Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы




НазваниеЗейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
страница7/8
Дата конвертации14.02.2016
Размер0.87 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.enpf.kz/download/2136/Қaulysy.doc
1   2   3   4   5   6   7   8

43.

Тәуекелдерді басқару бөлімшесі:

тәуекелдерді талдауға және бағалауға қажетті ақпаратты жинау процесін ұйымдастырады;

әдістемені әзірлейді және жетілдіреді, тәуекелдерді талдау және бағалау процесін ұйымдастырады;

тәуекелдер деңгейін төмендету бойынша іс-шараларды жоспарлайды;

тәуекелдерді басқару әдістерін әзірлейді, оның ішінде зейнетақы активтерінің есебінен сатып алынған қаржы құралдарын хеджирлеу принциптерін;

тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылайды.

44.

Тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшенің қызметкерлер құрамына қойылатын біліктілік талаптары тәуекелдерді басқару жөніндегі функционалды міндеттерін жүзеге асыру үшін тиісті біліктілігі мен жұмыс тәжірибесінің болуын көздейді.

45.

Ұйымның (Қордың) тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшесі зейнетақы активтеріне ықпал ету бағасының әдістемесін қаржылық активтердің сыртқы және ішкі рыногында жағымсыз серпінділік орын алу барысында кірістілігі мен өтімділігі жағдайында пайдаланады.

46.

Тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімше мыналарға талдау жасайды:

Ұйымның (Қордың) баланстық есептерін, сондай-ақ кірістер мен шығыстарды;

өтімділіктің төмендеуі, қаржы құралдарына бағаның өзгеруі.

47.

Тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімше зейнетақы активтеріне мынадай факторлардың рентабелділігі мен өтімділігінің әсерін болжайды:

елдік тәуекел;

валюталық тәуекел;

қаржы құралдарын мерзімінен бұрын өтеу тәуекелі;

эмитент рейтингінің өзгеру тәуекелі.

48.

Тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімше стресс-тестингті жүргізеді және оның нәтижелерін рынокта қолайсыз факторлар көбейген кезде шұғыл іс-қимылдар жоспарында пайдаланады.

Қаржы құралдарымен операциялар жүргізуге қойылатын талаптар

49.

Қосарланған бақылау жүйесі:

фронт- және бэк-офистерді бөлуді; бэк-офистің фронт-офистің операцияларының жай-күйін уақтылы тексеру мүмкіндігін;

қосарланған бақылау жүйесі қатысушылар арасындағы ықтимал келісімдерді шектеу шараларын;

тәуекелдер мониторингі мен кастодиан қызметін жүзеге асыратын фронт пен бэк-офистерде және бөлімшелердегі қызметтік міндеттерді бір ғана тұлғаның қатар орындауына тыйым салуды қарастырады.

50.

Ұйымда (Қорда) мәмілелерді қамтамасыз етудің техникалық жүйесі бар

51.

Ұйымның (Қордың) тәуекелдерді басқаруға қажетті ақпаратты жинау жөніндегі жүйесі бар

52.

Ұйым (Қор) ақша және қаржы құралдары бойынша есептеулерді жүргізу үшін техникалық жүйесі бар.

53.

Ішкі аудит және сыртқы аудиторлар қызметі Ұйымның (Қордың) тәуекелдерді басқару бөлімшесіне бухгалтерлік есеп беру мен есептілікті жүргізуге жауапты бөлімшелер ұсынған мәліметтердің нақтылығын тексереді.

54.

Тәуекелдерді басқару бөлімшесі Ұйымның (Қордың) қаржы құралдары бойынша әділ құнын айқындаудың дұрыстығына мониторинг жүзеге асырады

55.

Директорлар кеңесі жиі-жиі жиынтық лимитті айқындайды.

56.

Жұмыс күні ішінде мәмілелерді жүзеге асыратын Ұйымның (Қордың) бөлімшелері Ұйымның (Қордың) басқармасына қаржы құралдары бойынша Ұйымның (Қордың) позицияларын ұсынады.

57.

Директорлар кеңесі қаржы құралдары бойынша лимиттерді айқындау рәсімдерін және "stop-loss" лимиттерін анықтау ережесін белгілейді.

58.

Басқарма шетел валюталарының әрбір түрлерімен барлық валюталар бойынша спот, форвард, своп операцияларының халықаралық практикасында қабылданған позициялар бойынша лимиттерді белгілейді.

59.

Тәуекелдерді басқару бөлімшесі активтер мен міндеттемелерді өтеу мерзімдерінің күн сайынғы кестесін хеджирлеу құралдарын өтеу мерзімдерін басқару үшін пайдаланады.

60.

Директорлар кеңесі инвестициялық саясатты бекітті, ол:

инвестициялау мақсатын, инвестициялау операцияларын, сондай-ақ инвестициялаудың жоспарлары мен лимиттерін бекіту жөніндегі өкілеттіктерді;

құпия ақпаратты пайдалану арқылы жүргізілетін операцияларға рұқсат бермеу мақсатында кредиттеу функцияларынан инвестициялық операциялар жүргізу функцияларын бөлу рәсімдерін;

қаржы құралдарының түрлері, инвестициялық қызмет мақсаттары бойынша инвестициялық критерийлерді айқындайды.

61.

Басқарма Ұйымның (Қордың) инвестициялық операцияларының күнделікті мониторингінің рәсімдерін бекітті.

62.

инвестициялар портфелі бойынша кірістер/шығыстар туралы есеппен бірге мониторинг нәтижелері Ұйымның (Қордың) басқарма мен директорлар кеңесіне ай сайын ұсынылады.

63.

тәуекелдерді басқару бөлімшесі қаржы құралдарының, эмитенттің түрі, айналыс мерзімдері, валюта түрлері және инвестициялау мақсаттары бойынша банктің инвестициялық портфеліне мониторингті жүзеге асырады.

64.

Құрылымдау рәсімдері:

айына кемінде бір рет рыноктық құны бойынша инвестициялар портфеліне қайта бағалау жүргізуді;

жарты жылда кемінде бір рет әрбір есепті кезең үшін қаражаттарды, кірістерді/шығыстарды тарту құнын ескере отырып, инвестициялардың қаржы нәтижелеріне бағалау жүргізуді қарастырады.

65.

Ұйым (Қор) олардың рыноктық құнының динамикасын ескере отырып, қаржы құралдарымен жасалған операциялардан болған кірістердің/шығыстардың өзгерістеріне талдау жүргізеді.

66.

Функциясына зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімді қабылдау жататын Инвестициялық кеңес/комитет құрамына кем дегенде сәйкесінше санаттағы біліктілік куәліктеріне ие үш адам кіреді.

Осы кеңес/комитет құрамына тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімше қызметкері кіруі тиіс.

67.

Функциясына зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімді қабылдау жататын Инвестициялық кеңес/комитет құрамына кем дегенде сәйкесінше санаттағы біліктілік куәліктеріне ие үш адам кіреді.

Осы кеңес/комитет құрамына тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімше қызметкері кіруі тиіс.

Функциясына зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімді қабылдау жататын Инвестициялық кеңес/комитет:

Өтеу мерзімі бойынша кірістілік деңгейін, VАR үлгісі және басқа пайдаланылатын әдістемені ескере отырып, айқындалады:

тәуекелдер көрсеткіштерінің мониторингін жүргізеді;

ақша ағынының кестесін жасайды және таяудағы гэп-позиция өтімділігінің мониторингін жүргізеді;

валюта бағамдарының өзгеруіне талдау жасау үшін қосымша жүйесі бар;

валюта бағамдарының өзгеруіне сезімталдықты анықтау үшін валюта құралдары құнына бағалау жүргізілетін ашық валюта позициясы мен модельдер талданады;

қаржы құралдары мен операциялар бойынша шектен тыс шығыстарды болдырмау жөнінде шұғыл операцияларды, оның ішінде қаржы құралдары рыногында бағаның күрт өзгеруі мен байланысты операцияларды айқындайды (stop-loss).

68.

Басқарма өтімді активтерді мобилизациялау мүмкіндігін ескере отырып, жоғары өтімді активтер бойынша гэп-позицияға лимиттерді белгілейді.

69.

Активтер мен міндеттемелерді басқару бөлімшесі тұрақты түрде Ұйымның (Қордың) өтімді активтерді мобилизациялау мүмкіндігін ескере отырып, қолма-қол ақша жөніндегі гэп-позициялар бойынша лимиттерге шолу жасайды.

70.

Ұйым (Қор) тұрақты түрде шетел валютасындағы міндеттемелерді өтеуге қажетті шетел валютасындағы өтімді активтерді қалыптастыруға қабілеттілік мониторингін жүргізеді

71.

Функциясына зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімді қабылдау жататын бөлімше:

проценттік тәуекелді, проценттік тәуекелдің негізгі дерек көздеріне (өтеу мерзіміндегі айырмашылықтар, заем капиталы рыногының мөлшерлемелері, құрастырма опциондар) мониторинг жүргізеді.

72.

Активтерді және міндеттемелерді басқару бөлімшесі валюталық бағамды өзгертуін жан-жақты талдау үшін қосымша жүйесі бар.

Ұйымның (Қордың) операциялық қызметін, ақпараттық жүйелерін және басқарма

ақпаратының жүйелерін функциялауды қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

73.

Ішкі рәсімдер мыналарды реттейді:

Ұйымның (Қордың) операциялық қызметін басқаруды қамтамасыз ететін бөлімше;

бағалы қағаздар рыногында операцияларды жүргізудің техникалық тәртібі;

Ұйымның (Қордың) жүргізетін операцияларының бухгалтерлік есебі;

Ұйымның (Қордың) операцияларына және олардың есепке алынуына қосарлы бақылау;

Ұйымның (Қордың) құжат айналымына бақылау;

Ұйымның (Қордың) кастодиан банкке, жинақтаушы зейнетақы қорына берілетін ақпаратын бақылау және куәландыру, оның ішінде ұсынылған ақпараттың сәйкессіздігін анықтаған жағдайда іс-әрекетті куәландыру және реттеу рәсімдері;

ақпаратты беру кезінде тұлғалар жауапкершіліктерінің рәсімдері;

Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына жинақталған зейнетақы қаражаты есептеулерінің алгоритміне сәйкестігін тексеру рәсімдері, оның ішінде шартты бірлік құнының есеп айырысулары, шартты бірліктің саны.

74.

Ішкі аудит қызметі жарты жылда кемінде бір рет бағалы қағаздармен жасалатын операциялардың есепке алу журналында сенімді және уақтылы көрсетілуі, бағалы қағаздар мен жасалатын операцияларды жүргізудің операциялық техникасын олардың сақтауын бағалау мақсатында бөлімшелерге тексеру жүргізеді.

75.

Ішкі аудит қызметі Ұйымның (Қордың) операцияларын кірістермен операцияларды жүзеге асыру және Ұйымның (Қордың) меншікті капиталы мен кіріс мөлшеріне тең емес тәуекелді қабылдау кезіндегі заңсыздық жағдайларын анықтау және алдын алу мақсатында тексереді.

76.

Ұйымның (Қордың) деректерді электрондық өңдеу жүйелерін жоспарлау, әзірлеу және функциялау жөніндегі басқару мен ішкі ережелері бар.

77.

Деректерді электрондық өңдеу жүйесін бақылауды жүзеге асыратын және деректерді өңдеу мәселелеріне жауап беретін Ұйым (Қор) қызметкерінің жұмыс профиліне сәйкес біліктілігі және тәжірибесі болады.

78.

Тексерулерді ішкі аудит қызметі басқарма бекіткен тексеру жоспарларына сәйкес жүргізеді.

79.

Ішкі аудит қызметі жүргізілген тексерулер нәтижелері туралы басқарма мен директорлар кеңесіне тұрақты хабарлайды.

80.

Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесінің автоматтандырылған жүйеге кіру және шығу кезінде рұқсаттың деңгейін тексеретін жүйесі бар.

81.

Басқарма маңызды кілттерді, оның ішінде деректердің ақпараттық базасына электрондық кілттерді бақылау бойынша ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесінің рәсімдерін бекітті және жауапкершілігін белгіледі.

82.

Рәсімдер: дайындаушы жабдықтардың мынадай техникалық қызмет көрсетулерін қамтамасыз ететін сертификатталған бағдарламалық қамтамасыз етудің;

өрт қауіпсіздігі мен сейсмологиялық орнықтылықтың талаптарына жауап беретін деректердің ақпарат базасының техникалық кешендеріне арналған оқшау үй-жайлардың;

автономды электр қуатының;

резервтегі компьютерлер мен желілік коммуникациялардың міндетті түрде болуын қарастырады;

Ұйым (Қор) деректердің жүйелік-маңызды бағдарламалық файлдармен файлдардың резервтік көшірмелерін тұрақты қалыптастырады.

83.

Төтенше жағдайлар рәсімдері компьютер орталығы үшін жүйе жұмысындағы төтенше іркілістер болған жағдайда ережелер мен нұсқаулықтарды көздейді.

84.

Зейнетақы активтерінің есебінен жасалған қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелердің есепке алу журналын жүргізу ережесі мыналар:

мәмілелерді есепке алу журналының саны мен атауы;

журналдары толтыру тәртібі мен кезеңділігі;

зейнетақы активтерінің қатысуымен жасалатын мәмілелердің жасауға бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар тізбесі бар.

85.

Деректердің және ақпараттың құпиялылығының сақталуын қамтамасыз ету үшін ішкі бақылау саясаты мыналарды:

құпия санатына жатқызылатын ақпарат тізбесі;

құпия ақпараты бар құжаттарды тіркеу тәртібі, рәсімдеу, тіркеу, есепке алу және сақтау;

құпия ақпаратқа жіберілетін тұлғалардың лауазымдарын көрсете отырып, құпия ақпаратқа рұқсат беру тәртібін көздейді.

86.

Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі техникалық проблемалар есебінің парақтарын толтырады және олар бойынша есеп жүргізеді.

87.

Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі проблемалардың туу себептерін бақылайды, олар туралы ақпарат жүйесін дайындаушыларға хабарлайды және олардың қайталануын болдырмау үшін түзету шараларын қабылдайды.

88.

Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі осындай проблемалардың сипатын үнемі талдайды.

89.

Рәсімдер:

рұқсаты шектеулі ақпарат деректерінің тізбесін;

рұқсат алу тәртібін;

ақпарат деректеріне рұқсат алуды бақылау тәртібін;

ақпарат деректеріне рұқсаты бар тұлғалар тізбесін көздейді.

90.

Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі кемінде тоқсанына бір рет деректердің автоматтандырылған базасын функциялауын қамтамасыз ететін техникалық кешендерге тексеру жүргізеді.

91.

Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі тоқсанына бір рет техникалық кешендердің жай-күйі туралы ақпаратты басқармаға ұсынады.

92.

Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі деректердің автоматтандырылған базасын басқару терминалдарын пайдаланудың мониторингін жүргізеді және сәйкестендіреді, оның ішінде олар жүргізген операциялардың түрлері мен көлемдерінің пайдаланушының функционалдық міндеттеріне сәйкестігін бақылайды.

93.

Ұйымда (Қорда) пайдаланушының жеке басын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін жүйесі бар.
1   2   3   4   5   6   7   8

Похожие:

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы iconЗейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Зейнетақы активтерін инвестициялық...
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау Ережесін бекіту туралы
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы iconҚадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттеуді жетілдіру мақсатында,...
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы iconЖинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №76 Қаулысы
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері,...
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты...
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы iconЖәне жеке инвестордың нарыққа шығуының мәні бар ма?
Клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлерді-дилерлерді қоса нарықтың кәсіби қатысушылары, тіркеушілер және кастодиан-банктер....
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы iconНациональный Банк Республики Казахстан
Бағалы қағаздар нарығының субъектісіне және (немесе) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаға, зейнетақы активтерін инвестициялық...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница