Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар




Скачать 379.43 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
страница1/4
Дата конвертации14.02.2016
Размер379.43 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.akorda.kz/upload/media/files/8443bb1d902805963a5212cf5459550e.doc
  1   2   3   4


Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы


«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі – өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.

2. Осы Жарлық:

1) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, өзгерістер мен толықтыруларға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылатын Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы ереженің (бұдан әрі – Ереже) 15-тармағының 3) тармақшасын;

2) Ереженің 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 15-тармағының 9) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының

Президенті Н.Назарбаев


Астана, Ақорда, 2016 жылғы 11 қаңтар

№ 169


Қазақстан Республикасы

Президентінің

2016 жылғы 11 қаңтардағы

№ 169 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН


Қазақстан Республикасы Президентінің

кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар


1. «Мемлекеттiк билiк органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 212-құжат):

1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын немесе оның келісуімен тағайындалатын, оның ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де басшы лауазымды адамдардың тізбесінде:

«Астана және Алматы қалаларының, облыстардың тексеру комиссияларының төрағалары

тиісінше Астана және Алматы қалаларының, облыстардың мәслихаттары

тиісінше Астана және Алматы қалаларының, облыстардың мәслихаттары-ның хатшылары

Әкімшілік Басшысы»

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Астана және Алматы қалаларының, облыстардың тексеру комиссияларының төрағалары

тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихаттары

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрағасы

Әкімшілік Басшысы


»;

2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк саяси қызметшілерiн және  өзге де басшы лауазымды тұлғаларын келiсу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібі туралы ережеде:

3-тармақтың жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Астана және Алматы қалаларының, облыстардың тексеру комиссияларының төрағалары жөнінде – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрағасы;».

2. «Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің 2002 жылғы 5 тамыздағы № 917 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 26, 273-құжат):

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы ереже осы өзгерістер мен толықтыруларға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

3. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 30, 259-құжат):

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінде:

30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«30. Мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуын мониторингтеуді әзірлеуші мемлекеттік орган не Қазақстан Республикасының Президенті немесе Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы уәкілеттік берген өзге мемлекеттік орган жүргізеді.

Мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті жүргізеді.

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалауды республикалық бюджетті атқару және мемлекет активтерін пайдалану бөлігінде, ал Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары бойынша өзге де бағыттар бойынша тиімділікке мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларын жүргізу шеңберінде жүзеге асырады. Іске асырылуын мониторингтеу мен бағалау нәтижелері бойынша мемлекеттік бағдарлама және оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары түзетілуі мүмкін.»;

35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«35. Үкіметтік бағдарламалардың мониторингін оны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган жүргізеді.

Үкіметтік бағдарламалардың іске асырылуын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті жүргізеді.

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті үкіметтік бағдарламалардың іске асырылуын бағалауды республикалық бюджетті атқару және мемлекет активтерін пайдалану бөлігінде, ал Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары бойынша өзге де бағыттар бойынша тиімділікке мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларын жүргізу шеңберінде жүзеге асырады.

Үкіметтік бағдарламалардың іске асырылуын бақылауды Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырады.»;

44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«44. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының іске асырылуын бағалауды республикалық бюджетті атқару және мемлекет активтерін пайдалану бөлігінде, ал Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары бойынша өзге де бағыттар бойынша тиімділікке мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларын жүргізу шеңберінде жүзеге асырады.»;

52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«52. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясы аумақтарды дамыту бағдарламаларының іске асырылуын бағалауды тиісті бюджетті атқару және мемлекет активтерін пайдалану бөлігінде, ал Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары бойынша өзге де бағыттар бойынша тиімділікке мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларын жүргізу шеңберінде жүзеге асырады.»;

мынадай мазмұндағы 58-1-тармақпен толықтырылсын:

«58-1. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті тиімділік аудиті шеңберінде ұлттық компаниялардың даму стратегияларының іске асырылуын бағалауды жүзеге асырады.».

4. «Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 16 қыркүйектегі № 871 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 39, 378-құжат):

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну ережесінде:

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган осы Ереженің 6-9-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес есепті қаржы жылы үшін республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей ұсынады.».

5. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 20-21, 150-құжат):

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг жүргізу, бағалау және бақылау, сондай-ақ Елді аумақтық кеңістікте дамытудың болжамды схемасын әзірлеу, іске асыру және бақылау қағидаларында:

16-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«9) жүргізілген бақылау іс-шаралары, мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шаралары туралы мәліметтерді;»;

19-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«6) жүргізілген бақылау іс-шаралары, мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шаралары туралы мәліметтерді;»;

24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«24. Құжаттарды бағалау: барлық бағалау кезеңіндегі, осы Қағидалардың 15-17-тармақтарына сәйкес жасалатын іске асыру туралы есептің, статистикалық ақпараттың; бақылау тексерістерінің; мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларының; үкіметтік емес ұйымдардың, ғылыми институттардың, халықаралық сарапшылардың және басқалардың бағалауы негізінде жүргізіледі.»;

26-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) жүргізілген бақылау іс-шаралары, мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шаралары туралы мәліметтерді;»;

59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«59. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын бақылау мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының, аумақтарды дамыту бағдарламаларының, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың даму стратегияларының іске асырылуы бойынша мониторинг, бағалау және жүргізілген бақылау іс-шараларының, тиімділік мемлекеттік аудиті және сараптамалық-талдау іс-шараларының нәтижелері негізінде жүзеге асырылады.»;

77-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«77. Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын бақылау мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының, аумақтарды дамыту бағдарламаларының, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың даму стратегияларының іске асырылуы бойынша мониторинг, бағалау және жүргізілген бақылау іс-шараларының, мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларының нәтижелері негізінде жүзеге асырылады.»;

114-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«114. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесіне сәйкес тиімділікке мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларын жүргізу шеңберінде жүргізілетін бағалауды қоспағанда, мемлекеттік бағдарламаларды бағалау оларды іске асырудың әрбір үш жылы өткеннен кейін (аралық) және жоспарлы кезеңнің қорытындылары (түпкілікті) бойынша жүзеге асырылады.»;

118, 119-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«118. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесіне сәйкес өзі жүргізетін тиімділік мемлекеттік аудиті және сараптамалық-талдау іс-шаралары шеңберінде мемлекеттік бағдарламаға жүргізген бағалау қорытындылары тиімділік мемлекеттік аудиті және сараптамалық-талдау іс-шараларының нәтижелері бойынша Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің қаулысы қабылданғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға және мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік органға жіберіледі.

119. Мемлекеттік бағдарламаларды бақылау мемлекеттік бағдарламаны, үкіметтік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, облыстарды, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламаларын, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың даму стратегияларын іске асыру бойынша мониторинг, бағалау және жүргізілген бақылау іс-шараларының, тиімділік мемлекеттік аудиті және сараптамалық-талдау іс-шараларының нәтижелері негізінде жүзеге асырылады.»;

159-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«159. Орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын бағалауды Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесіне сәйкес өзі жүргізетін тиімділік мемлекеттік аудиті және сараптамалық-талдау іс-шаралары шеңберінде жүзеге асырады.»;

162-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«162. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесіне сәйкес өзі жүргізетін тиімділік мемлекеттік аудиті және сараптамалық-талдау іс-шараларының шеңберінде өткізген мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын бағалаудың қорытындылары тиімділік мемлекеттік аудиті және сараптамалық-талдау іс-шараларының нәтижелері бойынша Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің қаулысы қабылданғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде стратегиялық жоспарларға бағалау жүргізуге уәкілетті органдарға, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілеріне жіберіледі.»;

мынадай мазмұндағы 162-1-тармақпен толықтырылсын:

«162-1. Мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен жоспарларының іске асырылуына Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті жүргізетін бағалаудың қорытындылары Қазақстан Республикасы Президентіне тоқсан сайынғы ақпаратқа енгізіледі.»;

164-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«164. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын бақылау мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының іске асырылуы бойынша мониторинг, бағалау және жүргізілген бақылау іс-шаралары, тиімділік мемлекеттік аудиті және сараптамалық-талдау іс-шаралары нәтижелерінің негізінде жүзеге асырылады.»;

196, 197-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«196. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесіне сәйкес өзі жүргізетін тиімділік мемлекеттік аудиті және сараптамалық-талдау іс-шаралары шеңберінде өзі жүргізген аумақты дамыту бағдарламасын бағалаудың қорытындылары тиімділік мемлекеттік аудиті және сараптамалық-талдау іс-шараларының нәтижелері бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының қаулысы қабылданғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органға және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі.

197. Аумақтарды дамыту бағдарламасын бақылау аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының іске асырылуы бойынша мониторинг, бағалау және жүргізілген бақылау іс-шараларының, тиімділік мемлекеттік аудиті және сараптамалық-талдау іс-шараларының нәтижелері негізінде жүзеге асырылады.».

6. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынудың және оларды тапсырудың тәртібі туралы нұсқаулықты, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары құжаттарының үлгілерін және Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары белгілерінің сипаттамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 8 қарашадағы № 90 өкімінде (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 53, 521-құжат):

жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынудың және оларды таныстырудың тәртібі туралы нұсқаулықта:

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Қазақстан Республикасы Президентiнiң атына:

меншiк нысандарына қарамастан ұйымдардың, жергiлiктi мемлекеттiк органдардың қызметкерлерiне, өңірлік қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерiне - Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкiмдерi;

облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың тексеру комиссияларының төрағаларына - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрағасы;

орталық мемлекеттiк органдардың, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретін органдардың, республикалық шығармашылық одақтар мен қоғамдық ұйымдардың қызметкерлерiне - осы ұйымдардың басшылары;

орталық мемлекеттiк органдардың, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн органдардың бiрiншi басшыларына, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкiмдерi мен мәслихаттарының хатшыларына - Қазақстан Республикасының Парламентi мен Үкiметi ұсынымдар енгізеді.

Наградтауға ұсынылғандардың әрқайсысына ұсыным жеке дайындалады.».


________________________________

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2016 жылғы 11 қаңтардағы

№ 169 Жарлығымен бекітілген

өзгерістер мен толықтыруларға

ҚОСЫМША


Қазақстан Республикасы

Президентінің

2002 жылғы 5 тамыздағы

№ 917 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

  1   2   3   4

Похожие:

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар icon«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Кеден одағындағы тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар icon«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы»
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы-экономикалық қылмыстарды одан әрі декриминализациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница