Ереж е




Скачать 164.3 Kb.
НазваниеЕреж е
Дата конвертации14.02.2016
Размер164.3 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://mangystau.gov.kz/media/uploads/658-__df407bd229014df3643d886fc02074eb.doc


Маңғыстау облысы әкімдігінің

2013 жылғы «____»________№ _____

қаулысымен бекітілген


«Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы»

мемлекеттiк мeкeмeci туралы

Е Р Е Ж Е


Ұйымдық-құқықтық нысаны: мемлекеттік мекеме (ММ)


Меншік түрі: мемлекеттік


Құрылтайшысы: Маңғыстау облысының әкімдігі


Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы,

Маңғыстау облысы, 130000,

Ақтау қаласы, 23 шағын аудан,

100 үй


2013 жыл

1. Жалпы ережелер


1. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі тұтас алғанда облыс ауыл шаруашылығын және агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

2. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, Маңғыстау облысы әкімдігінің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, 130000, Ақтау қаласы, 23 шағын аудан, 100 үй.


9. Мемлекеттік органның толық атауы:


мемлекеттік тілде: «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі;


орыс тілінде: государственное учреждение «Управление сельского хозяйства Мангистауской области».


10. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Маңғыстау облысының әкімдігі болып табылады.


11. Осы Ереже «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.


12. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін каржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.

13. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер облыстық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

14. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес дербес анықталады.


2. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,

құқықтары мен міндеттері


15. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі мемлекеттің аграрлық саясатын іске асыру негізінде облыстың агроөнеркәсіп кешені салаларының бәсекелестікке кабілетін жаңа сапалы денгейге жетуін және экономикалық өсуін қамтамасыз ету болып табылады.

16. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері:

1) өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдерін тұрақты арттыру, балық аулау көлемін ұлғайту және балық шаруашылығын дамыту есебінен облыстың азық түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

2) өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығын және сапасын, мал шаруашылығының өнімділігі мен сапасын арттыру;


3) бәсекелестікке қабілетті өнім өндірісі және экспорттық әлеуетін арттыру;


4) кешендi тұрақты экономикалық және әлеуметтiк дамытуды қамтамасыз ету;


5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген өзге де міндеттер болып табылады.


17. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі оған жүктелген міндеттерге сәйкес заңнамада белгіленген тәртіпте келесідей функцияларды жүзеге асырады:


1) ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін қаржылай қолдау бойынша облыс аумағындағы мемлекеттік шараларды жоспарлайды және жүзеге асырады;


2) облыс ауыл шаруашылығының ақпараттық – маркетингтік қызметінің жұмыс жасауы мен дамуына жағдайлар жасайды;

3) ауылда ауыл шаруашылық өнімдерін, машина-технологиялық станцияларының, сервистік ұйымдардың сату, өткізу жүйесін ұйымдастыруға ықпал жасайды;

4) агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне мемлекеттік аграрлық саясатының негізгі бағыттары мен тетіктерін түсіндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізеді;

5) агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласында облыстық бағдарламаларды әзірлейді, іске асырады, оларға мониторинг және талдау жүргізеді;

6) агроөнеркәсіп кешені саласына инновациялық тәжірибені тарату жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

7) ауыл шаруашылығы өнiмi өндiрiсін дамытудың орташа мерзiмдiк жоспарларын әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгізеді;

8) облыстық бюджеттің жобасы бойынша ұсыныстар әзірлейді және ағымдағы және үш жылға арналған бюджеттің орындалуын ұйымдастырады;

9) әкімшісі «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып есептелетін бюджеттік бағдарламалардың есебін жүргізеді және қаржыландырады;

10) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бухгалтерлік, қаржылық және басқа да есептерді уақытылы жинақтайды және тапсырады;

11) ауыл шаруашылы тауарларын өндірушілерінің көрмелерге, жәрмеңкелерге қатысуына ықпал етеді;

12) аграрлық сектордағы кәсіпорындардың қаржылық – шаруашылық қызметіне талдауды, олардың жергілікті және республикалық ұйымдармен

өзара әрекет етуін жүзеге асырады;

13) агроөнеркәсіп кешені жүйесінде меншіктің барлық нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың өзара іс-қимылын үйлестіреді;

14) ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің мүдделерін қорғауға, агроөнеркәсіп кешенінің барлық саласының қызметі үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған қаржы, несие және кеден саясатын жүзеге асыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

15) жаңа ауыл шаруашылық құрылымдарының жұмыс істеу механизімін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді;

16) ауыл шаруашылық жұмыстарының жекелеген түрлері бойынша талдау жүргізеді;


17) меншік нысанына қарамастан, агроөнеркәсіп кешенінің ауыл шаруашылық техникасына, ауыл шаруашылық өнімін өңдеу бойынша құрал-жабдықтарына және басқа да материалдық қорларына деген қажеттіліктердің болжамдарын әзірлейді, олармен барынша қамтамасыз ету жөнінде көмек

көрсетеді;


18) өңдеу өнеркәсібінде ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағыттарын айқындап белгілеуге көмек көрсетеді, ғылым мен техника жетістіктерін өндіріске енгізуге жәрдемдеседі;


19) мал шаруашылығында селекциялық-мал тұқымын асылдандыру жұмыстарын жүргізуге, аудандастырылған мал тұқымдарын сақтауға ықпал жасайды;


20) мал азығы өндірісі жөніндегі іс-шараларды әзірлейді, жем-шөптерге қажеттілігін болжайды және олардың орнын жабудың ықтимал көздері жөнінде ұсыныстар жасайды;

21) азық-түлікті молайту жөніндегі бағдарламаларға ұсыныстар енгізеді, облыс халқының азық-түлікпен өзін-өзі қамтамасыз етуіне, өнімдерін өткізуіне ықпал етеді;

22) қоршаған ортаның жағдайына, тауар өндірушілердің су көздерін және жайылымдарды ұтымды пайдалану бөлігіне мониторинг жүргізеді, су көздерінің қалыпты жағдайда сақталуы мен ұсталуына ықпал етеді;

23) өзінің құзыреті шегінде жұмыстарды, қызмет көрсетулерді және тауарларды мемлекеттік сатып алу конкурстарын өткізуді ұйымдастырады;

24) Маңғыстау облыстық Азаматтық қорғанысының өсімдіктер мен жануарларды қорғау қызметінің қалыптасуына қатысады;

25) ауыл шаруашылығы өндірісіндегі төтенше жағдайларға жедел төтеп беруді жүзеге асырады, туындаған мәселелерді шешу жөніндегі шешімдердің жобаларын дайындайды, төтенше жағдайларда ауылға көмек көрсету бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың өзара іс-қимылын үйлестіреді;

26) облыс басшылығын жедел ақпаратпен қамтамасыз етеді, агроөнеркәсіптік кешеннің жай – күйi мен дамуы туралы ақпаратты агроөнеркәсіптiк кешендi дамыту мәселелерi жөнiндегі уәкілеттi мемлекеттiк органдарға ұсынады;

27) асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімін жүргізеді және басып шығарады;

28) бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) әрбір түріне субсидияларды іске асырады;

29) бекітілген нысандар бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректердің есебін жүргізеді;


30) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектінің әрбір түрі бойынша және әрбір субъектіге орай субсидиялануға тиісті сатылатын асыл тұқымды өнімнің (материалдың) жыл сайынғы квотасын аталған мақсаттар үшін бюджетте көзделген қаражат шегінде белгілейді;


31) құндылығы жоғары асыл тұқымды малды тиімді пайдалануды ынталандыру мақсатында бағалау туралы деректерді қорытады және оның нәтижелері туралы мүдделі тұлғаларды хабардар етеді;


32) асыл тұқымды малдың, оның ішінде тектік қоры шектеулі тұқымдардың тектік қорын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған

іс-шараларды субсидиялауды жүзеге асырады;


33) мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруға субсидиялайды;

34) жоғары сыныпты асыл тұқымды малды сатып алуды, ұстауды және кең ауқымда өз төлi есебінен өсiру үшін мал басын молықтыратын төл өсiрудi ұйымдастырады;


35) карантинді объектілердің таралуының есебін жүргізеді және уәкілетті орган мен мүдделі тұлғаларға ақпарат береді;

36) темір жол станцияларындағы, теңіз және өзен порттарындағы (пристаньдарындағы), әуежайлардағы, автовокзалдардағы (автостанциялардағы), ішкі сауда объектілеріндегі, почта байланысы ұйымдарындағы және өзге де объектілердегі карантинді аймақтарда осы объектілердің иелері жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдарының өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды өткізуін ұйымдастырады;

37) өсімдіктерді қорғау саласында халық арасында түсіндіру жұмысын жүргізеді, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға зиянды ағзалар бойынша фитосанитариялық мониторинг жүргізу жөнінде әдістемелік көмек көрсетеді;

38) өсімдіктерді қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы және фитосанитариялық іс-шаралар туралы мүдделі адамдарға ақпарат беруді қамтамасыз етеді;

39) пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөнiндегi қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;

40) астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;

41) бюджеттік бағдарламаларға сәйкес отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге минералдық тыңайтқыштардың, тұқым улағыштар мен гербицидтердің құнын арзандатуды субсидиялауды жүзеге асырады;


42) астық қабылдау кәсіпорындарын: бекітілген графиктерге сәйкес жаңа егіннің астығын қабылдауға дайындығы тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарын жыл сайынғы тексеруді; астық қабылдау кәсіпорындарын зерттеп-тексеру актілерін ресімдеуді қамтитын бақылауды жүзеге асырады;


43) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тізбе мен тәртіпке сәйкес зиянды организмдерге қарсы күрес жөнінде іс-шаралар жүргізуді қамтамасыз етеді;


44) сыртқы экономиқалық байланыстарды дамытуға еліміздің ішінде және шет елдерде агроөнеркәсіп кешен өнімдерін өткізетін рыноктарды кеңейтуге көмектеседі;


45) агроөнеркәсіп кешен салаларын мамандармен қамтамасыз ету бойынша шараларды жүзеге асырады, агроөнеркәсіп кешен кадрларын даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін көтеруді ұйымдастырады;


46) заңнамаға, мемлекеттiк, салалық, өңiрлiк бағдарламаларға және осы саладағы басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес агроөнеркәсіптік кешен субъектілерiн мемлекеттiк қолдау жөнiнде ұсыныстар әзiрлейді;

47) ауыл шаруашылығы өндірушілермен ауыл шаруашылығы техникасын және технологиялық жабдықтарының лизингке алу, субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының басым дақылдар өндіруде өнiмнiң шығымдылығы мен сапасын арттыру, жанар-жағар майдың құнын және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi басқа да тауарлы-материалдық құндылықтардың құнын арзандату бойынша шараларды ұйымдастырады;


48) облыстың аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтық бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы шешімнің жобасын дайындайды;

49) облыс аумағында орналасқан екі және одан көп аудандарда пайда болған жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөнінде ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтық бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімнің жобасын дайындайды;

50) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасына арналған ветеринариялық препараттарды аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастырады;

51) профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін әзірлейді және уәкілетті органға табыс етеді;

52) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жүргізу үшін ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды, жануарға арналған ветеринариялық паспортты мемлекеттік сатып алуды және оларды тасымалдауды (жеткізуді) жүзеге асырады;


53) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын жүргізуді ұйымдастырады;


54) ветеринариялық есеп пен есептілікті жүргізуді, жинақтауды, талдауды және Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға табыс етеді;


55) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;

56) ветеринариялық мақсаттағы препараттар өндірісін қоспағанда,

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ветеринария саласындағы қызметті лицензиялайды;

57) агроөнеркәсіптік кешені саласында үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;


58) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласында мемлекеттік саясатты іске асыру»;


59) агроөнеркәсiптiк кешенді дамыту саласын мемлекеттiк техникалық инспекцияны жүзеге асыру;

60) Қазақстан Республикасының заңнамасымен «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.


18. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі оған жүктелген міндеттерді іске асыруда және өз функцияларын жүзеге асыруда белгіленген тәртіпте мыналарға:

1) облыс әкіміне облыстық агроөнеркәсіп кешенінің дамуының мақсаттары, басымдығы және стратегиясы, аграрлық секторда пайда болған төтенше жағдайларды шешу жөнінде ұсыныстар енгізуге;

2) атқарушы органдарға облыстың аграрлық секторының даму стратегиясын жүзеге асыруға кедергі болатын өздерінің қабылдаған актілерін өзгертуге немесе жоюға ұсыныстар енгізуге;

3) өз құзыреті шегінде коммуналдық меншіктегі мүлікті иелену, пайдалану және билік ету мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге;

4) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарды құру, қайта құру және тарату мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге;

5) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;

6) «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша кеңестер мен семинарлар ұйымдастыруға және оларға қатысуға;

7) қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

19. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі:

1) «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндірмелер беруге;

2) бұл жөнінде заңды және жеке тұлғалар ресми сұраныс жасаған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама аясында қажетті материалдар мен ақпаратты беруге;

3) «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің этика нормаларының сақталуын қамтамасыз етуге;

4) «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындауға міндетті.


3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру


20. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.


21. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы облыс әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.


22. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.


23. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:

1) өз орынбасарларының, бөлім басшыларының міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды;

2) «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3) заңнамада белгіленген тәртіпте «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне тәртіптік жазалар береді және көтермелеу шараларын қолданады;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұйрықтар шығарады;

5) «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат кестесін бекітеді;

6) барлық мемлекеттік органдарда және ұйымдарда «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;

7) ерлер мен әйелдерді басшылық қызметке ұсыну кезінде гендерлік теңгерімнің сақталуын қамтамасыз етеді;

8) «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі жұмысқа жеке жауапты болады;


9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.


24. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.


4. Басқарманың мүлкі


25. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі бар.


26. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

27. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.

28. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.


5. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі


29. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысымен жүргізіледі.

30. Ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.


6. Басқарманың

қайта ұйымдастыру және тарату


31. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Маңғыстау облысы әкімдігімен жүзеге асырылады.


Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі


1. Маңғыстау облысы әкімдігінің Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Маңғыстауветсервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

2. Маңғыстау облысы әкімдігінің Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Маңғыстау облыстық су жүйесі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

3. «Маңғыстауаргосервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.


Похожие:

Ереж е iconЕреж е
«Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі ішкі саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган...
Ереж е iconЕреж е
Бөлім мемлекеттік мекемесі жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, мәдениет саласында мемлекеттік саясатты және қалада бірыңғай мемлекеттік...
Ереж е iconҚазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлері салалық КӘсіподағының бастауыш ұйымдары мен филиалдары тексеру комиссиялары туралы ереж е
Кәсіподақтың бастауыш ұйымдары мен филиалдарының тексеру комиссиялары сол ұйымның сайланбалы органдарымен қатар бір уақытта жиналыстарда,...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница