Мазмұны




НазваниеМазмұны
страница5/5
Дата конвертации14.02.2016
Размер0.71 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.diplomkaz.kz/wp-content/uploads/2013/03/Дип.-Жанама-салықтар.doc
1   2   3   4   5

Қорытынды

Тікелей салықтар кейбір экономикалық құбылыстары мен серпінін үнемі көрсете бермейді. Осыған байланысты жанама салықтарды қолдану бірқатар болжауларды қамтамасыз етеді.

Сонымен жанама салықтардың ерекшеліктері болып олардың салық ауыртпалығын басқа тұлғаларға ауыстыруы табылады.

Жанама салықтарды ұтымды және тиімді қолданса мемлекетке үлкен қаржылық түсімдер әкеледі, мысалы қосылған құн салығын қолдану қазіргі уақытта бюджеттік түсімдердің негізгі көзі болып отыр. Ең басты Қазақстан Республикасында қазіргі уақытта жанама салықтар өсідің тұрақты тенденцияларын иеденеді.

Жанама салықтар тікелей салықтарға қарағанда оңай жинақталады, себебі салықты таратушылар саны көп болғанымен, оны төлеушілер өндірушілер немесе сатып алушылар, яғни адамдар саны аз.

Жанама салықтардың осындай артықшылықтары оларды үнемі ауқымды қолдануға, сондай-ақ бір қатар жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін. Жанама салықтарды тарату мен олардың шамасын кеңейту мен шамадан тыс қолдануға болмайды. Оларды жаппай қолдану мен арттыру тауарды қымбаттатып халық табысының өсуін қысқартып, салық төлеуден алынатын табысты елеулі азайтады. Сондай-ақ оны қолдануды шамадан тыс азайтып жіберу салық алудан түсетін табысты азайтады. Сондықтан тікелей және жанама салықтардың арасындағы ұтымды ара-қатынасты табу маңызды. Қосылған құн салығы өндірістік және бөлінгіштік циклдан басталып соңғы тұтынушыға дейін әрбір сату актісінен алынатын көп сатылы салықты ұсынады. Салықтың объектісі қосылған құн болып табылады. Ол өзімен бірге шикізаттың, материалдың немесе жаңа өнім мен қызметті жасау үшін сатып алынған тауарлар мен өнімдердің құндарында қосылады.

Қосылған құнды өндіріс пен өткізудің әр буындарында бөліп қарастыру өзіндік мәнді иеленеді:

  • өндіруші де өндіріс шығындарын азайтуға ынта туғызатын тауар бағасының барлық элементтері мұқият шектелген;

  • салық бойынша есептеулер процесінде мемлекет өнекәсіптік және сауда капиталының айналымдық қарқыны туралы мәліметтер алып, макроэкономикалық бағдарламалаудың міндеттерін жеңілдетеді;

  • мемлекетке салықтың толық құнының жалғыз және соңғы төлеушісі болып қатысатын халықтан тауарларды өткізгенге дейін табыс келіп түседі.

1999-2002 жылдары арасында республикада мемлекеттік бюджетке салықтық түсімдердің қалыпты өсу тенденциясы байқалады. Бюджетке салықтық түсімдердің құрылымында жанама салықтардың ішінде қосылған құн салығының үлесі 22%. Мұндай жоғары көрсеткіш салық салу субъектісі мен объектісінің санын артқанының халық шаруашылығының барлық салаларында инвестициясының өскенінің куәсі.

Сонымен қатар осы кезеңдегі республикалық бюджет табыстарындағы жанама салықтар үлесі 36,3% — 29,2%-ке төмендеген. Оның себебі, қосылған құн салығы ставкасының 20%-тен 16%-ке, кейінен 15%-ке өзгеруі мен басқа салықтар рөлінің артуы.

Акциздік салықтарды бірдей бағалауға болады. Өз уақытысында У. Петти бүгінгі уақытқа дейін өзектілігін жоймаған, акциздік салыққа қатысты мынандай ұйғарым жасады: “Әркім не тұтынса, соған сәйкес төлем жасайды”. Бұл салық күшпен төленбейді. Осындай жағдайда көптеген акцизделетін тауарлар бірдей мөлшерде байлар мен кедейлерге қажет.

1990 жылдары дамыған елдерде тура және жанама салықтар жағадайы төмендегідей болды:

Греманияда, АҚШ-та, Жапонияда тікелей салықтар басым болса, Франция мен Италияда жанама салықтар, ал Ұлыбританияда екеуінің тең салымақтық үлесті иеленді. Гремания мен АҚШ-та тікелей салықтардың рөлі артса, Жапония мен Италияда жанама салықтардың рөлі артты.

Шаруашылық өмірдің ғаламдануы мен халықаралық еңбек бөлісінің өсуімен трансұлттық монополияның бөлінуі мен сыртқы сауда құрылымының өзгеруіне байланысты екінші әлемдік соғыстан кейін табыс көзі ретіндегі кедендік баждың рөлі біртіндеп түсті. Қазіргі уақытта Қазақстандық жаңа кодексінде қосылған құн салығынан босатудың аз шегі қарастырылған. 2003 жылдың 1-наурызынан бастап отандық телерадионы таратуды қолдану үшін электронды бұқаралық ақпарат құралдарының теле және радио өнімдерінің өзіндік өнімдеріне және таратылуы бойынша айналымдарға қатысты нөлдік процент мөлшерінде қосылған құн салығы белгіленген.

Сондай-ақ нөлдік ставканы қолданатын, аффинирленген қымбат металлдарды өткізуден басқа кәсіпорындар тізімі қысқарған. 20 және 10 проценттік қосылған құн салығының ставкаларының орнына, импортталатын тауарларға да 15 проценттік ортақ ставка бекітілген. Салық жүктемесінің осылай төмендеуі: біріншіден, қосылған құн салығын есептеу ортақ тәртібін белгілеу жолымен экономиканың барлық салалары үшін салық салу шарттарын теңдестіру мақсатымен байланысты. Екіншіден, қосылған құн салығының әлде қайда төмен ставкасын иеленуші салалар үшін шегерімдерден есепке алулар бойынша қосылған құн салығының теңсіздік проблемаларын шешідің қажеттілігінен туындады.

Жаңа Салық кодексінің елеулі артықшылығы болып оның бірден бір бабында өткізілген тауарлар жұмыстар мен қызметтер құнын салыстырудың қарастырылмауы, яғни өткізу құны мен нақты шығындар арасындағы айырмашылықты табыс деп танудың немесе қайта есептеу қажеттілігінің жоқтығы. Салық проблемасы әлде қайда күрделі және қайшылықты болып табылатындықтан іске енгізілген салық төлеушілердің заңдық құқығымен әлеуметтік мүдделерінің толық қорғалуын қамтамасыз ететін салық жүйесінің жағдайына баға беруге әлі ерте.


Қолданылған әдебиеттер тізімі


  1. ҚР Салық кодексі “салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы”. Алматы, 2004

  2. “ҚҚС туралы ҚР заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” // Егемен Қазақстан, 2002

  3. “ҚҚС есептеу және оны төлеу тәртібі” туралы нұсқаулық // Бух.бюллетені, 2002, ғ14-15 сәуір

  4. Назарбаев Н.А. Ел басшысының ҚР халықтарына жолдауы // Егемен Қазақстан, 05.04.2002

  5. Нурсейтов А.О. Предпринимателю о налоге на добавленную стоимость. Алматы, 1999

  6. Дербисов Е.Ж., Ержанов С.Ж. Налоги в Казахстане. Алматы, 2001

  7. Сержантов К.А. Налоги иналоговое прланирование. Алматы, 2002

  8. Аньшин В.М. Налогообложение в системе экономического управления. Москва, 1999

  9. Сейдахметова Ф.С. Налоги в Казахстане. Алматы, 2002

  10. Худяков А.И., Бродский Г.М. Теория налогообложения. Алматы, 2002

  11. Балабанов Е. Все начиналось с десятины // Қаржы-қаражат, ғ 12, 2002

  12. Трошин А.В. Сравнительный анализ методик определения налоговой нагрузки предприятия // Финансы, ғ5, 2000

  13. Пушкарева В.М. История финансовой мысли и политики налогов. Москва, 1999

  14. Раимбеков А. Классификация налогов // Қаржы-қаражат, ғ7, 2001

  15. Гаджиев Р.Г. О соответствии прямого и косвенного налогообложения // Финансы, ғ3, 2000

  16. Интикбаева С.Ж. Некоторые проблемы налоговой политики // Қаржы-қаражат, ғ1, 2003

  17. Культбатыров А. Пути совершенствования системы местных налогов и сборов // Қаржы-қаражат, ғ12, 2003

  18. Атыгаева З., Бекбердиев Б. Налоговый контроль в современных условиях // Қаржы-қаражат, ғ7-8, 2002

  19. Раимкулов А. Контроль как приоритетное направление в пополнении доходов бюджета // Қаржы-қаражат, ғ1, 2003

  20. Бабич Е. Контроль еще раз контроль // Қаржы-қаражат, ғ4, 2003


1   2   3   4   5

Похожие:

Мазмұны iconМазмұны кіріспе І – БӨлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
Мемлекеттің кәсіпкерлік ісіне араласу жағдайы, себептері
Мазмұны icon«теориялық саясаттану» пәні бойынша № Мазмұны
Саясат ұғымы. Саясат табиғатын анытаудағы ағыттардың көптүрлілігі, оның мазмұны мен көлемі
Мазмұны iconМазмұны Кіріспе І тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі
Тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі
Мазмұны iconПән тақырыптарының мазмұны Тақырып Саясат әлем теориялық зерттеу объектісі ретінде
Саясаттың мақсаты мен құралдары. Саясат мүмкіндік өнері ретінде. Саяси болмыстың құрылымы. Саясат әлемінің мазмұны. Саясатты кәсіби...
Мазмұны iconМазмұНЫ

Мазмұны iconМазмұны

Мазмұны iconМазмұНЫ

Мазмұны iconМазмұны
Глоссарий
Мазмұны iconМазмұны
Глоссарий
Мазмұны iconМазмұны
Кіріспе
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница