Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 Қаулысы




НазваниеҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 Қаулысы
страница15/38
Дата конвертации14.02.2016
Размер3.57 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://mgov.kz/wp-content/uploads/2013/09/Pravila-osushh.goszakupok-1301-kaz.doc
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   38
6. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт

Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді

мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу

 

155. Тапсырыс беруші қол қоюға және тапсырыс берушінің уәкілетті өкілі әр бетіне бұрыштама соғуға тиіс осы Ережеге 4 және 5-қосымшаларға сай үлгі шарттарға сәйкес жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасының екі данасын тапсырыс беруші өнім берушіге жібереді.

Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылған жағдайда, тапсырыс беруші конкурс жеңімпазына қорытындылар туралы хаттаманың бір данасын жібереді.

ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 156-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен 156-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.21.05. № 521 Қаулысымен 156-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

156. Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан күнінен бастап он жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізеді.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету осы Ереженің 256-тармағында көзделген тәртіппен өткізілген конкурс қорытындысы бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан жағдайда енгізілмейді.

157. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы онымен жасалған шарт бойынша өз міндеттемелерін уақтылы, толық және тиісті түрде орындауға кепілдік ретінде енгізеді.

ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен 158-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

158. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін мемлекеттік сатып алу туралы шартта авансты төлеу көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы белгілейді.

Егер мемлекеттік сатып алу туралы шартта аванс төлеу көзделген жағдайда, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді авансқа тең мөлшерде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы белгілейді, ол мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының үш пайызынан кем болмауы тиіс.

159. Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін:

1) тапсырыс берушінің банктік шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдік ақшалай жарнаны;

ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен  2) тармақша  өзгертілді (бұр. ред. қара)

2)  Осы Ережеге 12-қосымшаға сәйкес банк кепілдігін таңдауға құқылы.

160. Өнім берушінің шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін үшінші тұлғалардың енгізілген кепілдік ақша жарнасына тұтастай не бір бөлігінде талап қою құқығының туындауына әкеп соғатын іс-қимыл жасауына жол берілмейді.

161. Тапсырыс берушінің өнім беруші енгізген кепілдік ақшалай жарнаны Заңда көзделмеген мақсатқа пайдалануына жол берілмейді.

ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен   (бұр. ред. қара); 2009.20.12 № 2138 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2010.02.04. № 280 Қаулысымен  (бұр.ред.қара)  162 тармақ  өзгертілді

162. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу туралы талап баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша тауар биржалары арқылы айқындалған өнім берушілерге, сондай-ақ оны Заңның 8-бабының 8-тармағында көзделген жағдайда берген өнім берушілерге қолданылмайды.

ҚР Үкіметінің 2012.15.11. № 1450 Қаулысымен 163-тармақ өзгертілді  (бұр.ред.қара)

163. Тапсырыс беруші енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді шартта көрсетілген мерзімде немесе өнім беруші шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде өнім берушіге қайтарады.

Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қабылданған міндеттемелерді тиісінше орындамаған жағдайда, тапсырыс беруші тұрақсыздық айыбын тиісті бюджет, мемлекеттік кәсіпорын, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлға немесе олармен аффилиирленген тұлғалар кірісіне төлеу фактісі анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтарады.

164. Егер мемлекеттік сатып алу туралы шарт тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өнім берушінің шарттық міндеттемелерді орындамауына байланысты бұзылса, тапсырыс беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтармайды.

ҚР Үкіметінің 2012.15.11. № 1450 Қаулысымен 164-1-тармақпен толықтырылды

164-1. Тауарларды мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстың тауарда жергілікті қамтудың болғаны үшін өз конкурстық өтінімінде шартты азайтуы бар жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу кезінде тапсырыс берушіге жеткізілетін тауардың бүкіл партиясына CT-KZ нысанындағы тауардың шығуы туралы сертификатты ұсынады.

ҚР Үкіметінің 2013.21.06. № 641 Қаулысымен 164-2-тармақпен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

164-2. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт Қазақстан Республикасы салық заңнамасының, Кеден одағы кеден заңнамасының және (немесе) Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының талаптарына сәйкес қосылған құн салығын және акциздерді төлеу шарттарын қамтуы тиіс.

 

 

Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді

мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау

 

165. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау кезінде тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) атауы, саны, сапасы, техникалық ерекшелігі, құны, оларды жеткізу (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) орны мен мерзімі мемлекеттік сатып алу туралы шарттың мазмұнына сәйкес келуге тиіс.

166. Тапсырыс беруші мен өнім беруші көрсетілген шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін толық орындаған жағдайда шарт орындалды деп есептеледі.

 

 

7. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды

жүзеге асырудың арнайы тәртібіне қойылатын үлгі талаптар

 

Әлеуетті өнім берушілерді біліктілігі бойынша алдын ала

іріктеуді тұрақты негізде жүргізу тәртібіне

қойылатын талаптар

 

167. Арнайы тәртіпті Заңның 42-бабының 1-тармағында көрсетілген тапсырыс берушілердің басқару органдары бекітеді және мыналарға:

1) әлеуетті өнім берушілерді біліктілігі бойынша алдын ала іріктеуді тұрақты негізде жүргізу тәртібіне;

ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен  тармақ 1-1) тармақшамен толықтырылды  

1-1) біліктілік талаптарын белгілеуге;

2) білікті әлеуетті өнім берушілердің тізбесін қалыптастыру тәртібіне;

ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен   3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)  

3) осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес біліктілігі бойынша алдын ала іріктеуден өткен әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарына сұрау салу және олармен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу негізінде өнім берушіні таңдау рәсімдеріне және мерзіміне;

ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен  тармақ  4) тармақшамен толықтырылды  

4) отандық тауар өндірушілерге, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді берушілерге қолдау көрсету тәртібіне

168. Білікті әлеуетті өнім берушілер тізбесіне (бұдан әрі - Тізбе) енгізу үшін әлеуетті өнім берушілерге біліктілігі бойынша іріктеуге қатысуға арналған құжаттарды қабылдау күнін, сондай-ақ Тізбеге енгізу үшін біліктігі бойынша іріктеуді жүргізу туралы әлеуетті өнім берушілерге берілетін хабарлама (бұдан әрі - Хабарлама) мәтінін директорлар кеңесі не бірінші басшы бекітеді.

ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен  169-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)  

169. Хабарлама мәтінінде бұлардан басқа, тапсырыс берушінің басқару органы белгілеген әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар сұрау салу болуға тиіс.

170. ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен  алып тасталды (бұр. ред. қара)  

171. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді әлеуетті берушілердің арасында біліктілігі бойынша іріктеуді жүргізу туралы Хабарлама беруді жүзеге асырған кезде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы:

ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен   1) тармақша  2010 жылғы 1 қаңтардан бастап  алып тасталады  

1) Біліктілігі бойынша іріктеуді жүргізу туралы хабарландырудың мәтінін Заңға сәйкес уәкілетті орган белгілеген заңды тұлғаға хабарландыру мәтінін Бюллетенде жариялау үшін жіберуге;

2) тапсырыс берушінің интернет-ресурсында Біліктілігі бойынша іріктеуді жүргізу туралы хабарландырудың мәтінін орналастыруға;

3) уәкілетті органға Біліктілігі бойынша іріктеуді жүргізу туралы хабарландырудың мәтіні орналастырылған тапсырыс берушінің интернет-ресурсының электрондық мекен-жайын жіберуге;

4) тапсырыс берушінің интернет-ресурсында хронологиялық тәртіппен Хабарлама алған адамның орналасқан жері, почталық және электрондық мекен-жайлары туралы мәліметтерді, сондай-ақ ол туралы басқа да мәліметтерді көрсете отырып, Біліктілігі бойынша іріктеуді жүргізу туралы хабарламаны табыс ету фактісінің тіркелуін қамтамасыз етуге тиіс.

Біліктілігі бойынша іріктеуді жүргізу туралы хабарламаны қайта жүзеге асырған жағдайда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген талаптарды орындауға тиіс.

172. Білікті әлеуетті өнім берушілер тізбесіне енгізу үшін әлеуетті өнім берушілерді біліктілігі бойынша іріктеуге қатысуға әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін (бұдан әрі - Өтінім) қарау директорлар кеңесі не бірінші басшы белгілеген мерзімде жүргізіледі.

173. Әлеуетті өнім берушілер Хабарламада сұрау салынатын құжаттардың толық тізбесін ұсынуға тиіс.

ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен  174-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)  

174. Әлеуетті өнім берушілердің Өтінімдері тапсырыс берушінің басқару органы белгілеген біліктілік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қаралады.

175. Тізбеге енгізуге өтінімдерді қарауды директорлар кеңесі не бірінші басшы құрған комиссия жүзеге асырады.

176. Өтінімдерді қарау кезінде комиссия жазбаша нысанда мыналарды:

1) Өтінімдерді қарауды жеңілдету үшін әлеуетті өнім берушілерден олардың Өтінімдеріне байланысты материалдарды және түсіндірмелерді;

2) Өтінімдерде бар мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты сұратады.

Өтінімді жетіспей тұрған құжаттармен толықтырудан, Өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстырудан, тиісті түрде ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге орай Өтінімді Хабарламаның талаптарына сәйкес келтіруге байланысты комиссияның сауал жіберуіне және өзге де іс-әрекеттеріне жол берілмейді.

177. Комиссия Өтінім, егер Өтінімде берілген мәнді қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, Хабардың талаптарына сай келетін ретінде қарайды.

178. Комиссияның отырысына әлеуетті өнім беруші және (немесе) оның уәкілетті өкілдері аудиожазба және бейнетүсірілімдерді жүргізу құқығымен қатыса алады.

179. Әлеуетті өнім беруші, егер:

ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   38

Похожие:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 Қаулысы
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 10 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 Қаулысы icon«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 Қаулысы iconОңтүстік Қазақстан облыстық медициналық ақпараттық талдау орталығының директоры Е. Ахметовке
Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы, Сізден Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік сатып заңының Ережесін бекіту туралы»...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы
«Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1718 қаулысы
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңының 7-бабының 14-7 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы №1222 қаулысы
Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 23, 24-баптарына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 ақпандағы №175 қаулысы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 16 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі №979 қаулысы
«Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 23 шілде 2015 жылғы №578 Қаулысы
Республикасы Үкіметінің «Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру тәртібін бекіту туралы» 19 қаңтар...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 Қаулысы icon"Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол картасы 2020" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы №556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница