Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы




НазваниеСалық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы
страница1/19
Дата конвертации14.02.2016
Размер1.85 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.astananalog.kz/data/files/kaz/pic_98.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 05.04.2013 15:05:44


Қазақстан Республикасының
Заңы
 
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»
 Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы

(2012.26.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Заңды іске асыру жөніндегі шаралары туралы ҚР Премьер-Министрінің 2008 жылғы 15 желтоқсандағы № 282-ө Өкімін қараңыз

 

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «кеден одағының», «кеден одағына» деген сөздер тиісінше «Кеден одағының», «Кеден одағына» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)

 

2009 жылғы 4 шілдедегі № 167-ІV ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.26.11. № 356-IV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді

1-бап. 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 3-баптың 2-тармағын қоспағанда, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексі (Салық кодексі) 2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілсін.

 

2009 жылғы 4 шілдедегі № 167-ІV ҚР Заңымен 1-1-баппен толықтырылды

1-1-бап. Егер заңды тұлға 2009 жылғы 1 тамыздан кешіктірмейтін мерзімде өзі орналасқан жер бойынша және құрылымдық бөлімшелердің тіркелген жері бойынша салық органына жер учаскелерін пайдаланғаны үшін және (немесе) қоршаған ортаға эмиссияға төлемақы үшін оларды дербес төлеушілер ретінде қарауға шешім қабылдау туралы хабарлаған жағдайда, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері 2009 жылы жер учаскелерін пайдаланғаны үшін және (немесе) қоршаған ортаға эмиссияға төлемақы үшін дербес төлеушілер болып танылады деп белгіленсін.

Бұл ретте, осы бапқа сәйкес осындай төлемдерді дербес төлеушілер ретінде танылған заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерінің осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімнен кешіктірмей салық қызметі органдарына салық есептілігін жасау және табыс ету, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемді және қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемді төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындауы осындай заңды тұлғаның салық міндеттемесін орындауы болып табылады.

 

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1-2-баппен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

1-2-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 113-бабына сәйкес топтың (кіші топтың) тиісті құндық теңгерімін ұлғайтуға жатқызылатын немесе топтың (кіші топтың) тиісті құндық теңгерімін қалыптастыратын 2008 жыл ішінде жүргізілген негізгі құралдарды жөндеуге арналған шығыстар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 113-бабында белгіленген тәртіппен 2009 жылдың басына тіркелген активтер тобының (кіші тобының) тиісті құндық теңгерімін ұлғайтады немесе қалыптастырады деп белгіленсін.

 

2-бап. 2009 жылғы 1 қаңтардан 2010 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде асып кеткен қосылған құн салығы:

1) мыналарға:

шағын бизнес субъектілеріне;

шаруа және фермер қожалықтарына;

ауыл шаруашылық өнімін өндіруші заңды тұлғалар мен ауылдық тұтынушылар кооперативтері үшін белгіленген арнаулы салық режимінде бюджетпен есеп айырысуды жүргізетін салық төлеушіге;

2) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 267-бабының ережелерін қолданатын салық төлеушіге;

3) қосылған құн салығының асып кеткені тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 2000 еселенген мөлшерінен аспайтын салық төлеушіге қайтарылмайтыны белгілене отырып, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 273-бабы 5-тармағының қолданылуы 2010 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.

 

3-бап. Электронды түрде салық есептілігін беру күні тоқтатыла тұру кезеңінде хабарларды кепілдік беріп жеткізуді қамтамасыз ететін көлік жүйесі серверіне дейін салық есептілігін жеткізу туралы хабарлама күнінен есептеу белгілене отырып, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексінің) 584-бабының 2-тармағы 3) тармақшасының және 4-тармағының қолданылуы 2010 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.

Салық қызметі органдары хабарларды кепілдік беріп жеткізуді қамтамасыз ететін көлік жүйесінің серверіне дейін салық есептілігі жеткізілген кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей салық төлеушіге салық есептілігін қабылдағаны немесе қабылдамағаны туралы хабарлама жіберуге міндетті.

 

2009.16.11. № 200-IV ҚР Заңымен 3-1-баппен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді); 2010.19.03 № 258-IV ҚР Заңымен 3-1-бап өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3-1-бап. Тоқтата тұру кезеңiнде аталған тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгiлене отырып, «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексiнiң) 99-бабы 1-тармағының қолданылуы 2011 жылғы 1 қаңтарға дейiн тоқтатыла тұрсын:

«1. Салық төлеушiлердiң жылдық жиынтық табысынан:

1) тәуекелдi инвестициялаудың жабық пайлық инвестициялық қорлары мен тәуекелдi инвестициялаудың акционерлік инвестициялық қорлары төлейтiндi қоспағанда, дивидендтер;

2) жеке тұлғалардың депозиттерiне мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым алған банктердiң мiндеттi күнтiзбелiк, қосымша және төтенше жарналарының сомасы;

3) Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры алған сақтандыру ұйымдарының мiндеттi, қосымша және төтенше жарналарының сомасы;

4) жеке тұлғалардың депозиттерiне мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым мен Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры өздерiнiң өтелген депозиттер мен төленген кепiлдiктi және өтемақы төлемдерi бойынша талаптарын қанағаттандыру тәртібімен алған ақша сомасы;

5) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес алынған және жеке зейнетақы шоттарына жiберiлген инвестициялық табыстар;

6) Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес алынған және Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорының активтерiн ұлғайтуға бағытталған инвестициялық табыстар;

7) Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамасына сәйкес пайлық және акционерлік инвестициялық қорлар кастодиандардағы шоттарға алған және соларда болатын инвестициялық табыстар;

8) Қазақстан Республикасының секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес секьюритилендiру мәмiлесi бойынша арнайы қаржы компаниясы алған, борышты талап ету құқығын басқаға беруден алынған табыстар;

9) мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты бойынша сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшысы немесе сенiмгерлiкпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушы алатын (алынуға жататын), мүлiктi сенiмгерлiкпен басқарудан түсетiн таза табыс;

10) мақта қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру қоры мақта өңдеу ұйымдарынан алатын жыл сайынғы мiндеттi жарналардың сомасы;

11) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру қоры астық қабылдау кәсiпорындарынан алатын жыл сайынғы мiндеттi жарналардың сомасы;

12) мақта (астық) қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру қоры кепiлдiк төлемдерiн жүзеге асыру жөніндегі талаптарды қанағаттандыру тәртібімен алатын ақша сомасы;

13) инвестициялық депозиттер түрiнде алынған ақшаны басқару процесiнде ислам банкi алған, осы инвестициялық депозиттер депозиторларының шоттарына жiберiлген және соларда болатын табыстар алып тасталуға жатады. Мұндай табыстарға ислам банкінің сыйақылары қосылмайды;

14) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес құрылған ислам арнайы қаржылық компаниясы алған борышты талап ету құқығын беруден түсетiн табыстар;

15) сот бекiткен, банктi қайта құрылымдау жоспарындағы қайта құрылымдалатын активтер мен мiндеттемелер тiзбесiне енгiзiлген банк мiндеттемелерiн кредитордың есептен шығаруынан түскен табыстар алып тасталуға жатады.

Осы тармақшаның ережелерi:

банк кредиторларының мүддесiн қорғау және Қазақстан Республикасының банк жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметi туралы заңнамасына сәйкес дауыс беретiн акцияларының 50 проценттен астамын ұлттық басқарушы холдинг сатып алған банкке, және (немесе) Қазақстан Республикасының резидент банкi болып табылатын осындай банктiң еншiлес ұйымына, және (немесе)

банк секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында дауыс беретiн акцияларының 50 проценттен астамын дауыс беру құқығымен ұлттық басқарушы холдинг кепiлге қабылдаған банкке қолданылады.

16) Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға, Қазақстан Республикасындағы табысы аз азаматтарды қолдауға (көмек көрсетуге) бағытталған, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын үкіметаралық келісім шеңберіндегі грант қаражаты есебінен алғанды (алуға жататынды) өткізуден түскен табыс алып тасталуға жатады.»

 

2009.16.11. № 200-IV ҚР Заңымен 3-2-баппен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді)

3-2-бап. Тоқтата тұру кезеңiнде аталған тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгiлене отырып, «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексiнiң) 133-бабы 2-тармағының қолданылуы 2011 жылғы 1 қаңтарға дейiн тоқтатыла тұрсын:

«2. Салық төлеушiнiң мынадай табыс түрлерiне:

1) негiзгi құралдардың, жылжымайтын мүлiкке инвестициялардың, биологиялық активтердiң қаржы лизингi бойынша сыйақыға;

2) осындай сыйақыны есептеу күнi Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн қор биржасының ресми тiзiмiнде болатын борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақыға;

3) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар, агенттiк облигациялар бойынша сыйақыларға және мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар мен агенттiк облигацияларды өткізу кезiнде құн өсiмiнен түсетiн табыстарға;

4) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда гуманитарлық көмек түрiнде алынған және мақсатты пайдаланылған мүлiктiң құнына;

5) республикалық мемлекеттік кәсiпорын мемлекеттік органнан немесе республикалық мемлекеттік кәсiпорыннан Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi негiзiнде өтеусiз негiзде алған негiзгi құралдардың құнына;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғаның немесе консорциумның акцияларын (қатысу үлестерiн) өткізу кезiнде құн өсiмiнен түсетiн табыстарға салық салынатын табысты азайтуға құқығы бар.

Егер аталған заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталы немесе акциялары (қатысу үлестерi) құнының 50 және одан да көп процентi осындай өткізу күнiне жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) болып табылмайтын тұлғаның (тұлғалардың) мүлкiн құраған жағдайда, осы тармақша қолданылады;

7) өткізу күнi Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн қор биржасының ресми тiзiмдерiнде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында ашық сауда-саттық әдiсiмен өткізу кезiнде құн өсiмiнен түсетiн табыстарға;

8) салық төлеушiнiң Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша мемлекеттік кепiлдiк бойынша мiндеттемелердi орындауға республикалық бюджеттен бөлiнген қаражатты қайтару жөніндегі мiндеттемелердi орындау есебiне мүлiктi мемлекеттік меншiкке беруi кезіндегі тiркелген активтердiң шығып қалуынан түсетiн табыстарға салық салынатын табысты азайтуға құқығы бар. Осы тармақшада көрсетiлген салық төлеушiлер мен мүлiк тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.

 

2009.16.11. № 200-IV ҚР
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Похожие:

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы iconСалық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы
Осы Кодекс салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі...
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы iconСалық және бюджетке төленетiн басқа да міндетті төлемдер туралы
Кодексiнде (Салық кодексi) белгіленген тәртiппен есепке алу әдiсiмен төленетін импортталатын тауарлардың тiзбесiн және оны қалыптастыру...
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы iconСалық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы
«төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды», «тәртіппен міндетті...
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы iconСалық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бөлігінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеудің,...
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы iconҚазақстан республикасының кодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы
Республикасының заңы, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы iconҚазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)
Осы Кодекс салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi белгiлеу, енгiзу және есептеу мен төлеу тәртiбi жөнiндегi...
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы iconҚазақстан Республикасы салық жүйесі: қалыптасуы мен даму кезеңдері
Мемлекетте алынатын салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің,...
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы iconIi мемлекеттік бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер төлемақыларды есептеу және рәсімдеу әдістері
Кіріспе
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы iconСалықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың, айыппұлдардың төленген сомаларын есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу
«Салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың, айыппұлдардың төленген сомаларын есепке жатқызуды...
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы iconАстана қаласының Экономика және бюджеттік
Бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдер болжамының орындалу пайызы, барлығы млн теңге
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница