5В073200 – «Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)»




Скачать 172.84 Kb.
Название5В073200 – «Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)»
Дата конвертации14.02.2016
Размер172.84 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.kstu.kz/wp-content/uploads/2013/03/progr.-gos-e-kzam-5V073200-kaz.doc


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


«Бекітемін»

Ректор, ҚР ҰҒА академигі

Ғазалиев А.М.

_______________________

«____» _________201___ж.


Мемлекеттік кешендік емтихандар

БАҒДАРЛАМАСЫ


5В073200 – «Стандарттау, сертификаттау және метрология

(салалар бойынша)» мамандығы


«Машина жасау технологиясы» кафедрасы


Өңдеген:

«Машина жасау технологиясы»

кафедрасының меңгерушісі,

техника ғылымдарының докторы,

профессор, ҚР ҚазҰАЖҒ академигі

Жетесова Г.С.

_______________________

«____» _________201___ж.


2012

Кіріспе


5В073200«Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)» дайындық бағыты бойынша бакалаврларды дайындауда оқу бағдарламасының негізгі мақсаттары: толық құндылықты және сапалы білім алу, кәсіпті жетік білу, стандарттау, метрология және сертификаттау аймағында студенттерді индивидуалды дайындауда теориялық және тәжірибелік терең ұғыну; әлемді суреттермен бүтін қамтамасыз ететін аса қажетті және тұрақты білімді студенттермен меңгеру; оқытылған қажеттіліктерді және машықтарды жаңа білімді игерудегі өзіндік шығармашылықтарды өңдеу; қазіргі заманғы ғылыми және тәжірибелі мәселелерді шешіп, жинақтайтын, азаматтық ұстанымға ие мамандарды дайындау, зерттеу, өндірістік және басқару саласында үздік жетілдіру, ғылыми дайындықты магистратурада жалғастыру болып табылады.

5В073200«Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)» мамандығы бойынша мемлекеттік кешенді емтихан жазбаша келесі пәндер бойынша өткізіледі:

– квалиметрия;

– сынаудан өткізу, өнім қауіпсіздігі мен бақылау;

– сапа менеджменті жүйелері.

Емтихан тапсырмалары жоғарыда көрсетілген әрбір пәннен бір сұрақтан тұратын үш сұрақтан тұрады.

Емтихан кестеге сәйкес бағаланады.


Әріптік баға бойынша бағалау

Меңгерілген білімдердің проценттік мәні

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

А

А-

95-100

90-94

Өте жақсы

В+

В

В-

85-89

80-84

75-79

Жақсы

С+

С

С-

D+

D-

70-74

65-69

60-64

55-59

50-54

Қанағаттанарлық

F

0-49

Қанағаттанарлықсыз


«А» (өте жақсы) деген баға, студент семестр барысында пәннің барлық бағдарламалық сұрақтары бойынша өте жақсы білім көрсеткен, сонымен қатар, өздік жұмыс тақырыптары бойынша жиі аралық білімін тапсырған, оқылатын пән бойынша негізгі бағдарлама бойынша теориялық және қолданбалы сұрақтарды оқуда дербестік көрсете білген жағдайда қойылады.

«А-» (өте жақсы) деген баға негізгі заңдар мен процестерді, ұғымдарды, пәннің теориялық сұрақтарын жалпылауға қабілетін өте жақсы меңгеруін, аудиториялық және дербес жұмыс бойынша аралық тапсырмалардың жиі тапсырылуын болжайды.

«В+» (жақсы) деген баға, студент пәннің сұрақтары бойынша жақсы және өте жақсы білімдер көрсеткен, семестрлік тапсырмаларды көбінесе «өте жақсы» және кейбіреулерін «жақсы» бағаларға тапсырған жағдайда қойылады.

«В» (жақсы) деген баға, студент пәннің нақты тақырыбының негізгі мазмұнын ашатын сұрақтары бойынша жақсы және өте жақсы білімдер көрсеткен, семестрлік тапсырмаларды уақытында «өте жақсы» және «жақсы» бағаларға тапсырған жағдайда қойылады.

«В-» (жақсы) деген баға студентке, егер ол аудиториялық қалай болса, дәл солай СӨЖ тақырыптары бойынша пәннің теориялық және қолданбалы сұрақтарына жақсы бағытталады, бірақ семестрде аралық тапсырмаларды жиі тапсыратын және пән бойынша семестрлік тапсырмаларды қайта тапсыру мүмкіндігіне ие болған жағдайда қойылады.

«С+» (қанағаттанарлық) деген баға студентке, егер ол аудиториялық сабақтардың және СӨЖ барлық түрлері бойынша зейінділік сипаттағы сұрақтарға ие, пәннің жеке модульдарының мазмұнын аша білген, семестрлік тапсырмаларды «жақсы» және «қанағаттанарлық» бағаға тапсырған жағдайда қойылады.

«С» (қанағаттанарлық) деген баға студентке, егер ол аудиториялық сабақтардың және СӨЖ барлық түрлері бойынша зейінділік сипаттағы сұрақтарға ие, пәннің жеке модульдарының мазмұнын аша білген, семестрлік тапсырмаларды «қанағаттанарлық» бағаға тапсырған жағдайда қойылады.

«С-» (қанағаттанарлық) деген баға студентке, егер ол аудиториялық сабақтардың және СӨЖ барлық түрлері бойынша жалпы мағлұматтандырылған және нақты тақырыптың шеңберінде ғана жеке заңдылықтар мен олардың ұғымын түсіндіре алатын жағдайда қойылады.

«D+» (қанағаттанарлық) деген баға студентке, егер ол аудиториялық сабақтардың және СӨЖ барлық түрлері бойынша семестрлік тапсырмаларды уақытында тапсырмаған және нақты тақырыптың шеңберінде ғана жеке заңдылықтар мен олардың ұғымын түсіндіре алатын жағдайда қойылады.

«D-» (қанағаттанарлық) деген баға студентке, егер ол семестрлік тапсырмаларды уақытында тапсырмаған және аудиториялық сабақтар мен СӨЖ бойынша білімі төмен, сондай-ақ, сабақтар босатқан жағдайда қойылады.

«F» (қанағаттанарлықсыз) деген баға студент, СӨЖ және сабақтардың түрлері бойынша теориялық және практикалық білімнің төмен деңгейіне де ие емес, сабақтарға жиі қатыспайтын және уақытында семестрлік тапсырмаларды тапсырмайтын жағдайда қойылады.


1 Квалиметрия


1.1 Курстың тақырыбы және мазмұны. Квалиметрия принциптері. Квалиметрия әдістері. Индексті квалиметрия. Бағалаудың таксоңомиялық әдістері. Жобалық квалиметрия.

1.2 Квалиметрия туралы жалпы мәліметтер. Квалиметрия тарихы және қазіргі жағдайы.

1.3 Өнеркәсіптік өнімді жіктеу және сапа қөрсеткіштерінің номенклатурасы. Өнім сапасының көрсеткіштерін жіктеу. Өнім сапасының көрсеткіштерін оның біртектілігі бойынша жіктеу. Өнеркәсіптік өнімді жіктеу. Өнеркәсіптік өнім сапасы көрсеткіштерінің номенклатурасы. Тұтыну қасиеттері мен сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын таңдау тәртібі.

1.4 Өнім сапасының деңгейін бағалау. Квалиметрияның негізгі әдістері. Жіктеуші, шектеуші және бағалаушы көрсеткіштер. Бағалау жағдайы. Өнім сапасын сараптық бағалау. Сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын анықтау. Салмақтылық коэффициенттерін анықтау. Базалық үлгілерді таңдау. Квалиметриялық шкалалар. Сапа деңгейін бағалау әдістемесін жасаудың негізгі ережелері. Бағалаудың дифференциалдық әдісі. Өнім сапасының деңгейін бағалаудың кешенді әдісі. Кешенді көрсеткіштерге талаптар. Басты көрсеткіш бойынша бағалау, орташа салмақталған көрсеткіштің көмегімен бағалау. Интегралдық көрсеткіш бойынша сапа деңгейін бағалау. Бағалаудың аралас әдісі. Сапа деңгейін бағалау әдістемесін жасаудың негізгі ережелері. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі.

Өнімді қолданудың әр түрлі жағдайларын есепке алу. Құндық регрессиялық тәуелділіктер әдісі. Шекті және номинал мәндер әдісі. Эквивалентті арақатынастар әдісі. Әр текті өнім сапасының деңгейін бағалау. Өнім сапасыньщ индекстерін анықтау. Өнімнің ақаулық индекстерін анықтау. Өнеркәсіпті басқарудың әр түрлі буындары үшін сапа индекстерін анықтау. Кәсіпорын жұмысының кешенді сапа көрсеткіштерін анықтау.


2 Сынаудан өткізу, өнім қауіпсіздігі мен бақылау


2.1 Кіріспе. Курс мақсаты, міндеттері және мазмұны.

Механикалық әсер етуге сынау; климаттық әсе етуге сынау; сенімділікке сынау:сынау нәтижелерін жоспарлау, жүргізу және талдауға өңдеу; сынауды техникалық қамтамасыз ету; сынау зертханаларына қойылатын талаптар.

2.2 Жалпы ережелер.

Сынау мен бақылау міндеттері мен түрлері: сынау технологиялық процесс ретінде; сынауды дайындау және жүргізу; сынау бірлігін қамтамасыз етудің жалпы ережелері және оларға қойылатын талаптар; сынауды сертификаттау; сынау сапасының жүйелері.

2.3 Механикалық әсерлерге сынау.

Созылу және сығылуға сынау. Иілу және бұралуға сынау. Тозу мен үйкелуге сынау. Қаттылықты анықтайтын әдістер. Материалдардың қаттылығын өлшейтін құралдар. Вибрациялық жүктеменің әсерін сынау. Соққыларға өзара әсер ету сынауы.

2.4 Климаттық әсе етуге сынау.

Материалдар мен бұйымдарға климаттық факторлардың әсер ету жағдайларындағы сынау жабдықтарының және әдістерінің классификациясы. Климаттық сынауларға қойылған жалпы талаптар. Жылуға төзімділікке сынаулар. Суыққа төзімділікке сынаулар. Дүркінді температураға әсер ету сынаулар.

Ылғалдылыққа төзімділікке сынаулар. Күн сәулелену әсеріне сынаулар. Шаңның әсеріне сынаулар. Төменгі ауа қысымына әсер ету сынаулар.

2.5 Сенімділікке сынау

Сенімділік көрсеткіштері. Таңдалған сынаулардың нәтижесінің сенімділік көрсеткіштерінің бағалауының статикалық әдістері. Сенімділікке әсер ету сынаулар барысындағы істен шығу ағымдары. Сенімділікке әсер ету сынауларының нәтижесін жоспарлау, өткізу және өңдеу

2.6 Сынауларды автоматтандыру

Сынауды автоматтандыру қажеттілігі. Өлшеу, сынау және бақылаудың автоматтық жүйелері. Өлшеу, сынау және бақылау жүйелерін іске асыру

2.7 Сынау нәтижелерін өңдеу және талдау

Тік механикалық сынақтарды жоспарлау, статистикалық өңдеу. Механикалық сынақтардың нәтижесін өңдеу кезінде болжамды статистикалық тексеру. Механикалық сынау кезінде параметрлерді, үлестіру функциясын, ықтималдықты бағалау.

2.8 Сынау мен бақылауды техникалық қамтамасыз

Сынау жабдықтарының түрлері, құрамы және орналасуы. Сынаулар кезінде қолданылатын технологиялық жарактар және есептеу техникасы. Сынау жабдықтарын таңдау, сынау жабдықтарын аттестаттау


3 Сапа менеджменті жүйелері (СМЖ)


3.1 Кіріспе. Пәннің мақсаты мен тапсырмалары. Даму тарихы

3.2 Сапа менеджменті түрлерінің эволюциясы

КСУКП сапа жүйесi. Халықаралық сапа жүйелерi. ХС ИСО 9000:2000 топтамасының стандарттары.

3.3 TQM (жалпыға ортақ сапа менеджментінің) тұжырымдамасы және модельдері

TQM принциптері. TQM негiзгi талаптары. Iскер әбден жетiлудi үлгi.

3.4 ISO 9001:2000 бойынша сапа менеджменті жүйесінің негізгі ережелері

СМЖ мақсаты. СМЖ-не және өнімге қойылатын талаптар. Негізгі терминдер мен анықтамалар.

3.5 СМЖ әзірлеу, енгізу, қызмет ету кезінде әрекет ету тәртібі

СМЖ жобалау. СМЖ жобалау үшін кіріс және шығыс мәліметтері

3.6 Кәсіпорынның сапа саласындағы саясаты

Ұйымның саясаты. Ұйымның мақсаттары. Саясаттың және мақсаттардың бағыты.

3.7 Сапа бойынша нұсқаулық

Сапа бойынша нұсқаулықтың сипаттамасы. Сапа бойынша нұсқаулықтың құрылымы. Сапа бойынша нұсқаулыққа қойылатын талаптар.

3.8 Сапа бойынша нұсқаулық элементтерінің мазмұны

Сапа бойынша нұсқаулықтың негізгі элементтері. Сапа бойынша нұсқаулық элементтерінің мазмұны.

3.9 СМЖ құжаттамасы

СМЖ құжаттаманың функциялары. Құжаттама қасиеттері. СМЖ құжаттамасы құрылымы. СМЖ құжаттамасына қойылатын талаптар.

3.10 Процестік және жүйелі тәсіл

Процестік тәсіл негізінде жүйені құрылымдау әдістемесі. СМЖ әзірлеу процесін басқару. Процестік тәсіл.

3.11 Сапа жүйелерін ақпараттық қамтамасыз ету – CAD, ARIS-технологиялар

CALS, ARIS сипаттамасы. CALS, ARIS қолдануының өзектiлiгі. Принциптер. CALS, ARIS-тiң саласындағы жұмыстарының негiзгi бағыттары.

3.12 Ұйым менеджментінің кіріктірілген жүйесіндегі сапа жүйесінің әдістері және рөлі

Кәсіпорындарда менеджмент жүйелерін енгізу тәртібі. Ұйымның менеджменті жүйелерінің әдістері, рөлі және критерийлері.

3.13 Сапаны қамтамасыз ету

СМЖ процестерінің критерийлерін анықтау. СМЖ процестерін бағалау критерийлері мен әдістері.

3.14 Сапа жүйесінің сыртқы және ішкі аудиті

СМЖ енгізу тәртібі. СМЖ тексеру тәртібі. Ішкі аудит.


4 Мемлекеттік аттестаттау кезінде білімді бақылауға арналған материалдар


4.1 Қорытынды аттестаттау үшін сұрақтар


4.1.1 Квалиметрия

1 Негізгі ұғымдар және анықтамалар.

2 Аттестаттау нәтижесі бойынша өнім сапасының деңгейін бағалау.

3 Тағайындау көрсеткіштері.

4 Квалиметрия міндеттері мен әдістерінің жіктелуі.

5 Кәсіпорын және бірлестік өнімінің сапасының индекстерін анықтау.

6 Тоқтаусыздық көрсеткіштері.

7 Квалиметриялық шкалалар.

8 Өндірістік бірлестік жұмысы сапасының индекстерін және тиімділігін анықтау.

9 Ұзақ мерзімділік көрсеткіштері.

10 Сапа көрсеткіштерінің жіктелуі.

11 Кәсіпорын жұмысы сапасының индекстерін және тиімділігін анықтау.

12 Жөндеуге жарамдылық көрсеткіштері.

13 Өнеркәсіптік өнімнің жіктелуі және сапа көрсеткіштері номенклатурасы.

14 Цех жұмысы сапасының индекстерін және тиімділігін анықтау.

15 Сақталушылық көрсеткіштері.

16. Өнеркәсіптік өнімнің жіктелуі

17 Учаске жұмысы сапасының көрсеткіштерін анықтау.

18 Эргономикалық көрсеткіштер.

19 Бір текті өнім сапасының деңгейін бағалау.

20 Кәсіпорындар ұжымдары жұмысының сапасын бағалау.

21 Эстетикалық көрсеткіштер.

22 Өнім сапасын сараптық бағалау.

23 Өнім сапасының индекстерін және ақаулылығын анықтау.

24 Тасымалдылық көрсеткіштері.

25 Салмақтылық коэффициенттерін анықтау.

26 Әр текті өнім сапасының деңгейін бағалау.

27 Стандарттау және бірыңғайлау көрсеткіштері.

28 Бағалаудың дифференциалдық әдісі.

29 Сапа деңгейін бағалау әдістемесін әзірлеудің негізгі ережелері.

30 Патенттік-құқықтық көрсеткіштер.

31 Өнімнің сапа деңгейін бағалаудың кешенді әдісі.

32 Өнімнің сапа деңгейін бағалаудың аралас әдісі.

33 Өнім қауіпсіздігінің көрсеткіштері.

34 Өнімнің сапа деңгейін бағалаудың аралас әдісі.

35 Өнімнің сапа деңгейін бағалаудың кешенді әдісі.

36 Біртектілік көрсеткіштері.

37 Сапа деңгейін бағалау әдістемесін әзірлеудің негізгі ережелері.

38 Өнімнің қоршаған ортаға әсерінің көрсеткіштері.

39 Өнімнің сыртқы әсерлерге тұрақтылығының көрсеткіштері.

40 Сапа индекстерін және өнім ақаулылығын анықтау.

41 Экономикалық көрсеткіштер.

42 Өнеркәсіпті басқарудың әр түрлі буындары үшін сапа индекстерін анықтау


4.1.2 Сынаудан өткізу, өнім қауіпсіздігі мен бақылау

1 Бұйымдарға және материалдарға сыртқы әсердің ықпалы және түрлері. Механикалық әсерлер.

2 Созылу және сығылуға сынау.

3 Соққы сынақтарын өткізу әдістері.

4 Климаттық әсерлер.

5 Иілуге сынау.

6 Соққы әсерлеріне сынау құралдары.

7 Сынау және бақылау міндеттері.

8 Бұралуға сынау.

9 Акустикалық шудың әсері кезінде беріктікке және сенімділікке бұйымдарды сынайтын әдістер және құралдар.

10 Бақылау түрлері. Бақылау түрлерінің жіктелуі.

11 Бринелль бойынша қаттылықты анықтау әдістерінің жіктелуі.

12 Шаң әсеріне сынау.

13 Сынау түрлері. Сынау түрлерінің жіктелуі.

14 Роквелл және Супер-Роквелл бойынша қаттылықты анықтау әдістері.

15 Ауа қысымы әсеріне сынау

16 Сынау процесінің негізгі құраушылары. Сынау әдістемесі.

17 Виккерс бойынша қаттылықты анықтау әдісі.

18 Материалдарды және бұйымдарды климаттық факторлары әсеріне сынау үшін әдістер және жабдықтардың жіктелуі

19 Сынауды дайындау және өткізу кезеңдері. Сынау бағдарламасы.

20 Тозу процестері. Тозу түрлері.

21 Климаттық сынауларға жалпы талаптар.

22 Өлшеу құралдарды тексеру.

23 Тозуға сынаудың әдістері.

24 Пайдалану кезінде жылутұрақтылыққа сынау.

25 Сынау нәтижелерінің дәлділік көрсеткіштері.

26 Вибрациялық жүктеменің әсеріне сынау.Сынау әдістері. Сынау мақсаты.

27 Пайдалану кезінде суықтұрақтылыққа сынау

28 Сынау нәтижелерінің шындығы.

29 Вибрациялық жүктеменің әсеріне сынау түрлері.

30 Температураның циклдік әсер етуіне сынау.

31 Сынау нәтижелерінің жаңғырту көрсеткіштері.

32 Вибрацияның белгіленген жиілігінде сынау әдісі .

33 Сенімділікке сертификатталған сынаулар. Сенімділік көрсеткіштері.

34 Сынаулардың бiрлiктiгін қамтамасыз етуiне жалпы ережелер және талаптар.

35 Сенімділікке сертификатталған сынаулар. Сынау әдістері.

36 Бұйымдарға және материалдарға сыртқы әсердің ықпалы және түрлері. Механикалық әсерлер.

37 Созылу және сығылуға сынау.

38 Сенімділікке әсер ету бақылау сынауларының нәтижесін жоспарлау, өткізу және өңдеу.

39 Бұйымдарға және материалдарға сыртқы әсердің ықпалы және түрлері Климаттық әсерлер.

40 Сынауды автоматтындырудың қажеттілігі.

41 Сынау және бақылау міндеттері.

42 Өлшеу, сынау және бақылаудың автоматтық жүйелері.

43 Өлшеу, сынау және бақылау жүйелерін іске асыру.

44 Қажулы сынақтардың автоматтық жүйелері.

45 Өлшеу және бақылау жүйелеріндегі микропроцессорлар.

46 Дәл механикалық сынауларды жоспарлау.

47 Механикалық сынаулардың статистикалық өңдеуі.

48 Сынау нәтижелерінің статистикалық өңдеуі.

49 Сынау жабдықтың түрлері, құрамы және орналасуы.

50 Сынақ өткізетін кездегі технологиялық жабдықтау

51 Сынау кезінде қолдыналатын есептеу техникасы.


4.1.3 Сапа менеджменті жүйелері (СМЖ)

1 Сапа облысындағы саясат және мақсаттар

2 TQM

3 Процестік тәсіл

4 Интеграцияланған СМЖ

5 Сапа менеджменті принциптері

6 Сапаға әсер ететін факторлардың схемасы

7 ИСО 9001 дегеніміз не

8 Сапа қызметінің рөлі

9 Деңгейлес және сатылас аудит

10 Аудиттің негізгі кезеңдері

11 Аудиттің мақсаты және міндеттері

12 Аудиторларға қойылатын талаптар

13 Ішкі аудит

14 СМЖ құжаттамасының иерархиясы

15 СМЖ элементтері

16 НОРМ

17 Сапа бойынша нұсқаудың өкілі

18 Қызметтік нұсқаулық

19 Жазбаларды басқару

20 Құжаттарды басқару

21 Құжаттың өмірлік циклі

22 Құжаттандырылған процесс

23 Фактіге негізделген шешімдер қабылдау тәсілі

24 Жабдықтаушылармен өзара тиімді қарым-қатынас жасау

25 Тұрақты жақсарту

26 Менеджментке жүйелік тәсіл

27 Еңбеккерлерді тарту

28 КАНАРСПИ

29 Басқарушының лидерлігі

30 Тұтынушыға бейімделу

31 СМЖ міндетті құжаттары

32 СМЖ әзірлеу және енгізу реті

33 Ұйымның стандарты

34 Құжаттандырылған процедуралар

35 Сапа бойынша нұсқауды жасау құрылымы

36 Сапа бойынша нұсқау

37 Сапа облысындағы саясат

38 Жазбалар

39 СБТ

40 Өнімге құжаттар

41 Ұйымдастырушылық құрылым

42 Бөлімше туралы ережелер

43 Ұйымдастырушылық құжаттар. Қызметтік нұсқаулықтар

44 Ішкі және сыртқы нормативтік құжаттар

45 Стратегиялық құжаттар

46 СМЖ процестерінің сипаттамасы (матрица)

47 PDCA

48 СМЖ әзірлеу және енгізу бағдарламасы

49 Құжаттарға қатысты терминдер

50 БИП жүйесі

51 Процесс және өнімге қатысты терминдер

52 Ұйымға қатысты терминдер

53 Менеджментке қатысты терминдер

54 Сапаға қатысты терминдер

55 Тұрақты жақсарту (9000)

56 СМЖ талдау (9000)

57 СМЖ аудиті (9000)

58 СМЖ қолданатын құжаттардың түрі

59 Құжаттама және оның мәні (9000)

60 СМЖ жоғарғы басшылықтың рөлі

61 Сапаға әсер ететін факторлар.


5 Ұсынылатын әдебиет


5.1 Негізгі әдебиет


1. Стандартизация и управление качеством продукции: Учебник для вузов/ Под ред. В.А. Швандера. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2000.- 487 с.

2. Фомин В.М. Квалиметрия. Управление качеством. Сертификация. Курс лекций. – М.: ЭКМОС, 2000 – 320 с.

3. Федюкин З.К., Дурнев В.Д., Лебедев В.Г. Методы оценки и управление качеством промышленной продукции: Учебник. – М.: Филинъ, 2002. – 328 с.

4. Жетесова Г.С., Жунусова А.Ш. Основы квалиметрии. Практический курс. – Караганда: КарГТУ, 2003. – 65 с.

5. Решение задач квалиметрии машиностроения. Учебное пособие. Под ред. В.Я. Кершенбаума, Р.М. Хвастунова. – 158 с. АНD «Технонефтегаз». – М – 2001.

6. Латышенко К.П., Володин В.М., Умбетов У. Автоматизация измерений, испытаний и контроля: учеб.пособие/К.П.Латышенко, Володин В.М., Умбетов У.; -Шымкент: МГУИЭ,ЮКГУ,2006.-300с.

7. Агамиров Л.В. Методы статистического анализа механических испытаний: Спр.изд./Л.В.Агамиров. – М.: Интермет Инжиниринг, 2004.-128с.

8. Испытательная техника: Справочник в 2-х кн. Под ред. В.В. Клюева. М.: Машиностроение, 1982. – Кн.2. 1982. – 560с.

9. Надежность и эффективность в технике: Справочник в 10-ти томах. Т.2. Математические методы в теории надежности и эффективности. Под ред. Б.В. Гнеденко. – 1987. – 280с

10. Окрепилов В.В. Управление качеством: Учебник для вузов / 2-е издание., доп. и перераб. – М.: ОАО Изд-во Экономика, 2000 -639 с.

11. Управление качеством: Учебник для вузов / Под ред. С.Д. Ильенковой.- М.: Банки и биржи, ЮНИТИ, 1998.- 248 с.

12. Круглов М.Г., Сергеев С.К., Такташов В.А. и др. Менеджмент систем качества: Учебное пособие. – М.: ИПК Издательство стандартов, 1997.- 243 с.

13. Спицнадель В.Н. Системы качества: Учебное пособие.- СПб: Изд. дом «Бизнес-пресса», 2000.- 336 с.

14. Швоев В.Ф., Жетесова Г.С. Системы менеджмента качества: Учебное пособие. Караганда.: Изд. Карагандинский государственный технический университет, 2007.-97 с.

15. Никитин В.А., Филончева В.В. Управление качеством на базе стандартов ИСО 9000:2000. 2-е изд..- СПб.: Питер, 2004.- 127 с.


5.2 Қосымша әдебиет


16. Азгальдов Г.Г. Теория и практика оценки качества товаров. – М.: Экономика, 1989. – 256 с.

17. Гличев А.В. и др. Прикладные вопросы квалиметрии. – М.: Изд-во стандартов, 1985. – 190 с.

18.Андрианов Ю.М., Субетто А.И. Квалиметрия в приборостроении и машиностроении. – Л. Машиностроение. 1990 – 216 с.

19. Никифоров А.Д. и др. Инженерные методы обеспечения качества в машиностроении: Учебное пособие. – М.: Изд-во стандартов, 1987. – 384 с.

20. Осипов Б.В., Мировская Е.А. Математические методы и ЭВМ в стандартизации и управлении качеством. – М.: Изд-во стандартов, 1990. – 168 с.

21. Солод Г.И. Основы квалиметрии: Учебное пособие. – М.: Изд-во МГИ, 1991.– 84 с.

22. Борисов М.В. Ускоренные испытания машин на износостойкость как основа повышения качества. М.: Стандарт. 1976. – 352с.

23. Вибрации в технике: Справочник / Под ред. В.Н. Челомея. В 6-ти т. М.: Машиностроение, 1978–1981.

24. Приборы и системы для измерения вибраций, шума и удара./Под ред. В.В. Клюева. М.: Машиностроение. 1978. Т.1. – 448с., Т.2. – 440с.

25. Методы испытаний, контроля и исследования машиностроительных материалов. /Под ред. А.Т. Туманова. Т.1. М.: Машиностроение, 1974. – 552с.

26. Методы испытаний, контроля и исследования машиностроительных материалов. /Под ред. А.Т. Туманова. Т.2. М.: Машиностроение, 1974. – 320с.

27. Закон РК «О техническом регулировании» от 09.11.2004 № 603

28 СТ РК ИСО 9000-2001 Системы менеджмента качества. Основные положения. Словарь

29 СТ РК ИСО 9001-2001 Системы менеджмента качества. Требования

30 СТ РК ИСО 9004-2001 Системы менеджмента качества. Рекомендации по улучшению деятельности

31 СТ РК 3.8-2000 ГСС РК. Эксперты аудиторы. Квалификационные требования, порядок подготовки и аттестации

32 ИСО 19011-2002 Рекомендации по аудиту СМК и/или охраны окружающей среды


Похожие:

5В073200 – «Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)» iconПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В073200 Стандарттау, сертификаттау және метрология
«Мамандыққа кіріспе» пәні жалпы кәсіби пәндер курсына жатады және жалпы және арнайы пәндердің қатарына қосылғандардың алғашқысы,...
5В073200 – «Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)» iconӘдістемелік ұсыныстарға және нұсқауларға, әдістемелік ұсыныстарға, әдістемелік нұсқауларға арналған титул парағы
Стандарттау, метрология және сертификаттау, 5В073200 – Стандарттау, сертификаттау және метрология мамандықтарының студенттеріне
5В073200 – «Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)» iconПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В073200 Стандарттау, сертификаттау және метрология
Осы курстың мақсаты стандарттау саласында табысты қызмет істеу үшін студенттерге теориялық білім және тәжірибелік дағдылар беру
5В073200 – «Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)» iconПавлодар Пән бойынша Нысан оқу бағдарламаны бекіту парағы пмұ Ұс н 18. 3/38 (Syllabus)
В071200 – Машина жасау, 5В073200 – Стандарттау, сертификаттау және метрология мамандықтарының студенттеріне арналған
5В073200 – «Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)» iconЖоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығы
...
5В073200 – «Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)» icon«Стандарттау, метрология және сертификаттау» кафедрасы бойынша олимпиадаларға қатысу ақпараты

5В073200 – «Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)» iconПавлодар
Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша) мамандығының студенттеріне арналған
5В073200 – «Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)» iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша) мамандығының студенттеріне арналған
5В073200 – «Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)» icon«6М073200 – стандарттау және сертификаттау (аймақ бойынша)» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012
Бағдарлама «6М073200 – Стандарттау және сертификаттау (аймақ бойынша)» мамандықтары бойынша Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына...
5В073200 – «Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)» icon«Механикаландыру және автоматтандыру негіздері» пәні бойынша 050732 «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығының
Бағдарлама 200 ж бекітілген жұмыс бабындағы оқу бағдарламасы бойынша әзірленген
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница