6М050600 «Экономика» мамандығы бойынша оқуға түсушілер үшін арнайы пән бойынша қабылдау емтихандарының бағдарламасы




Скачать 235.74 Kb.
Название6М050600 «Экономика» мамандығы бойынша оқуға түсушілер үшін арнайы пән бойынша қабылдау емтихандарының бағдарламасы
страница1/2
Дата конвертации14.02.2016
Размер235.74 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.pa-academy.kz/images/files/programm/kz/ekonomikakz.doc
  1   2
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Мемлекеттік басқару академиясы



БЕКІТІЛГЕН

ОӘҒК отырысында

9 хаттама

26.03.2014 ж.



Академия магистратурасына 2014–2015 оқу жылына 6М050600 - «Экономика» мамандығы бойынша түсу үшін кешенді емтиханның

БАҒДАРЛАМАСЫ




Астана – 2014


Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасына 2014–2015 оқу жылына

6М050600 - «Экономика» мамандығы бойынша оқуға түсушілер үшін

арнайы пән бойынша қабылдау емтихандарының

БАҒДАРЛАМАСЫ


Қабылдау емтихандары туралы жалпы ережелер


1. Мемлекеттік және жергілікті басқару институтындағы қабылдау емтихандарының бағдарламасы екі пән блогын қамтиды: «Экономикалық теория», «Менеджмент негіздері».

2. Бағдарлама 6М050600 - «Экономика» мамандығы бойынша магистрлік бағдарламаға үміткерлердің жоғары кәсіптік білім берудің оқу жоспары шеңберінде оқытылатын негізгі экономикалық пәндердің фундаменталдық негіздерін білуін, сондай-ақ осы білімін теориялық және қолданбалы экономикалық міндеттерді шешуде қолдана білуін көздейді.

3. Бағдарламаға тек қана мына:

а) жоғары кәсіптік білім берудің оқу жоспарының негізгі пәндері бағдарламаларының мазмұнына сәйкес келетін мәселелер;

б) ұсынылатын оқу және әдістемелік әдебиетте, нормативтік құқықтық актілерде, сондай-ақ кітапханаларда бар ғылыми басылымдар мен жарияланымдарда баяндалған мәселелер енгізілген.


Қабылдау емтиханына қойылатын негізгі бағдарламалық талаптар


1-БӨЛІМ. Экономикалық теория


Мазмұны


1-10 тақырып. Экономикалық ойлар тарихы

11-20 тақырып. Микроэкономика

21-30 тақырып. Макроэкономика


Экономикалық ойлар тарихы

1-тақырып. Экономикалық ойлардың бастау көздері және алғашқы экономикалық мектептер

Ежелгі Греция мен Ежелгі Римнің экономикалық ойлары. Орта ғасырдың экономикалық ойлары. Меркантилизм - теория және практика. Физиократтар.

2-тақырып. Классикалық саяси экономия және ХІХ ғасыр экономистерінің еңбектерінде оның дамуы.

Классикалық экономикалық теория – бастау көздері. У.Петти экономикалық көзқарастары. Саяси экономияның ғылым ретінде қалыптасуы. А.Смит, Д.Рикардо, Ж.Б.Сэй, Т.Мальтус, С.Сисмонди, Дж.Милль экономикалық көзқарастары.

3-тақырып. Марксистік саяси экономия және австриялық экономикалық мектеп.

К. Маркстің экономикалық көзқарастары. Шекті пайдалылық теориясы баға белгілеу теориясы ретінде. Өндіріс шығындары теориясы. Бем-Баверктің пайыздық теориясы.

4-тақырып. Ағылшын-америка экономикалық мектебі.

Дж.Кларктің шекті өнімділік теориясы. А. Маршаллдың экономикалық көзқарастары.

5-тақырып. Тарихи мектеп және институционализм.

Тарихи мектептің экономикалық теорияны дамытуға қосқан үлесі. Институционализм. Т.Вебленнің экономикалық көзқарастары.

6-тақырып. Жалпы тепе-теңдік және экономикалық даму теориясы.

Л.Вальрас. Жалпы экономикалық тепе-теңдік моделін құру. Й.Шумпетердің экономикалық көзқарастары. Түсім мен кәсіпкерлік теорияларының эволюциясы.

7-тақырып. Монополия және монополистік баға белгілеу теориялары.

Тарихи мектеп пен марксизм өкілдерінің экономиканы монополизациялау процесін талдау. Э.Чемберленнің монополистік бәсекелестік теориясы. Дж.Робинсонның жетілмеген бәсекелестік теориясы.

8-тақырып. Әл-ауқаттылықтың экономикалық теориялары.

Әл-ауқаттылық мәселесіне қатысты көзқарастардың дамуы. Әл-ауқаттылық экономикалық теориясына қатысты В.Паретоның көзқарасы. арето бойынша Оптимум". А.Пигудің экономикалық Әл-ауқаттылық теориясы.

9-тақырып. Дж.Кейнстің экономимкалық көзқарастары.

Тиімді сұраныс теориясы. Жұмыспен қамту және жұмыссыздық теориясы. Дж.Кейнс теориясындағы баға және құнсыздану. Дж.Кейнстің экономикалық бағдарламалары.

10-тақырып. Неолиберализм, монетаризм және ұтымды күту теориясы.

Неолиберализмнің негізін салушы Л.Мизестің экономикалық идеялары. Ф.Хайеканың экономикалық ой-пікірлері. Ақшаның сандық теориясының дамуы. Монетаризмнің негізгі постулаттары. М.Фридменнің экономикалық көзқарастары. Фридмен теңдеуі. Ұтымды күту теориясы.


Микроэкономика

11-тақырып. Нарықтық экономиканың жалпы сипаттамасы.

Нарық және оның пайда болу шарттары. Экономикалық және экономикалық емес игіліктер. Тауар. Шекті пайдалылық теориясы және игіліктің субъективті құндылығы. Ақшаның пайда болуы. Нарық механизмінің негізгі элементтері, нарық құрылымының негізгі типтері. Баға, сұраныс және ұсыныс. Нарықтағы тепе-теңдік. Сұраныс пен ұсыныстың иілімділігі. Сұраныс және пайдалылық. Тұтынушылық таңдау теориясы. Нарықтық шаруашылық және бағаның деперсонификацияланған механизмі. Нарық өзін-өзі реттеуші механизм ретінде. Ішінара және жалпы тепе-теңдік моделі. Қоғамдық әл-ауқаттылық және тиімділік. Нарық фиаскосы (сәтсіздігі) мәселесі.

12-тақырып. Жетілген бәсекелестік нарығы механизмі

Өндіріс шығындары: түрлері мен динамикасы. Қысқа мерзімді кезеңдегі фирманың тепе-теңдігі. Өндіруші қалдықтары, тұтынушы қалдықтары және айырбастың өзара тиімділігі.

13-тақырып. Жетілмеген бәсекелестік нарығы механизмі

Жетілмеген бәсекелестіктің нарықтық құрылымының негізгі типтері. Таза монополия. Бағалық дискриминация. Жетілмеген бәсекелестіктен болатын ысыраптар. Табиғи монополия. Олигополия. Өнімді дифференциациялауы бар монополистік бәсекелестік. Монопсония. Монополияға қарсы заңнама және экономиканы реттеу: негізгі қағидаттары.

14-тақырып. Белгісіздік, ақпарат және сақтандыру экономикасы. Белгісіздік нарықтық экономиканың ерекшелігі ретінде. Асимметриялық ақпарат ұғымы. Қауіп-қатер және оны азайту тәсілдері. Сақтандыру. Ақпараттың асимметриялылығын азайту тетіктері.

15-тақырып. Фирма теориясы және бизнестің ұйымдастырушылық нысандары

Фирма теориясы: технологиялық және институционалдық тәсіл. Бизнестің ұйымдастырушылық нысандары. Шағын, орта және ірі фирмалардың экономикадағы рөлі.

16-тақырып. Өндіріс және факторлардың шекті өнімділігі теориясы.

Өндірістік функция. Факторлардың шекті өнімділігі теориясы. Өндіріс факторларына сұраныс. Ресурстарды дұрыс пайдалану. Ресурстардың өзара алмасушылығы. Технологиялық орналасудың шекті нормасы. Шығындарды барынша азайту ережесі және түсімді барынша арттыру шарттары.

17-тақырып. Еңбек нарығы және еңбекақы.

Еңбек нарығының ерекшеліктері. Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс. Еңбек нарығындағы тепе-теңдік және еңбекақының тепе-тең ставкасы. Еңбекақы ставкасын саралау (дифференциациялау). Еңбек нарығындағы жетілмеген бәсекелестік.

18-тақырып. Капитал нарығы және пайыз.

Экономикалық теориядағы капитал ұғымы. Капитал өндіріс факторы ретінде. Капитал қызметі нарығындағы сұраныс пен ұсыныс. Қарыз қаражаты (несие капиталы) нарығындағы сұраныс пен ұсыныс. Пайыздың нақты және ақша теориясы. Қарыз қаражаты нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың жылжуын анықтайтын факторлар. Пайыздың номиналды және нақты ставкасы. Пайыздық ставкадағы тәуекел факторы. Инвестициялық шешімдерді дисконттау және қабылдау. Капиталды активтер нарығы (ұзақ уақыт пайдаланудың капиталдық игіліктері).


19-тақырып. Жер ресурстары нарығы және жер рентасы.

Жер ресурстарына ұсыныстардың шектеулігі. Шекті өнімділік теориясы және жер рентасы. Жер қызметтерінің баламалы құндылығы және жер рентасы. Жер қызметтері нарығындағы тепе-теңдік. Сараланған (дифференциацияланған) жер рентасы. Жер бағасы капиталды актив ретінде.

20-тақырып. Кәсіпкерлік және түсім.

Түсім: қалыпты және экономикалық. Экономикалық түсімнің бастау көздері. Түсім функциясы.


Макроэкономика

21-тақырып. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер және ұлттық есепшоттар жүйесі.

Ұлттық шаруашылықтағы табыстар мен шығыстардың айналымы. Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) және оны есептеу әдістері. Номиналды және нақты ЖІӨ. Ұлттық есепшоттар жүйесі. ЖІӨ және «таза экономикалық әл-ауқаттылық» (ТЭА).

22-тақырып. Мемлекеттің нарықтық экономикадағы рөлі.

Нарық фиаскосы және мемлекеттік реттеу қажеттілігі. Қоғамдық таңдау теориясы. Мемлекет фиаскосы. Экономиканы мемлекеттік реттеу: негізгі мақсаттары мен құралдары.

23-тақырып. Макроэкономикалық тепе-теңдік. Негізгі үлгілер.

Макроэкономикалық тепе-теңдіктің классикалық теориясы. «AD-AS» үлгісіндегі макроэкономикалық тепе-теңдік. Жалпы тепе-теңдіктің кейнсиандық моделі. Инвестиция және салымдар: тепе-теңдік мәселесі. Мультипликатор. Инфляциялық және дефляциялық (рецессиялық) алшақтық. Ұқыптылық парадоксы.

24-тақырып. Макроэкономикалық тұрақсыздық: нарықтық экономика дамуының циклділігі.

Экономикалық цикл: пайда болу себептері, ерекшеліктері және мерзімділігі. Циклдік ауытқушылықтардың таралу тетіктері: мультипликатор-акселератор әсері. Макроэкономикалық тұрақсыздық және жұмыссыздық. Оукен заңы. Мемлекеттің экономикалық циклдерді реттеудегі рөлі: тұрақтандыру саясаты.

25-тақырып. Кредит-ақша жүйесі және кредит-ақша саясаты.

Ақша және олардың функциялары. Ақша жүйесі ұғымы және типтері. Кредит мәні мен түрі. Қазіргі кредит-ақша жүйесінің құрылымы. Ақша массасы және оның құрылымы. Ақша агрегаттары. Банк депозиттерін мультипликациялық кеңейту. Ақшаға сұраныс. Ақша нарығындағы тепе-теңдік. Ақшаға трансакциялық сұраныс теориясы. Ақшаға сұраныстың портфельдік теориясы. Орталық банктің кредит-ақша саясатының негізгі бағыттары.

26-тақырып. Бағалы қағаздар нарығы.

Бағалы қағаздар нарығының құрылымы, ұйымдастырылуы және функциялары. Негізгі бағалы қағаздардың жалпы сипаттамасы. Қор индекстері. Туынды қаржы құралдары. Бағалы қағаздар нарығындағы алып-сатарлық және сақтандыру мәмілелері. Қор нарығын техникалық және фундаменталды талдау. Тиімді нарықтың ғылыми болжамы. Дж. Соростың қайтарымдылық теориясы. Бағалы қағаздар нарығындағы делдалдар қызметі. Бағалы қағаздар нарығын реттеу.

27-тақырып. Салықтық-бюджет жүйесі және салықтық-бюджет саясаты.

Мемлекеттік бюджет және оның құрылымы. Орталық және жергілікті билік органдарының бюджеттері. Салықтар және оның түрлері. Салық салу қағидаты. Лаффер қисығы. Салық ауыртпалығына аудару. Бюджет тапшылығы және оны қаржыландыру тәсілдері. Дискрециялық және дискрециялық емес (автоматты) салықтық-бюджет саясаты. Кіріктірме тұрақтандырғыш. Теңгерімді бюджет мультипликаторы (Хаавельмо теоремасы). Мемлекеттік бюджетті теңгеру мәселесі. Мемлекеттік қарыз және оның экономикалық салдарлары. Рикардо-Варроның баламалылық (эквиваленттілік) теоремасы.

28-тақырып. Құнсыздану және құнсыздануға қарсы саясат.

Құнсыздануды анықтау. Құнсызданудың ашық және жасырын (қысымға түскен) түрлері. Құнсыздануды өлшеу. Құнсыздану және номиналды баға. Инфляциялық күтулер. Фишер әсері. Құнсызданудың пайда болу себептері. Сұраныс инфляциясы және шығын инфляциясы. Монетарлық және монетарлық емес инфляция тұжырымдамалары. Құнсызданудың әлеуметтік-экономикалық салдарлары. Құнсыздану және жұмыссыздық. Филлипс қисығы. Табиғи деңгей теориясы. Мемлекеттің құнсыздануға қарсы саясаты.

29-тақырып. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты.

Нарықтық экономикадағы әділ бөлу мәселесі. Жеке және орналастырылатын табыстар. Табыстарды бөлудегі теңсіздікті өлшеу мәселесі: Лоренц қисығы және Джини коэффициенті. Табыстарды қайта бөлу туралы мемлекеттік саясат. Тиімділік пен әділдік дилеммасы.

30-тақырып. Экономикалық өсу.

Экономикалық өсуді анықтау және өлшеу. Экономикалық өсудің факторлары мен типтері. Өндірістік функция және экономикалық өсу. Экономикалық өсудің неокейнсиандық моделі. Экономикалық өсудің неоклассикалық моделі. Ғылыми-техникалық прогресс (ҒТП) экономикалық өсудің сыртқы факторы ретінде. ҒТП-ның динамикалық модельдегі экономикалық өсуге қосқан үлесін бағалау. Эндогенді экономикалық өсу модельдері. «Жаңа экономика» және өсу мәселелері.


Ауызша емтиханның үлгілік сұрақтары


Экономикалық ойлар тарихы

  1. Ежелгі Греция мен Ежелгі Римнің экономикалық ойлары.

  2. Орта ғасырдың экономикалық ойлары.

  3. Меркантилистердің экономикалық ілімдері.

  4. Физиократтардың экономикалық ілімдері.

  5. У.Петти экономикалық көзқарастары.

  6. А.Смит экономикалық көзқарастары.

  7. Д.Рикардо экономикалық көзқарастары.

  8. Ж.Б.Сэй экономикалық көзқарастары.

  9. Т.Мальтус экономикалық көзқарастары.

  10. С.Сисмонди экономикалық көзқарастары.

  11. Дж.Милль экономикалық көзқарастары.

  12. К. Маркс экономикалық көзқарастары.

  13. Шекті пайдалылық теориясы баға белгілеу теориясы ретінде.

  14. Өндіріс шығындары теориясы.

  15. Бем-Баверктің пайыздық теориясы.

  16. Дж.Кларктің шекті өнімділік теориясы.

  17. А. Маршаллдың экономикалық көзқарастары.

  18. Тарихи мектептің экономикалық теорияны дамытуға қосқан үлесі.

  19. Институционализм.

  20. Т.Вебленнің экономикалық көзқарастары.

  21. Й.Шумпетердің экономикалық көзқарастары.

  22. Түсім мен кәсіпкерлік теорияларының эволюциясы.

  23. Э.Чемберленнің монополистік бәсекелестік теориясы.

  24. Дж.Робинсонның жетілмеген бәсекелестік теориясы.

  25. Әл-ауқаттылық экономикалық теориясына қатысты В.Паретоның көзқарасы. "Парето бойынша Оптимум".

  26. А.Пигудің экономикалық Әл-ауқаттылық теориясы.

  27. Тиімді сұраныс теориясы.

  28. Жұмыспен қамту және жұмыссыздық теориясы.

  29. Дж.Кейнс теориясындағы баға және құнсыздану.

  30. Л.Мизестің экономикалық идеялары.

  31. Ф.Хайеканың экономикалық идеялары.

  32. М.Фридменнің экономикалық көзқарастары.

  33. Ұтымды күту теориясы.

  1   2

Похожие:

6М050600 «Экономика» мамандығы бойынша оқуға түсушілер үшін арнайы пән бойынша қабылдау емтихандарының бағдарламасы iconҚазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы
«6М050600 – Экономика» мамандығы бойынша магистратураға түсушілер үшін кешенді қабылдау емтиханының
6М050600 «Экономика» мамандығы бойынша оқуға түсушілер үшін арнайы пән бойынша қабылдау емтихандарының бағдарламасы icon6М050600-Экономика мамандығы бойынша талапкерлерден емтихан қабылдау бағдарламасы
М050600-Экономика мамандығы бойынша талапкерлерден емтихан қабылдау бағдарламасы
6М050600 «Экономика» мамандығы бойынша оқуға түсушілер үшін арнайы пән бойынша қабылдау емтихандарының бағдарламасы icon6М050600- экономика мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған кіріспе емтиханының бағдарламасы алматы 2012
Бағдарлама Мемлекеттік жалпы білім беретін стандартқа «6М050600 –Экономика» мамандығы бойынша құрастырылған. Бағдарлама э.ғ. д.,...
6М050600 «Экономика» мамандығы бойынша оқуға түсушілер үшін арнайы пән бойынша қабылдау емтихандарының бағдарламасы iconҚазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
«Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша Академияға докторантураға оқуға түсушілерге арнайы пәндер бойынша қабылдау емтиханының
6М050600 «Экономика» мамандығы бойынша оқуға түсушілер үшін арнайы пән бойынша қабылдау емтихандарының бағдарламасы icon6М050800 «Есеп және аудит» мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтихандарының бағдарламасы құрылды
М050800 «Есеп және аудит» мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтихандарының бағдарламасы құрылды
6М050600 «Экономика» мамандығы бойынша оқуға түсушілер үшін арнайы пән бойынша қабылдау емтихандарының бағдарламасы icon«6М051000 Мемлекеттік және жергілікті басқару» (бір жылдық оқу) мамандығы бойынша магистратураға түсушілер үшін
Оқуға түсу емтиханының бағдарламасы «Мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтің негіздері», «Менеджмент негіздері», «Экономика...
6М050600 «Экономика» мамандығы бойынша оқуға түсушілер үшін арнайы пән бойынша қабылдау емтихандарының бағдарламасы icon«6М050600 Экономика» мамандығы бойынша магистратураға түсушіге
«6М 050600 Экономика» мамандығы бойынша магистратураға түсуге арналған емтихан бағдарламасы мемлекеттік білім беру стандарты талабы...
6М050600 «Экономика» мамандығы бойынша оқуға түсушілер үшін арнайы пән бойынша қабылдау емтихандарының бағдарламасы iconЛ. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
М050800 «Есеп және аудит» мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтихандарының бағдарламасы құрылды
6М050600 «Экономика» мамандығы бойынша оқуға түсушілер үшін арнайы пән бойынша қабылдау емтихандарының бағдарламасы icon«6М020700 – аударма ісі» мамандығы бойынша магистратураға түсушіге
М020700 – Аударма ісі мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтихандарының бағдарламасы мемлекеттік білім стандарттары талаптарының...
6М050600 «Экономика» мамандығы бойынша оқуға түсушілер үшін арнайы пән бойынша қабылдау емтихандарының бағдарламасы icon6М0501800 Жобаларды басқару мамандығы бойынша магистратураға қабылданушылар үшін қабылдау емтиханының бағдарламасы алматы 2012 Мазмұны
М0501800 Жобаларды басқару мамандығы бойынша магистратураға қабылданушылар үшін қабылдау емтиханының
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница