Тақырып 7 Коммерциялық банктердің қаржы нарығындағы қызметі




НазваниеТақырып 7 Коммерциялық банктердің қаржы нарығындағы қызметі
страница2/13
Дата конвертации14.02.2016
Размер1.99 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://v.anatili-almaty.kz/referats/Қаржы нарығы және делдалдар реферат [www.topreferat.com].doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Акцияның мәні және оның түрлері қандай ?


Акция – акционерлік қоғам шығаратын құнды қағаздардың бір түрі. Акция – акционерлік қоғамның немесе кәсіпорынның өндірістік дамуы мақсатында көздеген, оған өзінің өз қаржысы есебінен үлес қосқанын куәландыратын құнды қағаз. Акционерлік қоғамға немесе кәсіпорынға қаржы қосқан жеке тұлға сол ұйымдардың пайдасы есебінен өзі қосқан қаржысы үшін дивиденд түрінде кіріс алуына құқылы екенін акция куәландырады. Сол сияқты акция қоғамның, кәсіпорынның акционер алдындағы қарыздарлық міндетін де айқындайды.

Акцияның иесі аталған және ұсынушыға арналған деген түрлері бар. Иесі атап көрсетілген акцияға оны алушының тегі, әкесінің, өзінің аты-жөні жазылады. Мұндай акция басқа біреуге берілмейді, егер бұл талаптар көрсетілмесе акция, өз күшін жойған деп саналады. Ондай акцияға пайдадан үлес берілмейді.

Ұсынушыға арналған акцияны корпорация, кәсіпорын тіркемейді. Өйткені ондай акциялардың иесі кім екені белгісіз болады. Оларды иелену заңдық негізде ғана жүзеге асырылады.

Сол сияқты акцияға байланысты тағы бір ерекшелік: акциялар кәдімгі және артықшылықты болып бөлінеді.

Кәдімгі акцияны иеленген тұлға акционерлік қоғамды, корпорацияны басқаруға, пайданы бөлуге, түрлі шешімдер қабылдауға қатысуға құқығы болады. Ал артықшылықты акцияны иеленуші басқару ісіне қатыса алмайды, бірақ пайдадан үлесті бірінші кезекте алуға құқығы бар.

Акцияның құны бірнеше түрлі болады. Олар – номиналдық, эмиссиялық және нарықтық деген тұрлері бар.

Акцияның номиналдық құны акцияның балансына жазылады, бұл құнның өлшемі жарғылық капитал сомасын жалпы шығарылған акциялар санына бөлу арқылы анықталады. Ал эмитент акцияны инвесторға сатқан жағдайдағы баға – акцияның эмиссиялық құны болады. Қаржы биржасын биржадан тыс нарықта сатқан акциясының бағасы – нарықтық құн болып табылады. Нарықтық құн сұраныс пен ұсыныстың ара-қатынасына байланысты.

Акция сертификаты дегеніміз белгілі тұлғаның өз қолында қанша акция барын анықтау жөніндегі куәлік, бұл сертификат та құнды қағаз деп саналады.

Вексельдің мәні және оның түрлері қандай ?


Вексель дегеніміз – белгілі бір ақшалай кіріс алуға арналған құқықты куәландыратын айрықша құнды қағаз.

Вексельдер коммерциялық және қаржылық деп аталатын топтарға бөлінеді. Коммерциялық вексель нақтылы тауарлық келісім-шартты білдіреді. Ал қаржылық вексель – қарыз қаржы алғаны туралы өзіндік сенімхат. Коммерциялық вексель сатушының сатып алушыға өз тауарын бергені және қызмет көрсеткенін дәлелдейтін бір жолғы құрал ретінде қаржылық жүйеде кеңінен қолданылады. Вексель өзіне несиелік және есеп айырысу сияқты функцияларды шоғырландырады.

Вексельдердің қарапайым және аударма деп аталатын түрлері бар. Қарапайым вексельді сатып алушының өзінің тауарларды сатушыға оның төлемін кейінге қалдыруға еркі барын сендіретін құқығы бар. Аударма вексель – көмегі арқылы қарызгер өзінің жеке борыштарынан құтылады, есеп айырысады.

Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы” Заңында вексельді пайдаланудың тәртібі және вексельдің түрлері, индоссамент, аваль туралы заңдық тұрғыдағы міндеттер нақты баяндалған.

Қазақстанда вексель айгалысы жай және аударым коммерциялық вексельдерін шығаруды, ол бойынша талап ету құқығын беруді қамтиды.

Индоссамент – ол вексельдің сыртқы бетіндегі табыстау жазбасы, бұл жазба осы вексельді иелену құқығынығ басқа тұлғаға берілгенін куәландыратын ұғымды білдіреді.

Аваль дегеніміз – вексель кепілдігі. Аваль беруші тұлға вексель жөніндегі міндеттемені басқа тұлғалардың осы аталған міндеттемелерді орындауы үшін жауапты болады. Ал вексель төлеміне берілетін жазбаша келісімді – акцепт деп атайды. Төлем төлеуші акцепт арқылы аударым векселін мерзімінде төлеуге өзіне тиісінше міндеттеме қабылдай алады.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Похожие:

Тақырып 7 Коммерциялық банктердің қаржы нарығындағы қызметі iconТақырып 7 Коммерциялық банктердің қаржы нарығындағы қызметі
Коммерциялық банктер бағалы қағаздар нарығында эмитенттер және инвесторлар ретінде
Тақырып 7 Коммерциялық банктердің қаржы нарығындағы қызметі iconI коммерциялық банктердің активті операцияларының маңызы мен мәНІ
Еліміздегі коммерциялық банктердің несиелік операцияларының бүгінгі таңдағы жағдайы
Тақырып 7 Коммерциялық банктердің қаржы нарығындағы қызметі iconКоммерциялық банктердің несиелік саясатын талдау
Коммерциялық банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін кредиттік мекемелердің тобын білдіреді
Тақырып 7 Коммерциялық банктердің қаржы нарығындағы қызметі iconІ. Коммерциялық банктердің негізі мен құрылымы
Кіріспе
Тақырып 7 Коммерциялық банктердің қаржы нарығындағы қызметі iconҚазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Екінші деңгейдегі банктердің заемдарын экономикалық қызмет түрлері бойынша үлестіру
Тақырып 7 Коммерциялық банктердің қаржы нарығындағы қызметі iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы...
Тақырып 7 Коммерциялық банктердің қаржы нарығындағы қызметі iconҚазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі мен
Республикасы Үкіметінің жанындағы Қаржы нарығын реттеу мен қадағалау мемлекеттік қызметі арасындағы бағалы қағаздар, зейнетақы қызметі...
Тақырып 7 Коммерциялық банктердің қаржы нарығындағы қызметі icon«Қазақстанның кәсіби бағалаушылары Палатасы» бп конференциясында Бекітілген
Бағалаушылар палатасының қызметі Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексімен, «Коммерциялық емес ұйымдар туралы», «Қазақстан Республикасындағы...
Тақырып 7 Коммерциялық банктердің қаржы нарығындағы қызметі iconБасқармасының Қаулысы
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы...
Тақырып 7 Коммерциялық банктердің қаржы нарығындағы қызметі iconТөраға А. Дунаев
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница