Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 Қаулысы




НазваниеҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 Қаулысы
страница16/38
Дата конвертации14.02.2016
Размер3.57 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://mgov.kz/wp-content/uploads/2013/09/Pravila-osushh.goszakupok-1301-kaz.doc
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38
Қаулысымен  1) тармақша  өзгертілді (бұр. ред. қара)  

1) оның және (немесе) оның қосалқы мердігерінің не бірлескен орындаушысының тапсырыс берушінің басқару органы белгілеген біліктілік талаптарына сәйкес келмейтіндігі айқындалса;

2) Заңның 6-бабының талаптарын бұзса;

3) оның Өтінімі Хабарламаның талаптарына сәйкес келмейді деп айқындалса, Тізбеге енгізілмейді.

180. Егер әлеуетті өнім беруші Тізбеге енгізілмеген жағдайда, онда Тізбеге енгізу туралы хаттамада Өтінімді қайтарудың негіздемесі көрсетіледі.

181. Заңның 6-бабының талаптарын бұзған әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алуға теріс пиғылды қатысушылардың тізіліміне енгізілу үшін уәкілетті органға жіберілуге тиіс.

182. Комиссия Өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша біліктілік талаптарына және Хабарламаның өзге де талаптарына сай келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды және оларды Тізбеге енгізеді.

ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен 183-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

183. Тізбеге енгізу туралы хаттамаға отырысқа қатысқан барлық комиссия мүшелері, сондай-ақ комиссия хатшысы іріктеуден өткен әлеуетті өнім берушілерді Тізбеге енгізу туралы шешім қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей қол қойды.

184. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Тізбеге енгізу туралы хаттамаға қол қойылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей Өтінім берген әлеуетті өнім берушілерді комиссияның қабылдаған шешімі туралы:

1) Тізбеге енгізу туралы хаттаманың көшірмесін беру не жіберу;

2) қол қойылған хаттама мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсында орналастыру арқылы хабарлауға тиіс.

185. Комиссияның Тізбеге енгізу туралы шешіміне Заңның 45-бабында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

 

 

Білікті әлеуетті өнім берушілердің тізбесін

қалыптастыру тәртібіне қойылатын талаптар

 

186. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Тізбеге енгізу туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Тізбені қалыптастырады.

187. Директорлар кеңесі не бірінші басшы бекіткен мерзімде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы:

ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен   1) тармақша  2010 жылғы 1 қаңтардан бастап  алып тасталады  

1) Заңға сәйкес уәкілетті орган айқындаған заңды тұлғаға Тізбенің мәтінін Бюллетеньде жариялау үшін Тізбенің мәтінін жіберуге;

2) Тізбенің мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсында орналастыруға;

ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен  3) тармақша  жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)  

3) мемлекеттік сатып алу веб-порталына тізбе мәтінін орналастыруға тиіс.

188- тармаққа өзгеріс енгізу туралы ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысын қара (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

 ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен  188- тармақ  өзгертілді (бұр. ред. қара)  

188. Тізбе директорлар кеңесі не бірінші басшы белгілеген білікті әлеуетті өнім берушілердің ең аз санынан тұруға тиіс.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тоқсан сайын Тізбені жаңартып отыруға тиіс. Тізбеге енгізілген әлеуетті өнім берушілер директорлар кеңесі не бірінші басшы бекіткен мерзімде олардың тапсырыс берушінің басқару органы белгілеген біліктілік талаптарына және Хабарламада көрсетілген талаптарға сәйкестігін растауды беруге тиіс. Осындай талаптарға сәйкестігі расталмаған жағдайда, көрсетілген әлеуетті өнім беруші директорлар кеңесі немесе бірінші басшы бекіткен мерзімде Тізбеден шығарылады. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осындай жағдай болған кезде осы Ереженің 187-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген талаптарды орындауға тиіс.

 

 

Біліктілігі бойынша алдын ала іріктеуден өткен әлеуетті өнім берушілердің

баға ұсыныстарына сұрау салу негізінде өнім берушіні таңдау рәсімдеріне және мерзіміне

қойылатын талаптар және олармен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу

 

189. Сатып алуды ұйымдастыру және өткізу мерзімін директорлар кеңесі не бірінші басшы бекітеді.

190. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы техникалық тапсырманы, техникалық ерекшелікті, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, шарттың елеулі талаптарын, сондай-ақ өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің басқа да талаптарын қамтитын сатып алу шартын (бұдан әрі - Талаптар) әзірлейді және тапсырыс берушіге бекітуге ұсынады.

191. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс беруші Талаптарды бекіткеннен кейін олардың сатып алу затын жеткізуге Өтінімдер беру мерзімі мен тәртібін, сондай-ақ мұндай өтінімдерді қарау тәртібін көрсете отырып, оларды Тізбеге енгізілген әлеуетті өнім берушілерге жібереді.

192. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы Талаптарда көрсетілген күні, уақыты мен орнында өткізіледі. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына әлеуетті өнім беруші және (немесе) аудиожазба және бейнетүсірілімдерді жүргізуге құқығы бар оның уәкілетті өкілі қатысуға тиіс.

193. Әлеуетті өнім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері конкурстық комиссияға Талаптарда көрсетілген мерзімнен кешіктірмей конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттерді табыс етеді.

194. Әлеуетті өнім берушінің бір конкурстық баға ұсынысынан артық баға ұсынысын табыс етуіне, сол сияқты конкурстық баға ұсынысын кері қайтарып алуына не ұсынылған конкурстық баға ұсынысына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуіне жол берілмейді.

195. Конкурстық комиссия хронологиялық тәртіппен конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналына конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттерді ұсынған әлеуетті өнім берушілер туралы мәліметтерді Талаптарда белгіленген мерзім өткенге дейін енгізеді.

196. Конкурстық комиссия конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттерді әлеуетті өнім берушілер және (немесе) олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен ашады және оларға әрбір конкурстық баға ұсынысын жариялайды.

197. Әлеуетті өнім берушілер және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттердің мазмұнымен танысуға құқылы.

198. Конкурстық комиссия әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарын мынадай жағдайларда, егер:

1) конкурстық баға ұсынысының бағасы демпингтік болып табылған жағдайда қабылдамайды. Демпингтік бағаны есептеу тәртібі осы Ережеде айқындалады;

2) конкурстық баға ұсынысы осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан артық болған жағдайда қабылдамай тастайды.

199. Конкурстық комиссия конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жүргізілген күні қатысушыларға конкурс жеңімпазын жариялайды және оған конкурстық комиссияның төрағасы не оның міндетін атқарушы адам қол қойған жазбаша хабарламаны береді.

ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен 200-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

200. Конкурстық комиссия конкурс жеңімпазын анықтаған күнінен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттаманы ресімдейді, оған отырысқа қатысқан барлық конкурстық комиссия мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссия хатшысы қол қояды.

201. Егер конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу лоттардан тұратын жағдайда, конкурстық комиссия конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы жалпы хаттаманы ресімдейді және оған қол қояды, онда әрбір лот бойынша конкурс жеңімпаздары көрсетіледі.

202. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей:

1) хаттаманың мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсында орналастыруға;

ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен   2) тармақша  2010 жылғы 1 қаңтардан бастап  алып тасталады  

2) Заңға сәйкес уәкілетті орган айқындаған заңды тұлғаға конкурс тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындыларын Бюллетеньде жариялау үшін ақпарат жіберуге тиіс.

ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен  тармақ  3) тармақшамен толықтырылды  

3) мемлекеттік сатып алу веб-порталына конкурс тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы ақпаратты орналастыруға тиіс.

203. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына өзі туралы мәліметтер енгізілген әлеуетті өнім берушінің жазбаша сауалын алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей оған конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманың көшірмесін өтемсіз негізде табыс етуге тиіс.

204. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Ережеге 4 және 5-қосымшаларға сәйкес үлгі шарттарға сәйкес жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына қол қояды және оны әлеуетті өнім берушіге жібереді.

 

 

ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 8-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

8. Электрондық мемлекеттік сатып алу арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібі

 

ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2010.02.04. № 280 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 205-тармақ жаңа редакцияда

205. ҚР Үкіметінің 2014.21.05. № 521 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 206-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

206. ҚР Үкіметінің 2010.02.04. № 280 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 207-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

207. ҚР Үкіметінің 2010.02.04. № 280 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 208- 219 және 220-тармақтар алынып тасталды (бұр. ред. қара)

 

ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38

Похожие:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 Қаулысы
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 10 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 Қаулысы icon«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 Қаулысы iconОңтүстік Қазақстан облыстық медициналық ақпараттық талдау орталығының директоры Е. Ахметовке
Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы, Сізден Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік сатып заңының Ережесін бекіту туралы»...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы
«Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1718 қаулысы
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңының 7-бабының 14-7 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы №1222 қаулысы
Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 23, 24-баптарына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 ақпандағы №175 қаулысы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 16 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі №979 қаулысы
«Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 23 шілде 2015 жылғы №578 Қаулысы
Республикасы Үкіметінің «Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру тәртібін бекіту туралы» 19 қаңтар...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 Қаулысы icon"Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол картасы 2020" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы №556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница