Медициналық биофизика және биостатистика модулі поәК




НазваниеМедициналық биофизика және биостатистика модулі поәК
страница1/14
Дата конвертации14.02.2016
Размер1.69 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://repository.kaznmu.kz/12316/2/УМКД БС ОМ каз 2012-13.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14










С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ




КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

МЕДИЦИНАЛЫҚ БИОФИЗИКА ЖӘНЕ БИОСТАТИСТИКА МОДУЛІ

ПОӘК






Силлабус


Пән Биологиялық статистика - BS2220


Мамандық 051301 «Жалпы медицина»



Курс

-

үшінші

Семестр V, VI













Барлығы

-

1 кредит (54 сағат)
















Дәрістер

-

3 сағат
















Практикалық сабақтар

-

15 сағат
















СОБЖӨЖ

-

18 сағат
















Барлық аудиториялық

-

36 сағат
















СӨЖ

-

18 сағат
















Бақылау түрі

-

дифференциалданған сынақ






Алматы, 2012

Силлабусты 051301 «Жалпы медицина» мамандығы бойынша ҚР 2006 жылғы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес әзірленген, «Медициналық білім мен ғылымның инновациялық технологиялар республикалық орталығы» ЖШС бекіткен (№5 хаттама 20.03.09ж.) типтік бағдарламасы негізінде медициналық биофизика және биостатистика модулінің доценті Аймаханова А.Ш. және аға оқытушы Раманқұлова А.А. дайындаған.


Силлабус модуль отырысында талқыланған

№____хаттама «___»_________2012ж.


Медициналық биофизика және биостатистика

модулінің жетекшісінің м.а., профессор ______________________ Нұрмағанбетова М.О.



  1. Жалпы мағлұматтар:

ЖОО аты

-

С.Ж. Асфендияров ат.Қазақ Ұлттық Медицина университеті

Модуль

-

Медициналық биофизика және биостатистика

Пән

-

«Биологиялық статистика» пән коды BS2220

Мамандығы

-

051301- «Жалпы медицина»

Оқу сағатының көлемі

-

1 кредит (54 сағат)

Курс және оқу семестрі

-

3 курс, 5,6 семестр


Модуль оқытушылары туралы мәліметтер:

Аймаханова Айзат Шалхаровна

-

доцент

Раманкулова Алима Абдрамбековна

-

аға оқытушы

Бекенаева Кымбат Слямовна

-

аға оқытушы

Омарбаева Арайлым Нурахымовна

-

аға оқытушы

Байланыс ақпараты:

Медициналық биофизика және биостатистика модулінің мекен жайы: Алматы қ., Богенбай батыр көшесі 151, № 2 оқу корпусы, 2- қабат (оң қанат) тел. 292-69-86 ішкі 219,190


Пәннің саясаты

Студент міндетті:

  • дәрістерге, практикалық сабақтарға кешікпей және халатпен келу;

  • себепсіз сабақ жібермеу, себепті жағдайда сабақ жібергенде, мысалға, ауырып қалған жағдайда жіберілген сабақтарды өтеуге деканат тарапынан рұқсат алып келу;

  • жіберілген сабақтар оқытушы тағайындаған белгілі уақытта өтелуі тиіс;

  • практикалық сабақтардың тапсырмалары талапқа сәйкес орындалуы және безендірілуі қажет;

  • жұмыстың барлық түрлері тағайындалған мерзімде тапсырылуы керек;

  • тағайындалған мерзімнен кеш тапсырылған жұмыстар қарастырылмайды;

  • аралық бақылауларды және бақылау жұмыстарын тапсырмағандар, семестр бойы 30 балл (50%) жинамаған студентер диф.сынаққа жіберілмейді.




  1. БАҒДАРЛАМА

2.1 КІРІСПЕ

ХХI ғасыр – дәлелді медицина ғасыры. Бұл дегеніміз, медицинада күннен- күнге нақты ғылымдар әдістері, соның ішінде, әсіресе, бірінші кезекте статистика үлкен роль атқарып келеді. Медициналық зерттеулер деректерін математикалық-статистикалық бейнелеу және профилактикалық, диагностикалық және емдеу шаралары мен процедураларының тиімділігін сипаттайтын туынды шамалардың айырмашылық мәндерін бағалау – дәлелді медицинаның бірден бір негізге алынатын бөлімі болып саналады.

Медициналық зерттеулер деректерін математикалық-статистикалық бейнелеу және профилактикалық, диагностикалық және емдеу шаралары мен процедураларының тиімділігін сипаттайтын туынды шамалардың айырмашылық мәндерін бағалау – дәлелді медицинаның бірден бір негізге алынатын бөлімі болып саналады.

Биологиялық статистика - биологиялық нысандарды табиғи және эксперименттік зерттеулерді жоспарлау және олардың нәтижелерін талдау ережелері жөніндегі білімдер жүйесі. Көптеген экологиялық, генетикалық, цитологиялық, микробиологиялық және радиобиологиялық құбылыстар табиғаты бойынша жаппай болғандықтан биологияда статистикалық әдістердің қолданылуының маңызы өте зор. Мұндай жиынтықтардағы оқиғаның жүзеге асуы ықтималдықтар арқылы бағаланады, ал оларды талдау статистикалық әдістерді қолдануды талап етеді

Заманауи дәрігерлер дәлелді медицинаның принциптерімен сәйкес жұмыс істеулері қажет, сондықтан медициналық жоғары оқу орындарының қазіргі заманғы түлектері заманауи медицинаның методологиясын түсінулері және оларда статистикалық ойлаудың негіздері қалыптасуы керек.

Студентке SAS,SPSS, Statisticа статистикалық кәсіптік қолданбалы бағдарламалар пакеттерін қолдана білу және алынған нәтижелерді дәл түсіндіре білу ерекше маңызды.


2.2 МАҚСАТЫ

«Жалпы медицина» мамандығының студентеріне биологиялық статистиканың теориялық негіздерін оқыту және статистикалық өңдеу әдістерін қолдану дағдыларын қалыптастыру.

  • Биостатистиканың теориялық негіздерін қалыптастыру.

  • Статистикалық өңдеу әдістерін қолдану дағдыларын қалыптастыру.

  • Студенттерде қолданбалы есептерде математикалық талдау жасай білу іскерлігін қалыптастыру.

  • Кәсіптік әдебиеттермен жұмыс істегенде аналитикалық қабілеттіліктерін қалыптастыру және дамыту.

  • Жекеаралық қатынас дағдыларын жетілдіру.


2.3 МІНДЕТІ

    • Биологиялық статистикалық әдістері жөнінде білім негіздерін қалыптастыру;

    • Деректерді өңдеу үшін статистикалық әдістерді қолданудың негізгі дағдыларын қалыптастыру;


2.4 ОҚЫТУДЫҢ СОҢҒЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

“Биологиялық статистика” курсын меңгеру нәтижесінде

студент білуі тиіс:

  • бас және таңдама жиынтықтар;

  • өлшеу шкалалары;

  • сәйкестік және келісім критерийлері;

  • таңдаманың репрезентативтілігі;

  • зерттеулердегі бағалардың жүйелік қателерінің түрлері;

  • қалыпты таралу заңының негізгі қасиеттері;

  • статистикалық жорамалдар, статистикалық критерийлер;

  • жорамалдарды тексерудің параметрлік емес критерийлері;

  • бірфакторлы,екіфакторлы дисперсиялық талдаулар;

  • Фишердің нақты критерийі;

  • эпидемиологиялық талдаудың негізгі критерийлері;

  • өміршеңдікті зерттеу;

  • корреляциялық тәуелділік;

  • Пирсонның корреляция коэффициенті, Спирменнің рангілік корреляция коэффициенті;

  • медицина-биологиялық тәжірибенің кезеңдері;

  • компьютерлік статистикалық қолданбалы бағдарламалар пакеті: SPSS, Statistica, SAS;

Игеруі тиіс

  • биостатистикадағы өлшеулердің сенімділігі мен шынайылығын бағалау, айырмашылықтардың статистикалық мәнділігін анықтау;

  • таңдама жиынтық үшін бірлікті таңдау;

  • таралудың статистикалық қатарларын анықтау және олардың теориялық таралу заңдарына сәйкестігін бағалау;

  • статистикалық қатардың сандық сипаттамаларын анықтау және олардың дәлдігі мен сенімділігін бағалау;

  • бас жиынтықтың дәлдік және аралық бағаларын табу;

  • критерийдің қуаттылығын анықтау;

  • полигон мен гистограмма тұрғызу;

  • бірфакторлық, екіфакторлық дисперсиялық талдаулардың негізгі әдістерін қолдану;

  • статистикалық жорамалдарды тексеру;

  • корреляцияның таңдама коэффициентін есептеу;

  • қорытынды кесте алу: жағдайлар саны,орта, стандарттық қате, орта қате.

дағдылануы тиіс:

  • SPSS, Statisticа, SAS қолданбалы бағдарламалар пакетімен жұмыс істеу;

  • Стьюденттің t –критерийімен жұмыс істеу.



2.5 Пререквизиттер: информатика, медициналық биофизика, молекулалық биология және медициналық генетика, қоғамдық денсаулық сақтау.

2.6 Постреквизиттер:

  1. эпидемиология,

  2. дәлелді медицина негіздері,

  3. ішкі аурулар,

  4. балалар аурулары,

  5. акушерлік және гинекология.


2.7 ПӘННІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ

Биостатистика пәніне кіріспе. Таңдама тәсіл. Статистикалық жорамалдарды тексеру теориясының негіздері. Таралудың түрі жөніндегі статистикалық жорамалдарды тексеру. Дисперсиялық талдау негіздері. Эпидемиологиялық талдаулардағы статистикалық әдістер. Өміршеңдікті талдау. Корреляциялық-регрессиялық талдау. Медициналық-биологиялық зерттеулерді жоспарлау және жүргізу. SAS, SPSS, STATISTICA қолданбалы бағдарламалар пакеттерінің биомедициналық деректерге статистикалық талдаулар жасауда қолданылуы.


2.8 ДӘРІСТЕРДІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ, ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР, СОБЖӨЖ, СӨЖ:

ДӘРІСТЕРДІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ:

№ п\п



Тақырыбы

Өткізу түрі

Сағат бойынша ұзақтығы

1



«Биологиялық статистика» пәніне кіріспе.

Биологиялық статистика пәні мен міндеттері. Деректердің түрлері және олардың бейнеленуі. Биостатистикадағы өлшеулердің сенімділігі мен шынайылығы. Таңдама тәсіл. Бас жиынтық және таңдама. Таңдаманың репрезентативтілігі. Таңдама таралу және оның сандық сипаттамалары. Қалыпты таралу және оның параметрлері. Жиынтық параметрлерінің нүктелік және интервалдық бағалары.

Презентация түрінде ақпараттық

хабарлама

1



2

Статистикалық жорамалдарды тексеру теориясының негіздері.

Медициналық-биологиялық зерттеулерде қолданылатын статистикалық жорамалдар. Бірінші және екінші текті қателер. Мәнділік деңгейі. Критерий қуаттылығы. Жорамалдарды тексерудің негізгі кезеңдері. Биомедициналық деректерді талдау үшін Стьюденттің t-критерийі. Жұптасқан және жұптаспаған критерийлер. Келісім критерийлері. Таралудың түрі жөніндегі жорамалды тексеру. Пирсонның Xu-квадрат, Колмогоров–Смирновтың келісім критерийлері. Манн-Уитнидің, Уилкоксонның параметрлік емес критерийлері.

Презентация түрінде ақпараттық

хабарлама


1

3

Өміршеңдікті талдау.

Өміршеңдікті талдау әдістерінің ерекшеліктері. Цензурирленген деректер. Өмір уақыты кестесі. Өміршеңдік функциясы. Өміршеңдік қисығы. Өміршеңдік қисығының сенім аралығы.

Презентация түрінде ақпараттық

хабарлама

1

Барлығы:




3
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Похожие:

Медициналық биофизика және биостатистика модулі поәК iconМедициналық биофизика және биостатистика модулі поәК
Силлабус «Медициналық білім мен ғылымның инновациялық технологиялар республикалық орталығы» жшс бекіткен (№5 хаттама 20. 03. 09ж.)...
Медициналық биофизика және биостатистика модулі поәК iconПән, пән коды Медициналық биофизика, мв 1112 Мамандығы 5В130100 «Жалпы медицина»
Пәндік жұмыс бағдарламасын медициналық биофизика пәні бойынша типтік оқу бағдарламасы негізінде медициналық физика және информатика...
Медициналық биофизика және биостатистика модулі поәК iconПән, пән коды Медициналық биофизика, мв 1112 Мамандығы 051301, Жалпы медицина
Пәндік жұмыс бағдарламасын медициналық биофизика пәні бойынша типтік оқу бағдарламасы негізінде медициналық физика және информатика...
Медициналық биофизика және биостатистика модулі поәК icon«медициналық ҚҰҚЫҚ ЖӘне денсаулық сақтаудағы заңнама негіздері» модулі оәТ
Медициналық құқық құықтың бір саласы ретінде, ғылым және оқу пәні. Медициналық этика негізі
Медициналық биофизика және биостатистика модулі поәК icon1. Тақырып №1: Кіріспе. Биостатистика ілімі
К. Пирсонның биометриканың дамуындағы рольдері. Р. Фишердің статимстика мен биометрикадағы қосқан үлесі. Биометрикалық зерттеулер...
Медициналық биофизика және биостатистика модулі поәК icon«медициналық ҚҰҚЫҚ ЖӘне денсаулық сақтаудағы заңнама негіздері» модулі сөЖ
Азаматтардың денсаулық сақтау саласындағы азамматтық және басқа құқықтары, бостандықтары және міндеттері
Медициналық биофизика және биостатистика модулі поәК icon«медициналық ҚҰҚЫҚ ЖӘне денсаулық сақтаудағы заңнама негіздері» модулі жұмыс бағдарламасы
Мжмбс-2006 арнап «Медициналық құқық сот медицина сұрақтарымен» электив пәні бойынша жұмыс бағдарламасы типтік оқу бағдарламасына...
Медициналық биофизика және биостатистика модулі поәК icon«медициналық ҚҰҚЫҚ ЖӘне денсаулық сақтаудағы заңнама негіздері» модулі соөЖ
Денсаулық сақтау жүйесін және медицина қызметті реттейтін номативтік – құқықтық актілер
Медициналық биофизика және биостатистика модулі поәК iconЖедел медициналық ЖӘрдем беру кафедрасы поәК
«Жедел медициналық жәрдем»иси и в, внутиривенной инфузушений ий измах остантвки кровообращения.»!»»»»»» пәні бойынша
Медициналық биофизика және биостатистика модулі поәК iconТегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде Аягөз қаласындағы «Қазығұл» медициналық мекемесінде көрсетілетін медициналық қызметтің тізбесі
«Қазығұл» медициналық мекемесі медициналық көмектің кепілді көлемін ШҚО денсаулық сақтау басқармасы 2007 жылдың 11 мамырында берген...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница