3 Оқытудың міндеттері:

  • биологиялық және медициналық деректерді өңдеудің қазіргі заманғы статистикалық әдістері жөнінде білім негіздерін қалыптастыру;

  • биологиялық және медициналық деректерді өңдеу үшін қазіргі заманғы статистикалық әдістерді қолданудың негізгі дағдыларын қалыптастыру.




    1. Оқытудың соңғы нәтижесі:

Студент білуі керек:

  • деректердің түрлерін және оларды бейнелеу тәсілдерін;

  • өлшеу шкалаларын;

  • таңдама тәсілді;

  • таңдаманың репрезентативтілігін;

  • таңдаманың сандық сипаттамаларын;

  • бас жиынтық параметрлерін;

  • сенім ықтималдығы мен мәнділік деңгейін;

  • сенім аралығын;

  • орта мәннің стандарттық қатесін;

  • критерий қуаттылығын;

  • бірінші және екінші текті қателіктерді;

  • қалыпты таралу заңының қасиеттерін;

  • Стьюденттің t-критерийлері;

  • жорамалдарды тексерудің параметрлік емес критерийлерін;

  • келісім критерийлерін;

  • бірфакторлы дисперсиялық талдауды;

  • регрессиялық талдауды;

  • корреляциялық тәуелділікті;

  • Пирсон корреляциясының коэффициентін, Спирменнің рангілік корреляция коэффициентін;

  • эпидемиологиялық талдаудың негізгі критерийлерін, эпидемиологиялық көрсеткіштерді;

  • медициналық-биологиялық эксперимент кезеңдерін, оны жоспарлауды;

  • компьютерлік статистикалық бағдарламалар: қолданбалы бағдарламалар пакеті SPSS, Statistica, SAS.

Студент істей білу керек:

  • деректерді өңдеудің статистикалық әдістерін қолдануды;

  • биостатистикадағы өлшеулердің шынайылығын бағалауды, айырмашылықтардың статистикалық мәнділігін анықтауды;

  • таралудың статистикалық қатарларын анықтау және олардың теориялық таралу заңдарына сәйкестігін бағалауды;

  • олардың дәлдігі мен сенімділігін бағалауды;

  • статистикалық қатардың сандық сипаттамаларын есептеуді;

  • қалыпты таралу заңы шарттарының орындалуын тексеруді;

  • деректерді графиктік түрде кескіндеуді;

  • бас орта үшін сенім аралығын табуды;

  • бірфакторлық дисперсиялық талдау әдістерін қолдануды;

  • сызықтық регрессия теңдеуін анықтауды;

  • регрессия коэффициентінің мәнділігі жөніндегі жорамалды тексеруді;

  • корреляцияның таңдама коэффициентін есептеуді;

  • корреляция коэффициенті маңыздылық жорамалын тексеруді;

  • SPSS, Statisticа, SAS қолданбалы бағдарламалар пакетімен жұмыс істеуді

  • қорытынды кесте даярлауды: іс-әрекет саны, орташа, стандартты қателіктер, орташа қателіктері;

  • алынған нәтижелеріне интерпретация беруді;

Дағдыларды үйрену:

  • SAS, SPSS, Statistica қолданбалы бағдарламалар пакеттерімен жұмыс істеуді;

  • Стьюденттің, Фишердің, Пирсонның t–критерийімен жұмыс істеуді;

  • Негізгі статистикалық критерийлермен жұмыс істеуге.



2.5 Реквизитке дейінгі: математика, информатика


2.6 Реквизиттен кейінгі: эпидемиология дезинфекциялық іс негіздерімен.


2.7 Тақырыптық жоспар:


Дәрістің тақырыптық жоспары:

Кредит № 1




Тақырыбы

Өткізілу түрі

Сабақтың ұзақтылығы (сағат түрінде)

1

Кіріспе. Биостатистика негіздері. Таңдама тәсіл.

Биостатистиканың пәні мен міндеттері. Ф. Гальтон, Р.Фишер және К.Пронның биометриканың дамуындағы рөлдері. Биостатистиканың нысандары, мақсаттары мен міндеттері. Медициналық - биологиялық зерттеулерде қолданылатын өлшеу шкалаларының негізгі түрлері. Сандық және сапалық деректер.

Бас жиынтық және таңдама. Таңдаманың репрезентативтілігі. Таңдаманың статистикалық таралуы және оның сандық сипаттамалары. Қалыпты таралу және оның параметрлері. Бас жиынтық параметрлерінің нүктелік және аралық бағалары.

Жалпы шолу

1

2

Статистикалық жорамалдарды тексеру теориясының негіздері. Параметрлік критерийлер. Биостатистикалық зерттеулерде қолданылатын статистикалық жорамалдар. Бірінші және екінші текті қателіктер. Мәнділік деңгейі. Критерий қуаттылығы. Статистикалық критерийлер. Қалыпты таралған жиынтықтардың параметрлері туралы жорамалдарды тексеру. Екі таңдаманы салыстырудың параметрлік критерийлері. Стьюденттiң t-критериі, оның қолданылу шекаралары.

Мәселелік

1

3

Статистикалық жорамалдарды тексеру теориясының негіздері. Параметрлік емес критерийлер. Келісім критерийлері. Таралу түрі жөніндегі жорамалды тексеру. Манн-Уитнидің, Уилкоксонның параметрлік емес критерийлері. Пирсонның Хи-квадрат, Колмогорова-Смирновтың келісім критерийлері.

Жалпы шолу

1


Кредит № 2



Тақырыбы

Өткізілу түрі

Сабақтың ұзақтылығы (сағат түрінде)

1

Медицинадағы және қоғамдық денсаулық сақтаудағы дисперсиялық талдау негіздері. Дисперсиялық талдаудың негізгі ұғымдары және әдістемесі. Бірфакторлы дисперсиялық талдау. Жалпы, факторлық және қалдық дисперсиялар. Дисперсиялық талдауды денсаулық сақтауда қолдану.

Жалпы шолу

1

2

Регрессиялық талдау. Сызықтық регрессия. Ең кіші квадраттар әдісі. Регрессияның таңдама теңдеуі. Регрессия коэффициентінің мәнділігі жөніндегі жорамалды тексеру.

Мәселелік

1

3

Корреляциялық талдау.

Сызыктық корреляция. Корреляция коэффициенті және оның негізгі қасиеттері. Корреляцияның коэффициентiнiң маңыздылығы туралы болжамның тексеруi. Спирмен корреляциясының рангілік коэффициенті.

Жалпы шолу

1




Барлығы:




6


Тәжірибелік сабақтың тақырыптық жоспары:

Кредит № 1



Тақырыбы

Өткізілу түрі

Сабақтың ұзақтылығы(сағат түрінде)

1

Таралудың дискретті статистикалық қатары.

Вариациялық қатар. Дискретті статистикалық таралудың сандық сипаттамалары: таңдама орта, таңдама дисперсия, орта квадраттық ауытқу, мода, медиана. Асимметрия мен эксцесстің таңдама коэффициенттері. Жиіліктер және салыстырмалы жиіліктер полигоны.

Жұптасып жұмыс істеу

Ауызша сұрастыру

3

2

Бас жиынтық параметрлерін бағалау. Статистикалық жорамалдарды тексеру. Бас жиынтықтың параметрлерін нүктелік және интервалдық бағалау. Сенім аралықтарын табу. Қалыпты таралған жиынтықтардың параметрлері жөніндегі жорамалдарды тексеру.

Презентация Ауызша сұрастыру

3

3

Жорамалдарды тексерудің параметрлік критерийлері. Биомедициналық деректерді талдау үшін Стьюденттің t-критерийі. Екі тәуелсіз таңдамалар үшін жұптаспаған критерий. Таңдама көлемдері тең және тең емес жағдайлар.

Жұптасып жұмыс істеу

Ауызша сұрастыру

3

4

Жорамалдарды тексерудің параметрлік емес әдістері.

Стьюдент критерийінің параметрлік емес аналогы: Манн – Уитни (U-критерий) критерийі. Емдеуге дейінгі және емдеуден кейінгі бақылау нәтижелерін салыстыру. Уилкоксон критерийі.

Жұптасып жұмыс істеу

Ауызша сұрастыру

3
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Похожие:

«Қоғамдық денсаулықты сақтау 2» кафедрасы «бекітемін» Оқу-әдістемелік және тәрбие icon«№2 қоғамдық денсаулықты сақтау» кафедрасы
Жұмыс бағдарламасы типтік оқу бағдарламасына және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сай 29. 04. 2009 ж 051102 "Қоғамдық...
«Қоғамдық денсаулықты сақтау 2» кафедрасы «бекітемін» Оқу-әдістемелік және тәрбие iconФармацевтика Академиясы «№2 қоғамдық денсаулықты сақтау» кафедрасы
Жұмыс бағдарламасы маркетинг және менеджмент негіздері бойынша типтік оқу бағдарламасына негізделіп дайындалған. 26. 10. 2011 ж
«Қоғамдық денсаулықты сақтау 2» кафедрасы «бекітемін» Оқу-әдістемелік және тәрбие iconҚоғамдық денсаулық сақтау Кафедрасы
Мақсаты: Денсаулықты және оның компоненттерін елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды ресурсы ретінде жан-жақты зерттеу
«Қоғамдық денсаулықты сақтау 2» кафедрасы «бекітемін» Оқу-әдістемелік және тәрбие iconОҚмфа теориялық пәндер әдістемелік кеңеспен қабылданды(циклдік әдістемелік кеңес)
Жұмыс бағдарламасы «№2 қоғамдық денсаулықты сақтау» кафедрасының мәжілісінде талқыланды
«Қоғамдық денсаулықты сақтау 2» кафедрасы «бекітемін» Оқу-әдістемелік және тәрбие iconФармацевтика Академиясы «№2 қоғамдық денсаулықты сақтау»
Жұмыс бағдарламасы «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығына ҚР 2006 жылғы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде...
«Қоғамдық денсаулықты сақтау 2» кафедрасы «бекітемін» Оқу-әдістемелік және тәрбие iconПән коды: Мiс 2210 Мамандық : 5В110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау»
Биохимия, биология және микробиология кафедрасы оқу бағдарламасы «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы – 5В110200 негізінен құрастырылып,...
«Қоғамдық денсаулықты сақтау 2» кафедрасы «бекітемін» Оқу-әдістемелік және тәрбие iconКурсы және оқу семестрі 3 курс, 5 Семей 2013
Силлабус қоғамдық денсаулық сақтау пәніне арналған жұмыс бағдарламасы негізінде 5В110200 – «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы...
«Қоғамдық денсаулықты сақтау 2» кафедрасы «бекітемін» Оқу-әдістемелік және тәрбие iconМетодические указания Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Психология және педагогика кафедрасы
Педагогика – адам тәрбиесі туралы ѓылым. Тәрбие қоғамдық ғылым, қоғамдық қызмет ретінде. Тәрбие тарихи және негізгі сипаты, оның...
«Қоғамдық денсаулықты сақтау 2» кафедрасы «бекітемін» Оқу-әдістемелік және тәрбие iconПатофизиология кафедрасы «ҚОҒамдық денсаулық сақтау» мамандығЫ Үшін силлабус патологиялық физиология кафедрасы
Д. А., Баймұханова Д. М., оқытушылар Мырзағұлова С. Е., Төлепбергенова М. Ж. дайындады. Қазмма оқу-әдістемелік секциясы жоғары және...
«Қоғамдық денсаулықты сақтау 2» кафедрасы «бекітемін» Оқу-әдістемелік және тәрбие icon«Бекітемін» Оқу-әдістемелік жұмысы және тәрбие ісі жөніндегі проректоры Анартаева М.Ұ
Жұмыс бағдарламасы биохимия, биология және микробиология кафедрасында типтік оқу бағдарламасына сәйкес құрастырылды
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница