«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты




Скачать 82.68 Kb.
Название«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Дата конвертации14.02.2016
Размер82.68 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://e-kyzylorda.gov.kz/sites/default/files/documents/GosUslugi/KASIPKERLIK/standart/predostav


Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2015 жылғы _________________

№ ______ бұйрығына

3-қосымша


«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер



  1. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беру»мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының кеңсесі жүзеге асырады.


2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі


4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күн ішінде;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты 30 (отыз) минуттан аспайды;

3) рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты 1 (бір) сағаттан аспайды.

5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.

6. Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысы хаттамасының көшірмесі мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі болып табылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы Кепілдік беру шартына қол қойғанға дейін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамына кепілдікті беру үшін кепілдік беру мерзіміне байланысты: 2 (екі) қоса алғанда жылға дейін - кепілдік беру сомасыннан 0,05 %; 2 (екі) жылдан астам - кепілдік беру сомасынан 0,1 % төлейді.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін, үзіліс 13.00-ден 15.00-ға дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүргізіледі.

Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 9.00-ден 19.00 аралығында, 13.00-ден 15.00-ға дейінгі түскі үзіліспен жүзеге асырылады.

9. Көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінуі кезінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

осы стандартқа қосымшаға сәйкес қатысуға арналған өтінім;

заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің* көшірмесі;

қызмет түріне лицензияның көшірмесі (егер қызмет түрі лицензияланатын болса);

өтінім бергенге дейінгі 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдерге берешегінің жоқтығын растайтын салық органының анықтамасы;

жарғы (егер заңды тұлға акционерлік қоғам нысанында құрылған жағдайда кәсіпкер, акциялар шығарылымының жиынтығы мен акционерлер тізілімінен үзінді көшірмені қосымша ұсынады (мөрмен расталған көшірме/қолтаңба);

кәсіпкердің соңғы қаржы жылындағы салық декларациясының көшірмесі және/немесе оның бірінші басшысы куәландырған (заңды тұлғалар үшін) дебиторлық және кредиторлық берешек (оның ішінде берешектің пайда болған күні, сомасы және тауарлар мен көрсетілетін қызметтің атауы) толық жазылған қаржылық жағдай туралы талдау жасауға мүмкіндік беретін интернет-ресурстарда жарияланған ақпарат қоса берілген қаржы есептерінің көшірмелері;

кәсіпкердің кепілдік сомасы есептелінген кредит алу мүмкіндігі туралы екінші деңгейдегі банктің/Даму банкінің оң шешімі бар хаты;

қаржы агентінің кәсіпкерді кепілдендіру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хатының көшірмесі (екінші деңгейдегі банктің/Даму банкінің мөрімен куәландырылған);

кәсіпкердің жобасын іске асыру бойынша болжамды мерзімдерді, жобаны іске асыру шарттарын қамтитын бизнес-жоспары.

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) құжаттарды қабылданғанын растау болып табылады.



  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
    көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
    адамдарының шешімдеріне, іс-қимылдарына (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі




10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, іс-қимылдарына (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

Шағымдар жазбаша нысанда почта арқылы немесе электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі, аты-жөні және берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетілетін қызметті алушының шағымында:

жеке тұлғалардың – аты-жөні, тегі, пошталық мекен-жайы көрсетіледі;

заңды тұлғалардың - атауы, пошталық мекен-жайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.

Өтінішке көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылады.

көрсетілетін қызметті берушінің мекен-жайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымның қаралу нәтижесі туралы дәлелді жауап пошталық байланыс арқылы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол түрде көрсетілетін қызметті алушыға беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын бағалау және бақылау жөнендегі алады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

11. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.



  1. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекен-жайы Министрліктің www.economy.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

13. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтер арқылы, қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты алу мүмкіндігіне ие.

14. Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі анықтамалық қызметтің байланыс телефондары www.economy.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.


Ескертпе:* «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;





«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымша



 «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ

Өңірлік филиалының директорына

________________________________________

ЖК _________/заңды тұлғаның басшысынан

(ШҚ,ЖШС және басқа) ______

 


ӨТІНІШ


Мен, __________________________________________________________________,

(заңды тұлғаның басшысының / жеке кәсіпкердің Т.А.Ә.)

келесілерді хабарлаймын: _____20___ жылы ________________________________

(Банктің атауы)

акционерлік қоғамының Уәкілетті Органы «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының аясында жылдық ___ %, ___ ай мерзіммен, ___ теңге мөлшерінде кредит желісін ашу/банктік қарыз беру туралы оң шешім қабылдады. Кредиттеу мақсаты ___.

Кредит желісі/банктік қарыз шарты бойынша қамтамасыз ету ретінде мен мынадай мүлікті ұсындым:

1)  ______________________________________________________________________,
(объектінің атауы, жалпы ауданы, салынған жылы, орналасқан жері, нарықтық құны теңгемен)


2)  ______________________________________________________________________,
(автокөлік құралы,шығарылған жылы, техникалық төлқұжатына сәйкес сипаттамасы, нарықтық құны теңгемен)


3)  ____________________________________________________________________.

басқа мүлік (атауын, сипаттамаларын, орналасқан жерін және басқаларды көрсете отырып)

Баяндалғанның негізінде, Сізден _____________ теңге мөлшерінде _____________ айға дейін мерзіммен кепілдеме беру мүмкіндігін қарастыруыңызды өтінемін. Бекітілген кредит желісі/банктік қарыз шегінде кредиттер берілмегендігін хабарлаймын.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамына _______________________________ кепілге тапсырылған мүлікке,

(Банктің атауы)

сондай-ақ _______________________ акционерлік қоғамының алдындағы міндеттемелерді

(Банктің атауы)

Қамтамасыз ету болып табылмайтын мүлік бойынша талаптар қоюға келісімімді беремін.

Кепілдік шартына қол қойылғанға дейін кепілдік сомасынан ___% мөлшерде кепілдік беру үшін комиссиялық алымды төлеуге кепілдік беремін.

 

Жеке кәсіпкер /

Заңды тұлға басшысының лауазымы _______________ ___________

(қолтаңба) (ТАӘ)

МО

Похожие:

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде кепілдіктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде кепілдіктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік...
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесіне субсидия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесіне субсидия беру»
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беру

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Бизнестің жол картасы 2020»
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру»
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon"Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол картасы 2020" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы №556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің...
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Туберкулезге қарсы ұйымдардан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Туберкулез диспансерінен анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты iconГүлден Жамбылова
Бүгінде мемлекетіміз жастар мәселесіне баса назар аударып отыр. Қай саланы қарасақ та, айбыны асып, күш-жігері тасыған жалынды жандар...
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан...
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»...
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының
Аймақтық үйлестіру кеңесінде мақұлданып, оның ішінде 173 жоба бойынша 11,5 млрд теңге көлемінде несиеге субсидиялау келісім шарты...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница