Қ азақстан республикасының




Скачать 39.69 Kb.
НазваниеҚ азақстан республикасының
Дата конвертации14.02.2016
Размер39.69 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.kstu.kz/wp-content/uploads/docs/press/nbank/PR_5-каз.doc
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҰЛТТЫҚ БАНКІ

5 БАСПАСӨЗ Р Е Л И З І

2012 жылғы 7 ақпан


Қазақстан Республикасы төлем балансының 2011 жылғы алдын ала нәтижелері


Ағымдағы операциялар шоты

Қазақстан Республикасының төлем балансын алдын ала бағалау бойынша ағымдағы операциялар шотының профициті 2011 жылы (есепті кезең) 2010 жылғы (базалық кезең) осындай көрсеткішпен салыстырғанда 4,5 есе дерлік ұлғая отырып, 13,6 млрд. долл. құрады.

Ағымдағы операциялардың оң балансының базалық кезеңмен салыстырғанда айтарлықтай ұлғаюы энергия тасымалдағыштардың әлемдік бағаларының жоғары деңгейінің аясында тауар экспорты құнының өсірілуімен де қамтамасыз етілді. 2011 жылы орташа алғанда brent сұрыпты мұнай бағасының әлемдік бағасы бір баррель үшін 110,9 долл. құрады, бұл базалық кезеңдегі орташа деңгейден (бір баррель үшін 79,6 долл.) 39,3%-ға жоғары. Бұл ретте мұнайдың едәуір жоғары бағасы есепті кезеңнің екінші тоқсанында байқалды – бір баррель үшін 117,1 долл. (үшінші тоқсанда бір баррель үшін 112,5 долл. және төртіншіде бір баррель үшін 109,3 долл.). Нәтижесінде, тауарлар экспорты 2010 жылдың осындай көрсеткішімен салыстырғанда 46,1%-ға ұлғайып, Ұлттық Банктің бағалауы бойынша 88,9 млрд. долл. болды.

Тауарлар импортының көлемі де 42,1 млрд. долл. (базалық кезеңде шамамен 32,0 млрд. долл.) асып, айтарлықтай өсті (31,8%-ға). Нәтижесінде, есепті кезеңдегі сауда балансы халықаралық қызметтермен және инвестициялық кірістермен операциялар бойынша ресурстардың нетто-ағынын өтей отырып, Ұлттық Банктің бағалауы бойынша 46,8 млрд. долл. (28,9 млрд. долл. болған базалық кезеңмен салыстырғанда 61,9%-ға өсу) болатын оң сальдомен қалыптасты.

Қызметтер балансының дефициті алдын ала бағалау бойынша есепті кезеңде базалық кезеңнің көрсеткішімен салыстырғанда 14,3%-ға төмендей отырып, 6,1 млрд. долл. құрады. Қызметтердің теріс теңгерімсіздігінің қысқаруы базалық кезеңмен салыстырғанда 7,4%-ға қысқарған қызметтер импортының азаюымен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар 2011 жылдың екінші жартыжылдығында есепті кезеңнің бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда резидент еместер көрсеткен қызметтер көлемінің айтарлықтай ұлғайғаны (40,8%-ға) белгіленді, бұл 2011 жылдың бірінші жартысында тоқтатыла тұрған Қашаған кен орнындағы тәжірибелік-өнеркәсіптік әзірлемелердің екінші фазасын іске асыру шеңберіндегі жұмыстардың қайта жаңғыруымен байланысты болды.

Тауарлар экспортынан түсімдердің ұлғаюы салдарынан да экономиканың салаларына сәйкес келетін шетелдік тікелей инвесторлардың кірістері өсуін жалғастырды. Шетелдік тікелей инвесторларға төлемдер алдын ала 24,1 млрд. долл. деп бағаланды, бұл базалық кезеңнің осындай көрсеткішінен (16,2 млрд. долл.) 48,9%-ға жоғары. Тікелей инвестициялау қатынастарымен байланысты емес кредиторларға сыйақы төлемдері де есепті кезеңде 17,5%-ға ұлғая отырып, 3,1 млрд. долл. құрады. Нәтижесінде, инвестициялық кірістер балансының теріс сальдосы алдын ала бағалау бойынша базалық кезеңдегі 17,0 млрд. долл. салыстырғанда 25,2 млрд. долл. болды.


Қаржылық шот

Алдын ала бағалау бойынша, қаржылық шот бойынша көрсетілген кезеңде 7,2 млрд. долл. болатын нетто-әкету қалыптасты.

Шет елге тікелей инвестициялар бойынша 4,4 млрд. долл. болған нетто-әкету акционерлік капиталдың өсуімен қамтамасыз етілді. Бұл ретте акционерлік капиталдың өсуі бұған дейін қазақстандық тікелей инвесторлардан алынған заемдарды өтеуге шетелдік компаниялардың капиталын толықтырумен ішінара байланысты болды. Қазақстандық компаниялардың өздерінің еншілес шетелдік компаниялар алдындағы міндеттемелерін өтеуімен қатар (негізінен, 1-жартыжылдықта) есепті кезеңнің үшінші тоқсанында мұнай-газ секторының жетекші компанияларының бірінің синдицирленген заем тартуы есебінен өсуі байқалады.

Шетелдік тікелей инвестициялардың (ШТИ) Қазақстанға таза түсуі базалық кезеңдегі 10,7 млрд. долл. салыстырғанда 13,1 млрд. долл. асып кетті. Базалық кезеңмен салыстырғанда елге ШТИ-дің нетто-әкелінуінің ұлғаюы негізінен шет елдің қатысуы бар банктердің және банктік емес сектор кәсіпорындарының акционерлік капиталының ұлғаюымен, сондай-ақ қазақстандық кәсіпорындардың бөлінбеген пайдасының (қайта инвестицияланған пайда) өсуімен байланысты операциялармен қамтамасыз етілді. Нәтижесінде, тікелей инвестициялау операциялары бойынша оң баланс есепті кезеңде 8,8 млрд. долл. болып бағаланады.

Алдын ала деректер бойынша 12,6 млрд. долл. болатын портфельдік инвестициялар бойынша нетто-әкетілу, негізінен, ҚР Ұлттық қорының шетелдік активтерінің 11,4 млрд. долл. өсуімен қамтамасыз етіледі. Өткен жылдың екінші-төртінші тоқсандарында Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттары нарығынан резидент еместердің кетуі Ұлттық Банктің ноттарымен операциялар бойынша 0,2 млрд. долл. болатын ресурстың нетто-әкетілуіне әкеп соқты.



Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында (БАҚ) төлем балансының ағымдағы шотының 2011 жылғы жай-күйі туралы Ұлттық Банктің болжамы бойынша ақпарат жарияланды, оған сәйкес ағымдағы шоттың профициті 8,2 млрд. долл. құрады. Бұл болжам Қазақстанның қаржылық тұрақтылығы туралы 2011 жылғы есепте келтірілген, бұл ретте болжамның 2011 жылғы қарашадағы жағдай бойынша қалыптастырылғаны көрсетілген. Көрсетілген болжамды әзірлеу кезінде төлем балансының бірінші жартыжылдықтағы есебі және кедендік статистиканың сыртқы сауда жөніндегі 2011 жылғы 3-тоқсандағы алдын ала деректері пайдаланылды, олар өткен жылдың 9 айындағы есептік төлем балансы қалыптастырылғанға дейін (2011 желтоқсан) негізінен, экспорттың ұлғаю жағына қарай айтарлықтай түзетілген болатын. Белгіленген мерзімдерге сәйкес төлем балансының алдын ала бағасы есепті кезеңнен кейінгі 30-шы күні әзірленеді. Төлем балансының 2011 жылғы алдын ала бағасын қалыптастыру күні – 2012 жылғы 27 қаңтар. Ағымдағы операциялар шотының профициті 13,6 млрд. долл. құраған бұл баға, ҚРҰБ-ның веб-сайтында ағымдағы жылғы 1 ақпанда орналастырылды. Бұл ретте Кедендік бақылау комитетінің және ҚР Статистика агенттігінің ақпараты бойынша Кеден одағы мемлекеттерімен өзара сауда жөніндегі 2011 жылғы қаңтар-желтоқсандағы деректер нақтыланатын болады.







Похожие:

Қ азақстан республикасының iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Құқықтану» мамандығының студенттеріне арналған «Қазақстан республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы»
Қ азақстан республикасының iconКодексі 2011. 11. 01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Азақстан республикасының заңдар жинағының III томына енгізілген қазақстан республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексiнің МӘтінін...
Қ азақстан республикасының iconҚазақстан Республикасының мемлекеттiк елтаңбасы
Азақстан республикасының мемлекеттiк гербi, елтаңба — Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi
Қ азақстан республикасының iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Халықаралық қатынастар тарихы және Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты пәні бойынша оқыту бағдарламасы
Қ азақстан республикасының iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қ азақстан республикасының iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қ азақстан республикасының iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қ азақстан республикасының iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қ азақстан республикасының iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қ азақстан республикасының iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница