Агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдарына




НазваниеАгроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдарына
страница1/12
Дата конвертации14.02.2016
Размер1.8 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish444640_9117.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 14.09.2012 10:58:42


Агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдарына, ипотекалық ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу әдістемесі мен олардың нормативтік мәні және олардың орындалуы туралы есеп беру нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы № 48 Қаулысы

(2011.28.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.24.12. № 280 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.29.04. № 92 қаулысымен (бұр.ред.қара) тақырыбы өзгертілді (2008 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

 

«Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-3-бабы 1-тармағының 3) және 5) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы қаулы етеді:

ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.24.12. № 280 қаулысымен (2008 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.29.04. № 92 қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Қоса беріліп отырған Агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдарына, ипотекалық ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу әдістемесі мен олардың нормативтік мәні және олардың орындалуы туралы есеп беру нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулық бекітілсін.

2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3. Осы Нұсқаулықтың 7-тармағы 3) тармақшасының талаптары осы қаулы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заемдарға қолданылмайды.

4. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Каримуллин А.А.):

1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, ипотекалық ұйымдарға, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Қ.М. Досмұқаметовке жүктелсін.

 

 

Төраға

А. Дунаев

 

Қазақстан Республикасы Қаржы

нарығын және қаржы ұйымдарын

реттеу мен қадағалау агенттігі

Басқармасының

2006 жылғы 25 ақпандағы

48 қаулысымен бекітілген

 

 

ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.24.12. № 280 қаулысымен (2008 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.29.04. № 92 қаулысымен (бұр.ред.қара) тақырыбы және кіріспе өзгертілді 

Агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдарына,

ипотекалық ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу әдістемесі мен олардың нормативтік мәні

және олардың орындалуы туралы есеп беру нысандары мен мерзімдері туралы

нұсқаулық

 

ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2011.28.10. № 170 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Осы Нұсқаулық ипотекалық ұйымдар, ұлттық басқарушы холдингтің агроөнеркәсіп кешені саласындағы еншілес ұйымдары (бұдан әрі - ұйымдар) сақтауға міндетті пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндерін, оларды есептеу әдістемесін, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есептіліктің нысандарын және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне (бұдан әрі - уәкілетті орган) ұсыну мерзімдерін белгілейді.

 

 

ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.24.12. № 280 қаулысымен 1-тараудың тақырыбы өзгертілді (2008 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1-тарау. ұйымның жарғылық капиталының барынша төмен мөлшері

 

ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.24.12. № 280 қаулысымен 1-тармақта және бұдан әрі мәтін бойынша «ипотекалық ұйымның», «ипотекалық ұйым», «ипотекалық ұйымнан», «ипотекалық ұйымдар», «ипотекалық ұйымдарға», «ипотекалық ұйымда», «ипотекалық ұйымдардың», «ипотекалық ұйымға» деген сөздер «ұйымның», «ұйым», «ұйымнан», «ұйымдар», «ұйымдарға», «ұйымда», «ұйымдардың», «ұйымға» деген сөздермен ауыстырылды (2008 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2011.28.10. № 170 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Ұйымның жарғылық капиталының ең төмен мөлшерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді.

Ұйым акционерлерден меншікті акцияларды, егер мұндай сатып алу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген кез-келген пруденциалдық нормативтерді және басқа да сақталуы міндетті нормалар мен лимиттерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де талаптарын бұзуға алып келмейтін жағдайда ғана сатып ала алады.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.24.12. № 280 қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2008 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Ұйымның меншікті капиталының ең аз мөлшері мынаны құрайды:

2008 жылғы 1 сәуірден бастап - 300 (үш жүз миллион теңге);

2008 жылғы 31 желтоқсаннан бастап - 800 (сегіз жүз миллион теңге);

 

 

2-тарау. Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті

 

ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.25.06. № 189 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.29.04. № 92 қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара)  (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2011.28.10. № 170 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Ұйымның меншікті капиталы ұйымның инвестицияларын шегергенде, бірінші деңгейдегі капиталдың және екінші деңгейде капиталдың (екінші деңгейдегі капитал бірінші деңгейдегі капиталдан аспайтын мөлшерде енгізіледі) қосындысы ретінде есептеледі.

Ұйымның инвестициялары саудаға арналған және сатуға бар болған акцияларды қосқанда, эмитенттің акцияларына салымы және заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі, сондай-ақ заңды тұлғаның реттелген борышы ретінде сипатталады.

Бірінші деңгейдегі капитал:

мыналарды:

ұйымның негізгі қызмет мақсаты үшін сатып алынған және 1999 жылғы 1 шілдеден бастап немесе кейін басталатын кезеңдерді қамтитын қаржылық есеп беру үшін 1998 жылы шілдеде күшіне енген Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары жөніндегі комитеттің Басқармасы бекіткен 38 Халықаралық қаржылық есеп беру стандарты «Материалдық емес активтерге» сәйкес келетін (бұдан әрі - 38 Халықаралық қаржылық есеп беру стандарты) лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуден басқа материалдық емес активтерді;

өткен жылдардың шығындарын;

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талаптарына сәйкес ағымдағы жылдың шығынын шегергенде;

сатып алынған меншікті жай акцияларды шегергенде, жай акциялар бөлігінде төленген жарғылық капиталдың;

сатып алынған меншікті артықшылық берілген акцияларды шегергенде, артықшылық берілген акциялар бөлігінде төленген жарғылық капиталдың;

қосымша капиталдың;

өткен жылдардың бөлінбеген таза кірісінің;

өткен жылдардың таза кірісі есебінен қалыптастырылған қорлардың, резервтердің қосындысы ретінде есептеледі.

Екінші деңгейдегі капитал:

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талаптарына сәйкес ағымдағы жылдың бөлінбеген таза пайдасының;

негізгі қаражат пен бағалы қағаздарды қайта бағалау мөлшерінің;

тәуекелді ескеріп мөлшерленген активтердің сомасының 1,25 пайызынан аспайтын сомасындағы жалпы резервтер (провизиялар) мөлшерінің;

бірінші деңгейдегі капиталды есептеуге қосылмаған артықшылық берілген акциялардың;

меншікті сатып алынған акцияларды, қосымша капиталды, өткен жылдардың бөлінбеген таза кірісін, ұйымның меншікті сатып алынған реттелген борышын шегергенде, өткен жылдардың таза кірісі есебінен қалыптастырылған қорларды, резервтерді шегеріп, төленген меншікті капитал сомасының елу пайызынан аспайтын сомадағы ұйымның реттелген борышының қосындысы ретінде есептеледі.

2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

Бірінші деңгейдегі капиталға қосылатын артықшылық берілген акциялардың үлесі бірінші деңгейдегі капиталдың он бес пайызынан аспайды. Бірінші деңгейдегі капиталды есептеуге қосылмаған артықшылық берілген акциялардың сомасы екінші деңгейдегі капиталды есептеуге қосылуы мүмкін.

4. Ұйымның реттелген борышы - бұл ұйымның мынадай талаптарға сәйкес келетін қамтамасыз етілмеген міндеттемесі:

1) ұсыныс берушінің салымы не міндеттемесі болып табылмаса;

2) ұйымның немесе оның аффилиирленген тұлғаларының талаптары бойынша кепілдік қамтамасыз ету болып табылмаса;

3) ұйым таратылған жағдайда соңғы кезекте (акционерлердің арасында қалған мүлікті бөлу алдында) қанағаттандырылады;

4) ұйым өтеуі (толық немесе ішінара) мүмкін, оның ішінде мерзімінен бұрын өтеуі тек ұйымның бастамасымен болуы мүмкін, егер осы өтеу тек қана уәкілетті органның қорытындысына сәйкес бұдан кейін банктің осы Нұсқаулықта белгіленген пруденциалдық нормативтерінің мәнін сақтамайтын салдарларға алып келмеген жағдайында.

Меншікті капиталға енгізілген ұйымның реттелген борышы - бұл өтелгенге дейін бес жыл тарту мерзімі бар реттелген борыш.

Облигациялар ипотекалық банктің реттелген борышы болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті орган бекіткен облигациялар шығарылымын орналастыру қорытындысы туралы есеп негізінде ұйымның меншікті капиталына енгізіледі.

ұйымның реттелген борышы ипотекалық ұйымның меншікті капиталының есебіне былайша енгізіледі:

борышты өтеу басталғанға дейін бес жылдан астам мерзім ішінде - борыштың толық сомасы,

борышты өтеу басталғанға дейін қалған бес жыл ішінде:

1-ші жыл - реттелген борыш сомасының 100 проценті;

2-ші жыл - реттелген борыш сомасының 80 проценті;

3-ші жыл - реттелген борыш сомасының 60 проценті;

4-ші жыл - реттелген борыш сомасының 40 проценті;

5-ші жыл - реттелген борыш сомасының 20 проценті.

Сондай-ақ осы тармақтың талаптарына сәйкес келетін, егер шартта қарыз алушының бастамасы бойынша қарызды мерзімінен бұрын өтеу (толық немесе ішінара) мүмкіндігі көзделіп, егер бұл өтеу уәкілетті органның қорытындысына сәйкес ұйымның қаржылық жағдайының нашарлау салдарына және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасының талаптарының бұзылуына алып келмейтіндігі көзделген 3) тармақшаны қоспағанда Еуропалық Қайта құру және Даму банкінен немесе Азия Даму банкінен не Халықаралық Қаржы қауымдастығынан тартылған банктің қарызы ұйымның реттелген борышы болып табылады.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.29.04. № 92
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Похожие:

Агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдарына iconШығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіп кешені саласындағы инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидасына

Агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдарына iconШығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіп кешені саласындағы инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидасына

Агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдарына icon2010 жылғы «29» желтоқсандағы
Миссия. Агроөнеркәсіп кешені саласының бәсекелестікке қабілеттіліктің сапалы жаңа деңгейіне қол жеткізуге және экономикалық өсуіне...
Агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдарына iconАқтөбе облысының агроөнеркәсіп кешені саласындағы инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру Қағидаларын бекіту туралы
Жарияланған: "Ақтөбе" 2012. 09. 25 №121-122; "Актюбинский вестник" 25. 09. 2012, №121-122
Агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдарына iconАқтөбе облысының агроөнеркәсіп кешені саласындағы инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру Қағидалары
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7-бабы 2-тармағының 10-1 тармақшасына,Қазақстан...
Агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдарына iconАкционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларының орындалуы бойынша есептерді әзірлеу және ұсыну қағидасын бекіту туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 11-бабының 8 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдарына iconШығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 2 қазандағы №264 қаулысы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 22 қазанда 3071 нөмірімен тіркелді
«Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіп кешені саласындағы инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы»...
Агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдарына iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымдарының

Агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдарына iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымдарының

Агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдарына iconКодекс Қазақстандағы Еншілес Банк «Пәкістан Ұлттық Банкі»
Кіріспе
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница