Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы




НазваниеЗейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
страница6/8
Дата конвертации14.02.2016
Размер0.87 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.enpf.kz/download/2136/Қaulysy.doc
1   2   3   4   5   6   7   8

 

Зейнетақы активтерін инвестициялық

басқару жөніндегі қызметті жүзеге

асыру ережесінің 5-қосымшасы

 

Ұйымның (Қордың) орындауы үшін

міндетті талаптардың негізгі критерийлері

 

Тәуекелді басқару жүйесін ұйымдастыруға қойылатын талаптар

1.

Директорлар кеңесі Ұйымның (Қордың) қызметін реттейтін ішкі құжаттарды бекітеді, оның ішінде:

Ұйымның (Қордың) мүдделерінің дауларын реттеу жөніндегі тәртіп;

Функциясы тәуекелдерді басқару рәсімдерін орындауды көздейтін қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын;

тәуекелдерді басқару рәсімдерін;

ішкі аудит жөніндегі тәртіпті;

ішкі бақылау жөніндегі тәртіпті;

есепке алу саясатын;

ақпараттық қауіпсіздік тәртібін;

инвестициялық саясатты;

инвестициялық қызметті реттейтін ішкі құжаттарды.

2.

Ішкі аудит жөніндегі құжаттар ішкі аудит қызметінің әрбір тексерудің қорытындыларын директорлар кеңесімен Ұйымның (Қордың) басқармасына ұсынудың оңтайлы мерзімдерін көздейді

3.

Ішкі аудит қызметінің өкілеттілігі бөлімше үшін орындауы міндетті болып табылатын жасалған тексерулер қорытындысы бойынша ұсыныстар әзірлеуді көздейді, сонымен қатар оларды жүзеге асыру тәсілдерімен талаптарын тікелей бөлімшелер белгілейді.

4.

Ұйымның (Қордың) бөлімшелері ішкі аудит қорытындысы бойынша қабылданған іс-шараларды және оларды оңтайлы орындау мақсатында жүргізген және жоспарлаған мониторингті жүзеге асырады.

5.

Ішкі аудит қызметі Ұйымның (Қордың) қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін сақтауға байланысты, қаржылық қызметтің жаңа түрлерін енгізу кезінде Ұйымның (Қордың) қосымша маңызды тәуекелдердің пайда болу мүмкіндігіне баға береді.

6.

Басқарма әрбір тексеру қорытындысы бойынша ішкі аудит қызметінің есебіне талдау жасайды және анықталған кемшіліктерді жою жөнінде тиісті шаралар қабылдау үшін Директорлар кеңесіне ұсыныстар береді

7.

Ішкі аудит қызметі Ұйымның (Қордың) ішкі ережелері мен рәсімдерінің сақтауына бақылауды жүзеге асырады және ішкі және сыртқы аудиторлардың есептерін, уәкілетті органның ықпал ету шараларын және өзге талаптарын орындайды.

8.

Директорлар кеңесі Ұйымның (Қордың) қаржылық жағдайын бақылауға мүмкіндік беретін тиісінше ақпаратты қажетінше алады, ағымдағы қаржы жылына Ұйымның (Қордың) жоспарлаған қызметінің мән-мақсатына жетуі бойынша Ұйымның (Қордың) қызметіне талдау жасайды және баға береді.

9.

Директорлар кеңесі ішкі бақылауды және тәуекелдерді басқаруды жақсарту жөніндегі сыртқы аудиторлардың аудиторлық есебін талдайды

10.

Директорлар кеңесі басқарманың Ұйымның (Қордың) ағымдағы қаржы жылына жоспарланған қызметінің орындалуына талдау жасайды.

11.

Директорлар кеңесі уәкілетті органның ықпал ету шаралары мен өзге де талаптарының, оның ішінде Ұйымның (Қордың) қызметіндегі кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалмау себептерін анықтай отырып бақылау жүргізеді.

12.

Директорлар кеңесі Ұйымның (Қордың) басшы қызметкерлерінің функционалды міндеттеріндегі мүдделерге байланысты болуы ықтималдауларға талдау жасайды.

13.

Директорлар кеңесі егер Ұйымның (Қордың) қызметінің нәтижесі ағымдағы жылдың мақсатты көрсеткіштерімен сәйкес келмеген жағдайда өз өкілеттігі шегінде Ұйымның (Қордың) басқармасының мүшелеріне шара қолдануы мүмкін.

14.

Жылдық бюджеттермен стратегиялық жоспарларды құрастыруды басқарма ағымдағы және болашақ бәсекелестік, экономикалық ортаны және нормативтік құқықтық базаны, Ұйым (Қор) капиталының қосымша қажетті мөлшерін ескере отырып, құрастырады.

15.

Басқарма Ұйымның (Қордың) директорлары мен акционерлеріне Ұйымның (Қордың) қызметі туралы қаржылық және басқару есептілігі туралы ұсынады.

16.

Директорлар кеңесі ай сайын талдау үшін мынадай есептерді алады:

Ұйымның (Қордың) өткен жылдың осы кезеңі мен салыстырғандағы кірістері мен шығыстары туралы жиынтық балансы және есебі, жоспарланған қызмет көрсеткіштері;

инвестициялар туралы есептер:

қаржы құралдарының олардың түрлерін және баланстық құнын, рыноктық құнын, кірістілігін және сатып алу мен сатудың жалпы сомасын көрсету бойынша топталуы.

17.

Директорлар кеңесі тоқсан сайын талдау жасау үшін мынадай есептерді алады:

жинақтаушы зейнетақы қорының (гэп-талдау) активтермен міндеттемелерінің көлемін салыстыру туралы есебі;

Ұйымның (Қордың) проценттік тәуекел бойынша позициясын қысқаша талдау;

Ұйымның (Қордың) валюталардың айырбас бағамдарының ауытқуы тәуекеліне душар болуын қысқаша талдау;

Ұйымның (Қордың) меншікті капиталындағы ағымдағы және болжалданып отырған қажеттіліктерін қысқаша талдау.

18.

Ұйымның (Қордың) ұйымдастыру-функционалдық құрылымының мәселелері бойынша ішкі құжаттар мыналарды реттейді, оның ішінде:

Ұйымның (Қордың) бөлімшелерінің немесе Ұйымның (Қордың) жүргізіп отырған операцияларына байланысты негізгі тәуекелдерді талдауға және тәуелсіз бағаға жауап беретін тәуекелдерді басқарушы тұлғаның өкілеттігі мен міндеттері;

функционалды міндеттері бойынша сәйкес келетін Ұйымның (Қордың) басқару органдарының құрылымы;

Ұйымның (Қордың) әрбір басшы қызметкерінің лауазымдық міндеттері және өкілеттігі;

есепті жыл ішінде Ұйымның (Қордың) құрылымдық бөлімше басшыларының қызметіне баға беру тәртібі, оның ішінде Ұйымның (Қордың) қызметіндегі мақсатты көрсеткіштерін Ұйымның (Қордың) орындамағаны үшін шара қолдану немесе жауапкершілікке тарту.

19.

Тәуекелдерді басқару саясаты:

Ұйымның (Қордың) басшы қызметкерлерінің өкілеттіктері мен функционалдық міндеттерін реттейтін ережелерді, оның ішінде қаржы құралдарын сатып алу/сату жөніндегі операцияларды жасаудың дұрыстығына қосарлы бақылау жасауды көздейді және соған байланысты тәуекелдерді бақылауды көздейді.

20.

Ішкі аудит қызметі басшы қызметкерлердің Ұйымның (Қордың) қызметін басқару жөніндегі өкілеттіктері мен функциясын топтауды анықтауға, сондай-ақ жүргізілген операциялардың Ұйымның (Қордың) бекітілген корпоративті стратегиясына, саясатына және рәсімдеріне сәйкес келу мәніне тексеру жүргізеді.

21.

Тәуекелдерді басқару жөніндегі саясат Ұйымның (Қордың) Директорлар кеңесінің, басқарма мүшелерінің және жауапты қызметкерлердің тәуекелдерді басқару жөніндегі өкілеттіктері мен функционалдық міндеттерін анықтайды.

22.

Ұйымның (Қордың) Директорлар кеңесіне және басқармасына ұсынылатын басқарушылық ақпарат тізбесі Ұйымның (Қордың) Директорлар кеңесімен басқармасының тәуекелдерді басқару жөніндегі жеке функционалдық міндеттерін тиісінше орындауы үшін жеткілікті болып табылады.

23.

Ұйымның (Қордың) бөлімшесінің тәуекелді басқару жөніндегі және ішкі аудит қызметінің қызметкерінің функционалдық міндеттері олар жүргізіп отырған операцияларға сәйкес келеді.

24.

Ұйымның (Қордың) зейнетақы активтерімен жұмыс жөніндегі саясатына мыналар жатады:

салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына қаражаттың, төлемдердің және жинақталған зейнетақы қаражаты аударымдарының уақтылы түсуінің есебін алу шынайылығын қамтамасыз ететін рәсімдер;

салымшылардың (алушылардың) зейнетақымен қамсыздандыру шарты бойынша шағымдарын белгіленген мерзімде қарауға кепілдік беретін рәсімдер, жинақталған зейнетақы қаражатын аудару сәтіндегі немесе төлем жасау сәтінде жоғалтуларды уақтылы қалпына келтіру;

зейнетақы активтерін есепке алу сәйкестігі мониторингін қамтамасыз ету және зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарына сай уақтылы инвестициялау рәсімдері;

қордың комиссиялық сый ақысын есепке алу және төлем жасау дұрыстығын тексеру;

мыналарды енгізетін инвестициялық саясатты:

зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімдер қабылдау тәртібі;

зейнетақы активтерін қатыстыра отырып мәмілелер жасау тәртібі және олардың жасалуына бақылауды жүзеге асыру;

деректердің бүтіндігімен ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге ішкі бақылау жасау тәртібі;

инвестициялық шешімдер қабылдау рәсімдері, сондай-ақ инвестициялық шешімдер қабылдау үшін ұсынымдар беру;

зейнетақы активтерінің есебінен сатып алынған қаржы құралдарын хеджирлеу саясаты және рәсімдері;

зейнетақы активтерінен және инвестициялық кірістерден алынатын Ұйымның (Қордың) комиссиялық сыйақысының мөлшері, сондай-ақ осы ақпараттың Ұйымның (Қордың) салымшыларына (алушыларына) берілу шарттары.

25.

Ұйымның (Қордың) ішкі аудит бойынша саясаты мыналарды анықтайды:

Ұйымның (Қордың) ұшырауы ықтимал барлық тәуекелдерін;

ішкі аудитті жүргізу ауқымын және жиілігін;

ішкі аудитті жүргізу кезінде пайдаланылатын рейтингтік жүйені;

Ұйымның (Қордың) ішкі аудит жүргізу жоспарын жасауға қойылатын талаптарын.

26.

Ішкі аудит қызметі аудит саясатына сәйкес функциялары қаржы құралдарымен операциялар жүргізуді көздейтін Ұйымның (Қордың) барлық бөлімшелеріне тұрақты түрде ішкі тексерулер жүргізеді.

27.

Ішкі аудит қызметі аудит саясатына сәйкес зейнетақы активтерінің есебінен жасалатын операцияларға, зейнетақы активтерінің қатысуымен жасалатын мәмілелерді жасау дұрыстығына және кастодиан банктермен және қорлармен салыстыруларды жүзеге асырудың, есепке алудың және құжат айналымының дұрыстығына тұрақты ішкі тексерулер жасайды.

28.

Ішкі аудит қызметі зейнетақы активтерінің қатысуымен жасалатын мәмілелерді есепке алу журналындағы ақпараттың шынайылығына тұрақты түрде тексеру жүргізеді.

29.

Ішкі аудит қызметінің қызметкері Ұйымның (Қордың) біліктілік талаптарына сәйкес келеді, сондай-ақ тексерулер жасалып отырған Ұйымның (Қордың) бөлімшелерінің қызметі туралы жұмыс тәжірибесі және қажетті білімі болады.

30.

Ұйымның (Қордың) ішкі саясаты бойынша ішкі аудит қызметі тексеріп отырған бөлімшенің қызметіне байланысты барлық қажетті, оның ішінде коммерциялық немесе өзге де конфиденциалды құпия режимдегі құжаттарды қарау құқығы көзделеді.

31.

Ішкі аудит жөніндегі Ұйымның (Қордың) ішкі саясаты мен олардың функционалды міндеттерін орындауы Ұйымның (Қордың) басшы қызметкерлерінен немесе басқа бөлімшелерден тәуелсіздігі және ішкі аудит қызметінің Директорлар кеңесіне есептілігі белгіленеді.

32.

Ішкі аудит қызметі Ұйымның (Қордың) сыртқы аудиторы мен бірлесіп, жылына бір реттен кем емес ретпен Ұйымның (Қордың) ішкі бақылау жүйесіндегі ішкі немесе сыртқы аудитор анықтаған кемшіліктерді талқылау үшін бірлескен кездесулер өткізеді.

33.

Ішкі саясат бойынша ай сайын Ұйымның (Қордың) кірістерін (шығыстарын), оның ішінде серпінділігі, бөлігі бойынша, қызмет түрлері бойынша, Ұйымның (Қордың) аумақтық және функционалды бөлімшелерін қадағалайтын Ұйымның (Қордың) бөлімшесі белгіленген.

34.

Ішкі саясат бойынша Директорлар кеңесі белгілеген жиынтық лимиттер шегіндегі бөлімшенің қызметіне байланысты кірістерді (шығыстарды) басқару жөніндегі Ұйымның (Қордың) бөлімшесінің өкілеттігі көзделген.

35.

Басқарма Ұйымның (Қордың) меншікті капиталының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін барынша төмен деңгейге сай келуін қамтамасыз етеді.

36.

Басқарма Директорлар кеңесі белгілеген жиынтық лимиттер шегінде Ұйымның (Қордың) қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асыратын әр бөлімшесі үшін тәуекел лимитін белгілейді.

37.

Ішкі аудит қызметі жүргізілген тексерулер қорытындысы бойынша Ұйымның (Қордың) қызметкерлер құрамының Ұйымның (Қордың) қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, халықаралық стандарттарды, зейнетақымен қамсыздандыру аумағындағы Қазақстан Республикасының заңнамаларын білу деңгейін анықтайды

38.

Ішкі аудит қызметі Ұйымның (Қордың) қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін сақтауға байланысты, қаржылық қызметтің жаңа түрлерін енгізу кезінде Ұйымда (Қорда) қосымша маңызды тәуекелдердің пайда болу мүмкіндігіне баға береді.

39.

Директорлар кеңесі Басқарманың Директорлар кеңесіне және Ұйымның (Қордың) акционерлеріне Ұйымның (Қордың) қаржылық көрсеткіштеріне баға беру мүмкіндігін қамтамасыз ететін қаржылық және басқару есебін ұсыну нысаны мен мерзімін бекітті.

40.

Директорлар кеңесі тұрақты негізде инвестициялық шешімдерді және оларға ұсынымдарды талдап отырады.

41.

Директорлар кеңесі ішкі бақылауды жетілдіру және тәуекелдерді басқару жөніндегі сыртқы аудиторлардың қорытындыларына талдау жасайды.

42.

Ұйымның (Қордың) есеп және есеп беру саясаты, оның ішінде Ұйымның (Қордың) аудит жүргізу барысында мынадай мәселелерді тексеруді көздейді:

күнделікті балансты өңдеудің дұрыстығы;

Ұйымның (Қордың) есеп саясатының қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына сәйкес келуі;

қаржылық есептердегі негізсіз бухгалтерлік айла-шарғы фактілерінің болуы;

жеке және зейнетақы активтерінің есебінің дұрыстығы;

Ұйымның (Қордың) есеп саясатында белгіленген талаптар бойынша есеп және есеп беруді жасау әдістерінің сәйкестігі;

Ұйымның (Қордың) жылдық есебінде тәуекелдердің құрылымы мен мөлшерін толық және дұрыс ашу.
1   2   3   4   5   6   7   8

Похожие:

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы iconЗейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Зейнетақы активтерін инвестициялық...
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау Ережесін бекіту туралы
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы iconҚадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттеуді жетілдіру мақсатында,...
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы iconЖинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №76 Қаулысы
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері,...
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты...
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы iconЖәне жеке инвестордың нарыққа шығуының мәні бар ма?
Клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлерді-дилерлерді қоса нарықтың кәсіби қатысушылары, тіркеушілер және кастодиан-банктер....
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы iconНациональный Банк Республики Казахстан
Бағалы қағаздар нарығының субъектісіне және (немесе) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаға, зейнетақы активтерін инвестициялық...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница