Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 Қаулысы




НазваниеҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 Қаулысы
страница13/38
Дата конвертации14.02.2016
Размер3.57 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://mgov.kz/wp-content/uploads/2013/09/Pravila-osushh.goszakupok-1301-kaz.doc
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   38
Баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік

сатып алуды жүзеге асыру туралы әлеуетті өнім берушілерді хабардар ету

 

125. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы барлық ұсыныстарды беру мерзімі аяқталғанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырысшының интернет-ресурсында не ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, мемлекеттік сатып алудың осы тәсілін қолдану мүмкіндігін қамтамасыз ететін кез келген басқа интернет-ресурста электрондық хабарландыруды орналастыруға тиіс.

126. Баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы электрондық хабарландыру мынадай мәліметтерді қамтуға тиіс:

1) тапсырыс берушінің толық атауы мен почталық мекен-жайы;

2) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен почталық мекен-жайы;

3) жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың атауы;

ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен  4) тармақша  жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

4) мемлекеттік сатып алу үшін бөлінген соманы көрсете отырып жүргізілетін мемлекеттік сатып алудың мәні болып табылатын тауарлар саны, орындалатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер көлемі;»;

ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен   тармақ 4-1),4-2),4-3) тармақшалармен толықтырылды

4-1) сатып алынатын тауарлардың (техникалық жағдайларды көрсете отырып), жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаты;

4-2) тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны;

4-3) тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің талап етілетін мерзімі;

5) әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын беру орны мен басталу және аяқталу мерзімі;

6) әлеуетті өнім берушінің тауарларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге байланысты барлық шығыстарды баға ұсынысына енгізу қажеттігі туралы талап;

7) елеулі шарттарды көрсете отырып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы;

8) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қою талап етілетін мерзім.

127. Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды құрайтын баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен оларды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс берушінің не уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияламастан кемінде екі әлеуетті өнім берушіге осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қатысу туралы жазбаша ұсыныс жібереді. Бұл ретте жазбаша ұсыныста Заңның 31-бабының 1-тармағында көрсетілген ақпарат болуға тиіс. Шақыруға елеулі талаптарды көрсете отырып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы қоса берілуге тиіс.

 

 

Әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын беруі

 

128. Әрбір әлеуетті өнім беруші мынадай мәліметтерді қамтуға тиіс тек бір баға ұсынысын ғана береді:

1) әлеуетті өнім берушінің атауы, заңды және іс жүзіндегі мекен-жайы (заңды тұлға үшін), патентінің және жеке куәлігінің (паспортының) нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты жері (жеке тұлға үшін), СТН-і және банктік деректемелері;

2) жеткізілетін тауарлардың атауы, сипаттамасы мен саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы мен көлемі;

3) тауарлар жеткізілетін, жұмыстар орындалатын, қызметтер көрсетілетін орын мен мерзімі;

4) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бір бірлігінің құны оған енгізілген шығыстар туралы мәліметтерді көрсете отырып.

129. Баға ұсынысындағы тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету шарттары мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы орналастырған баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы электрондық хабарландырудағы (жазбаша шақырудағы) шарттарға қайшы келмеуге тиіс.

130. Баға ұсынысы бар мөрленген конверттің беткі жағына әлеуетті өнім беруші мыналарды көрсетуге тиіс:

1) әлеуетті өнім берушінің толық атауы мен почталық мекен-жайы;

2) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының электрондық хабарландыруында және жазбаша шақыруында көрсетілген ұқсас мәліметтерге сәйкес келуге тиісті мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен почталық мекен-жайы;

3) қатысу үшін әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы берілетін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың атауы.

131. Баға ұсынысы конвертке салынып мөрленеді және әлеуетті өнім беруші оны мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы электрондық хабарландыруда немесе жазбаша шақыруда көрсеткен кезеңде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға береді.

132. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы:

1) баға ұсынысы салынған конвертті ұсынған әлеуетті өнім берушінің өкілінің өкілеттіктерін құжаттамалық растаудың болуын тексереді;

ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен  2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

2) баға ұсынысы салынған конвертте осы Ереженің 130-тармағында көзделген мәліметтердің болуын тексереді. Осы Ереженің көрсетілген тармағының талаптарын бұза отырып ресімделген баға ұсыныстары салынған конверттер тіркелмейді және:

баға ұсыныстары салынған конвертті почта байланысымен алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей әлеуетті өнім берушілерге;

баға ұсыныстары салынған конвертті берген әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкіліне дереу қайтарады;

3) тиісті түрде ресімделген баға ұсыныстары салынған концерттерді қабылдайды және осы Ереженің 134-тармағының тармақшаларында көзделген мәліметтерді баға ұсыныстарын тіркеу журналына енгізеді.

133. Баға ұсыныстарын берудің түпкілікті мерзімі өткеннен кейін берілген конверт тіркелуге жатпайды және осы Ереженің 132-тармағының 2) тармақшасында көзделген тәртіппен және мерзімде қайтарылады.

134. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын тіркеу журналында мынадай мәліметтерді көрсетеді:

1) баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың атауы;

2) тапсырыс берушінің және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы, олардың почталық мекен-жайы;

3) әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты;

4) әлеуетті өнім берушінің толық атауы және почталық мекен-жайы, оның СТН-і;

5) әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысының тіркелген күні мен уақыты.

135. Баға ұсыныстарын тіркеу журналында осындай бас тартудың себебі баяндала отырып, баға ұсыныстарын тіркеуден бас тартылған әлеуетті өнім берушілердің тізімі көрсетілуге тиіс. Баға ұсыныстарын тіркеу журналы тігілуге, беттері нөмірленуге және оған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бұрыштама қоюға тиіс, баға ұсыныстарын тіркеу журналының соңғы беті мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мөрімен бекітілуге тиіс. Бір қаржы жылы ішінде баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді барлық мемлекеттік сатып алу бойынша бірыңғай баға ұсыныстарын тіркеу журналын жүргізуге жол беріледі.

Егер баға ұсыныстарын беру мерзімінің ішінде әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстары салынған кемінде екі конверт ұсынылғанда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын беру мерзімін бес жұмыс күніне ұзартады. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын беру мерзімі біткен күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей Заңның 31-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген іс-шараларды орындайды.

 

 

Баға ұсыныстарын салыстыру және баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен тауарларды,

жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу қорытындыларын шығару

 

136. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді ашады және белгіленген мерзімде ұсынылған және тиісті журналда тіркелген әлеуетті оны берушілердің баға ұсыныстарын баға ұсыныстарын беру мерзімі аяқталғаннан кейінгі күн ішінде салыстырады.

137. Сатып алынатын тауарды жеткізушіні, жұмысты орындаушыны, қызметтер көрсетушіні мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ең төменгі баға ұсынысының негізінде айқындайды.

138. Егер ең төменгі баға ұсынысын бірнеше әлеуетті өнім беруші ұсынған болса, баға ұсынысы басқа әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарынан ертерек түскен әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.

ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен  139- тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

139. Әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын беруі аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының шешімімен баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың қорытындылары бекітіледі.

Егер сатып алуды ұйымдастырушы болып тікелей не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу рәсімін орындауға жауапты өзінің құрылымдық бөлімшесі атынан тапсырыс берушінің өзі әрекет еткен жағдайда, осындай мемлекеттік сатып алу қорытындыларын тапсырыс берушінің бірінші басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын, жауапты хатшы өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлға не оның міндетін атқаратын тұлға бекітеді.

140. Баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың қорытындыларын бекіту туралы шешімде мынадай мәліметтер қамтылуға тиіс:

1) тапсырыс берушінің және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы, олардың почталық мекен-жайы;

2) баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен жүргізілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың атауы;

3) ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен  алып тасталды (бұр. ред. қара)

4) баға ұсыныстарын берудің түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін баға ұсыныстарын берген әлеуетті өнім берушілердің толық атауы, тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге олар мәлімдеген баға;

5) қабылдамау себептерін негіздей отырып, қабылданбаған баға ұсыныстары туралы;

6) баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен мемлекеттік сатып алудағы жеңімпаз туралы, сондай-ақ жеңімпаз ұсынғандай бағаны ұсынған әлеуетті өнім беруші туралы не баға ұсынысы жеңімпаз ұсынған бағадан кейін ең аз баға болып табылатын әлеуетті өнім беруші туралы.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алу қорытындыларын бекіткен күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен қорытындылар туралы ақпаратты Заңның 31-бабының 1-тармағында көзделген ақпарат орналасқан интернет-ресурста орналастыруға міндетті.

Баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындыларын жариялау туралы талап олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды құрайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жағдайына қолданылмайды.

 

 

5. Бір көзден сатып алу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін

қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу

 

141. Бір көзден сатып алу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді тапсырыс беруші Заңның 32-бабында белгіленген жағдайда қабылдайды.

ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен 142-тармақ өзгертілді (
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   38

Похожие:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 Қаулысы
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 10 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 Қаулысы icon«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 Қаулысы iconОңтүстік Қазақстан облыстық медициналық ақпараттық талдау орталығының директоры Е. Ахметовке
Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы, Сізден Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік сатып заңының Ережесін бекіту туралы»...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы
«Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1718 қаулысы
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңының 7-бабының 14-7 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы №1222 қаулысы
Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 23, 24-баптарына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 ақпандағы №175 қаулысы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 16 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі №979 қаулысы
«Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 23 шілде 2015 жылғы №578 Қаулысы
Республикасы Үкіметінің «Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру тәртібін бекіту туралы» 19 қаңтар...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 Қаулысы icon"Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол картасы 2020" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы №556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница