«Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже




Скачать 134.75 Kb.
Название«Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Дата конвертации14.02.2016
Размер134.75 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://mangystau.gov.kz/media/uploads/761-2.doc


Маңғыстау облысы әкімдігінің

2015 жылғы «____»________№ _____

қаулысымен бекітілген


«Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы»

мемлекеттік мекемесі туралы

ереже


1. Жалпы ережелер


1. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі тұтас алғанда облыс ауыл шаруашылығын және агроөнеркәсіп кешенін басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

2. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, 130000, Ақтау қаласы, 23 шағын аудан, № 100 ғимарат.

9. Мемлекеттік органның толық атауы:


мемлекеттік тілде: «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі;


орыс тілінде: государственное учреждение «Управление сельского хозяйства Мангистауской области».


10. Осы Ереже «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.


11. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.


12. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.


13. Жұмыс тәртібі «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесімен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес дербес анықталады.




2. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,

құқықтары мен міндеттері


14. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі мемлекеттің аграрлық саясатын іске асыру негізінде облыстың агроөнеркәсіп кешені салаларының бәсекелестікке қабілеттілігінің сапалы деңгейін және экономикалық өсуін қамтамасыз ету болып табылады.

15. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері – астық нарығы, өсімдіктерді қорғау, өсімдіктер карантині, тұқым шаруашылығы, асыл тұқымды мал шаруашылығы, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

16. Функциялары:

1) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерiн «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына және осы саладағы басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттiк қолдау жөнiнде ұсыныстар әзiрлейді;

2) агроөнеркәсiптiк кешенді дамыту саласындағы мемлекеттiк техникалық инспекцияны жүзеге асырады;

3) агроөнеркәсiптiк кешен салаларын мамандармен қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды жүзеге асырады, агроөнеркәсiптік кешен кадрларын даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiліктілігін арттыруды ұйымдастырады;

4) шығарылатын өнiм түрлерi бойынша өңiрлiк көрмелер, жәрмеңкелер ұйымдастырады;

5) азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің, агроөнеркәсіптік кешен өнімдері нарықтарының мониторингін жүргізеді;

6) өңірдің агроөнеркәсіптiк кешен саласында инновациялық тәжiрибенi тарату және енгізу жөнiндегі іс-шараларын іске асырады;

7) жоғары сыныпты асыл тұқымды малды сатып алуды ұстауды және кең ауқымда өз төлi есебінен өсiру үшін мал басын молықтыратын төл өсiрудi ұйымдастырады;

8) отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге өткiзiлген бiрiншi, екiншi және үшiншi репродукциялы тұқымдардың құнын арзандатуды қамтамасыз етеді;

9) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тізбе мен тәртіпке сәйкес зиянды организмдерге қарсы күрес жөнінде іс-шаралар жүргізуді қамтамасыз етеді;

10) агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтырады;

11) мыналар:

бәсекеге қабiлеттi өндiрiстердi қалыптастыру және дамыту, оларды жаңғырту және сапа менеджментiнiң халықаралық жүйесiне көшiру үшiн жағдай жасау;

мамандандырылған мал шаруашылығы қожалықтарының өсуi үшiн жағдай жасау бойынша iс-шаралар әзiрлейді;


12) ішкі және сыртқы азық-түлiк нарықтарындағы ахуалды зерделейді және агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің тиісті ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етеді;


13) агроөнеркәсіптік кешеннің жай-күйi мен дамуы туралы ақпаратты агроөнеркәсіптiк кешендi дамыту мәселелерi жөнiндегі уәкілеттi мемлекеттiк органдарға береді;


14) асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімін жүргізеді және басып шығарады;


15) бекітілген нысандар бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректердің есебін жүргізеді;


16) құндылығы жоғары асыл тұқымды малды тиімді пайдалануды ынталандыру мақсатында бағалау туралы деректерді қорытады және нәтижелері туралы мүдделі түлғаларды хабардар етеді;


17) асыл тұқымды малдың, оның ішінде тектік қоры шектеулі тұқымдардың тектік қорын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған іс-шараларды субсидиялауды жүзеге асырады;

18) астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялайды;

19) бюджеттік бағдарламаларға сәйкес отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге минералдық тыңайтқыштардың, тұқым улағыштар мен гербицидтердің құнын арзандатуды жүзеге асырады;

20) астық қабылдау кәсіпорындарын:

бекітілген графиктерге сәйкес жаңа егіннің астығын қабылдауға дайындығы тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарын жыл сайынғы тексеруді;

астық қабылдау кәсіпорындарын зерттеп-тексеру актілерін рәсімдеуді қамтитын бақылауды жүзеге асырады;

21) тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

22) тұқым шаруашылығы субъектілеріне және тұқым сапасына сараптама жүргізу жөніндегі зертханаларға уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тиісті куәлік бере отырып, оларды аттестаттауды жүргізуге құжаттарды дайындайды;

23) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізеді;


24) мыналар:

пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау);

пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу;

пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті лицензиялайды;


25) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау жөніндегі іс-шараларды іске асырады;


26) өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің міндетті сақтандыру шартын жасасу бойынша міндеттерінің орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;


27) агенттің, қоғамның қызметіне, олардың Қазақстан Республикасының өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы заңнамасын сақтауына бақылауды жүзеге асырады;

28) сақтанушылардың міндетті сақтандыру шарттарын жасасудан жалтаруы туралы және қоғамның Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамасының және «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтамауы туралы істерді қарайды;


29) астық қолхаттары тізілімінің деректеріне сәйкес астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу және астықтың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін инспекциялайды (тексереді);


30) ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерімен ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтарын лизингке сатып алу, өсімдік шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыру, субсидиялау жолымен басым дақылдар өндіруде көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандату бойынша шараларды ұйымдастырады;


31) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi өздеріне ведомстволық бағыныстағы органдар мен ұйымдардың қызметiн үйлестiруді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;


32) бекіту үшін жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін әзірлейді;


32) жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру мен балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнiнде шешiмдер әзірлейді;

33) жануарларларға ауырып қалған, бекітіліп берілмеген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде олардың қырылу қаупі төнген жағдайда оларға көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;

34) бір облыстың аумағында орналасқан, жергілікті, халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын бекітіп беру бойынша конкурстар өткізеді;

35) балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң резервтiк қорын қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

36) ғылыми ұсынымдар негізінде балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттауды жүргізеді;

37) рекреациялық балық аулау аймағын белгілеу жөнінде шаралар қабылдайды;

38) балық шаруашылығы учаскелерінің шекараларын белгілеу жөнінде шаралар қабылдайды, ұйықтарды (ұйықтық учаскелерді) ашады және жабады;

39) екі және одан да көп облыс аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшін аулау, сондай-ақ сирек кездесетін және құрып бара жатқан жануарлар түрін қоспағанда, жануарлар әлемін пайдалануға рұқсат береді;


40) Қазақстан Республикасының заңнамасымен «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.


17. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің оған жүктелген міндеттерді іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру кезінде белгіленген тәртіпте:


1) «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі құзыретіне жататын мәселелер бойынша облыс әкімі мен әкімдігі қабылдайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ұсыныстар енгізуге;

2) атқарушы органдарға облыстың аграрлық секторының даму стратегиясын іске асыруға кедергі болатын олар қабылдаған актілерінің күшін жою немесе өзгерту туралы ұсыныстар енгізуге;

3) өз құзыреті шегінде коммуналдық меншіктегі мүлікті иелену, пайдалану және билік ету мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге;

4) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге;

5) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;


6) «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер мен семинарлар ұйымдастыруға және оларға қатысуға;


7) қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.


18. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі:


1) «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беруге;

2) бұл жөнінде заңды және жеке тұлғалар ресми сұраныс жасаған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама аясында қажетті материалдар мен ақпаратты беруге;

3) «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерінің этика нормаларының сақталуын қамтамасыз етуге;


4) «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындауға міндетті.


3. «Маңғыстау облысы ауыл шаруашылығы басқармасы»

мемлекеттік мекесінің қызметін ұйымдастыру


19. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.


20. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын заңнамада белгіленген тәртіппен Маңғыстау облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

21. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

22. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

1) «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады және «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;

2) «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы орынбасарларының, бөлімдер басшылары мен қызметкерлерінің міндеттерін, өкілеттіктерін белгілейді;

3) сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмысты жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;

4) «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

5) заңнамада белгіленген тәртіппен «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыру, материалдық көмек көрсету, оларға тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

6) «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бөлімдері туралы ережелерді және қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;


7) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаға қол қояды;


8) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;


9) ерлер мен әйелдерді басшылық қызметке ұсыну кезінде гендерлік теңгерімнің сақталуын қамтамасыз етеді;


10) белгіленген тәртіппен қаржылық-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді, бюджет қаражаттарының ұтымды және мақсатты орындалуын бақылайды;


11) «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзырына кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің, бағдарламалар жобаларының және басқа да құжаттардың орындалу барысын бақылайды;


12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

«Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін атқаруды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4. «Маңғыстау облысы ауыл шаруашылығы басқармасы»

мемлекеттік мекесінің мүлкі


23. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

24. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

25. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.


5. «Маңғыстау облысы ауыл шаруашылығы басқармасы»

мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату


26. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


«Маңғыстау облысы ауыл шаруашылығы басқармасы»

мемлекеттік мекесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі


  1. Маңғыстау облысы әкімдігінің Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Маңғыстау облыстық су жүйесі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

  2. Маңғыстау облысы әкімдігінің Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Маңғыстауветсервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

  3. «Маңғыстауагросервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.


Похожие:

«Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже icon«Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесі
«Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі облыс ауыл шаруашылығы және агроөнеркәсіп кешені саласында басшылықты...
«Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже iconЕреж е
«Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі тұтас алғанда облыс ауыл шаруашылығын және агроөнеркәсіп кешенін...
«Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже iconӨсімдіктерді қорғау мақсатында ауылшаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау
«Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)
«Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже iconҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Зайсан аудандық аумақтық инспекциясы туралы ереже
Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Зайсан аудандық аумақтық инспекциясы туралы ереже Қазақстан Республикасы...
«Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже iconТұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау
Асына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін...
«Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже iconАстық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру
Ылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін...
«Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже iconТарбағатай аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі
«Жергілікті атқарушы органдардың құрылымдарына және штаттық кестелеріне енгізілген кейбір өзгерістерді бекіту туралы» Тарбағатай...
«Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже iconБір көзден тәсілімен тауарларды мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы: «Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мм, Павлодар қ., Ленин көшесі, 61, бір көзден...
«Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже iconҚазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі
Ы бөлімі мемлекеттік мекемесі (ары қарай – Бөлім) қалалық бюджеттен қаржыландырылтын, ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары...
«Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже iconЕреж е
«Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі ішкі саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница