«Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесі




Скачать 163.53 Kb.
Название«Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесі
Дата конвертации14.02.2016
Размер163.53 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://aktobe.gov.kz/sites/default/files/Node_3096/Басқарма ережесі.doc


Облыс әкімдігінің

2014 жылғы «___» _______

№ _________ қаулысымен  
«БЕКІТІЛГЕН»  


   

«Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің

ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

  1. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі облыс ауыл шаруашылығы және агроөнеркәсіп кешені саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

  2. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

  3. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекемесінің  ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

  4. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

  5. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

  6. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен, Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

  7. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

  8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 030010, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40 үй.

  9. Мемлекеттік органның толық атауы: - «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

  10. Осы Ереже «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

  11. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін каржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.

  12. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарма функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

  13. Ақтөбе облысының әкімдігі «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.

  14. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің филиалдары мен өкілдіктері жоқ.

  15. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі: екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы.


2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері


  1. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: агроөнеркәсіп кешенді дамыту жөніндегі мемлекеттің аграрлық саясатын іске асыру негізінде облыстың агроөнеркәсіп кешені салаларының бәсекелестікке кабілетінің жаңа сапалы денгейге жетуін және экономикалық өсуін қамтамасыз ету.

  2. Міндеттері:

  1. өсімдік шаруашылығы өнімдерін және оларды қайта өңдеу өнімдерін тұрақты арттыру есебінен облыстың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  2. мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыру;

  3. бәсекеге қабілетті өнім өндіру және экспорттық әлеуетін арттыру;

  4. агроөнеркәсіп кешенді тұрақты экономикалық және әлеуметтiк дамытуды қамтамасыз ету.

  1. Функциялары:

  1. агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

  2. агроөнеркәсіп кешені субъектілерiн «Агроөнеркәсіп кешенін және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және осы саладағы басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттiк қолдау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;

  3. агроөнеркәсіп кешенінің жағдайы және дамуы туралы ақпараттарды агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдарға ұсыну;

  4. қолданыстағы заңнамаға, осы саладағы мемлекеттік, салалық (секторлық), өңірлік бағдарламаларға және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес, агроөнеркәсіп кешенінің субъектілерін мемлекеттік қолдау бойынша ұсыныстары әзірлеу;

  5. мемлекеттік агроазық-түлік саясатының негізгі бағыттары мен механизмдерін агроөнеркәсіп кешенінің субъектілеріне түсіндіру жұмыстарын үйлестіру;

  6. облыстың аграрлық секторында тиісті өндірістік инфрақұрылымды қалыптастыруға ықпал ету;

  7. бюджеттік өтінімдер, агроөнеркәсіп кешені бағдарламасын дамыту есебін орындау облыстық бюджет қаражат есебінен әзірлейді және оның ағымдағы және үш жылға белгіленген бюджеттің орындалуын ұйымдастыру;

  8. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі әкімшісі болып есептелетін бюджеттік бағдарламаларды қаржыландырады және есебін жүргізу;

  9. қолданыстағы заңнамаларға сәйкес бухгалтерлік, қаржылық және басқа да есептерді уақытылы жинақтауды және тапсыруды жүзеге асыру;

  10. агроөнеркәсіп кешені кадрларын даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды ұйымдастырады, агроөнеркәсіп кешенінің салаларын мамандармен қамтамасыз ету шараларын жүзеге асыру;

  11. астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау;

  12. астық қабылдау кәсіпорындарын: бекітілген графиктерге сәйкес жаңа егіннің астығын қабылдауға дайындығы тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарын жыл сайынғы тексеруді; астық қабылдау кәсіпорындарын зерттеп-тексеру актілерін рәсімдеуді қамтитын бақылау;

  13. табиғи-климаттық жағдайларды және нарық конъюнктурасын ескере отырып, астық өндірісі құрылымын оңтайландыру, астық өндірудің, сақтаудың және өткізудің жаңа озық технологияларын жетілдіру және енгізу;

  14. әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тұтастай немесе жекелеген операцияларды жүзеге асыру бөлігінде алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұру;

  15. тиісті облыстың дәнді дақылдар егуге арналған екі жүз елу гектар және одан да көп егіс алаңы бар отандық астық өндірушілерінің мемлекеттік астық ресурстарына азық-түліктік астық жеткізу мөлшерін жалпы түсімге проценттік қатынаспен бекіту жөніндегі шешімдер жобаларын дайындау;

  16. дәнді дақылдар егуге арналған екі жүз елу гектар және одан да көп егіс алаңы бар отандық астық өндірушілердің мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру жөніндегі міндетін орындауын бақылау;

  17. астықтың мемлекеттік тұрақтандыру қорын қалыптастыру көлемін бекіту үшін астыққа қажеттілікпен қамтылмаған бәсекелес сектордың өтінімдерін уәкілетті органға ұсыну;

  18. Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік астық қорларын қалыптастыру (меморандум);

  19. субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының басым дақылдар өндіруде  өнiмнiң шығымдылығы мен сапасын арттыру, жанар-жағар майдың құнын және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi басқа да тауарлы-материалдық құндылықтардың құнын арзандату шараларды ұйымдастыру;

  20. ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне су беру қызметтерінің құнын субсидиялау;

  21. карантиндік объектілердің таралуының есебін жүргізу және уәкілетті орган мен мүдделі тұлғаларға ақпарат беру;

  22. темір жол станцияларындағы, теңіз және өзен кемежайларындағы (айлақтарындағы), әуежайлардағы, автовокзалдардағы (автостанциялар-дағы), ішкі сауда объектілеріндегі, пошта байланысы ұйымдарындағы және өзге де объектілердегі карантинді аймақтарда осы объектілердің иелері – жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдарының өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды өткізуін ұйымдастыру;

  23. уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша тиiстi аумақтарда карантиндiк режимдi енгiзе отырып, карантиндi аймақты белгiлеу немесе оның күшiн жою туралы шешiмінін жобасын дайындау;

  24. қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

  25. пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозолдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті лицензиялау;

  26. элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарының элиталық тұқымдар өндірісі және өткізу көлемі жөнінде ұсыныстарды уәкілетті органның қарауына енгізу;

  27. тиісті куәлік бере отырып, тұқым шаруашылығы субъектілерін аттестациялауды жүргізу;

  28. «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметінің басталғандығы туралы хабарлаған байқаудан өткізушілер мен тұқым сарапшыларын есепке алуды жүзеге асыру;

  29. облыс бойынша тұқымдар балансын жасау;

  30. ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығы саласында қажетті ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету;

  31. өз құзыреті шегінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің тұқымдардың сақтық және ауыспалы қорларын қалыптастыруына жәрдемдесу;

  32. бастапқы, элиталық тұқым шаруашылығын жүргізу схемалары мен әдістері және ауыл шаруашылық дақылдары тұқымдарын жаппай көбейту бойынша ұсыныстар енгізу;

  33. селекцияны және тұқым шаруашылығын, дәнді дақылдар өсіру технологиясын дамыту, топырақ құнарлылығын сақтау және қалпына келтіру жөніндегі бағдарламаларды іске асыру;

  34. бюджеттік бағдарламаларға сәйкес отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге минералдық тыңайтқыштардың, гербицидтердің құнын арзандатуды жүзеге асыру;

  35. отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге өткiзiлген бiрiншi, екiншi және үшiншi репродукциялы тұқымдардың құнын арзандатуды қамтамасыз ету;

  36. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тізбе мен тәртіпке сәйкес зиянды организмдерге қарсы күрес жөнінде іс-шаралар жүргізуді қамтамасыз ету;

  37. тұқым шаруашылығы саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

  38. сұрыптық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыру, сұрыптық егiстіктердi байқаудан өткiзуді, жерге егiп бағалауды, зертханалық сұрыптық сынақтарды, тұқым сапасына сараптама жүргізу тәртібінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

  39. «Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 1 тармағының 20 тармақшасынак сәйкес анықталатын квоталар шегінде субсидиялауға жататын тұқымдарды шектік сату бағасын бекіту бойынша ұсыныстар енгізу;

  40. субсидиялауға жататын тұқымдардың әрбір түрі бойынша жыл сайынғы квоталарды:

тұқым шаруашылығы саласында аттестатталған әрбір субъект үшін – бірегей тұқымдар бойынша;

әрбір әкімшілік-аумақтық бірлік үшін элиталық тұқымдар бойынша үйлестіру;

  1. субсидияланған бiрегей және элиталық тұқымдардың мақсатты пайдаланылуын бақылау;

  2. байқаудан өткiзушiлер мен тұқым сарапшылары кадрларын даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру;

  3. ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi тұқымдарының сұрыптық және егістік сапасына сараптама жүргiзу жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

  4. тиісті куәлік бере отырып, тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттауды жүргізу;

  5. тұқым шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспектордың ұсынысы негізінде:

субъектiнiң тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыруға құқығын куәландыратын аттестаттау туралы куәлігінің қолданысын;

тұқымдардың сұрыптық және егістік сапаларына сараптама жүргiзу жөніндегі қызметті тоқтата тұру;

  1. асыл тұқымды мал шаруашылығын сақтау және дамыту жөніндегі облыстық (өңірлік) бағдарламаларды әзірлеу;

  2. асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімін жүргізу және басып шығару;

  3. ірі қара мал тұқымдары бойынша республикалық палаталардың және мал шаруашылығы саласында өз қызметін жүзеге асыратын басқа да қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстарын ескере отырып, көрсетілген мақсаттарға көзделген бюджет қаражаты шегінде асыл тұқымды өнімге (материалға) субсидия бөлу;

  4. бекітілген нысандар бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректердің есебін жүргізу;

  5. құндылығы жоғары асыл тұқымды малды тиімді пайдалануды ынталандыру мақсатында сұрыптау жөніндегі деректерді жинайды және оның нәтижелері туралы мүдделі тұлғаларды хабардар ету;

  6. асыл тұқымды малдың, оның ішінде тектік қоры шектеулі тұқымдардың тектік қорын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған іс-шараларды субсидиялауды жүзеге асыру;

  7. мал шаруашылығы өнімдерінің сапасын және өнімділігін арттыруға, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға субсидиялау;

  8. жоғары сыныпты асыл тұқымды малды сатып алуды, ұстауды және кең ауқымда өсіру үшін мал басын молықтыратын төл өсiрудi ұйымдастыру;

  9. сыртқы экономиқалық байланыстарды дамытуға, еліміздің ішінде және шет елдерде агроөнеркәсіп кешенінің өнімдерін өткізетін базарларды кеңейтуге ықпал ету;

  10. өндіретін өнімдер бойынша аймақтық көрмелер мен жәрмеңкелерді ұйымдастыру;

  11. агроөнеркәсіп кешен өнімдерін сату бойынша көтерме сауда базарларын ұйымдастыру;

  12. агроөнеркәсіп кешен өнімдерінің бағаларына және базарларына, азық-түлік қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу;

  13. өңірдің агроөнеркәсіптiк кешен саласында инновациялық тәжiрибенi тарату және енгізу жөнiндегі іс-шараларды әзірлейді және іске асыру;

  14. өңірдің агроөнеркәсіптiк кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту жөніндегі шешімдердің жобаларын дайындау;

  15. әкімшілік-аумақтық бірліктің азық-түлікпен қамтамасыз етілу теңгерімін жасау;

  16. азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану үшін мамандандырылған ұйымдардан қызметтер сатып алуды жүзеге асыру;

  17. ішкі және сыртқы азық-түлiк нарықтарындағы ахуалды зерделеу және агроөнеркәсіп кешені субъектілерінің тиісті ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету;

  18. бәсекеге қабілетті өндірістерді құру және дамыту, оларды жаңарту және сапа менеджментінің халықаралық жүйесіне ауыстыру үшін жағдайлар жасау жөніндегі шаралар әзірлеу;

  19. отандық ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу үлесін ұлғайтуына мониторингі жүргізу;

  20. азық-түлік тауарлары өндірісінің көлеміне, олардың тауар қозғалысына және қорларының болуына мониторингі жүргізу;

  21. қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта терең өңдеу өнімдері өндірісі үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуға кеткен шығындарын субсидиялау;

  22. денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесе отырып, халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру;

  23. облыстың аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантин режимiн немесе шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы шешімдер дайындау;

  24. осы облыстың аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда пайда болған жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөнінде ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімінің жобасын дайындау;

  25. ветеринариялық мақсаттағы препараттар өндірісін қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау;

  26. уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аумақты аймақтарға бөлу туралы шешім жобаларын дайындау;

  27. уәкілетті органмен келісім бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарын бекіту;

  28. тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;

  29. ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасына арналған ветеринариялық препараттарды сақтауды, оларды аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру;

  30. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды, жануарға арналған ветеринариялық паспортты мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру және оларды тасымалдау (жеткізу);

  31. ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлеріне қажеттілікті анықтау және процесингтік орталыққа ақпарат беру;

  32. процессингтік орталықтан алынған ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерін ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды берушілерге олармен беруге шарттар жасасқанға дейін беруді қамтамасыз ету;

  33. ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын ұйымдастыру және жүргізу;

  34. ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс шараларын жүргізуді ұйымдастыру;

  35. ветеринариялық есеп пен есептілікті жүргізу, жинақтау, талдау және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға табыс ету;

  36. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;

  37. профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту туралы ұсыныстар енгізу;

  38. жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасына арналған ветеринариялық препараттарды, олардың профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, оларды сақтауды және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру;

  39. жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларға қатысу;

  40. ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру;

  41. мынадай:

ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерінің ауыл шаруашылығы техникасын және технологиялық жабдықтарының  лизингке алу;

машина-трактор паркiн және технологиялық құрал-жабдықтарды жаңарту;

машина-технологиялық станциялардың (сервис орталықтары) желiсiн дамыту және олардың қызметiне мониторинг жүргізу;

агроөнеркәсіп кешен субъектілерiнің ауыл шаруашылығы техникасы және құрал-жабдықтарына несиелендіру уақытында проценттік ставкаларды арзандатуды қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру;

  1. ауыл шаруашылығының өндірісін қажеттілігіне қарай жанар жағар маймен қамтамасыз етуін ықпал ету;

  2. агроөнеркәсiп кешенін дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;

  3. жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;

  1. Құқықтары мен міндеттері:

«Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы»   мемлекеттік мекемесінің:

  1. оперативті басқару мақсатында өзіндегі мүліктерді қажетіне пайдалануға;

  2. Басқарма құзырына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік заңды тұлғалар құру туралы ұсыныстар беруге;

  3. қолданыстағы заңнамаларға сәйкес акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) акцияларының мемлекеттік пакетін (жарғылық капиталындағы қатысу үлесін) иеленуге және пайдалануға;

  4. гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты қалыптастыруға және жүзеге асыруға қатысуға құқылы.

     «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы»   мемлекеттік мекемесі:

  1. өз құзыретіне жататын мәселелерді шешуде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын сақтауға;

  2. өз құзырет шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге;

  3. осы ережеде және Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастыралған өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.


3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

  1. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы»   мемлекеттік мекемесі жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға жеке жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

  2. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысын Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

  3. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

  4. Басшының өкілеттігі:

  1. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысының орынбасарларының, бөлім басшыларының және басқа да жауапты қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

  2. заңнамаға сәйкес «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы»   мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымдық жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

  3. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелейді және тәртіптік жаза қолданады;

  4. өз құзыреті шегінде «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымын және құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

  5. барлық мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің атынан сөйлейді;

  6. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына жеке жауапты болады;

  7. заңнамаларға сәйкес басқа да өкілетті іс-әрекеттерді жүзеге асырады.

  1. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.


4. Мемлекеттік органның мүлкі


  1. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі бар.

«Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

  3. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органы «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып табылады.


5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату


  1. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


Похожие:

«Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесі icon«Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
«Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі тұтас алғанда облыс ауыл шаруашылығын және агроөнеркәсіп кешенін...
«Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесі iconЕреж е
«Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі тұтас алғанда облыс ауыл шаруашылығын және агроөнеркәсіп кешенін...
«Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесі iconӨсімдіктерді қорғау мақсатында ауылшаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау
«Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)
«Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесі iconБір көзден тәсілімен тауарларды мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы: «Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мм, Павлодар қ., Ленин көшесі, 61, бір көзден...
«Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесі iconАсыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау
«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін...
«Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесі iconТұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау
Асына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін...
«Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесі icon«Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
Стратегиялық бағыттар, мақсаттар,міндеттер, мақсаттық индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері
«Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесі iconАуыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі
«Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесі iconАуыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі
«Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесі iconӨскемен қаласының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі
«Өскемен қаласының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница