«Үлескерлердің а қшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру»




Скачать 486.97 Kb.
Название«Үлескерлердің а қшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру»
страница1/3
Дата конвертации14.02.2016
Размер486.97 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://e-kyzylorda.gov.kz/sites/default/files/documents/GosUslugi/ARHITEKTURA/STANDART/147vydach
  1   2   3



Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2015 жылғы наурыздың 27
№ 276 бұйрығымен бекітілген

4-қосымша



«Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын
ұйымдастыру жөніндегі қызметке
лицензия беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер


1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» (бұдан әрі – көрсетілетін мемлекеттік қызмет).

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартын әзірлейтін орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігі.
      3. Мемлекеттік қызметті сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші):

1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – орталық);

2) www.e.gov.kz «электронды үкімет» веб-порталы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.


2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі


      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

     1) орталыққа немесе порталға құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап лицензия беру, заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару нысанында қайта ұйымдастыру және заңды тұлға-лицензиатты бөліну нысанында қайта ұйымдастыру кезінде қайта ресімдеу үшін он бес жұмыс күнін, лицензияның телнұсқасын беру, жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы, заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген кезінде қайта ресімдеу үшін екі жұмыс күнін құрайды (өтініш пен құжаттар қабылданған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);

      2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алғанға дейін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ күту уақыты – 15 минуттан аспайды;

      3) жүгінген күні көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

     6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу және лицензияның телнұсқасын беру не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және қағаз түрінде.

Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны алуға, қайта ресімдеуге және лицензияның телнұсқасын қағаз жеткізгіште алуға жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен және мөрмен куәландырылады.

Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.

7. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі.

Лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 471-бабына сәйкес алынады және ол лицензия беру үшін 10 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) және лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 %-ын құрайды, лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды, бірақ 4 АЕК-тен аспайды.

Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия алуға, қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқаларын беруге электрондық сұрау берілген жағдайда, төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

8. Жұмыс кестесі:

1) орталық – көрсетілетін мемлекеттік қызмет еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесі бойынша күн сайын, дүйсенбі мен сенбі аралығында сағат 9.00-ден 20-00-ге дейін үзіліссіз көрсетіледі.

Қабылдау «электрондық кезек» тәртібімен жеделтетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. Қызмет алушының қалауы бойынша портал арқылы электрондық кезекті «брондауға» болады;

2) порталдың – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

9. Мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет алушы мынадай құжаттардың тізбесін ұсынады:

1) бірінші кезеңде лицензия алған кезде орталыққа:

заңды және жеке тұлға үшін осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;

заңды тұлға үшiн – өтініш беруші заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы;

жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

жеке кәсiпкер үшiн – өтiнiш берушiнi жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқа ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған) көшiрмесi;

«электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;

жобалау компаниясына меншік құқығында немесе жер пайдалану құқығында тиесілі жер учаскесіне құқық белгілеуші құжаттың көшірмесі;

құрылыстың нөлдік сатысындағы жобалау (жобалау-смета) құжаттамасы бойынша сараптама қорытындысының көшірмесі;

агент-банкпен шарттың көшірмесі;

тұрғын ғимартты салу үшін агент-банктің тұрғын ғимаратты салу құнының кемінде он бес пайызы мөлшерінде немесе нөлдік циклдегі құрылыс құнына балама мөлшерде меншікті қаражатының бар екені туралы анықтамасының көшірмесі;

қол қойылған пайдалануға беру актілерінің, жобалау компаниясының жарғылық қорында елу пайыздан астам жарғылық капиталы бар құрылтайшының, оның ішінде тапсырыс беруші ретіндегі құрылтайшының тұрғын ғимараттарды тұрғызуда кемінде үш жыл тәжірибесінің бар екенін растайтын қосалқы мердігерлік шарттарының нотариалды куәландырылған көшірмелері;

қол қойылған пайдалануға беру актілерінің нотариалды куәландырылған көшірмелері, жобалау компаниясының жарғылық қорында елу пайыздан астам жарғылық капиталы бар құрылтайшының кемінде жүз пәтерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде пайдалануға беру тәжірибесінің болуы;

жобалау компаниясының жарғылық қорында елу пайыздан астам жарғылық капиталы бар құрылтайшының кемінде жүз мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде меншікті капиталының бар екені туралы агент-банк анықтамасының көшірмесі;

2) екінші кезеңде лицензия алған кезде орталыққа:

заңды және жеке тұлға үшін осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;

заңды тұлға үшiн – өтініш беруші заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы;

жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

жеке кәсiпкер үшiн – өтiнiш берушiнi жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқа ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған) көшiрмесi;

«электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;

құрылыс объектісінің жобалау (жобалау-смета) құжаттамасы бойынша сараптама қорытындысының көшірмесі;

құрылыстың нөлдік циклінің аяқталғаны туралы аралық қабылдау актісінің көшірмесі;

агент-банкте үлескерлердің тұрғын ғимарат құрылысы құнының кемінде он бес пайызы мөлшерінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарға сәйкес енгізілген депозитінің бар екені туралы агент-банк анықтамасының көшірмесі;

құрылысты аяқтау үшін толық көлемде меншікті қаражатының не тұрғын ғимарат құрылысы құнының кемінде жиырма бес пайызы мөлшерінде меншікті қаражатының бар екені туралы агент-банк анықтамасының және құрылысты аяқтау үшін жеткілікті инвестиция беру туралы инвестормен келісімнің көшірмесі;

сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсететін ұйыммен шарттың көшірмесі;

3) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы, заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген, заңды тұлға-лицензиатты бірігу нысанында қайта ұйымдастыру, заңды тұлға-лицензиатты қайта құру нысанында қайта ұйымдастыру, заңды тұлға-лицензиатты басқа заңды тұлғамен қосылу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде қайта ресімдеген кезде орталыққа:

заңды және жеке тұлға үшін осы стандартқа 3 және 4-қосымшаларға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;

лицензияның және лицензияға қосымшаның көшірмесі (мемлекеттік ақпараттық жүйелерде лицензия туралы мәліметтер болмаған жағдайда);
      «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;

алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың көшірмелері;

4) лицензияның телнұсқасын берген кезде орталыққа:

заңды және жеке тұлға үшін осы стандартқа 5 және 6-қосымшаларға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;

жеке басын куәландыратын құжат – салыстырып тексеру үшін;

лицензияның және лицензияға қосымшаның көшірмесі (мемлекеттік ақпараттық жүйелерде лицензия туралы мәліметтер болмаған жағдайда);

«электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;

лицензия және (немесе) лицензияға қосымшалар жоғалған, бүлінген кезде көрсетілетін қызметті алушы порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтер алуға мүмкіндік болмаған жағдайда ғана лицензияның телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді.

Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын жеке басын куәландыратын; заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы; дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың мәліметтерін; лицензия туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының ЭЦҚ қойылған электронды құжаттар нысанында орталықтың қызметкері өзі алады;

5) бірінші кезеңде лицензия алған кезде порталға:

заңды және жеке тұлға үшін осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес белгіленген нысан бойынша қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;

лицензияның және лицензияға қосымшаның көшірмесі (мемлекеттік ақпараттық жүйелерде лицензия туралы мәліметтер болмаған жағдайда, сканерленген көшірме түрінде қоса беріледі);

«электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;


осы стандарттың 9-тармағының 1) тармақшасына сәйкес біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер мен құжаттар, ол электронды көшірме түрінде электрондық сұрауға қоса беріледі;

6) екінші кезеңде лицензия алған кезде порталға:

заңды және жеке тұлға үшін осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес белгіленген нысан бойынша қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;

лицензияның және лицензияға қосымшаның көшірмесі (мемлекеттік ақпараттық жүйелерде лицензия туралы мәліметтер болмаған жағдайда, сканерленген көшірме түрінде қоса беріледі);

«электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;

осы стандарттың 9-тармағының 2) тармақшасына сәйкес біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер мен құжаттар, ол электронды көшірме түрінде электрондық сұрауға қоса беріледі;

7) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы, заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген, заңды тұлға-лицензиатты бірігу нысанында қайта ұйымдастыру, заңды тұлға-лицензиатты қайта құру нысанында қайта ұйымдастыру, заңды тұлға-лицензиатты басқа заңды тұлғамен қосылу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде қайта ресімдеген кезде порталға:

заңды және жеке тұлға үшін осы стандартқа 3 және 4-қосымшаларға сәйкес белгіленген нысан бойынша қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;

лицензияның және лицензияға қосымшаның көшірмесі (мемлекеттік ақпараттық жүйелерде лицензия туралы мәліметтер болмаған жағдайда, сканерленген көшірме түрінде электрондық сұрауға қоса беріледі);

«электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;

алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың сканирленген көшірмелері.

8) лицензияның телнұсқасын берген кезде порталға:

заңды және жеке тұлға үшін осы стандартқа 5 және 6-қосымшаларға сәйкес белгіленген нысан бойынша қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;

лицензияның және лицензияға қосымшаның көшірмесі (мемлекеттік ақпараттық жүйелерде лицензия туралы мәліметтер болмаған жағдайда);

«электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi.

Лицензия және (немесе) лицензияға қосымшалар жоғалған, бүлінген кезде көрсетілетін қызметті алушы порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтер алуға мүмкіндік болмаған жағдайда ғана лицензияның телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға орталық ұсынған нысан бойынша жазбаша келісім береді.

Құжаттар орталық арқылы қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға мыналарды:

сұратудың нөмірі мен қабылданған күнін;

сұратылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрін;

оса берілген құжаттардың саны мен атауларын;

құжаттардың берілетін күнін (уақытын) және орнын;

құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдап алған орталық қызметкерінің тегін, атын, әкесінің атын;

көрсетілетін қызметті алушының тегін, атын, әкесінің атын, көрсетілетін қызметті алушының өкілінің тегін, атын, әкесінің атын және олардың байланыс телефондарын көрсете отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың мәліметтерін, лицензия туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының ЭЦҚ қойылған электронды құжаттар нысанында қызмет беруші өзі алады.

10. Егер:

1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салынса;

2) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмесе;

3) қызмет алушы біліктілік талаптарына сай келмесе;

4) өтініш берушіге қатысты оның қызметтің жекелеген түрімен айналысуына тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болса;

5) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот қызмет алушыға лицензия алуға тыйым салса, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылады.

Құжаттарды қабылдаудан бас тартылған жағдайда, орталық қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға жетіспейтін құжаттарды көрсете отырып, осы стандартқа 7-қосымшаға сәйкес қолхат береді.

  1   2   3

Похожие:

«Үлескерлердің а қшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру» iconҮлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру
Стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағымен көзделген құжаттардың болуы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылды)...
«Үлескерлердің а қшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру» iconҚорлардың салымшылары (алушылары)
Заңды тұлғаларға зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру бойынша қызметке лицензия берілген жоқ
«Үлескерлердің а қшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру» iconТөретам кенті бойынша тұрғын үй құрылысын салу үшін жер учаскесін алуға кезекте тұрғын азаматтардың тізімі

«Үлескерлердің а қшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру» iconУәкiлетті ұйымдарға шетелдiк валютамен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Уәкiлетті ұйымдарға шетелдiк валютамен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметтi жүзеге...
«Үлескерлердің а қшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру» iconЗайсан ауданынының тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған б а ғ дарламас ы
Шығыс Қазақстан облысы. Зайсан ауданындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасы
«Үлескерлердің а қшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру» iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерге тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Й қорын басқару тетіктерін жетілдіруге қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Сонымен қатар, мемлекеттік тұрғын үй қорынан...
«Үлескерлердің а қшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру» iconМемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берілуге мұқтаж адамдар есебінің дара (бөлек) тізімдері

«Үлескерлердің а қшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру» icon«Құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»...
«Үлескерлердің а қшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру» icon«Білім беру қызметіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Білім беру қызметіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)
«Үлескерлердің а қшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру» iconМемлекеттік кәсіпорынның не мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж
Стандарт) 9-тармағында көзделген құжаттардың тізбесі мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница