Скачать 187.8 Kb.
|
Инвестициялық қорлардың қаражаты есебінен инвестициялық портфельді басқаруға лицензиясы бар заңды тұлғалар жүзеге асыратын шет елге инвестицияларды лицензиялау тәртібін айқындау мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының “Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операцияларды лицензиялау ережесін бекіту туралы” 2003 жылғы 25 шілдедегі № 257 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2469 тіркелген, “Казахстанская правда” газетінде 2003 жылғы 16 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операцияларды лицензиялау ережесінде: 6-тармақтағы “49-тармағында” деген сөздер “49, 61-1 тармақтарында” деген сөздермен ауыстырылсын; 7-тармақта: 6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: “6) инвестициялық қорлардың қаражаты есебінен шет елге инвестицияларды жүзеге асырғанда инвестициялық портфельді басқаруға лицензиясы бар заңды тұлғалар (бұдан әрі – басқарушы компаниялар) жүргізетін операцияларды қоспағанда, осы Ереженің 5-тарауында көзделген баламасы жүз мың АҚШ долларынан асатын сомаға операциялар бойынша, сондай-ақ резидент заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің шетелдік банктерде шоттар ашуы бойынша – салық төлеу бойынша салықтық міндеттеменің орындалу мерзімін өзгерту жөнінде шешім шығарылған сомаларды қоспағанда, салықтық берешектері болғанда. Артық төленген салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасы салық берешегінің сомасынан аз болған жағдайларда, салықтық борыш бар деп танылады;”; 7) және 8) тармақшалардағы “осы Ереженің 5-тарауында көзделген, баламасы жүз мың АҚШ долларынан асатын сомаға операциялар бойынша” деген сөздер “инвестициялық қорлардың қаражаты есебінен шет елге инвестицияларды жүзеге асырған кезде басқарушы компаниялар жүргізетін операцияларды қоспағанда, осы Ереженің 5-тарауында көзделген, баламасы жүз мың АҚШ долларынан асатын сомаға операциялар бойынша” деген сөздермен ауыстырылсын; 33-тармақтың бірінші абзацындағы: “Шот иелері” деген сөздер “Лицензиаттар” деген сөзбен ауыстырылсын; “есеп береді” деген сөздерден кейін “не Ұлттық Банкке шоттың ашылмағаны туралы хабарлайды” деген сөздермен толықтырылсын; 50-тармақта: 4) тармақшадағы “ . ” белгісі “ ; ” белгісімен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын: “5) осы мәміле жөніндегі мәміле паспортының көшірмесі.”; 52-тармақта: 2) тармақшадағы “резиденттердің” деген сөз алынып тасталсын; 3) және 4) тармақшалардағы: “резиденттердің” деген сөз алынып тасталсын; “оларды қазақстандық брокерлік-дилерлік ұйымдар арқылы жүзеге асырған жағдайда” деген сөздер “қазақстандық брокерлік-дилерлік ұйымдар өз қаражаты есебінен де, сол сияқты клиенттердің есебінен де жүзеге асырылатын” деген сөздермен ауыстырылсын; 54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: “54. Басқарушы компанияларға инвестициялық қорлардың қаражаты есебінен осы Ереженің 58-1-тармағының талаптарына сәйкес шет елге инвестицияларды жүзеге асыруға берілетін, операциялық болып табылатын лицензияларды қоспағанда, осы Ереженің 51-тармағында көзделген капитал қозғалысымен байланысты операцияларды жүргізуге берілген лицензиялар біржолғы болып табылады. Операциялық лицензия басқарушы компанияның бір инвестициялық қордың қаражаты есебінен шет елге инвестицияларды жүзеге асыруына беріледі. Операциялық лицензияның қолданылуы: 1) басқарушы компаниядағы инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияның қолданылуы тоқтатылғанда; 2) акционерлік инвестициялық қор таратылғанда, пайлық инвестициялық қор жұмыс істеуін тоқтатқанда, сондай-ақ акционерлік инвестициялық қор қайта ұйымдастырылғанда, пайлық инвестициялық қор біріктірілгенде не нысаны өзгергенде, соның нәтижесінде инвестициялық қордың инвестициялық декларациясында және/немесе оның атауында өзгерістер болғанда тоқтатылады.”; 56-тармақта: бірінші абзацтағы “операцияларды жүргізуге қойылатын” деген сөздер “операциялар жүргізуге біржолғы лицензия алуға арналған” деген сөздермен ауыстырылсын; 2) тармақшадағы “(банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, сақтандыру ұйымдары және зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін)” деген сөздер “(қаржы ұйымдары үшін)” деген сөздермен ауыстырылсын; 57-тармақтың: бірінші абзацындағы “жүргізуге” деген сөзден кейін “біржолғы” деген сөзбен толықтырылсын; 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: “2) жеке тұлғалар үшін – он мың АҚШ доллары баламасынан асатын, заңды тұлғалар үшін (банктерден басқасы) – жүз мың АҚШ доллары баламасындағы, банктер үшін – бір миллион АҚШ доллары баламасындағы сомаға, растау құжаттарының көшірмелерімен қоса, операцияны қаржыландыру көзі туралы ақпарат;”; мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: “2-1) жеке тұлғалар үшін – он мың АҚШ доллары баламасынан асатын, заңды тұлғалар үшін (банктерден басқасы) – жүз мың АҚШ доллары баламасындағы, банктер үшін – бір миллион АҚШ доллары баламасындағы сомаға операциялар жүргізген кезде, жылжымайтын мүлікті жалға алуды қоспағанда, осы Ереженің 51-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген лицензияларды алу үшін салым объектісінің құнын растайтын құжаттар;”; мынадай мазмұндағы 57-1-тармақпен толықтырылсын: “57-1. Басқарушы компания инвестициялық қорлардың қаражаты есебінен осы Ереженің 51-тармағының 1) тармақшасында көзделген операцияларды жүргізуге операциялық лицензия алу үшін Ұлттық Банкке осы Ереженің 2-тармағында көзделген құжаттарға қосымша мынадай құжаттарды ұсынады: 1) инвестициялық қордың толық атауын, сондай-ақ инвестициялық қордың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін кастодианның және тіркеушінің толық атауы мен мекен-жайын көрсете отырып, лицензия алуға өтініш; 2) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган берген инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияның көшірмесі; 3) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісілген инвестициялық қордың инвестициялық декларациясының көшірмесі.”; мынадай мазмұндағы 58-1 және 58-2-тармақтармен толықтырылсын: “58-1. Басқарушы компаниялар қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптар шеңберінде Ұлттық Банктің операциялық лицензиясы негізінде капитал қозғалысымен байланысты операциялардың мынадай түрлерін жүргізе алады: 1) Ұлттық Банктің тиісті лицензиясы негізінде резидент бұрын сатып алған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қызметті жүзеге асыратын қор биржасына айналысқа жіберілген инвестициялық қордың қаражаты есебінен резидент еместердің бағалы қағаздарына инвестициялар; 2) осы Ереженің 51-тармағының 1) тармақшасына сәйкес лицензиялауға жататын инвестициялық қордың қаражаты есебінен шет елге өзге де инвестициялар, соның нәтижесінде резидент еместердің бағалы қағаздарының бағалау құны (резидент еместердің жарғылық капиталдардағы үлестерінің құны) есептік кезеңнің аяғындағы инвестициялық қордың активтері құнының 60 (алпыс) пайызынан аспайтын болады. 58-2. Осы Ереженің 58-1 тармағында белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, лицензиат есептік кезең өткеннен кейін 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде активтер құрылымын сәйкес келтіруі не осы Ереженің 51-тармағының 1) тармақшасында айқындалған капитал қозғалысымен байланысты операцияны жүргізуге біржолғы лицензияны алу үшін Ұлттық Банкке өтініш беруі қажет.”; 60-тармақта: екінші абзацтағы “лицензиат” деген сөзден кейін “, инвестициялық қорлардың қаражаты есебінен шет елге инвестицияларды жүзеге асыруға операциялық лицензия алған басқарушы компанияларды қоспағанда,” деген сөздермен толықтырылсын; екінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: “Инвестициялық қорлардың қаражаты есебінен шет елге инвестицияларды жүзеге асыруға операциялық лицензия алған басқарушы компания ай сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 15 (он бесіне) дейін Ұлттық Банкке: 1) осы Ереженің 14-қосымшасына сәйкес мәліметтерді; 2) лицензия алуға бұрын ұсынылған құжаттарға енгізілген барлық өзгерістер туралы ақпаратты беруге тиіс.”; үшінші абзацтағы “тоқтатылғанға” деген сөзден кейін “, инвестициялық қорлардың қаражаты есебінен шет елге инвестицияларды жүзеге асыруға басқарушы компания алған операциялық лицензияның қолданылуы тоқтатылғанға” деген сөздермен толықтырылсын; 61-тармақтағы “осы бағалы қағаздарды” деген сөздер “осы бағалы қағаздарға және жарғылық капиталға қатысу үлесін” деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 61-1-тармақпен толықтырылсын: “61-1. Басқарушы компанияға инвестициялық қорлардың қаражаты есебінен шет елге инвестицияларды жүзеге асыруды көздейтін капитал қозғалысымен байланысты операциялар жүргізуге операциялық лицензия беру туралы өтінішін Ұлттық Банк өтініш беруші барлық қажетті құжаттарды берген күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде қарайды.”; 9-қосымша мынадай редакцияда жазылсын:
20____ жылғы _______ тоқсанда Қазақстан Республикасының резиденттері берген кредиттерді игеру және қызмет көрсету туралы есеп
Толтыру бойынша нұсқаулар: «В» бағанында кредит валютасымен деректер көрсетіледі . «Г» бағанындағы деректер операция жүргізілген күнгі Ұлттық Банктің ресми бағамдары ескеріле отырып, АҚШ долларына аударылады. Операциялар Ұлттық Банк ресми бағам белгілемейтін валютамен жүргізілген жағдайда, қайта есептеу лицензиаттың берген мәліметтерінде көрсетілген осы валютаның АҚШ долларына ағымдағы нарықтық бағамы бойынша жүзеге асырылады.”; мынадай мазмұндағы 14-қосымшамен толықтырылсын: «Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операцияларды лицениялау ережесіне 14-қосымша лицензиаттың атауы лицензиаттың КҰЖЖ коды лицензиаттың СТН-і Ұлттық Банкке ай сайын, почталық мекен-жайы, телефоны, факсы есептік кезеңнен кейінгі айдың Ұлттық Банк лицензиясының нөмірі және берілген күні 15-не дейін ұсынылады 20_______ жылғы ______________ айда Басқарушы компанияның _______ инвестициялық қоры қаражатының есебінен шет елге инвестицияларды жүзеге асыруы туралы есебі 1-кесте мың АҚШ долларымен
2-кесте мың АҚШ долларымен
Жиынтығы инвестициялық қордың таза активтерінің құны (есептік кезеңнің соңғы күніне) ________________мың теңге _____________ мың АҚШ доллары 20____ жылғы «______» _________________ басшы _________________ _________________________________ бас бухгалтер ____________ (орындаушы, телефоны) инвестициялық қордың активтерін есепке алуды қамтамасыз ететін кастодиан бөлімшесінің басшысы ______________________________ Толтыру бойынша нұсқаулар: Басқарушы компанияның инвестициялық қордың қаражаты есебінен шет елге инвестицияларды жүзеге асыруы туралы есебінде (бұдан әрі – Есеп), операциялық лицензиямен өтелмейтін резидент еместердің бағалы қағаздарын сатып алуды, резидент еместердің капиталына қатысу үлестерін, резидент еместердің қаржылық құралдарына салымдарды қоса алғанда, басқарушы компанияның инвестициялық қордың қаражаты есебінен шет елге жүзеге асырған инвестициялар көрсетіледі. Есеп үтірден кейін 2 белгіге дейінгі дәлдікпен, айдағы айналымдар көрсетіле отырып, айдың соңғы күніндегі жағдай бойынша мың АҚШ долларымен толтырылады және есептік кезеңнен кейінгі айдың 15 (он бесінші) күніне дейінгі мерзімде ұсынылады. Төлем Есептің валютасынан бөлек валютамен жүзеге асырылған жағдайда, қайта есептеу осы валютаның төлем жасалған күнгі АҚШ долларына нарықтық бағамы бойынша жүзеге асырылады. 1 және 2-кестенің 2-бағанында: 1) бағалы қағаздың түрі (акция – жай, артықшылықты; облигация; нот және басқасы); 2) сатушы – резидент емес заңды тұлғаның атауы (жарғылық капиталдағы үлесті сатып алу үшін), бірнеше сатушы болған жағдайда 1,2-кестелердегі активті 2-кестедегі барлық жүзеге асырылған операцияларды талдай отырып әрбір сатушы бойынша бөліп көрсету керек; 3) резидент еместің қаржылық құралының атауы көрсетіледі. 1-кестенің 6-бағанында инвестициялар жүзеге асырылған қор биржасының атауы көрсетіледі. Инвестициялар қаржы құралдарына ұйымдаспаған нарықта жүзеге асырылған, резидент еместің жарғылық капиталына қатысу үлестері сатып алынған кезде – заңды тұлғаның– сатушының тіркелген елі (жеке тұлғаның тұрақты мекен-жайы) көрсетіледі. 1-кестенің 7-бағанында және 2-кестенің 3-бағанында ҰБН – бағалы қағаздың ұлттық бірегейлендіру нөмірі не ISIN – бағалы қағаздың халықаралық бірегейлендіру нөмірі көрсетіледі. 1-кестенің 13-бағанында инвестициялардың сатып алу бағасы бойынша жалпы сомасы көрсетіледі. 2-кестенің 4 және 5-бағандарында есептік кезеңнің алдындағы айдың соңғы күніндегі деректер көрсетіледі, бұл ретте 5-бағанда көрсетілген күнге бағалау құны көрсетіледі. 2-кестенің 7 және 9-бағандарында нақты сатып алу/сату бағасы бойынша операциялардың сомасы көрсетіледі. 2-кестенің 13-бағаны инвестициялық қордың есептік кезеңнің соңында есептелген активтерінің құнымен бағалау құны (12-баған) бойынша активтердің үлесін көрсетеді.». 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі. Ұлттық БанкТөрағасы Ә. СәйденовҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі ҚР-ның нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 13.04.05 ж. № 3558 тіркеген |
![]() | Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды | ![]() | Қазақстан республикасының Ұлттық банкі б а с қ армасыны ң Қ аулы сы Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту... |
![]() | Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен... | ![]() | Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы Азақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі №65 Қаулысы |
![]() | Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі Ұлттық Банк) валюталық операцияларды тіркеуді және Ұлттық Банкке валюталық операциялар туралы... | ![]() | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің вексельдерді қайта есепке алу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының Азақстан Республикасындағы вексель айналысын реттейтін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру... |
![]() | Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесін бекіту туралы Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы №266 Қаулысы | ![]() | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұлттық валютаның банкноталары мен монеталарын сату және сатып алу ережесін бекіту туралы Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 12 желтоқсандағы n 163 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде... |
![]() | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару бойынша Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық... | ![]() | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару бойынша Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық... |