Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы




НазваниеЗейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
страница2/8
Дата конвертации14.02.2016
Размер0.87 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.enpf.kz/download/2136/Қaulysy.doc
1   2   3   4   5   6   7   8

 

Бекітілді

Қазақстан Республикасы

Қаржы нарығын және қаржы

ұйымдарын реттеу мен қадағалау

агенттігі Басқармасының

2006 жылғы 27 қазандағы

№ 225 қаулысымен

 

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі

қызметті жүзеге асыру ережесі

 

1-тарау.

Жалпы ережелер

 

1. Осы Ереже «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабына және 55-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына, «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 10-тармақшасына, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібін белгілейді.

2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) әртараптандыру - зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының активтерін Қазақстан Республикасы заңнамасымен рұқсат берілген әр түрлі қаржы құралдарына орналастыру;

2) ашық валюталық позиция - зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның жеке шет мемлекет (шет мемлекеттер топтары) валютасына қойылатын (талаптарды) міндеттемелерді зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның сол шетел валютасына қойылатын міндеттемелеріне (талаптарына) қарағанда күшейтуі;

3) баға тәуекелі - қаржы құралдарының нарықтық құнына әсер ететін, қаржы рыноктарындағы талаптар өзгерген жағдайда туындайтын қаржы құралдары құнының өзгеруі салдарынан болатын шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелі;

4) бэк-офис - негізгі функциясы қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелерді орындау, фронт-офистен алынған бастапқы құжаттар негізінде қосалқы есепте жасалған операцияларды тіркеу, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының қаржы құралдары мен ақшасын есепке алу болып табылатын зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының бөлімшесі;

5) бэк-тестинг - зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша тарихи деректерді пайдалана және есептелген нәтижелерді көрсетілген операцияларды жасаудың ағымдағы (нақты) нәтижелерімен салыстыра отырып тәуекелдерді өлшеу рәсімдерінің тиімділігін тексеру әдістері;

6) валюталық тәуекел - зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қоры өз қызметін жүзеге асырған кезде шетел валюталары бағамдарының өзгеруімен байланысты шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелі. Шығыстардың (шығындардың) қауіптілігі құндылық түріндегі валюталар бойынша позицияларды қайта бағалаудан туындайды;

7) гэп - сыйақы мөлшерлемелерінің өзгерісіне ұшыраған немесе белгілі бір мерзім ішінде өтеуге жататын зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының активтері мен міндеттемелерінің көлемін салыстыру негізінде процент тәуекелін және өтімділікті жоғалту тәуекелін өлшеу әдістері;

8) елдің (трансферт) тәуекелі - шет мемлекеттің немесе шет мемлекет резидентінің зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының алдындағы міндеттемелері бойынша төлем қабілетсіздігі немесе жауап беру ниетінің болмауы салдарынан болған шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі;

9) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның валюталық нетто-позициясы - зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның барлық шетел валюталары бойынша ұзақ позициясының жиынтық сомасының және барлық шетел валюталары бойынша қысқа позицияның жиынтық сомасының арасындағы айырмашылық;

10) инвестициялық декларация - активтері инвестициялық басқаруда болатын жинақтаушы зейнетақы қорының директорлар кеңесі бекіткен және Қазақстан Республикасының барлық аумағында он бес мыңнан кем емес данамен таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында басылған инвестициялау объектілерінің тізбесін, мақсатын, стратегияларын, шарттарын және зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық қызметтің шектеулерін, хеджирлеу және әртараптандыру талаптарын белгілейтін құжат;

11) кредиттік тәуекел - бағалы қағаз (облигациялар, мемлекеттік міндеттемелер және басқалар) шығару талаптарымен белгіленген мерзімде кредиторға (инвесторға) тиесілі негізгі борышты және (немесе) сыйақыны заемшының (эмитенттің) төлемеуі салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі. Сондай-ақ кредиттік тәуекелге своптар, опциондар жөніндегі және бағалы қағаздар бойынша есеп айырысуларды реттеу кезеңінде міндеттемелерді әріптестің орындамауына байланысты туындайтын залал тәуекелі кіреді;

12) құқықтық тәуекел - зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзуы не зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қоры тәжірибесінің оның ішкі құжаттарына сәйкес келмеуі, ал Қазақстан Республикасы резидент еместеріне қатысты басқа мемлекеттердің заңнамасының талаптарын бұзуы салдарынан болған шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі;

13) қысқа валюталық позиция - жеке шет мемлекетінің (шет мемлекеттер топтарының) валютасындағы ашық валюталық позициясы, оларға қойылатын талаптарды (активтердің жиынтық сомасы мен шартты талаптарды) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның сол шетел валютасындағы міндеттемелеріне (міндеттемелердің жиынтық сомасы мен шартты міндеттемелеріне) қарағанда күшейтуі;

14) қор тәуекелі - акциялардың рыноктық құнына әсер ететін қаржы рыноктарының талаптары өзгерген жағдайда туындайтын акциялар құнының өзгеруі салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі;

15) операция тәуекелі - зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының ішкі бақылау ұйымына қойылатын талаптарды бұзуы (сақтамауы) салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі. Операция тәуекеліне сондай-ақ операция (компьютер) жүйелеріндегі елеулі іркілістердің туындауына байланысты тәуекелдер, белгіленген лимиттердің асып кетуі, бағалы қағаздармен немесе бэк-офис жұмысы барысында операторлардың қателерімен операциялар жасаған кездегі алаяқтық жатады;

16) өтімділікті жоғалту тәуекелі - зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының өз міндеттемелерін орындамауы не уақтылы орындамауына байланысты тәуекел. Бағалы қағаздар өтімділігін жоғалту тәуекелі активтер сияқты олардың тез сатылу қабілеттілігімен, төмен шығасылармен және қолайлы бағалары бойынша айқындалады;

17) проценттік тәуекел - сыйақы мөлшерлемелерінің қолайсыз өзгеруі салдарынан туындаған шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі, оның ішінде:

орналастырған активтер (белгіленген сыйақы мөлшерлемелері кезінде) өтеу мерзімдерінің сәйкес келмеуімен байланысты жалпы проценттік тәуекел;

өзге тең жағдайларда ұқсас баға сипаты бар құралдардың бірқатары бойынша алынатын және төленетін сыйақыны есептеу және түзетудің түрлі әдістерін қолдануға байланысты ерекше проценттік тәуекел;

18) рыноктық тәуекел - қаржы рыноктарының қолайсыз қозғалыстарымен байланысты шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі. Рыноктық тәуекелдің макроэкономикалық табиғаты бар, яғни қаржы жүйесінің макроэкономикалық көрсеткіштері рыноктық тәуекелдің көздері болып табылады;

19) стресс-тестинг - зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жай-күйіне төтенше, бірақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының қызметіне әсер етуі мүмкін ықтимал оқиғалардың әлуетті әсер етуін өлшеу әдістері;

20) тәуекелдерді басқару жүйесі - бұл процеске төрт негізгі элемент кіреді: тәуекелді бағалау, тәуекелді өлшеу, тәуекелді бақылау және тәуекел мониторингі;

21) уәкілетті орган - қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

22) ұзақ валюталық позиция - бұл жеке шет мемлекетінің (шет мемлекеттер топтарының) валютасындағы ашық валюталық позиция, оларға қойылатын талаптарды (активтердің жиынтық сомасы мен шартты міндеттемелерін) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның сол шетел валютасындағы міндеттемелеріне (міндеттемелердің жиынтық сомасы мен шартты міндеттемелеріне) қарағанда күшейтуі;

23) фронт-офис - негізгі функциясы қаржы құралдарымен мәмілелер жасау болып табылатын зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының бөлімшесі;

24) хеджирлеу - жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфеліндегі хеджирлеу объектісінің әділ құны өзгеруінің ішінара немесе толық өтемі үшін хеджирлеудің бір немесе бірнеше құралдарын немесе бухгалтерлік есептің стандартына сәйкес олармен байланысты ақша түсімдерін пайдалану;

25) хеджирлеу институты - қаржы құралдары, оның ішінде осы ереженің 1-қосымшасында көрсетілген хеджирлеу операцияларын жүзеге асыру үшін пайдаланылатын туынды қаржы құралдары;

26) "stop-loss" - лимиттерді белгілеу саясаты, қаржы құралдарымен жасалатын операциялар бойынша залалдың шекті түрде жол берілетін деңгейі.

3. Осы ережелер мақсатында Standard & Poor's агенттігінің рейтингтік бағасынан өзге уәкілетті орган Moody's Investors Service және Fitch агенттіктерінің рейтингтік бағаларын таниды.

 

 

2-тарау.

Инвестициялардың объектілері

 

4. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым (бұдан әрі - Ұйым) және/немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорлары (бұдан әрі - Қор) әрбір жеке қордың инвестициялық басқарудағы зейнетақы активтерін осы Ереженің 1-қосымшасында көрсетілген қаржы құралдарына орналастырады.

1-қосымшада көрсетілген қаржы құралдарына зейнетақы активтерінің есебінен инвестициялардың мөлшерін инвестициялық декларация белгілейді.

 

 

3-тарау.

Инвестициялау шарттары және тәртібі

 

5. Зейнетақы активтері есебінен жасалатын мәмілелерді Ұйым (Қор) инвестициялық шешімдерді қабылдауға уәкілетті алқалы орган қабылдаған инвестициялық шешім негізінде жасайды.

Ұйымның (Қордың) мемлекеттік емес бағалы қағаздармен мәмілелерін бастапқы ұйымдаспаған рынокта (оларды орналастыру кезінде) Ұйым (Қор) дербес жасайды.

6. Ұйымның (Қордың) мемлекеттік бағалы қағаздармен және мемлекеттік емес бағалы қағаздармен мәмілелерін Ұйым (Қор) қайталама рынокта тек бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыногында жасайды, мына жағдайларды қоспағанда:

1) Ұйымның (Қордың) инвестициялық портфеліндегі эмитентті акциялардағы облигацияларды айырбастау;

2) басымдығы бар сатып алуға құқықты жүзеге асыру;

3) осы Ереженің 27-тармағының талаптарын ескере отырып, хеджирлеу құралдарымен мәмілелерді жасау;

4) Ұйым (Қор) «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес эмитенттің инвестициялық портфеліндегі бар акциялары үшін төлем талап етуіне болады.

5) сауда-саттық ұйымдастырушысы листинг болмаған кездегі тартқан бағалы қағаздарды сату.

7. Қордың зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті, сондай-ақ клиенттер шоттарын жүргізу құқығы жоқ брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру үшін берілген лицензиясы болған жағдайда Қор тек онда басқаруда болған зейнетақы активтеріне қатысты брокерлік, дилерлік қызмет көрсетеді.

8. Зейнетақы активтерінің қатысуымен ұйымдасқан бағалы қағаздар рыногында жасалған мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмілелері ашық сауда-саттық әдісімен жасалуы тиіс. Зейнетақы активтерінің қатысуымен жасалатын «кері репо» мәмілелері отыз күннен аспайтын мерзімге жасалуы мүмкін.

9. Ұйымның (Қордың) бір эмитентінің екінші деңгейдегі банктердің біріндегі салымдарға салған мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарының инвестиция мөлшері Ұйым (Қор) үшін белгіленген пруденциалдық нормативтердегі белгіленген нормативтерге сәйкес келуі тиіс.

Ұйым (Қор) осы бағалы қағаздармен сауда-саттықты сауда-саттық ұйымдастырушы бастапқы рынокта (оларды орналастыру кезінде) уақытша тоқтатқан жағдайда сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тізіміне енгізілген мемлекеттік емес бағалы қағаздарды сатып ала алмайды.

10. Қордың зейнетақы активтерін екінші деңгейдегі банкте салымға орналастыру мерзімі отыз алты айдан аспайды. Осы мерзім өткенге дейін салым сомасы және ол бойынша сыйақы сомасы Қордың инвестициялық шотына есептелуі тиіс. Салымның мерзімін ұзарту қордың инвестициялық шотына салымның және салымның бастапқы мерзімі бойынша осы салым жөніндегі сыйақы сомасы аударылғаннан кейін ғана мүмкін болады.

11. Зейнетақы активтерін инвестициялауға арналған жинақтаушы зейнетақы қорының ақша қалдығының ең көп мөлшері жинақтаушы зейнетақы қорының жиынтық ақшасын қосқанда: кастодиан банктегі инвестициялық шоттарындағы; осы жинақтаушы зейнетақы қорының шетелдік кастодиан банктердегі кастодиан банктің корреспонденттік шоттарындағы; халықаралық депозитарлық-есеп айырысу жүйелерінің қатысушылары - шетелдік ұйымдардағы кастодиан банктің шоттарындағы жинақтаушы зейнетақы қорының әрқайсысы бойынша жеке зейнетақы активтерінің мөлшерінің үш процентінен аспауы керек.

Кастодиан банктегі жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық шоттарына, осы жинақтаушы зейнетақы қорының шетелдік кастодиан банктеріндегі кастодиан банктің корреспонденттік шоттарына және халықаралық депозитарлық-есеп айырысу жүйелерінің қатысушылары - шетелдік ұйымдардағы кастодиан банктің шоттарына түсетін зейнетақы активтерін Ұйым (Қор) ұлттық валютаға қатысты он жұмыс күні ішінде, шетел валютасына қатысты отыз күнтізбелік күн ішінде ағымдағы аударымдардың шегергенде толық көлемде инвестициялайды.

Ұйым (Қор) зейнетақы активтерін инвестициялау мақсатында Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "АА-"ден төмен емес рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар резидент банкке жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық шотындағы ақша қалдықтарын отыз күнтізбелік күннен астам емес мерзімге орналастырады.

12. Ұйым (Қор) зейнетақы активтері инвестициялық басқаруға қабылданған жинақтаушы зейнетақы қорының салымшыларының мүдделері үшін ғана әрекет жасайды.

Ұйым (Қор) бірдей ұлттық бірегейлендіру номері бар бағалы қағаздарды Ұйымның (Қордың) инвестициялық басқаруындағы меншікті активтері есебінен және/немесе зейнетақы активтері есебінен сатып алу (сату) туралы бір күнде инвестициялық шешім қабылдай алмайды.

13. Егер қандай да болмасын жағдайдың нәтижесінде Қордың зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары портфелінің құрылымы осы Ереженің 9-тармағында белгіленген жағдайларға сәйкес келмегенде, Ұйым (Қор) мұндай сәйкессіздікті тереңдететін инвестициялық қызметті дереу тоқтатады және бір күннің ішінде уәкілетті органға осы сәйкессіздік фактісі және себептерін оны жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының қосымшасын қоса ұсыну арқылы хабарлайды.

14. Борыштық бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушысы (рейтингтік бағаның ең төменгі деңгейі жоқ) листинг өткізілмеген жағдайда не борыштық бағалы қағаздың ең төменгі деңгейден төмен кредиттік рейтингі төмендеген жағдайда Ұйым (Қор) мұндай бағалы қағаздарды жоғарыда аталған оқиға басталған күннен бастап бір жыл ішінде сатады. Оны сату мүмкін болмаған жағдайда Ұйым (Қор) уәкілетті органға осындай бағалы қағаздарды өтеу мерзіміне дейін ұстау туралы ақпарат жібереді.

15. Акцияларды немесе пайларды сауда-саттық ұйымдастырушысы (рейтингтік бағаның ең төменгі деңгейі жоқ эмитенті) листинг өткізілмеген жағдайда, сондай-ақ акционерлік қоғамның басқа ұйымдық құрылымдық нысанына қайта ұйымдастыру жағдайында, не акциялардың немесе пайлардың эмитентінің кредиттік рейтингі ең төменгі деңгейден де төмендеген жағдайда Ұйым (Қор) осындай акциялар мен пайларды жоғары аталған оқиға басталған күннен бастап бір жыл ішінде сатады. Осы акцияларды және пайларды сату мүмкін болмаған жағдайда Ұйым (Қор) Қаржылық есептіліктің халықаралық стандартына сәйкес құнсыздану белгілері бар бағалы қағаз ретінде таниды.

 

 

4-тарау.

Инвестициялық шешімді қабылдау тәртібі

 

16. Ұйым (Қор) зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметін мыналарды (оның ішінде):

зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімдерді қабылдау тәртібін;

зейнетақы активтерінің қатысуымен мәміле жасау және оларды аяқтауды жүзеге асыру тәртібін;

деректер мен құпия ақпараттың тұтастығын қамтамасыз етуге ішкі бақылау жасау тәртібін айқындайтын ішкі құжаттар негізінде жүзеге асырады.

17. Зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімдер инвестициялық шешімдерді қабылдау үшін берілетін ұсынымдар (бұдан әрі - ұсынымдар) негізінде қабылданады.

18. Зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімдер қабылдау тәртібінде мыналар:

1) мыналарды көздейтін ұсынымдарды беру үшін ақпаратты жинау, өңдеу және талдау тәртібі болуы тиіс:

ұсынымдарды беруге уәкілетті лауазымды тұлғалардың тізбесі;

зейнетақы активтері портфелінің жай-күйін талдау;

инвестиция жасау болжалданып отырған қаржы құралдарына талдаудың болуы, сұрату және кірістілік талаптары;

инвестиция жасау болжалданып отырған қаржы құралдарына байланысты тәуекелдерді талдау;

уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген әртараптандыру нормаларын сақтауды талдау;

ұсынымдарды беру кезіндегі өзге де маңызды факторларды талдау болуы тиіс;

2) соларды негізге алып қабылданған ұсынымдар мен инвестициялық шешімдердің бірегей тіркеу журналында тіркелу тәртібі;

3) инвестициялық шешімдерді қабылдауға уәкілетті алқалы органға кіретін лауазымды тұлғалардың тізбесі;

4) инвестициялық шешімдерді қабылдауға уәкілетті алқалы органның инвестициялық шешімдерді қабылдау тәртібі.

19. Ұсынымда мыналар:

1) берілген күні және ұсыным нөмірі;

2) ұсыным беру үшін пайдаланылған ақпарат көздерінің тізбесі (сипаттамасы);

3) ұсыным беру үшін пайдаланылған ақпаратты талдау нәтижесі;

4) инвестициялық шешімнің ұсынылып отырған нұсқалары;

5) ұсынымды берген тұлғалардың қолдары болуы тиіс.

20. Инвестициялық шешімде мыналар:

1) инвестициялық шешімнің қабылданған күні және нөмірі;

2) негізінде инвестициялық шешім қабылданған ұсынымның берілген күні және нөмірі;

3) аяқталуы тиіс мәміленің түрі;

4) мәміле аяқталуы тиіс қаржы құралын бірегейлендіргіш;

5) аяқталуы тиіс мәміленің көлемі, бағасы және сомасы (көлемінің диапазоны, бағалар және сомалар);

6) мәміленің аяқталу мерзімі;

7) мәміленің аяқталуы болжалданатын рыноктың типін (бастапқы немесе қайталама) көрсету;

8) мәміленің (осындай болған жағдайда) жасалуы оның көмегі арқылы болжалданатын делдалдың (брокердің) атауы;

9) мәміленің аяқталуы зейнетақы активтері есебінен болжалданып отырған қордың атауы;

10) инвестициялық шешім қабылдаған тұлғалардың қолы болуы тиіс.

21. Зейнетақы активтерін қатыстыру арқылы мәміле жасау және олардың аяқталуына бақылау жасау тәртібінде мыналар:

1) зейнетақы активтерін қатыстыру арқылы мәміле (осындай болған жағдайда) жасау көмегі арқылы болжалданып отырған делдалмен (брокермен) қарым-қатынас жасау тәртібі;

2) зейнетақы активтерін қатыстыру арқылы мәміле жасауды аяқтауға бақылау жасауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың тізбесі;

3) зейнетақы активтерін қатыстыру арқылы мәміле жасауды аяқтауға бақылау жасау тәртібі;

4) кастодиан банктермен және қорлармен салыстыруды жүзеге асыру тәртібі;

5) ішкі есеп және құжат айналымын енгізу тәртібі болуы тиіс.

22. Ұйымның (Қордың) зейнетақы активтерін қатыстыру арқылы мәміле жасауға бақылауды жүзеге асыру үшін мыналарды:

мәміле жасауға қажетті тапсырыстарды есепке алу журналын;

орындалған және орындалмаған мәмілелерді есепке алу журналын;

банк салымының шарттарын есепке алу журналын;

кастодиан банктердің бұйрықтарын тіркеу журналын;

кастодиан банктермен және қорлармен салыстыру актілерін тіркеу журналын толтыруы тиіс.

Осы аталған журналдармен қатар Ұйым (Қор) басқа да қосымша есепке алу журналдарын жүргізуі мүмкін.

23. Деректер мен құпия ақпараттың толықтығын қамтамасыз ету жөніндегі ішкі бақылау тәртібінде мыналар:

1) құпия санатқа жататын ақпараттар тізбесі;

2) құпия ақпарат болып табылатын құжаттарды жасау, ресімдеу, тіркеу, есепке алу және сақтау тәртібі;

3) лауазымды қызметі бойынша құпия ақпаратқа рұқсат берілген тұлғалар көрсетілген құпия ақпаратқа рұқсат беру тәртібі;

4) деректердің электронды массивінің сақталуын қамтамасыз ету тәртібі болуы тиіс.

24. Ұйым (Қор) хеджирлеу құралдарын пайдалануы мүмкін.

Хеджирлеу операцияларын жүзеге асыру туралы шешімде мынадай ақпарат болу керек:

1) шешім нөмірі, қабылданған күні;

2) негізінде инвестициялық шешім қабылданған ұсынымның берілген күні және нөмірі;

3) хеджирлеу құралының түрі, оның жасалу мерзімі, көлемі, құны (сыйақылар), хеджирлеу операцияларын жасау жоспарланып отырған рынок көрсетілген хеджирлеу құралының жан-жақты сипаттамасы және осы құралдың басқа да сипаттамалары (талаптары);

4) осы хеджирлеу құралын қолданудан күтіліп отырған нәтижелер;

5) хеджирлеу объектісінің түрін (проценттік, бағалық, валюталық және басқа), сондай-ақ оны бағалау әдісін көрсетіп, хеджирлеу объектісінің тәуекеліне (базистік актив) баға беру;

6) қажетті деректемелері көрсетілген (ұлттық бірегейлендіру нөмірі, саны, құны, көлемі, валютасы), сондай-ақ осы хеджирлеу объектісін зейнетақы активтері есебінен сатып алған қордың атауы көрсетілген хеджирлеу объектісі;

7) хеджирлеу операцияларын жүзеге асыру жөнінде шешім қабылдау үшін пайдаланылған ақпаратты талдау қорытындылары;

8) инвестициялық шешімді қабылдаған тұлғалардың қолы болуы тиіс.

25. Ұйым (Қор) шет мемлекеттердің бағалы қағаздарының ұйымдастырылмаған рыногында своп, опцион мен форвард мәмілелерін жасаған кезде жоғарыда аталған мәміле бойынша қарсы агент қаржы ұйымы болуы керек және онда Standard & Poor's агенттігінің "А" төмен емес халықаралық шәкілі бойынша рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар болуы тиіс.

Ұйым (Қор) Қазақстан Республикасы бағалы қағаздарының ұйымдастырылмаған рыногында своп, опцион мен форвард мәмілелерін жасаған кезде жоғарыда аталған мәміле бойынша қарсы агент қаржы ұйымы болуы керек және Standard & Poor's агенттігінің "ВВ" төмен емес халықаралық шәкілі бойынша рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар болуы керек.

26. Егер бір хеджирлеу объектісін хеджирлеу үшін хеджирлеудің бірнеше құралдарын қолдану жоспарланған болса, онда қабылданған шешімде хеджирлеу құралының әрбір түрі көрсетіледі.

27. Хеджирлеу операциялары бойынша қабылданған барлық шешімдер Ұйымда (Қорда) инвестициялық шешімдерді есепке алу журналында көрсету жолымен сақталады.

28. Хеджирлеу операциялары аяқталған соң тиісті шешіммен оның аяқталғандығы туралы белгі қойылады және осы хеджирлеу құралының түрін пайдаланудың нақты нәтижесі көрсетіледі.

29. Хеджирлеу операциялары процесі жағдайында хеджирлеу құралының түрін, мерзімін және басқа сипаттамаларын өзгерту қажеттігі туған жағдайда, осы шаралар осы Ереженің 24-тармағының 3), 4), 5) және 7), 8) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерді келтіре отырып, хеджирлеу операцияларын жүзеге асыру туралы тиісті шешімде көрсетіледі.

30. Хеджирлеу операцияларын, сондай-ақ ол бойынша кірісті және шығынды Ұйымның (Қордың) қаржылық есеп беруінде есепке алу және көрсету қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

31. Осы операцияның хеджирлеу операциясына қатысты екенін растау мақсатында Ұйым (Қор) хеджирлеу операцияларын жүзеге асыратын әр шешімге осы жасалған операциялардың хеджирлеу объектісі бойынша болуы мүмкін шығынның (ала алмаған кіріс) мөлшерін түсіруге алып келетінін растайтын тиісті есеп жасайды.

 

4-1-тарау. Зейнетақы активтерін беру

 

31-1. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару шартын (бұдан әрі - шарт) бұзуға ниеті бар жинақтаушы зейнетақы қоры не ұйым (Қор) шартты бұзу туралы ұйымды не жинақтаушы зейнетақы қорын бұзу белгіленген күнге дейін жиырма күн бұрын нақты бұзу күнін көрсете отырып, жазбаша нысанда хабарлайды.

31-2. Шартты бұзудың бастамашысы - заңды тұлғаның бірінші басшысы бұйрығының негізінде оны бұзу туралы хабарламада көрсетілген немесе шарт талаптарына сәйкес анықталған зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға шартты бұзған күнге дейін он жұмыс күнінен кем емес уақытта келісу комиссиясы құрылады.

31-3. Келісу комиссиясы жинақтаушы зейнетақы қорының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқару шарты бұзылатын және жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқа ұйымға не Қорға инвестициялық басқаруға беретін ұйымның (бұдан әрі - өткізіп беруші ұйым) және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға шарт жасалатын ұйымның не Қордың (бұдан әрі - қабылдаушы ұйым) уәкілетті өкілдерінен тұрады.

31-4. Келісу комиссиясы:

1) шартты бұзу күніндегі жағдай бойынша зейнетақы активтерін түгендеуді жүзеге асырады;

2) осы Ереженің 31-5-тармағында көрсетілген құжаттарды өткізіп беруші ұйымнан қабылдаушы ұйымға беру тәсілдерін және мерзімдерін айқындайды;

3) өткізіп беруші ұйымнан қабылдаушы ұйымға зейнетақы активтерін беру тәсілдерін және мерзімдерін айқындайды.

31-5. Келісу комиссиясының жұмысы барысында өткізіп беруші ұйым қабылдаушы ұйымға өткізіп беруші ұйымның жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқарудың барлық кезеңінде мынадай құжаттарды береді:

1) өткізіп беруші ұйымның бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын (жүзеге асырған) ұйымдарға зейнетақы активтері есебінен бағалы қағаздармен мәмілелер жасауға берген тапсырмаларының көшірмелері;

2) бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын (жүзеге асырған) ұйымдардың өткізіп беруші ұйымның зейнетақы активтерінің есебінен бағалы қағаздармен мәмілелер жасауға берген тапсырмаларының орындалуы туралы есептерінің көшірмелері;

3) өткізіп беруші ұйым зейнетақы активтерінің есебінен бағалы қағаздармен дербес түрде мәмілелер жасаған кезде - осындай мәмілелердің жасалғандығын растайтын құжаттардың көшірмелері;

4) жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық шотынан кастодиан банкі берген үзінді-көшірмелердің көшірмелері;

5) жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің «ДЕПО»  қосалқы шотынан орталық депозитарийдің берген үзінді-көшірмелердің көшірмелері;

6) зейнетақы активтерін өткізіп беру күніне қолданылып жүрген,  зейнетақы активтерінің есебінен екінші деңгейдегі банктермен жасасқан (сатып алынған) банк салымы шарттарының (екінші деңгейдегі банктердің депозиттік сертификаттарының) түпнұсқалары;

7) зейнетақы активтерін өткізіп беру күніне мерзімдері өтіп кеткен зейнетақы активтерінің есебінен екінші деңгейдегі банктермен жасасқан банк салымы шарттарының көшірмелері;

8) шартты бұзу күнінің алдындағы айлардағы зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің орташа құны туралы анықтамалардың уәкілетті органға ұсынылған көшірмелері;

9) өткізіп беруші ұйымның зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруына қатысты өзге де құжаттар (келісу комиссиясы мүшелерінің келісімдері бойынша).

31-6. Келісу комиссиясы жұмысының нәтижелері бойынша мазмұнында мынадай мәліметтері бар зейнетақы активтерін қабылдау-өткізу актісі ресімделеді:

1) жинақтаушы зейнетақы қорының, өткізіп беруші ұйымның, қабылдаушы ұйымның және жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан банкінің толық атауы (аталған ұйымдарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктеріне сәйкес);

2) жинақтаушы зейнетақы қорының, өткізіп беруші ұйымның және қабылдаушы ұйымның тіркелген (мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктеріне немесе статистикалық карточкаларына сәйкес) және нақты орналасқан жері;

3) жинақтаушы зейнетақы қорының, өткізіп беруші ұйымның және қабылдаушы ұйымның банктік деректемелері;

4) тиісті қызмет түрлерін жүзеге асыруға жинақтаушы зейнетақы қорына, өткізіп беруші ұйымға және қабылдаушы ұйымға берілген лицензияның нөмірі және берілген күні;

5) жинақтаушы зейнетақы қорының, өткізіп беруші ұйымның және қабылдаушы ұйымның бірінші басшысының және бас бухгалтерінің фамилиясы, аты, бар болса әкесінің аты;

6) зейнетақы активтерінің есебінен жасалған инвестициялардың ағымдағы құн (есептелген кірісті қоса) бойынша жиынтық мөлшері;

7) жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық шотынан оның шотына жүргізілген зейнетақы төлемдері аударымдарының сомасы (инвестициялық шотқа қайта келіп түскен ақшаны есепке ала отырып);

8) инвестициялық шоттардағы ұлттық және шетелдік валютамен көрсетілген ақша қалдығы;

9) ұлттық бірдейлендіру нөмірлерін, санын (данамен), сатып алу бағасын, бір бағалы қағаз бойынша есептелген кірісті, бір бағалы қағаздың ағымдағы құнын, бағалы қағаздардың жалпы санын, есептелген кірістің жалпы сомасын, бағалы қағаздарға жасалған инвестициялардың ағымдағы құнын, зейнетақы активтерінің есебінен сатып алынған бағалы қағаздарға қатысты өзге де ықтимал мәліметтерін көрсете отырып өткізіп берілетін бағалы қағаздардың тізбесі;

10) депонент банктердің атаулары, салымдардың сомалары, банктік салымы туралы шарт жасасқан күні, салымдар мерзімі, олар бойынша жылдық пайызбен сыйақы мөлшерлемелері, есептелген сыйақы сомалары, алынған сыйақы сомалары, зейнетақы активтері есебінен жүзеге асырылған салымдарға қатысты өзге де ықтимал мәліметтері көрсетіле отырып, екінші деңгейдегі банктердегі өткізіп берілетін салымдардың тізбесі;

11) міндеттемелердің сомалары, оның ішінде қателесіп есепке алынған сомалар, жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы төлемдері шотына аударуға жататын сома, өзге де кредиторлық берешек сомасы, жинақтаушы зейнетақы қорының және өткізіп беруші ұйымның зейнетақы активтерінің және инвестициялық кірістің есебінен төленуге жататын комиссиялық сыйақы сомасы, өзге ықтимал міндеттемелердің сомасы;

12) өткізіп беруші ұйымның зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша барлық кезеңдегі есептелген комиссиялық сыйақысының жалпы сомасы;

13) өткізіп беруші ұйымның жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша барлық кезеңдегі инвестициялық кірістің және зейнетақы активтерінің есебінен төленген және төлеуге жататын жинақтаушы зейнетақы қорының және өткізіп беруші ұйымның комиссиялық сыйақыларының сомалары;

14) шартты бұзу күнінің алдындағы күннің соңына зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің құнын есептеудің нәтижелері;

15) осы Ереженің 31-5-тармағына сәйкес көлемін көрсете отырып өткізіп берілетін құжаттардың тізбесі;

16) келісу комиссия мүшелерінің анықтауы бойынша өткізіп беруші ұйымнан қабылдаушы ұйымға өткізілетін қордың зейнетақы активтеріне қатысты өзге де ықтимал мәліметтер;

31-7. Келісу комиссиясы өзінің жұмысын шартты бұзу күніне аяқтайды.

31-8. Зейнетақы активтерін қабылдау-өткізу актісі келісу комиссиясымен шартты бұзу күніне жинақтаушы зейнетақы қоры, өткізіп беруші ұйым, қабылдаушы ұйым, жинақтаушы зейнетақы қордың кастодиан банкі, уәкілетті орган үшін бір-бір данадан бес данада жасалады, жинақтаушы зейнетақы қорының, өткізіп беруші және қабылдап алушы ұйымның келісу комиссиясы мүшелерінің, бірінші басшының және бас бухгалтердің қолы қойылып және жинақтаушы зейнетақы қорының, өткізіп беруші және қабылдап алушы ұйымның мөр бедерімен расталады.

Зейнетақы активтерін қабылдау - өткізу актісінде жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан банкінің осы қабылдау - өткізу актісі деректерінің дұрыстығы туралы, кастодиан банктің бірінші басшысы немесе оның жинақтаушы зейнетақы қорға кастодиандық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын бөлімшесіне жетекшілік жасайтын басшы қызметкерінің қолымен және кастодиан банкі мөрінің бедерімен расталған белгісі болуы тиіс;

Зейнетақы активтерін қабылдау - өткізу актісін шартты бұзуға бастамашы ұйымның бірінші басшысы бекітеді.

31-9. Зейнетақы активтерін қабылдау - өткізу актісі ол бекітілген күннен бастап үш жұмыс күн ішінде уәкілетті органға ұсынылады.

31-10. Зейнетақы активтерін қабылдаушы ұйымға инвестициялық басқаруға өткізіп беру күні - зейнетақы активтерін қабылдау - өткізу актінің бекітілген күні болып танылады.

31-11. ұйымның зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияның қолданылуы тоқтата тұрылған не қайтарып алған жағдайда, ұйым лицензияның қолданылуын тоқтата тұрылған не оны қайтарған күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде жинақтаушы зейнетақы қорына шарт бойынша міндеттемелердің тоқтатылғаны туралы хабарлама жібереді және ұйымның бірінші басшысының бұйрығы негізінде келісу комиссиясын құрады. Келісу комиссияның құрамы осы Ереженің 31-3-тармағымен белгіленеді.

Келісу комиссиясы он күн ішінде осы Ереженің 31-4 - 31-6, 31-8 - 3-10-тармағына сәйкес іс-шараларды жүзеге асырады.

 

 

5-тарау.

Тәуекелдерді басқару жүйесі

 

32. Ұйым (Қор) өз қызметі процесінде Ұйымдағы (Қордағы) тәуекелдерді басқару жүйесінің болуын қамтамасыз етеді.

33. Ұйымдағы (Қордағы) тәуекелдерді басқару жүйесінің болуы корпоративтік басқаруға, қаржы құралдарымен жасалатын операцияларды жүргізу тәжірибесіне, ақпарат жүйелерінің және басқару ақпараты жүйелерінің қызмет етуіне қойылатын осы Ереже белгілеген талаптарға сәйкестікті көздейді.

34. Тәуекелдерді басқару жүйесін және ішкі бақылауды ұйымдастыру Ұйымның (Қордың) осы Ереженің 3-қосымшасында көрсетілген талаптарға сәйкестігімен қамтамасыз етіледі.

35. Тәуекелдерді басқару жүйесі шеңберінде қаржы құралдарымен жасалатын операцияларды жүргізу тәжірибесінің болуы осы Ереженің 4-қосымшасында көрсетілген талаптарға Ұйымның (Қордың) сәйкестігімен қамтамасыз етіледі.

36. Тәуекелдерді басқару жүйесі шеңберінде Ұйымның (Қордың) операциялық қызметінің болуына, ақпарат жүйелері мен басқару ақпараты жүйелерінің қызмет етуіне осы Ереженің 4-қосымшасында көрсетілген талаптарға Ұйым (Қор) сәйкес келген кезде жол беріледі.

37. Ұйым (Қор) жыл сайын, есептіден кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей, осы Ереженің 2, 4-қосымшасында көрсетілген талаптардың орындалуын бағалау жөніндегі олар дайындаған есепті уәкілетті органға береді. Осы есепте:

1) тәуекелдерді басқару жүйесінің және ішкі бақылаудың болуына қойылатын талаптар мен талап критерийлерінің толық тізбесі;

2) тәуекелдерді басқару жүйесінің және ішкі бақылаудың болуына қойылатын әрбір талап пен талап критерийіне Ұйымның (Қордың) сәйкестігі бойынша бағалау, оның ішінде көрсетілген талаптарға Ұйымның (Қордың) жан-жақты айқындайтын сәйкестігі;

3) Ұйымның (Қордың) тәуекелдерді басқару жүйесіндегі, оның ішінде тәуекелдерді басқару жүйесінің және ішкі бақылаудың болуына қойылатын талаптар мен талап критерийлері бойынша кемшіліктер;

4) тәуекелдерді басқару жүйесіндегі және ішкі бақылаудағы кемшіліктерді жою жөніндегі қажетті іс-шаралар болуы тиіс.

38. Ұйымдар (Қорлар) орындауға міндетті талаптардың негізгі критерийлері осы Ереженің 5-қосымшасында айқындалған.

39. Ұйымдар (Қорлар) орындауға міндетті талаптардың қосымша критерийлері осы Ереженің 6-қосымшасында айқындалған.

 

Зейнетақы активтерін инвестициялық

басқару жөніндегі қызметті жүзеге

асыру ережесінің 1-қосымшасы

 

Зейнетақы активтерінің есебінен сатып алуға рұқсат

берілген қаржы құралдарының тізбесі

 

1. Ұйым (Қор) қаржы құралдарының тізбесіне әрбір жеке Қордың инвестициялық басқаруындағы зейнетақы активтерін зейнетақы активтерінің және оларға қойылатын талаптардың жалпы көлеміне байланысты орналастыра алады.

 



Қаржы құралдарының атауы

1.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес эмиссияланғандарды қоса алғанда), сондай-ақ мемлекет кепілімен шығарған бағалы қағаздар

2.

 Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары осы бағалы қағаздар сауда-саттық ұйымдастырушының сауда-саттық жүйелерінде айналысқа жіберіледі деген талаппен шығарған және уәкілетті орган зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат берілген бағалы қағаздар.

3.

 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдар

4.

 Қазақстан Республикасының екіншіден деңгейдегі банктеріндегі салымдар, орналастыру күнінде осы банктер:

Standard & Poor's агенттігінің "ВВ-" төмен емес халықаралық шәкілі бойынша ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша "kzВВВ" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингіне ие болады;

 не Standard & Poor's агенттігінің "ВВВ-" төмен емес халықаралық шәкілі бойынша ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бас резидент емес банк болып табылатын еншілес резидент-банк болып табылады;

 не акциялары листингтің ең жоғарғы санаты бойынша сауда-саттық ұйымдастырушының ресми тізіміне енгізілген банктер болып табылады

5.

  2. Мынадай халықаралық қаржы ұйымдарымен шығарылған бағалы қағаздар:

 1) Халықаралық қайта құру және даму банкі;

 2) Еуропа қайта құру және даму банкі;

 3) Америка аралық даму банкі;

 4) Халықаралық есеп-айырысу банкі;

 5) Азия даму банкі;

 6) Африка даму банкі;

 7) Халықаралық қаржы корпорациясы;

 8) Ислам даму банкі;

 9) Еуропа инвестициялық банкі.

6.

Standard & Poor's агенттігінің "ВВВ"-дан кем емес тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар

7.

 Шетел ұйымдары шығарған мемлекеттік емес бағалы қағаздар:

Standard & Poor's агенттігінің "ВВВ-" ден төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар борыштық бағалы қағаздары;

Standard & Poor's агенттігінің "ВВВ-" ден төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар шетел эмитенттерінің акциялары

8.

"Standard & Poor's principal stability fund ratings" "BBBm-"-ден төмен емес не "Standard & Poor's Fund credit quality ratings" "BBBf-"-төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы бар инвестициялық қорлардың пайлары

9.

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған мемлекеттік емес бағалы қағаздары:

  1) Standard & Poor's агенттігінің "ВВ-" ден төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар немесе Standard & Poor's ұлттық шәкілі бойынша "kzВВВ" төмен емес рейтингтік бағасы бар ұйымдардың акциялары;

  2) Standard & Poor's агенттігінің "ВВ-" ден төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі немесе Standard & Poor's ұлттық шәкілі бойынша "kzВВВ" төмен емес рейтингі бар борыштық бағалы қағаздар;

  3) Қазақстан Республикасы ұйымдарының инфрақұрылымдық облигациялары;

  4) "Қазақстан ипотекалық компаниясы" акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздары;

  5) Қазақстан Республикасы ұйымдарының ипотекалық облигациялары;

  6) "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар және "Қазақстан даму банкі" акционерлік қоғамы кепілдігі мен шығарылған бағалы қағаздар;

  7) листингтің ең жоғарғы санаты бойынша сауда-саттық ұйымдастырушыларының ресми тізіміне енгізілген өзге акциялар және Қазақстан Республикасы ұйымдарының борыштық бағалы қағаздары;

  8) листингтің ең жоғарғы санатынан кейінгі сауда-саттық ұйымдастырушыларының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасы ұйымдарының өзге борыштық бағалы қағаздары;

  9) Алматы қаласының Өңірлік Қаржы Орталығының арнаулы сауда-саттық алаңында ресми тізімін қоспағандағы, оларды сауда-саттық ұйымдастырушыларының ресми тізіміне болады деген талаппен Басқарушы компаниясы Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын аралық инвестициялық пай қорларының пайлары

10.

Лондонның қымбат металдар рыногы қауымдастығының (London bullion market association) қабылдаған халықаралық сапа стандартына сәйкес келетін тазартылған қымбат металдар және "Лондондық сапалы жеткізу" стандарты ретінде ("London good delivery") осы қауымдастықтың құжаттарында белгіленген металл депозиттері, оның ішінде, Standard & Poor's агенттігінің "АА-" ден төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар резидент банктердің акциялары 12 айдан астам емес мерзімде

11.

"Standard & Poor's" агенттігінің "BBB-" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар ие ұйымдар шығарған Principal protected notes және олар бойынша негізгі борыш сомасын толық қайтару жөніндегі эмитенттің кепілдемесі белгіленген

12.

Туынды бағалы қағаздар:

Осы тізбеде көрсетілген базалық активтері акциялар болып табылатын депозитарлық тілхаттар, фьючерс, опцион, своп, форвард, базалық активтері мыналар болып табылатын:

 зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдары;

 шетел валютасы;

 мынадай есеп айырысу көрсеткіштері (индекстер):

 1. MICEX (Moscow Interbank Currency Exchange Index)

 2. DAX (Deutscher Aktienindex)

 3. CAC40 (Compagniedes Agentsde Change 40 Index)

 4. NIKKEI - 225 (NIKKEI - 225 Index)

 5. TOPIX (Tokyo Price Index)

 6. HSI (Hang Seng Index)

 7. ENXT 100 (Euronext 100)

 8. RTSI (Russian Trade System Index)

 9. DJIA (Dow Jones Industrial Average)

 10. S&P 500 (Standardand & Poor's 500 Index)

 11. FT-SE 100 (Financial Times Stock Exchange 100 Index)

 12. KASE-Shares (Kazakhstan Stock Exchange - Shares)

 13. MSCI World Index (Morgan Stanley Capital International World Index)

13.

Алматы қаласының Өңірлік Қаржы Орталығының арнаулы сауда-саттық алаңын далистинг рәсімдері өткен борыштық бағалы қағаздар

15.

"Standard & Poor's" агенттігінің "BBB-" төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттігінің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар елдердің және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің шетел валютасындағы қолма-қол ақшасы
1   2   3   4   5   6   7   8

Похожие:

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы iconЗейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Зейнетақы активтерін инвестициялық...
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау Ережесін бекіту туралы
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы iconҚадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттеуді жетілдіру мақсатында,...
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы iconЖинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №76 Қаулысы
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері,...
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты...
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы iconЖәне жеке инвестордың нарыққа шығуының мәні бар ма?
Клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлерді-дилерлерді қоса нарықтың кәсіби қатысушылары, тіркеушілер және кастодиан-банктер....
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы iconНациональный Банк Республики Казахстан
Бағалы қағаздар нарығының субъектісіне және (немесе) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаға, зейнетақы активтерін инвестициялық...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница