Халықаралық Қаржылық есеп стандарттарына сәйкес лизингтік операцияларды бейнелеу ерекшеліктері сексенова А. Т




Скачать 100.78 Kb.
НазваниеХалықаралық Қаржылық есеп стандарттарына сәйкес лизингтік операцияларды бейнелеу ерекшеліктері сексенова А. Т
Дата конвертации14.02.2016
Размер100.78 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://group-global.org/sites/default/files/publications/доклад СЕКСЕНОВА.doc
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП СТАНДАРТТАРЫНА СӘЙКЕС ЛИЗИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ БЕЙНЕЛЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Сексенова А.Т.

(Ақтөбе қаласы, Қ.Жубанов атындағы АӨМУ)


Лизингтік операцияның бухгалтерлік есебі ХҚЕС №17 сәйкес жүзеге асырылады. Берілген стандарт жалгер мен жалға берушінің әр түрлі аренданың операцияларына қолданатын сәйкес есеп салсатын және ақпаратты ашу ережелерін түсіндіреді.

Стандарт жал иесінің жалгерге белгілі бір ақыға немесе ақылар жиынтығына айырбас ретінде, нақты бір мерзімге активті пайдалану құқығын беретін барлық аренда (жал) түріне қолданылады.

ХКЕС бойынша қаржылық аренда деп – активті иеленумен байланысты тәуекелділік пен пайданың басым бөлігінің аренда алушыға өтетін арендалық операция түсіндіріледі.

Стандарт бойынша қаржылық аренданы сыныптау үшін келесідей шарттар орындалуы керек:

  • Аренда мерзімі, мүліктің пайдалы қызмет мерзіміне тең немесе оған шамалас;

  • барлық аренда мерзімінде арендалық төлемдер сомасы мүлік құнынан асады немесе оған тең;

  • аренда келісімімен, аренда мерзімі соңында немесе аренда мерзімі ішінде арендалық мүліктің жалгерге өту құқығы қарастырылған;

  • арендалық мүліктің өзіндік арналымы бойынша тек жалгер пайдалана алады.

Аренданы қаржылық деп тану үшін берілген шарттарының кемінде біреуі орындалуы керек.

ХҚЕС сәйкес аренданың сыныпталуы келісім – шарт формасына емес, операция мазмұнына тәуелді және бұл сыныпталу аренданың басында жүзеге асырылады.

Аренда алушының бухгалтерлік есебіндегі қаржылық аренда (лизинг) операцияның бейнеленуі.

Заңды тұлғыдан, арендалық мүлік жалгердің меншігі болып есептелмейді, алайда, жалгер экономикалық тиімділікке мүліктің пайдалы қызмет мерзімі бойына ие болып, және аренда беруші алдында мүліктің әділетті құны мен оны пайдалану бойынша сыйақыны төлеу міндеттемесін орындайтындықтан, арендалық мүлік жалгердің меншігі ретінде танылады.

Бұдан ХҚЕС қаржылық есептілікте қаржылық аренданы актив және міндеттеме ретінде бейнлеуді талап етеді. Сонымен қатар арендалық мүлік құны мен міндеттемелер сомасы қаржылық аренда бойынша тең болуы керек. Уақыт өте бұл сомалар бір – бірінен өзгешеленеді, бұл арендалық мүліктің баланстық құны амортизацияны есептеумен анықталуымен ал арендалық міндеттемелердің төлемдер жүргізуі нәтижесінде азаюмен түсіндіріледі. Қаржылық арендада жалгер мүлікке амортизация есептегенде, ұқсас активтерге қолданылатын амортизация есептеу әдісін пайдаланады. Есептелген амортизациясының сомасы кәсіпорынның шығындарына жатқызылады, соның ішінде сыйақы түріндегі қаржылық төлем ретіндегі арендалық төлемдер де енгізіледі.

Есепті кезең ішінде амортизация сомасы мен міндеттеледі өтеу төлемінің сомасы сәйкес келмейді. Сондықтан жалгер амортизация сомасының уақыт кезеңінде міндеттемелерді жабуын қадағалауы керек.

Активтің құны арендалық мерзім ішінде немесе мүліктің пайдалы қызмет мерзімі ішінде өтелуі тиіс. Мүлік жангерге өтетіндіктен, амортизфция кезеңі болып активтің пайдалы қызмет мерзімі саналады.

Аренданың формасын негізге ала отырп, жалға алынған мүлік – актив, ал оны пайдалану – міндеттеме ретінде тану қажет.

Есепке алу тәртібі мынадай:

1.Аренда мерзімінің басында актив пен болашақ арендалық төлем бойынша міндеттеме тең сомада бейнеленеді.

2.Алғашқы шығындар арендалық мүлік құнына енгізіледі.

3.Арендалық төлемдер қаржыландыруға кеткен шығындардан және өтелмеген міндеттемелерді қысқартудан құрады.

4.Амортизацияны есептеу ХҚЕС 16 және ХҚЕС 38 сәйкес, жүргізуі.

Қаржыландыруға кеткен шығындар деп – әрбір кезеңге міндеттеме қалдығына есептелетін тұрақты кезеңдің пайыздық ставканы айтады.

Жоғарыда келтірілген лизингтік операция (қаржылық аренда) бойынша жалгерде ХҚЕС сәйкес келесідей шоттар кореспонденциясы бейнеленеді:

Дт 2413 «Машиналар мен құрылғылар»

Кт 4150 «Жал бойынша ұзақ мерзімді берешек» лизингке алынған мүліктің келісілген құны.

Дт 1420 «Өтелуге тиіс ҚҚС, субшот лизинг,

Кт 4150 «Арендалық міндеттемелер» – ұсынылған шот – фактура бойынша есепке жатқызылатын ҚҚС сомасына.

Дт 1620 «Алдағы кезең шығыстары»

Кт 3380 «Төлеуге сыйақылар» – алдағы кезең шығысына жатқызылатын есептелген сыйақы сомасы.

Лизинг алушы (жалгер) үшін лизинг бойынша сыйақылар бір жағынан төленуге тиісті міндеттеме, екінші жағынан арендалық мүлікті пайдалнағандан шығын болып қарастырылады. Сонықтан, жалгердің бухгалтерлік есебінде сыйақылар 7320 «сыйақы түріндегі шығын «шоттың дебеті және 1620» алдағы кезеңнің шығыстары» шотының кредитінде көрініс табады.

Дт 1420 «Өтелуге тиіс ҚҚС»

КТ 1420/1 «Өтелуге тиіс ҚҚС, субшот – лизинг» есепке жатқызылатын ҚҚС.

Дт 7320 «Сыйақы түріндегі шығыстар»

КТ 1620 «Алдағы кезең шығындары» сыйақы бойынша шығыстар есептеледі.

Дт 4150 «Арендалық міндеттемелер»

Кт 1040 «Есеп айырысу шотындағы ұлттық валютадағы ақша»

1040 «Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма – қол – ақша » арендалық міндеттеме бойынша төлем жүргізіледі.

Дт 3380 «Төленуге сыйақылар», Кт 1040 «Есеп айырысу шотындағы ақша»

1010 «Кассадағы қолма – қол ақша» -сыйақы бойынша төлем аударылады.

Лизинг алушының – жалгердің қаржылық есептілігінде, лизинг бойынша сыйақылар мынадай баптармен бейнеленеді:

-Лизинг берушіге (жалға берушіге) есептелінген сыйақы бойынша кредиторлық берешек.

-Төленуге тиісті сыйақы түріндегі алдағы кезең шығындары.

ХҚЕС сәйкес амортизациясының аударымдар кәсіпорынның шығыны на жатқызылады және ол барлық кезеңде есептеледі.

Дт 7110–7210 «Жалпы және әкімшілік шығындар»,«өткізу бойынша шығындар».

Кт 2422 «Негізгі құралдың тозуы» - лизинг бойынша түскен негізгі құралға тозу есептеледі.

Арендалық мүлікке тозу, сол мүлікті аренда мерзімінің соңында меншікке алу құқығының сенімділігіне сәйкес есептеледі. Сонымен қатар кепілдендірілген және кепілдендірілмеген өткізу құнына назар аударады. Кепілдендірілген өткізу құны – бұл аренда басында белгіленген мүмкін болатын ең жоғары құнмен өткізуді кепілдендіретін мүліктің өткізу құны.

Кепілдендірілмеген өткізу құны – алынуы аренда иесімен кепілдендірілмеген арендалық мүліктің өткізу құны.

Аренда иесінің бухгалтерлік есебінде қаржылық аренда операциясының бейнеленуі.

Жал иесі үшін активті қаржылық лизинг негізінде арендаға беру – экономикалық пайда мен мүлікпен байланысты тәуекелділіктің жалгерге беруімен түсіндіріледі.Сондықтан, жал иесінің (лизинг берушінің) балансында арендаға таза инвестицияға тең арендалық төлемдер бойынша дебиторлық берешек бейнеленеді.

ХҚЕС сәйкес арендаға таза Инвестициялар – бұл – алынған қаржылық табысы шегерілген арендаға жалпы инвестиция.

Арендаға жалпы инвестициялар – ең төменгі арендалық төлемдер мен аренда берілген активтік кепілдендірілмеген өткізу құнының жал иесіне тиісті бөлігінен тұрады.

Жал иесінің аренда есебі келесідей жүзеге асырады:

  • Дебиторлық берешек таза инвестиция негізінде тіркеледі;

  • қаржылық табысты тану, берілген таза инветицияға тұрақты кезеңдік табыс нормасын бейнелейтін графикке негізделген.

  • Алғашқы тұрақты шығыстар бірден шығын ретінде танылады немесе барлық аренда мерзіміне жіктеледі;

Кейін лизингке берілу үшін алынған лизинг затының келі түсуімен оны лизингке беру көп жағдайда бір уақытта жүзеге асрылады.

Лизинг бойынша салықтық жеңілдіктер қол жеткізу мақсатында копаниялар лизинг бойынша заңнаманың барлық талаптарын орындауға тырысады. Талап тардың бірі: 3 тараптың болуы міндеттілігі жабдықтаушы, лизинг беруші және лизинг алушы. Яғни лизинг алушы әр уақытта белгілі болады және мүліктің келіп түсуімен лизингке өткізу процестерінің арасында үзіліс болмайды.

Кейін лизингке берілу үшін алынған активтер ХҚЕС №16 «Негізгі құралдар» келтірілген анықтамасына сай келмейді. Өйткені бұл құралдарды (құрылғыны) компания өндірістік – шаруашылық мақсаттарда қолданбайды, амортизация есептелінбейді. Содықтан лизингке беру үшін алынған активтер жал иесінде фактілік құны боынша «қорлар» бөлімінде, яғни (Алынған таурлар) шотында бейнеленеді. Арендалық мүліктің жалға бергенге дейінгі есебі ХҚЕС №2 «Қорлар» сәйкес жүргізіледі. Аренда затын жалгерге беру кезінде «Тауарлар» шоты кредиттеліп , Дебиторлық берешек шоты дебеттеледі.

ХҚЕС №17 бойынша, иесінің аренда бойынша дебиторлық берешек есебі 3 кезеңнен тұрады:

1.Дебиторлық берешекті бастапқы бағалау (тану)

2.Кейінгі есеп (бағалау)

3.Есепті тоқтату.

Стандартқа сәйкес, аренда бойынша дебиторлық берешек есебі тек бастапқы тану мезетінде бейнеленеді. Кейінгі есеп кезеңдері ХҚЕС басқа стандарттарымен жүзеге асырады.

Бастапқы бағалау.

Жалға беруші компания арендалық келісім – шартты дайындау және шарттарды талқылау барысында бастапқы шығындарды жүзеге асырады. ХҚЕС № 17стандартты, бұндай шығындарды жатқызуға тиым салады.

Аталған шығындар қаражаттық аренда бойынша алынған алғашқы төлем құнына енгізіліп, аренда мерзіміндегі табысты азайтады.

Аренда бойынша паиыздың ставка, келісім – шарт шегінде төленетін төлемдердің құрамына, бастапқы тікелей шығындар енетіндей етіп белгіленеді.

Лизингтік операция бойынша, ХҚЕС сәйкес, лизинг берушінің (жал иесінде) бухгалтерлік есебінде келісідей проводкалар жүргізіледі.

Дт 1330 «Алынған тауарлар»

Кт 3310 «Жабдықтаушылар мен есептесу, төлеуге шоттар»

Дт 1420 «Өтелуге ҚҚС»

Кт 3310 «Төлеуге шоттар», - ҚҚС есепке жатқызылады.

Дт 3310 «Төленуге шоттар»

Кт 1040 «Есеп айрысу шотындағы ақша», жеткізушілерге құрылғы, жеткізу және тағы басқа шығындар үшін төлем аударылады.

Дт 7010 «Өткізілген тауарлардың өзіндік құны»

Кт 1330 «Алынған тауарлар», лизингке берілетін мүліктің өзіндік құны есептен шығарылады.

Дт 2160 «Түсуге тиіс арендалық төлемдер»

Кт 6010 «Тауарды өткізген табыс», қаржылық лизингке берілген мүліктің келісімді құнына.

Дт 2160 «Түсуге тиіс арендалық төлемдер»

Кт 3130/1 «ҚҚС, субшот-лизинг», берілген мүлік құнына ҚҚС сомасы.

Дт 1270 «Есептелген салықтар»

Кт 3520 «Алдағы кезең табыстары», несие үшін сыйақыға ұқсас, алдағы кезең табысы реттелсе танылатын, есептелген сыйақы саласы.

Қаржылық есептілігінде, лизинг беруші (жал иесі) лизинг бойынша сыйақыны келесі баптарымен бейнелейді.

  • Есептелген сыйақы бойынша лизинг алушының дебиторлық берешегі;

  • Сыйақы ттүріндегі алдағы кезең табыстары;

Лизинг беруші үшін сыйақы табыс болып табылады, сондықтан бухгалтерлік есепте 1270, есепте шотының дебеті;

4420 «Алдағы кезең табылады» шотының кредиті бойынша бейнеленеді.

Дт 3130/1 «ҚҚС, субшот – лизинг»

Кт 3130 «ҚҚС», - есептелген ҚҚС;

Дт 3520 «Алдағы кезең табысар»

Кт 6110 «Сыйақы түріндегі табыстр», кезеңдеріне сыйақы түріндегі табыс есептеледі.

Дт 1040 «Есеп айырысу шотындағы ақша»

Кт 2160 «Түсуге тиіс арендалық міндеттемелер»,

Дт 1040 «Есеп айырысу шоттарындағы ақша»

Кт 1270 «Есептелген сыйақы», - 5558.3 мың теңге, - мамыр қыркүйек кезеңдеріне сыйақы сомалары түсті.

Жабдықтаушыда.

Дт 7010 «Өткізілген тауардың өзіндік құны»

Кт 1330 «Алынған тауарлар», - Өткізілген тауардың құрылғыларының өзіндік құны есептен шығарылды:

Дт 1210 «Алынуға тиісті шоттар»

Кт 6010 «Өткізуден табыс », - (құрылғының) тауардың өткізуден табыс есептеледі.

Дт 1210 «Алынуға тиісті шоттар»

Кт 3130 «ҚҚС», - ҚҚС есептеледі;

Дт 1040 «Есеп айырысу шотындағы ақша»

Кт 1210 «Алынуға тиісті шоттар», - өткізілген тауарлар үшін түсім түсті.

Лизинг берушіде лизингтік мүліктің берілуі алынуға тиісті дебиторлық берешек ретінде, ал лизинг алушыда – арендалық төлемдер сомасына тең міндеттеме ретінде танылған. Есептелген сыйақы сомасы лизинг берушіде салық салынатын табыстан шегеріледі, яғни ҚР Салық Кодексі №94 – бабына сәйкес жүзеге асырылады. Лизинг алушы лизингтік мүлік бойынша амортизация сомасын шығынға теңеп, шегерімге жатқызған.

ХҚЕС №17 «Жалдау» стандартында Отандық Бухгалтерлік Есеп №17 «Жал» Стандартындағы берілген ережелерге қайшы келетін және аталып көрсетілмеген маңызды баптар жоқ, сәйкесінше, бұл тұрғыдан шешуді талап ететін өзекті мәселелер туындамайтынына көз жеткізілді.

Ұлттық экономиканың Әлемдік бәсекеге қабілетті елдердің экономикаларының қатарына енуде лизингтік қатынастар нарығының дамуының маңызы өте зор. Кіші және орта бизнес субъектілерінің дамуына лизингтік мүліктер жолымен бағытталған инвестициялық қызмет ақша қаражаттарын пайдаланудың неғұрлым сенімді механизмі.


ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. ҚР «Қаржылық лизинг туралы»Заңы, 5.07.2000 жылда

  2. Тулешова Г.К. Халықаралық стандартқа сәйкес қаржылық есеп және есептілік. Алматы 2005 (1,2 бөлім)

  3. Тасмағамбетов Т.А. Бизнестегі есеп пен талдау. Алматы 2002 ж.

  4. Радостовец В.В., Радостовец В.К., Шмидт О.И. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Алматы, 2000

  5. Радостовец В.В., .Шмидт О.И. Бухгалтерлік есептің салалық ерекшеліктері. Алматы: Центраудит-Казахстан, 2000ж.

  6. Ряжнова О.В. «Международные стандарты бухгалтерского учета и финансовой отчетности». М., 2002

  7. Дюсембаев К.Ш. Аудит және талдау. Алматы, Каржы-Каражат, 2000 ж.



Форма заявки:

Заявка

1.Ф.И.О. докладчика(полный)

Сексенова А.Т.

2. Ученая степень




3. Организация, должность

Қ.Жубанов атындағы АМУ

4. Адрес

Г.Актобе

5. Телефон, факс

235146

6. Название доклада

Халықаралық қаржылық есеп стандарттарына сәйкес лизингтік операцияларды бейнелеу ерекшеліктері


Похожие:

Халықаралық Қаржылық есеп стандарттарына сәйкес лизингтік операцияларды бейнелеу ерекшеліктері сексенова А. Т iconКурс № Циклы тк № Пәндердің атауы
Постреквизиттер:«Бухгалтерлік есеп принциптері», «Қаржылық есеп», Аралық қаржылық есеп», «Тереңдетілген қаржылық есеп», «Бухгалтерлік...
Халықаралық Қаржылық есеп стандарттарына сәйкес лизингтік операцияларды бейнелеу ерекшеліктері сексенова А. Т iconҚаржылық сауықтыру үшін агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары
Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасына сәйкес әзірленді...
Халықаралық Қаржылық есеп стандарттарына сәйкес лизингтік операцияларды бейнелеу ерекшеліктері сексенова А. Т iconБухалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылык жүргізуші ұйымдардың жане олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқарушы үшін, экономикалык
Бухгалтерлік есеп мәліметтері басқару жүйесінің негізі болып табылады. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» заңының...
Халықаралық Қаржылық есеп стандарттарына сәйкес лизингтік операцияларды бейнелеу ерекшеліктері сексенова А. Т icon«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-ның акционерлеріне
Біз аудитті Халықаралық аудит стандарттарына сәйкес жүргіздік. Осы стандарттарға сәйкес біз этикалық нормаларды сақтауымыз тиіс және...
Халықаралық Қаржылық есеп стандарттарына сәйкес лизингтік операцияларды бейнелеу ерекшеліктері сексенова А. Т iconОблыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидалары
Және қаржылық бақылау туралы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік аудит туралы заң) 12-бабы 4-тармағының 9) тармақшасына...
Халықаралық Қаржылық есеп стандарттарына сәйкес лизингтік операцияларды бейнелеу ерекшеліктері сексенова А. Т iconБухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы
Осы Заң Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін реттейді, бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық...
Халықаралық Қаржылық есеп стандарттарына сәйкес лизингтік операцияларды бейнелеу ерекшеліктері сексенова А. Т iconБухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы
Осы Заң Қазақстан Республикасында бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесiн реттейдi, бухгалтерлiк есептi жүргiзу мен қаржылық...
Халықаралық Қаржылық есеп стандарттарына сәйкес лизингтік операцияларды бейнелеу ерекшеліктері сексенова А. Т iconБухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы
Осы Заң Қазақстан Республикасында бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесiн реттейдi, бухгалтерлiк есептi жүргiзу мен қаржылық...
Халықаралық Қаржылық есеп стандарттарына сәйкес лизингтік операцияларды бейнелеу ерекшеліктері сексенова А. Т iconАзаматтық бюджетті жасау әдістемесі
Азаматтық бюджет – бұл тиісті (республикалық немесе жергілікті) деңгейдегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілі бір сапа стандарттарына...
Халықаралық Қаржылық есеп стандарттарына сәйкес лизингтік операцияларды бейнелеу ерекшеліктері сексенова А. Т icon«Резидент еместермен бағалы қағаздар бойынша халықаралық операциялар туралы есеп»
Зақстан Республикасы Заңының 12-бабы 7) тармақшасына сәйкес дайындалды және ведомстволық статистикалық байқаудың «Резидент еместермен...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница