Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 Қаулысы




НазваниеҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 Қаулысы
страница14/38
Дата конвертации14.02.2016
Размер3.57 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://mgov.kz/wp-content/uploads/2013/09/Pravila-osushh.goszakupok-1301-kaz.doc
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   38
бұр.ред.қара)

142. Бір көзден сатып алу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу мынадай дәйекті іс-шараларды орындауды көздейді:

1) тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алудың осы тәсілін қолдануды негіздей отырып, бір көзден сатып алу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы шешім қабылдауы;

2) тапсырыс берушінің бір көзден сатып алу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны анықтауы;

3) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігін, тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету шарттарын, орны мен мерзімдерін, ақы төлеу шарттары мен мерзімдерін әзірлеуі;

4) тапсырыс берушінің сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігін, сондай-ақ тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету шарттарын, орны мен мерзімдерін, оларға ақы төлеу шарттары мен мерзімдерін бекітуі;

5) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының әлеуетті өнім берушіге Заңның 33-бабының 1-тармағында көзделген мәліметтерді көрсете отырып, мемлекеттік сатып алуға қатысуға жазбаша шақыру жіберуі;

6) бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу Заңның 32-бабы 4) тармақшасының негізінде жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының әлеуетті өнім беруші ұсынған әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін, бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға ол ұсынатын бағаны негіздеуді растайтын құжаттарды қарауы;

7) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының осы Ережеге 11-қосымшаға сәйкес бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы ресімдеуі;

8) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының бір көзден сатып алу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қорытындылары туралы хаттаманы тапсырыс берушіге ұсынуы.

Заңның 32-бабының 2) және 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігін әзірлеуі және тапсырыс берушінің бекітуі талап етілмейді. Мұндай жағдайда сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігі, сондай-ақ конкурс және (немесе) өтпеді деп танылған аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алудың конкурстық және (немесе) аукциондық құжаттамасында көзделген тауарды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің шарттары, орны мен мерзімі және оларға ақы төлеу шарттары қолданылады.

143. Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігін әзірлеу үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сарапшыны не сараптама комиссиясын тартуға құқылы. Сарапшыны не сараптама комиссиясын тарту осы Ереженің 35-тармағында белгіленген шарттарда және тәртіппен жүзеге асырылады.

144. ҚР Үкіметінің 2014.21.05. № 521 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

145. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс берушінің бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімін қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушіге жазбаша нысанда Заңның 33-бабының 1-тармағына сәйкес ақпаратты қамтитын мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақыру жібереді.

146. ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен 147-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.21.05. № 521 Қаулысымен 147-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

147. осы Ереженің 124-тармағының 1) және 2) тармақшаларында және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын Электрондық мемлекеттік сатып алу жүргізу қағидаларының 73-бабының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда сұрау салу жіберілетін әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы айқындайды.

Осы Ереженің 124-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда конкурстық өтінімді ұсынған әлеуетті өнім берушіге сұрау салу жіберіледі.

Осы Ереженің 124-тармағының 3) тармақшасында және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын Электрондық мемлекеттік сатып алу жүргізу қағидаларының 73-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Заңның 6-тармағының талаптарын бұзған адамды қоспағанда, рұқсат беру туралы хаттамаға сәйкес конкурстық өтінім берген әлеуетті өнім берушіге ең жоғары шартты жеңілдікпен сұрау салу жібереді.

ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен 148-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

148. Осы Ереженің 124-тармағының 4) және 5) тармақшаларында және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын Электрондық мемлекеттік сатып алу жүргізу қағидаларының 73-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық баға ұсынысы жалғыз қабылданған болып табылатын конкурсқа қатысуға рұқсат етілген әлеуетті өнім берушіге не конкурсқа қатысушыға сұрау салу жібереді.

ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен 148-1-тармақпен толықтырылды

148-1. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын Электрондық мемлекеттік сатып алу жүргізу қағидаларының 155-бабының 1) тармақшасында көзделген жағдайда сұрау салу жіберілетін әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы айқындайды.

ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен 148-2-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2014.21.05. № 521 Қаулысымен 148-2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

148-2. Әлеуетті өнім берушіге жіберілетін конкурс немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізілмеген деп танудың негізінде бір көзден сатып алу шарты туралы ақпарат өткізілмеген деп танылған конкурстың немесе аукционның конкурстық немесе аукциондық құжаттамасына сәйкес болуы тиіс.

Бұл ретте, әлеуетті өнім беруші жіберілетін ақпаратта бір көзден сатып алу шарттарында тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсету, жұмыстарды орындау мерзімдерін қамтуы тиіс. Осы мерзімдер конкурстық құжаттамада және мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасында белгіленген мерзімдерден асуы мүмкін, бірақ күнтізбелік он бес күннен артық емес.

ҚР Үкіметінің 2010.02.04. № 280 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.04.05. № 573 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.21.05. № 521 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 149-тармақ өзгертілді

149. Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету туралы ұсынысты қабылдаған жағдайда, әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға оның осы Ереженің 51-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жалпы және арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу процесіне байланысты шектеулердің жоқтығын растайтын құжаттарды, ұсынылып отырған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, өзінің жазбаша келісімін, сондай-ақ жеткізілетін тауарлар, орындалатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін әлеуетті өнім беруші ұсынатын бағаны оның негіздемесімен жібереді, талап етілетін құжаттарды ұсыну мерзімі мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақыру алған күнен бастап, үш жұмыс күнінен аспауы тиіс.

Баға негіздемесі әлеуеттi өнiм берушiнiң тасымалдауға, сақтандыруға, кеден бажын, ҚҚС және басқа да салықтарды, төлемдер мен алымдарды, жинақтаушы бөлшектер мен мiндеттi қосалқы бөлшектер құнын, бiр өлшем бiрлiгiне пайдаланудың бастапқы мерзiмi iшiнде қызмет көрсетуге арналған барлық шығыстарды, басқа да шығыстарды қоса алғанда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуге ұсынатын құнның есебін қамтуы тиіс.

Заңның 32-бабының 4) тармақшасының негізінде мемлекеттік сатып алу бір көзден сатып алу тәсілімен жүзеге асырылған жағдайда әлеуетті өнім берушіден мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға өзінің жалпы және арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

Егер неғұрлым жақсы функционалдық және басқа да сипаттамалары бар тауарлар мен көрсетілетін қызметтер ұсынылса, сондай-ақ неғұрлым үздік технологиялық шешімдер және (немесе) жақсы материалдардан жұмыстарды орындау ұсынылса әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ұсынған техникалық ерекшелікке сәйкес келмеуіне жол беріледі.

150. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс берушіге қол қою үшін берілетін бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қорытындылары туралы хаттаманы ресімдейді, онда мынадай ақпарат қамтылуға тиіс:

1) бір көзден сатып алу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды қолдану негіздемесі;

2) бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы;

ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу Заңның 32-бабының 4) тармақшасының негізінде жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы;

4) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалатын өнім берушінің атауы мен орналасқан жері және осындай шарттың бағасы.

151. Егер бір көзден сатып алу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін сараптама комиссиясы не сарапшы бекітілген жағдайда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға сараптамалық қорытынды қоса тіркеледі.

152. Тапсырыс беруші бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күнінен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей хаттаманың мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсына орналастыруға тиіс.

ҚР Үкіметінің 2014.21.05. № 521 Қаулысымен 153-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

153. 152-тармақтың талабы олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияны және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді құрайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.

ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен 154-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.21.05. № 521 Қаулысымен 154-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

154. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу:

1) егер әлеуетті өнім беруші ұсынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағасы осы сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сомадан асып түскен;

2) егер әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу Заңның 32-бабы 4) тармақшасының негізінде бір көзден алу тәсілімен жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, әлеуетті өнім беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;

3) егер әлеуетті өнім беруші қатысудан бас тартқан;

4) егер әлеуетті өнім беруші неғұрлым жақсы техникалық, сапалық және функционалдық сипаттамалары бар техникалық ерекшелікті ұсыну жағдайларын қоспағанда, тапсырыс берушінің техникалық ерекшелігінде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін техникалық ерекшелікті ұсынған жағдайларда өтпеді деп танылады.

 

 

1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   38

Похожие:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 Қаулысы
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 10 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 Қаулысы icon«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 Қаулысы iconОңтүстік Қазақстан облыстық медициналық ақпараттық талдау орталығының директоры Е. Ахметовке
Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы, Сізден Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік сатып заңының Ережесін бекіту туралы»...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы
«Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1718 қаулысы
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңының 7-бабының 14-7 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы №1222 қаулысы
Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 23, 24-баптарына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 ақпандағы №175 қаулысы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 16 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі №979 қаулысы
«Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 23 шілде 2015 жылғы №578 Қаулысы
Республикасы Үкіметінің «Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру тәртібін бекіту туралы» 19 қаңтар...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 Қаулысы icon"Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол картасы 2020" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы №556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница