Тақырып 7 Коммерциялық банктердің қаржы нарығындағы қызметі




НазваниеТақырып 7 Коммерциялық банктердің қаржы нарығындағы қызметі
страница10/13
Дата конвертации14.02.2016
Размер1.99 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://v.anatili-almaty.kz/referats/Қаржы нарығы және делдалдар реферат [www.topreferat.com].doc
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

5. Капитал нарығының құрылымын сызып көрсетіңіз


Тақырып 4. Ақша нарығы нарығы

Ұй тапсырмасы:

1. Жазбаша жауап беріңіз

Ақша нарығының қажеттілігі неде?

Ақша нарығының қаржылық құралдары қандай?

2.Тест сұрақтарына жауап беріңіз

  1. Банк қозғалмайтын мүлікті кепілдікке алып, несиеге берілетін ақшалы қаражат:

А) тұтыну несиесі

Ә) ипотекалық несие

Б) банктік несие

В) коммерциялық несие


  1. Әлемдік тәжірибеде депозиттік сертификаттардың қанша түрі бар?

А) 3

Ә) 1

Б) 4

В) 2


  1. Ақша нарығы – бұл:

А) ұлттық несие және депозит нарығының жиынтығы, мұнда орталық банк, коммерциялық банктер мен қаржы институттары қысқа мерзімді несие беру жөнінде операциялар жасайды.

Ә) қазыналық міндеттемелермен қамтамасыз етілетін қысқа мерзімді зайымның түрін білдіреді.

Б) қаржылық мекемелер мен әртүрлі субьектілерге берілетін ақшалай түрдегі несие болып табылады.

В) шетел валюталары, бұл валюталармен коммерциялық банк осы валюталарды шығарған елдерден тыс жерлерге қолма-қол ақшасыз депозиттік несие операцияларын жүзеге асырады.


  1. 12 айға дейінгі мерзімге берілетін несие түрі:

А) ұзақ мерзімді несие

Ә) орта мерзімді несие

Б) қысқа мерзімді несие

В) дұрыс жауабы жоқ


  1. Ақша нарығының инструментіне жатпайтынын көрсетіңіз.

А) мемлекеттік облигация

Ә) ұлттық валюта

Б) коммерциялық қағаздар

В) вексель

3.«Иә» немесе«Жоқ» деп жауап беріңіз

1. Ақша нарығының басты экономикалық функциясы – ақшаны эмиссиялау ма?

2. Мерзімді депозиттер мен жинақ салымдарының бір түріне депозиттік және жинақ сертификаттарын жатқызуға болады ма?

3Несие өтеу қабілеті – кәсіпорынның борышты міндеттерін толығымен және уақытында есепке алу қабілеті.

4Капитал нарығын қаржы нарығына жатқыза аламыз ба?


5Жинақ сертификатының мерзімі 1 жылдан 3 жылға дайінгі мерзім аралығын құрайды.

4.Терминдердің тиісті анықтамаларын табыңыздар


1


2


3


4


5


6


7


8


9


10


Форфетирлеу


Тантьема


Сконто шегерімі


Спот


Фьючерстік

келісім шарт


Форвард


Қаржы Фьючерсі


Своп


Трейдер


Опцион




А) Ақысы дереу төленетін нақты тауар (валюта , бағалы қағаздар) жөніндегі биржалық мәміле.


Б) Келешектегі тауар жеткізілімі туралы келісім, мұнда тауардың сапасы, талаптары, төлем талаптары, жағдайлары қарастырылады. Келісім шарт сауда тақырыбы болып табылады.


В) Шұғыл (жылдам) жеткізілім шартымен( спот мәмілесі) қайсы бір активті сатып алу( сату) жөніндегі мәміле , бұл орайда сонымен бірге белгілі бір мерзімге кері мәміле жасалады.


Г) Акционерлік қоғамдардың , банктердің сақтандыру компанияларының басшылары үшін пайдадан төленетін пайыз түрінде белгілейтін қосымша сыйақы.


Д) Коммерциялық вексельдерді, сыртқы сауда мәмілелері бойынша басқа да борышқорлық талаптарды сату үшін айналымсыз сату арқылы экспотты несиелендіру.


Е) Келешекте қайсы бір активтерді тіркелген бағасы бойынша сатып алуға немесе сатуға таңдау құқығы. Сатушы немесе сатып алушы өз құқығын актив құнының өзгеруіне байланысты шешеді.


Ж) Нақты тауар (валюта, бағалы қағаздар) жөніндегі биржалық мәміле, бұл орайда, белгілі бір мерзім өткеннен кейін жеткізіп беруге міндеттенеді. Осы уақыт ішінде тауардың бағасы өзгеруі мүмкін болғандықтан, форвард мәмілесінің бағасы спот мәмілесі бағасының серпініне қарай белгіленеді.


З) Қолма-қол ақшалай төлегені үшін немесе төлемдерді мерзімінен бұрын төлегені үшін берілетін баға шегерімі. Құнның 3-5 пайызын құрайды.


И) Делдалдық фирманың бағалы қағаздарды сатып алу және сату жөніндегі тапсырыстарды тікелей орындайтын қызметкері.


К) Шын мәнінде кредитті сату болып табылатын биржалық келісімдері. Келісім шартта алу-сату сипаттамасы қатаң тірелген. Сатып алушы фьючерсті кейіннен қайта сату құқын алады.



Терминдердің тиісті анықтамаларын табыңыздар


Терминдер

Анықтамалар

  1. Ақша нарығы




  1. Тұтыну несиесі




  1. Бағалы қағазды қайта сатып алу негізінде сату келісімі (РЕПО операциясы)



4.Депозиттік сертификат



  1. Банктік несие



6. Коммерциялық несие


7. Евровалюта

А) Қаржылық мекемелер мен әртүрлі субьектілерге берілетін ақшалай түрдегі несие болып табылады.


Ә) Сатушылардың сатылған тауарларға төлемді кейінге қалдыру түрінде сатып алушыға тауар формасында беретін несие.


Б) Ақшалай қаражат салымы туралы эмитент-банктің жазбаша құжаты, ол салымшының (заңды тұлғаның) белгіленген мерзімі өткеннен кейін салым сомасы мен ол бойынша пайызды банктің кез-келген мекемесінен алу құқысын куәландырады.


В) ұлттық несие және депозит нарығының жиынтығы, мұнда орталық банк, коммерциялық банктер мен қаржы институттары қысқа мерзімді несие беру жөнінде операциялар жасайды.


Г) шетел валюталары, бұл валюталармен коммерциялық банк осы валюталарды шығарған елдерден тыс жерлерге қолма-қол ақшасыз депозиттік несие операцияларын жүзеге асырады.


Д) халықтың тұтыну мұқтаждықтарын куәландыру құралы ретінде пайдаланылады. Бұл несиеде жеке адамдар қарыз алушылар болып табылады, ал несие мекемелері, кәсіпорындар мен ұйымдар несие беруші болып табылады. Халықтың төлем қабілеті бар сұранымын ынталандыру.


Е) қазыналық міндеттемелермен қамтамасыз етілетін қысқа мерзімді зайымның түрін білдіреді.



. 5. Ақша нарығының құрылымын сызып көрсетіңіз


Тақырып 5. Алтын нарығы

Ұй тапсырмасы:

1. Жазбаша жауап беріңіз

Алтын нарығының қажеттілігі неде?

Тест сұрақтарына жауап беріңіз

  1. Алтынның маңызы:

А) алтын қымбат бағалы металл

В) ұзақ кезең бойы пайдаланылады

С) ақша тауар ретінде қолданылады

Д) барлық жауабы дұрыс емес

Е) барлығы дұрыс

  1. Алтын стандарты тұңғыш рет ақша жүйесі тұрғысында қай жылы қалыптасты:

А) 1816 ж.

В) 1815 ж.

С) 1817 ж.

Д) 1820 ж.

Е) 1819 ж.


  1. Алтын стандарты тұңғыш рет ақша жүйесі тұрғысында қандай елде қалыптасты:

А) Америкада

В) Ұлыбританияда

С) Қытайда

Д) Грецияда

Е) Египетте

  1. Қазақстандағы алтын кеніштері орналасқан аумақтарды атаңыз:

А) Ақбақай, Бестөбе

В) Жолымбет, Большевик

С) Бақыршық

Д) Васильковское, Суздальское

Е) барлығы дұрыс

  1. Алтын аса көп мөлшерде қандай жерлерде өндіріледі:

А) Калифорнияда

В) Аляскада

С) Қытайда

Д) А және В

Е) А және С

  1. Алтын нарқының түрлері

А) дүние- жүзілік

В) елдің өз ішінде еркін түрде жүргізілетін алтын нарқы

С) жергілілікті жерде бақылауға алынған нарық

Д) қара нарық

Е) барлығы дұрыс

  1. Нарықтық қатынастарда алтынға байланысты форвардттық жұмыстардың түрлері

А) Хеджирование әдісі

В) алып- сатарлық мақсаттағы жедел келісім жасау әдісі

С) арбитраждық

Д) барлық жауабы дұрыс емес

Е) барлығы дұрыс


  1. Своп операциясы

А) алтын сатуды көздейді

В) алтынды сатып алуды көздейді

С) А және В

Д) қолдағы алтынды сату мен келісім- шартқа байланысты алтын сату шаралары өзара ұштастыруды көздейді

Е) барлығы дұрыс

3.«Иә» немесе«Жоқ» деп жауап беріңіз

Алтын стандарты тұңғыш peт Ұлыбританияда қолданылды

Алтын ақшаға әр уақыттаа емін-еркін айырбасталатынды

4.Терминдердің тиісті анықтамаларын табыңыздар



1


2


3


4


5


6


7


8


9


10


Авизо


Несие


Трансферттер


Тезаврация


Стагфляция


Бонус


Несие капиталы


Хайринг


Стагнация


Боналар


а) Пайыз түрінде ақы төлем қайтару шартымен берілетін ақша капиталы .


б) Жеке адамдардың алтынды құймалар, теңгелер нысанында, сондай-ақ зергерлік бұйымдар түрінде жинауы.


В) Өндірістегі, саудадағы және басқа нышандарындағы тоқырау


Г) Өзара есеп айырысудың жай күніндегі өзгерістер туралы немесе ақша аудару , тауар жіберу туралы бір контрагенттің басқа контрагентке жолдайтын хабарламасы.


Д) Қарыз шартына қатысушы біреулердің басқа бір қатысушыларға қайтару және әдеттегідей , көрсетілген мезгілде пайыз төлеу шартымен материалдық құндылықтар немесе ақша беру.


Е) Шетел валютасын бір елден екінші елге аудару, екі немесе бірнеше елдің валюталарын аудару жөніндегі операциялар.


Ж) Ұсақ құнды , майда ақша ретінде айналысқа уақытша жіберілетін қағаз ақша белгілері . Қолданыстан шығып қалған , коллекцияға айналған ақша.


З) Машиналар мен жабдықты орташа мерзімдік жалға алу.


И) Қосымша сыйақы, жекелеген келісім шарттарына сәйкес сатушы беретін қосымша шегерім.


К) Өндірістің құлдырауының инфляциямен ұштасуы жағдайындағы тоқыраумен сипатталатын ел экономикасының жай-күйі.




. 5. Алтын нарығының құрылымын сызып көрсетіңіз


Тақырып 5. Валюталық нарықтар

Ұй тапсырмасы:

1. Жазбаша жауап беріңіз

Валюталық нарықтың қажеттілігі неде?

Валюталық қатынастарды реттеу неге қажет?

2.Тест сұрақтарына жауап беріңіз

  1. Валюталық нарық дегеніміз не?

А) валютаға деген сұраныс

В) валютаны сату жөніндегі ресми орталық

С) валютаны сатып- алу жөніндегі ресми орталық

Д) В және С

Е) барлық жауабы дұрыс.

  1. Валюталық нарық түрлерін атаңыз

А) дүниежүзілік, аймақтық

В) аймақтық, ұлттық

С) дүниежүзілік, ұлттық

Д) аймақтық

Е) С және Д.

  1. Шетелдік валютаны ұлттық валютаға қатысты бағалаудың қандай әдісі бар?

А) тікелей, жанама

В) тура жанама

С) жанама

Д) тура

Е) барлық жауабы дұрыс емес.

4. Тікелей бағалау әдісі бойынша

А) шетелдік валюта ұлттық валютаға, яғни ақша бірлігіне қарай бағаланады

В) валюталар түрі тек ағылшындық фунт стерлинг бойынша бағаланады

С) ұлттық валюта шетелдік валютаға, яғни ақша бірлігіне қарай бағаланады

Д) А және В

Е) В және С

  1. Жанама бағалау әдісі бойынша

А) шетелдік валюта ұлттық валютаға, яғни ақша бірлігіне қарай бағаланады

В) валюталар түрі тек ағылшындық фунт стерлинг бойынша бағаланады

С) ұлттық валюта шетелд3к валютаға, яғни ақша бірлігіне қарай бағаланады

Д) А және В

Е) В және С

  1. Валюталық нарыққа байланысты қызмет түрлерінде үлкен роль атқаратын

А) дилерлер

В) брокерлер

С) менеджерлер

Д) А және С

Е) В және С

  1. Банкаралық нарық түрлері

А) тікелей банкаралық нарық

В) жанама банкаралық нарық

С) тура банкаралық нарық

Д) брокерлік банкаралық нарық

Е) А және Д

  1. Валюталық нарықта банктің позициясының түрлері:

А) ашық позиция;

В) жабық позиция;

С) қысқа мерзімді

Д) ұзақ мерзімді

Е) барлық жауабы дұрыс.

3.«Иә» немесе«Жоқ» деп жауап беріңіз


Тақырып 4 1 Валюталық нарықтың дамуы

2 Валюталарды айырбастау

3 Биржалық және биржадан тыс валюта нарықтары

Валюта қашан пайда болды?

“Валюта” – Итальян тілінен аударғанда “баға”, “құн” деген мағынаны білдіреді. Валюта – белгілі бір елдің ақша өлшемі, яғни теңге, евро, доллар т.с.с. Валютаның пайда болуы ақшаның пайда болуымен байланысты. Ақша алғашқыда натуралды заттай түрде, кейінрек метал түрінде, соңына таман қағаз ақша пайда болды. Ең алғаш рет метал ақша б.д.д. ІІІ – ғасырда римде басылған. Б.д.д. да VII – VIII ғасырларда Малайзиядағы Лидия мемлекетінде және ежелгі Грецияда басылған. ІХ – Х ғасырларда Европа елдерінде басылып шыға бастады.

Қағаз ақша ең алғаш рет ХІ ғасырда Қытайда пайда болды. ХVIII ғасырлардың аяғында Солтүстік Америкада, ал ХVIII ғасырдың аяғы ХІХ ғасырдың басында Англияда шығарылды.

Әр ел өз ақшасын металл немесе қағаз түрінде шығарса да оған өздерінің елтаңбасын, король бейнелерін басып отырған. Осы белгілеріне қарай қай елдің ақшасы, яғни валютасы екендігін айыруға болады.

Валюталық жүйенің типтері қандай?

Валюталық жүйенің үш типі бар: ұлттық, дүниежүзілік, аймақтық валюталық жүйелер.

Ұлттық валюталық жүйе – елдегі ұдайы өндіріс процесінің қажетті валюталық ресурстарды қалыптастыруға және пайдалануға, халықаралық айналымды жүзеге асыруға көмектесетін валюталық – экономикалық қатынастар жйынтығы. Ұлттық валюталық жүйе елдің ақша жүйесінің бір бөлігі бола отырып, өзінше дербес және ұлттық шекарадан шығарыла алады. Ұлттық валюталық жүйенің ерекшелігі ел экономикасындағы сыртқы экономикалық байланыстардың даму дәрежесімен анықталады.

Дүниежүзілік валюталық жүйе – дүниежүзілік шаруашылықтың дамуы негізінде қалыптасқан және мемлекетаралық келісім шарттарымен бекітілген халықаралық валюталық қатынастарды ұйымдастыру формасы. Ұлттық валюта жүйе мен дүниежүзілік валюталық жүйе өзара тығыз байланысты. Бірақ бұл ұғымдар бір тұтас емес, себебі олардың міндеттері, қызмет етулері және реттеу шарттары, жекелеген елдер экономикасына және дүниежүзілік шаруашылыққа ықпал етуі әртүрлі болып келеді. Дүниежүзілік валюталық жүйені ұлттық валюталық жүйемен байланыстыратын, яғни валюталық қатынастарға қызмет көрсететін және реттейтін, мемлекетаралық валюталық зерттеулерде және валюталық саясатты шоғырландыруда негіз болатын ұлттық банктер болып табылады.

Дүниежүзілік валюталық жүйені мемлекеттік – құқықтық ұйымдастыру формасы жетекші елдердің мүдделігімен және дүниежүзілік аренадағы күштердің орыналастырылуымен, өндірістің және дүниежүзілік сауданың дамуымен анықталады.

Аймақтық валютадық жүйе – валюталық бағамның ауытқуын азайту және интеграциялық процесті ынталандыру мақсатында бірлестікке мүше елдердің валюталық қатынастарын мемлекеттік – құқықтық ұйымдастыру формасының және экономикалық интеграция шегінде валютаның қызмет етуімен байланысты қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.

Валюталық қатынастардағы қолданып жүрген негізгі түсініктемелер.

Валюталық реттеу – заңмен қарастырылған, валюта заңдылығының сақталуын бақылау мен санкция қолдану, ақпараттар жиынтығын айтамыз.

Валюта – мемлекеттің заңды құралы ретінде пайдаланатын ақша бірлігі.

Ұлттық валюта – ҚР валютасы

Шетел валютасы – шет мемлекеттердің валютасы

Резиденттер – ҚР азаматы

Бейрезиденттер – шетел азаматтары

Ваюталық құндылықтар – шетел валютасы;

  • құймадағы аффинирленген алтын;

  • бағалы қағаздар, төлем құралдары /номиналы мен құны шетел валютасында көрсетілген /

валютлық операциялар – меншік құқының валюта құндылықтарына көшу операциялары және төлем құралы ретіндегі шетел валютасының қолдану операциялары;

  • меншік құқының және басқа да құқықтардың валюта бағамына көшуіне байланысты келісім – шарт;

  • меншік құқығы мен басқа құқықтардың ұлттық валютаға ауысуымен байланысты резиденттер мен бейрезиденттердің келісім шарты. Сонымен қатар бағалы қағаздар мен төлем құралдардың ұлттық валютада номиналымен құны көрсетіледі.

Валюталық оперциялар – ағымды операциялар және капитал қозғалысымен байланысты операциялар болып бөлінеді.

Ағымды операциялар – экспортты-импортты келісім-шарттың 180 күннен аспайтын несиелендірумен байланысты есеп айрысу;

  • 180 күннен аспайтын несиені алу мен жеткізу;

  • дивидендті алу мен аудару, депозиттерден, инвестициядан, ссудалық және басқа да операциядан түсетін кірістер мен сыйақылар;

  • сауда – саттыққа арналмаған гранттар аударылуы,мұрагерлік сомасының аударылуы, еңбек ақы, зейнетақы, алимент т.с.с.

  • капитал қозғалысымн байланысты, қазіргі заңға қатысы жоқ операциялардың барлық түрі;

  • капитал қозғалысымен байланысты операциялар;

  • инвестициялар;

  • мүліктік құқық пен төлем ақыны қозғалмайтын мүлікке аудару;

  • 180 күннен асатын несиені алу мен жеткізу;

  • экспортты-импортты келісім-шарттың 180 күннен асатын несиелендірумен байланысты есеп айрысу;

Уәкілетті банктер – валюталық операцияларды жүргізуге лицензиясы бар банк. Валюталық операцияларды жүргізу үшін – ҚР Ұб /нен лицензия алып, талаптарын орындау керек.

Уәкілтті мекемелер – валюталық операцияларды жүргізуге лицензиясы бар, ҚР Ұб талаптарына сай келетін банктік операциялардың ерекше түрін іске асыратын – заңды тұлға.

Айырбас пункттері – ҚР Ұб лицензиясы бар, қолма – қол шетел валютасымен айырбас операцияларын жүргізетін арнайы жабдықталған орын.

Ашық ваюталық позиция – шетел валютасындағы банктердің міндеттемелері мен сұраныстары арасындағы айырмашылық

Валюталық реттеу органдары:

  1. ҚР-дағы валюталық реттеудің негізгі органы – ҚР Ұб болып табылады, яғни ол ҚР талаптарына сәйкес ваюталық қызметін атқарады.

  2. ҚР Үкіметі мен басқа да мемлекеттік органдар ҚР талабына сай валюталық реттеуді өзінің жасырындылығымен шектеу түрінде заңға лайықты етіп іске асырады.

Валюталық операциялрды жүргізуді шектеу / шек қою /

  1. Халықаралық міндеттемелерді орындау мақсатында және кездейсоқ жағдайлар туындағанда ҚР Президенті кез – келген валюталық операцияларды тоқтатуға және шектеуге шешім шығаруға толық құқылы.

  2. ҚР Ұб экспортты валюта пайдасының міндетті сатылу тәртібі және резиденттердің валюталық төлем экспортты операциясын тоқтатуға құқылы.



Есептер жинағы.

Білімгерлерге қаржы нарығы туралы тапсырмалары.

1-тапсырма.

Берілгені:

Банк қаржылық көмек көрсету мақсатымен еншілес кәсіпорынға 3 жыл мерзімімен жылдық 20%-ға 10 млн теңге сомасында ссуда берді.

Шарты: Несие мерзімі – 3жыл.

Несие пайызы – 20%.

Ссуда сомасы – 10 млн тг

Пайыздары жай..

Есептеу керек: 3 жылдан кейін несиені қайтару сомасын және банк табысын анықтаңдар.


2-тапсырма.

Берілгені:

10 млн теңге мөлшеріндегі несие наурыздың 2-нен желтоқсанның 11-не дейін жылдық 85%-бен несие берілді.

Шарты: Несие сомасы – 10млн тг.

Жылдық пайызы – 85%.

Есептеу керек:Түрлі нұсқалар үшін өскен сома мөлшерін анықтаңдар:

а) ссуданың нақты күнімен нақты пайыздар жағдайында;

ә) ссуданың нақты күндерімен қарапайым пайыздар жағдайында;

б) ссуданың жақындаған күндер сомасымен қарапайым пайыздар жағдайында.


3-тапсырма.

Берілгені:

20 млн теңге мөлшеріндегі несие 3,5 жылға беріліп отыр. 1 жылға жай пайыз мөлшерлемесі 90%, ал әрбір жарты жылдықта ол 5%-ға азаяды.

Есептеу керек: Көбейген соманы анықтаңдар.


4-тапсырма.

Берілгені:

Фирмаға жылдық 120% пайыз мөлшерлемесімен жай пайыздарға қаңтардың 3-нен наурыздың 12-не дейінгі мерзіммен банктік несие берілді. Несие сомасы- 80 млн теңге.

Шарты: Пайызы – 120%.

Несие сомасы – 80млн тг.

Есептеу керек: Үш тәсіл бойынша көбейту коэффицентін және көбейген соманы анықтаңдар:

а) ссуданың нақты күндер санымен нақты пайыздар;

ә) ссуданың нақты күндерімен қарапайым пайыздар;

б) ссуданың жақындатылған күндер санымен қарапайым пайыздар.


5-тапсырма.

Берілгені:

Жинақ банкі 48 пайыз мөлшерлемесімен ²талап еткенге дейін² салымдар қабылдайды. Пайыздары жай. Бір жылда- 365 күн.

Шарты: Салым пайызы – 48%.

Салым сомасы – 4,5 млн тг.

Есептеу керек: Қанша күннен кейін 4,5 млн теңгелік салым 5 млн теңгеге дейін жетеді.


6-тапсырма.

Берілгені:

Егер жылдық 80% жай пайыз мөлшерлемесі қолданылған жағдайда 25 млн теңге мөлшеріндегі алғашқы капитал 40 млн теңгеге дейін өсетін есептеу кезеңін анықтаңдар.


7-тапсырма.

Берілгені:

Клиент көбейген сома 10 млн теңгеден кем болмау мақсатымен 3 айға 8 млн теңге сомасында банкке ақша салуды қалайды.

Есептеу керек: Жылдық пайыздық мөлшерлеме қандай болуы керек!


8-тапсырма.

Берілгені:

24 млн теңге мөлшеріндегі алғашқы капитал жарты жылдан кейін 30 млн теңгеге жететін жай пайыздық мөлшерлемені анықта.


9-тапсырма.

Берілгені:

Кәсіпорынның банкпен келісіміалғашқы жылы кәсіпорынның жылдық 20%-ның төленуін қарастырады. Әрбір жарты жыл сайын 1 пайыздық пункте , яғни 1%-ға жоғарылайды. Келісім мерзімі 2,5 жыл. Несин сомасы 5 млн теңге.

Есептеу керек: Пайыздары ссуданың жақындатылған мерзімімен қарапайым. 2,5 жылдан кейін қарызды қайтару сомасын анықтаңдар.

10-тапсырма. Кәсіпкер 55 күн мерзімімен 200 мың теңге көлеміндегі ссуда алу үшін банкпен хабарласты. Банк 80%-ға тең жай есептік мөлшерлеме бойынша пайыздарды көбейту шартымен көрсетілген соманы беруге келісті. Бұл жағдайда қарыздың қандай сомасы вексельде көрсетілген болады.


11-тапсырма.

Берілгені:

Егер 10 млн теңгедегі сома жарты жылға ссудаға берілсе.

Есептеу керек: 8 млн теңгенің алынуын қамтамасыз ететін жай есептік мөлшерлемені есептеңдер.


12- тапсырма.

Берілгені:

40 млн теңге көлеміндегі несие жылдық 35% есептік мөлшерлеме бойынша беріледі. Егер заемшы 35 млн теңгені алуды қаласа.

Есептеу керек: несие ұсынылатын мерзімді анықтаңдар.


13-тапсырма.

Берілгені:

Несие 250 күнге жылдық 80% жай мөлшерлемесіне беріледі. Егер 40 млн теңге қайтару талап етілсе, онда заемшымен алынатын соманы есептеңдер.

Шарты: Пайызы – 80%.

Несие сомасы – 40 млн тг.


14-тапсырма.

Берілгені:

Айналу кезеңі 105 күн және номиналы 100 мың теңге болатын вексель иесі төлем мерзімімен 15 күн бұрын оны 20% жай есептік мөлшкрлемемен есептейді. Векселі иесімен алынған сома құрайды.

Шарты: Вексель номиналы – 100000 тг.

Айналу күні - 105 күн

Есептеу керек: вексель иесімен алынған соманы.


15-тапсырма.

Берілгені:

Салымшы 5 жылға жылдық 50%- бен банкке 2 мың теңге салды. Пайыздары күрделі.

Шарты: Салым мерзімі – 5 жыл.

Пайызы – 50%.

Салым көлемі – 2 мың тг.

Есептеу керек:

Мерзім өткеннен кейін салымшы қаражатының сомасы қанша!


16-тапсырма.

Берілгені:

Банк 30% номиналдық мөлшерлеме бойынша ²талап еткенге дейін² жеке тұлғалардың валюталық салымдарын қабылдайды. Клиент 2000$ салды. Есептеу керек:Салым мерзімі 12 ай кезінде көбейту коэффиценті мен көбейтілген соманы анықтаңдар. Пайыздары және есептеледі: а) жылына 1 рет; ә) жарты жыл бойынша; б) тоқсан сайын; в) ай сайын.


17-тапсырма.

Берілгені:

Клиент банкке 10 млн теңгеде депозит салды. Банк тоқсан сайынғы есептеулерді жүргізеді. Депозит мерзімі 3 жыл. 60% жылдық мөлшерлеме кезіндегі тоқсандық мөлшерлеме 15%.

Шарты: Салым сомасы – 10млн тг.

Депозит мерзімі – 3 жыл.

Есептеу керек: Күрделі пайыздар кезіндегі көбейтілген құнды анықтаңдар.


18-тапсырма.

Берілгені:

Депозиттің алғашқы сомасы 100 мың тенге. Мөлшерлемесі жылдық 30%. Бірқатар кезеңдерге қарапайым және күрделі пайыздар бойынша көбейген құнды анықтаңдар. Нәтижесін кестеде келтіру.

Пайыздар

180 күн

1 жыл

2 жыл

5 жыл

10 жыл

Қарапайым

Күрделі















Есептерді жинақтап қортынды жасаңдар.

Шарты: Салым сомасы – 100мың тг.

Пайызы – 30%.


19- тапсырма.

Берілгені:

Егер заемдағы 1,5 жыл өтеу мерзімімен 500 мың тенге несие берілсе , ал пайыздық көбеюі 20%күрделі жылдық есептік мөлшерлемемен жүргізілсе , онда вексельге қандай соманы белгілеу керек?

Шарты: Несие сомасы – 500 мың тг.

Пайызы – 20%.


20- тапсырма.

Берілгені:

Егер заемшыға 1,5 жыл өтеу мерзімінен 500 мың теңге несие берілсе, онда вексельге қандай соманы белгілеу керек? Базалық есептік мөлшерлеме бойынша салынған сомаға есептеулер жүргізіледі .

Шарты: Мерзімі – 1,5жыл.

Несие көлемі – 500 мың тг.


21- тапсырма.

Берілгені:

Егер салымшы 10 жылдан кейін 2 млн теңге алуы керек болса, банктік депозиттің көлемін анықтаңдар. Банк жылдық 20% күрделі мөлшерлеме бойынша салынғкн сомаға есептеулер жүргізіледі

.

22- тапсырма.

Берілгені:

Егер салымшы 10 жылдан кейін 2 млн теңге алу керек болса, онда банктік депозит көлемін анықтаңдар. Банк жылдық20% күрделі мөлшерлеме бойынша есептеулер жүргізеді, пайыздық есептелуі тоқсан сайын жүргізіледі.


23- тапсырма.

Берілгені:

Айналу кезеңі 105 жыл номиналы 200 мың теңге болатын вексель иесі оны есеп үшін ұсынады. Банк жылдық 12% тең күрделі есептік мөлшерлеме боынша вексель есебін жүргізеді.

Шарты: Вексель номиналы – 200мың тг

Пайызы – 12%.

Есептеу керек: Вексель иесімен алынған соманы анықтаңдар .


24- тапсырма.

Берілгені:

Айналу кезеңі 1,5 жыл номиналы 200мың теңге болатын вексель иесі оны банкке есеп үшін ұсынады. Банк жылдық 12% тең күрделі есептік мөлшерлемені қолдана отырып, есепке келісті. Оны мөлшерлеме бқйынша дисконттау тоқсан сайын жүргізеді.

Есептеу керек: Банк табысын және вексель иесімен алынған соманы анықтаңдар?


25- тапсырма.

Берілгені:

Фирма банкпен инфляция есебінсіз жай пайыздардың 40% мөлшерлемесіне 1 жылға 60 мың теңгедегі несие туралы келісті. Инфляцияның күтіліп отырған жылдық деңгейі 36%.

Есептеу керек: Инфляция есебімен көбейген соманы анықтаңдар?


26- тапсырма.

Берілгені:

Коммерциялық банк жылдық24% табысты уәде ете отырып, 90 күн мерзімімен депозитке тұрғындардың салымдарын қабылдайды. Инфляцияның жылдық деңгейі 48% ,К= 365 күн .

Есептеу керек: Көбею коэфиценттік инфляция есебімен банктік пайыздық мөлшерлемесін анықтаңдар ?


27- тапсырма.

Берілгені:

Кәсіпорын жылдық 20% мөлшерлемемен 2 айға 30 млн теңгедегі несие алуды көздеп отыр . Инфляцияның жылдық деңгейі - 36%.. Жылдық күндер саны 360 деп қабылдаңдар.

Есептеу керек: Несие құнын инфляция есебінен жылдық есептік мөлшерлемесі н анықтаңдар.


28- тапсырма.

Берілгені:

50 млн теңгедегі несие 2 жылға беріледі Операцияның нақты табыстылығы ссудалық пайыздық күрделі мөлшерлемесі бойынша жылдық 10% құрауы керек.

Шарты: Несие сомасы – 50млн тг.

Несие мерзімі – 2 жыл.

Есептеу керек: Көбейген сома мен инфляцияны ескеретін пайыздық күрделі мөлшерлемесін және көбеюдің көбейткішін анықтаңдар?


Есептердің жауаптары

1-тапсырма. 16 млн, 6 млн

2- тапсырма. а›16595628,4 б›16705555,6 в›16611111

3- тапсырма. 75 млн тенге

4- тапсырма. а›- Кn=1,223562 б) Кn =1,226665 в) Кn=1,23

а) Sı= 97,885 б)S2= 98,133 в)S3 =98,400

5- тапсырма. 85 күн

6- тапсырма. 0,75 жыл немесе 270 күн

7- тапсырма. 100% төмен емес

8- тапсырма. 50%

9- тапсырма. 7,65 млн тенге

10- тапсырма. 227,79 мың тенге

11- тапсырма. 40%

12- тапсырма. 0,36 жыл немесе 130 күн

13- тапсырма. 25840708 тенге

14- тапсырма. 99,17 мың тенге

15- тапсырма. 15,1875мың тенге

16- тапсырма. а) Кн = 1,3 Sı= 2600, б) Кн = 1,3225 S2= 2645,

в) Кн= 1,3355 S3 = 2671, г) Кн = 1,3449 S4 = 2690

17- тапсырма. 53,502 млн тенге

18- тапсырма.

проценттер

180 күн

1 жыл

2 жыл

5 жыл

10 жыл

Жәй

Күрделі

115

114,02

130

130

160

169

250

285,6

400

482,7

Қорытындылай келе:

  1. Бір жылға дейінгі кезеңдегі жай пайыздар несие алушыға тиімді болады.

  2. Бір жыл кезеңінде қолданылған жай және күрделі пайыздар тең нәтижеге әкеледі.

  3. бір жылдан асқан кезеңдегі күрделі пайыздар сома өсімінің интенсивтілігіне әкеледі және банкке де, несие алушыға да тиімді болады.

19- тапсырма . 698,8 мың тенге

20- тапсырма. 680, 19 мың тенге

21- тапсырма. 323011 тенге

22- тапсырма. 284091 тенге

23- тапсырма. 165 мың тенге

24- тапсырма. 166 мың тенге

25- тапсырма. 114,24 млн тенге

26- тапсырма. 0,7484 Кн = 1,18458

27- тапсырма. 0, 5283; 32, 897 млн тенге

28- тапсырма. Ιн = (1+0,6)² = 2,56

Кн.е =(1+0,1)²· 2,56 = 3,1

Ιr = (1+0,1)²√2,56 – 1 =0,75=76%

S = 50 (1+0,76)² = 154,88 млн тенге
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Похожие:

Тақырып 7 Коммерциялық банктердің қаржы нарығындағы қызметі iconТақырып 7 Коммерциялық банктердің қаржы нарығындағы қызметі
Коммерциялық банктер бағалы қағаздар нарығында эмитенттер және инвесторлар ретінде
Тақырып 7 Коммерциялық банктердің қаржы нарығындағы қызметі iconI коммерциялық банктердің активті операцияларының маңызы мен мәНІ
Еліміздегі коммерциялық банктердің несиелік операцияларының бүгінгі таңдағы жағдайы
Тақырып 7 Коммерциялық банктердің қаржы нарығындағы қызметі iconКоммерциялық банктердің несиелік саясатын талдау
Коммерциялық банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін кредиттік мекемелердің тобын білдіреді
Тақырып 7 Коммерциялық банктердің қаржы нарығындағы қызметі iconІ. Коммерциялық банктердің негізі мен құрылымы
Кіріспе
Тақырып 7 Коммерциялық банктердің қаржы нарығындағы қызметі iconҚазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Екінші деңгейдегі банктердің заемдарын экономикалық қызмет түрлері бойынша үлестіру
Тақырып 7 Коммерциялық банктердің қаржы нарығындағы қызметі iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы...
Тақырып 7 Коммерциялық банктердің қаржы нарығындағы қызметі iconҚазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі мен
Республикасы Үкіметінің жанындағы Қаржы нарығын реттеу мен қадағалау мемлекеттік қызметі арасындағы бағалы қағаздар, зейнетақы қызметі...
Тақырып 7 Коммерциялық банктердің қаржы нарығындағы қызметі icon«Қазақстанның кәсіби бағалаушылары Палатасы» бп конференциясында Бекітілген
Бағалаушылар палатасының қызметі Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексімен, «Коммерциялық емес ұйымдар туралы», «Қазақстан Республикасындағы...
Тақырып 7 Коммерциялық банктердің қаржы нарығындағы қызметі iconБасқармасының Қаулысы
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы...
Тақырып 7 Коммерциялық банктердің қаржы нарығындағы қызметі iconТөраға А. Дунаев
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница