Кіріспе




НазваниеКіріспе
страница4/15
Дата конвертации14.02.2016
Размер1.15 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.diplomkaz.kz/wp-content/uploads/2013/02/Дип.-Екінші-деңгейлі-банктерде-жеке-тұлғаларғ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

1.3 Қазақстандағы несие жүйесінің даму кезеңдері


Революцияға дейінгі дамуы (1917 жылға дейін). Қазақстанның экономикасы Ресейдің экономикасының бір бөлігі ретінде әр деңгейде дамып келеді. Қазақстанның шаруашылығы бір жағынан, Ресейдің және әлем нарығының тауар айналысына, екінші жағынан, темір жолдарын салу жұмыстарын жедел қолға алу тиімділігін қатар қарастыра отырып, темір жолдарды жүргізу арқылы Қазақстанның ауыл шаруашылық өнімдері мен шикізаттары (ет, тері, жүн т.б.) сыртқа шығарылып отырған.

Қазақстанның Ресей нарығына интенсивті түрде енуі, нәтижесінде Ресейлік орталық-өнеркәсіптік аудандарымен өзара экономикалық байланысы одан әрі кеңейді.

Банк капиталының Қазақстанга енгізілу мерзімі XIX ғасырдың аяқ кезін қамтиды. Революцияға дейінгі Қазақстанның көп уақытты экономикасында несиенің әр түрлі формалары дамыған. Қазақстанның несиелік жүйесі негізінен Ресей империясының, несиелік жүйесінің бір бөлігі ретінде: Мемлекеттік банк бөлімшелерінен, акционерлік, коммерциялық банктер филиалдарынан, өзара несие беру қоғамдарынан, қалалық қоғамдық банктерінен, ипотекалық несие банктері немесе ұсақ несие мекемелерінен және жинақ кассаларынан тұрды.

Ресейдің мемлекеттік банкі 1860 жылы өз қызметін бастап, барлық несие жүйесіндегі - Орталық банк болып саналады және оның айналысқа қағаз ақшаларды шығаруда монополиялық құқығы болды. Ресейдің мемлекеттік банкі барлық акционерлік, коммерциялық банктердің есеп-ссудалық операцияларының үштен бір бөлігіне жуығын, салымдар мен ағымдық шоттардың жартысынан көбін тартып отырған.

Мемлекеттік банктік бөлімшелері Қазақстан территориясында ірі сауда-өнеркәсіп қызметтерінің орталығы болып саналатын Оралда (1876 ж.), Қызылжарда (1881 ж.), Семейде (1887 ж.), Омбыда (1895 ж.) және бұрынғы Верныйда (қазіргі Алматы) (1912 ж.) ашылып жұмыс жасады.

Мемлекеттік банк бөлімшелері болмаған аудандарда, қарапайым операцияларды жүргізу міндеті қазына иелеріне жүктелді. Қазына иелері тікелей қазыналық палаталарға, солар арқылы мемлекеттік қазына иелеріне бағынышты болды. Біртіндеп қазына иелерінің жүргізетін операциялары жылдам өсе түсті, мысалға: жіберілген вексельдер бойынша комиссиялық және есептік төлемдерді алу; жәй және шартты ағымдық шоттарды ашу; мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу және оларды сақтау; өмірлік салымдар бойынша пайыз төлеу және т.б. Қазына иелері Қазақстан аумағында үш қазыналық палаталарға: Омбы, Орынбор және Түркістан палаталарына бағынды.

XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында ең басты Қазақстандағы банктер - бұл мемлекеттік банктер болды және олар төмендегідей операцияларды жүзеге асырды:

- вексельдерді есепке алу;

- тауарларды кепілге ала отырып, ссуда беру;

- тауар құжаттарын кепілге ала отырып, ссуда беру;

- ауыл шаруашылыққа ссуда беру;

- бағалы қағаздарды кепілдікке ала отырып, ссуда беру;

- қайта есеп жүргізу;

-вексельдер үшін арнайы шоттар ашу;

- бағалы қағаздарға арнайы шоттар ашу;

- ұсақ несие мекемелеріне ссуда беру;

- барлық есеп-ссудалық операцияларымен айналысу;

- меншікті бағалы қағаздар шығару;

- салымдық және ағымдағы шоттар ашу8.

Қалалық қоғамдық банктер. Қалалык қоғамдық банктердің өзара несие беру қоғамдары сияқты, тауар өндірісінің өсуі және сауда-өнеркәсіп буржуазияларының арзан банк иелігіне деген сұранысынан туындады. Қалалық қоғамдық банктердің өзара несие беру қоғамдарынан айырмашылығы, олардың ұйымдастырылу құрылымына байланысты қалыптасты.

Осындай банктердің бірі болып ең алғаш 40 мың сандық жарғылық капиталы бар 1871 жылы Қызылжар қалалық қоғамдық банкі құрылды. Оның басты операцияларына: салымдар қабылдау; вексельді есепке алу; бағалы қағаздар, тауарлар, бағалы заттар және жылжымайтын мүліктерді кепілге ала отырып ссуда беру жатты. Банктің негізгі клиенттер қатарының: 78,6%- саудагерлермен мен өнеркәсіпшілер, 25,1%- үй иеленушілер, сол сияқты, 21,4%- ауыл шаруашылығы клиенттерінің үлесіне тиді.9

Ұсақ несие беру мекемелері және жинақ кассалары. Қазақ ауылдарының капиталистік қатынастарға өтуі барысында көптеген тауар өндірушілер және ауыл буржуазиялары үшін ұсақ несие беру мекемелерінің тағы бір формасы: несиелік кооперациялар пайда болды.

Несиелік кооперациялардың Қазақстан аумағындағы даму тарихын екі кезеңге бөліп қарауға болады:

Бірінші кезең: XIX ғасыр соңы мен 1909 жылға дейін материалдық базаның жеткіліксіздігінен несиелік кооперациялар баяу дамыды.

Екінші кезең: 1909 жылы басталған өнеркәсіптік өрлеумен байланысты несиелік кооперациялар қатары жылдам қарқынмен ұлғая түсті.

Несиелік кооперативтердің ішінде несиелік серіктестіктер кеңінен дамыды және олардың құрамы таза қазақтардан құралды. Несиелік кооперация негізінен шаруа шаруашылығынан, ауыл адамдарына тікелей қызмет көрсетті. Несиелік кооперативтердің капиталы айналым қаражаттарынан (негізгі, қосымша, арнайы капиталдар, пайда және пайыздар) құралды.

Жинақ кассаларына жинақталган едәуір ақша қаражаттарды мемлекеттік облигацияларға және теміржолшылардың зайымдарына, сол сияқты жер банктерінің закладты қағаздарына патшалық өкіметпен бақылаусыз жағдайларда ауыстыра отырып:

Бірінші кезең: XIX ғ. соңы мен 1909 ж. дейін материалдық базаның жеткіліксіздігінен несиелік кооперациялар баяу дамыды.

Екінші кезең: 1909 ж. басталған өнеркәсіптік өрлеумен байланысты несиелік кооперациялар қатары жылдам қарқынмен ұлғая түсті.

1917 жылы Қазан революциясынан кейін, банк ісінде мемлекеттік монополиялық ұйымдастыру қағидалары жүзеге асты. Бастапқыда мемлекеттік банк құрылып, жеке, коммерциялық және басқада банктерді ұлтшылдандыру нәтижесінде мемлекетке тиесілі салалық және аумақтық банктер етіп қайта құрылды. Банктік жүйенің тағы бір басты буындары ретінде мемлекеттік еңбек жинақ кассалары қызмет етті. Мемлекеттік банктермен бірқатар кеңес үйіметінің бастапқы жылдарында мемлекеттік емес несиелік мекемелер: кооперативтік және жеке меншікке негізделген, оның ішінде шетел капиталының қатысуымен құрылған мемлекеттік-капиталистік банктер қатары жұмыс істеді.

1922 жылы несиелік және сауда-жинақ серіктестіктері және олардың одақтары ұйымдасып, ауылды қалпына келтіру мақсатында кызмет көрсетті. 1924 жылы ауыл шаруашылық кооперацияларына несиелік операцияларды жүзеге асыру барысында салымдар қабылдау, ссуда беру және есептеу барысында делдалдық қызмет атқаруына рүқсат беріледі.

1922 жылдан бастап, жеке сауда өнеркәсіпті несиелеуге арналған өзара несие беру қоғамдары, сол сияқты мемлекеттік капиталистік акционерлік оңтүстік-шығас банкі және шетелдік капиталдың қатынасуымен Ресейдің коммерциялық банкі құрылды.

Экономикалық социалистік секторларының кеңінен етек алуы барысында кооперативтік және жеке несиелік үйымдар өз мәнін жоғалтып, кызметін тоқтатуға мәжбүр болды. Сөйтіп, ауылшаруашылыгың толығымен ұйымдастыру бағдарламасы несиелік кооперацияларды қажетсіз деп санағандықтан да, олар 1931 жылы жойылды. Сауда аймағынан және өнеркәсіптен жеке сектордың қудалануы нәтижесінде өзара несие беру қоғамдары қызметтерін тоқтатты. Басқа несие ұйымдарының функциялары 1922-1925 жылдары құрылған мемлекеттік салалық банктерге: Өнеркәсіп банкісіне, Цекомбанкке, Всекомбанкке және Орталық ауыл шаруашылық банктеріне ауысты10.

1930-1932 жылы КСРО-ғы жүргізілген несиелік реформа нәтижесінде жаңа қаншаға негізделген салалық банктер қатары ұйымдастырылды. Сонымен, күрделі капитал жұмсалымдарын қаржыландыру мақсатында төрт мамандандырылған банктер құрылды. Өнеркәсіп және электр шаруашылығындағы күрделі құрылысты қаржыландыру банкі, 1959 жылы «құрылыс банкі» болып құрылды.

Көптеген несиелік серіктестермен республикалық ауыл шаруашылық банктері негізінде құрылған «Ауыл шаруашылық банкі» 1959 жылы қысқарып, оның қызметі Мемлекеттік және Құрылыс банктері арасында бөлініп беріледі. Кооперациядағы күрделі құрылысты қаржыландырудың банкі (Всекобанк) 1936 ж. жойылып, оның активі мен пассиві 1959 жылы қысқарған Сауда банкісіне жүктеледі. Коммуналдық және тұрғын-үй құрылысын қаржыландыру банкі (Цекомбанк) 1959 жылы қысқарып, оның қызметі де Құрылыс банкі мен Мемлекеттік банк арасында бөлінді.

Бір банкте ақша айналысының шоғырлану қағидасы бойынша, әр кәсіпорын, ұйым немесе мекеме тек қана бір банкте өзінің есеп-айырысу немесе ағымдық шотын ашуга тиісті болды. Демек, олар, осы банкте өз қаражаттарын сақтай отырып, банктерден несие және нақты ақшалар алды, сол сияқты барлық қолма-қолсыз ақша арқылы есеп айырысуды жүзеге асырады.

1988 жылдан осы күнге дейінгі Қазақстандағы банктік жүйенің, қалыптасуы мен даму ерекшеліктері. КСРО-да соңғы рет банктік реформа 1987-1988 жж. болып өтті. Банктік реформа нәтижесінде КСРО-ның Мемлекеттік банкі және Құрылыс банктерінің мекемелері негізінде: Өнеркәсіп құрылыс банкі, Агроөнеркәсіп банкі және Тұрғын үй-әлеуметтік банкі құрылды. Сол сияқты, кезінде КСРО-ның Мемлекеттік банкі құрамында келген жинақ кассалары негізінде Жинақ банкі, Сыртқы сауда банкі негізінде Сыртқы экономикалық банкі құрылды. Сол уақыттан бастап Мемлекеттік банк кәсіпорындар мен ұйымдарға кассалық және несиелік есеп айырысу қызметін көрсетуді тоқтатты. Сөйтіп, ол, еліміздің, Орталық банкісіне айналды.

КСРО-ның Өнеркәсіп құрылыс банкісіне, несиелік саясатты жүргізу, негізгі қызметі ретінде несиелеу жүйесінің тиімділігін артыру, капитал жұмсалымын қаржыландыру мен несиелеу, сондай-ақ өнеркәсіпте, құрылыста, көлік пен байланыста, мемлекеттік қамсыздандыру жүйесінде есеп айырысу жұмыстарын ұйымдастыру қызметтері бекітіліп берілді. Сонымен қатар, бұл банк осы шаруашылық салаларындағы кәсіпорындар мен бірлестіктердің есеп айырысу, ссудалық және басқа да шоттарын жүргізді. Осындай несиелік есеп айырысу қызметтерінің түрлерін ауыл шаруашылық кешені кәсіпорындарында Агроөнеркәсіп банкі, әлеуметтік аумақтағы және сауда саласының кәсіпорындары мен ұйымдарына Тұрғын үй әлеуметтік банкі, халыққа қызмет көрсетуге бағытталган - Жинақ банкі қызмет көрсетті. Сыртқы экономикалық банкі экспорттық және импорттық, операциялар бойынша есеп айырысуды ұйымдастырды.

Мамандандырылған банктер құрылымы әкімшілік-аумақтық қағидаға сәйкес құрылды. Республикалық банктер одақтың республикаларда және банктің басқармалары облысында ұйымдастырды. Аудан немесе қала деңгейінде бұл банктер өздерінің мекемелерін ашты. Әр мамандандырылған банктік бір мекемесі әр аудандағы өзіне тиісті клиенттерге ғана қызметкөрсетті. Жинақ банкісінің мекемелері аудандармен қоса ұжымшар және кеңшарларда жұмыс жасады. Жинақ банкісінен басқа мамандандырылған банктердің төменгі буындары, мамандандырылуына қарамай-ақ, сол аудандардың барлық клиенттеріне бірдей қызмет көрсетті. Шындап келгенде, мамандандыру тек банктің жоғарғы басқару деңгейінде ғана, ал төменгі деңгейдегі мекемелер әмбебап мекемелерге айналған болатын. Мамандандырылған банктер санына байланысты оларда төрт несиелік жоспар болды. Бұл банк клиентерінің әр түрлі болып келуі несиелік ресурстарды құрауға байланысты бірқатар мәселелерді тудырды. Банктен банкке өзара аймақ аралық есеп айырысу жүйесі арқылы құйылатын қаражаттардың бақылаусыздығынан одан әрі жандана түсті. Әр банк өз ресурстар көлемінде жұмыс жасауы үшін, оларға Мемлекеттік банкте ашылатын корреспонденттік шоттар бойынша, банкаралық есеп айырысуға өту қажет болды.

Мемлекеттің ықпалымен бөлінген коммерциялық банктер де мамандандырылған банктер сияқты, әр банктің белгілі бір салаларда (өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылық, сыртқы сауда) өзіндік монополиясы болды. Олар өз кәсіпорындарын өте төменгі пайызбен қаржыландырып және несиелеп отырды, яғни, мұнда бұл кәсіпорындардың өміршеңдігі және пайдалылығы есепке алынбады. Мұндай банктердің активтерінде мемлекеттік зиян шегіп отырған кәсіпорындардың уақыты өткен, төленбеген, яғни сапасыз саудалар қатары арта түсті.

Жалпы банктерді мамандандыру идеясы, банк жүйесінін, жұмысын тығарыққа әкеліп, ол монополияландырудан құтылмады және несиелік механизмге түпкілікті өзгеріс енгізе алған жоқ. Сонымен қатар, Мемлекеттік банктің ролі біршама төмендеп, ол мамандандырылған банктердің жұмысына ешқандай әсер ете алмады.

Мұндай жағдайда, банк реформасын батыс үлгілерінде қалыптасқан екі деңгейдегі банктік жүйенің жүзеге асыруға ғана қол жеткізді.

1987 жылғы реформаға дейінгі банктік жүйенің мынадай кемшіліктері болды:

- вексель айналысының болмауы;

- кәсіпорындардың қарыздарын кешіруі, әсіресе ауыл шаруашылығына қатысты;

- шаруашылықтың барлық аяларын артық несиелеу операцияларының байқалуы;

- банк мамандырылуынын, жойылуы;

- кәсіпорындарындағы басқа да несие көздерінің болмауынан туындаған монополизмнің орын алуы;

- пайыз мөлшерлемесінің төменгі деңгейде болуы;

- экономиканық әр саласының қызметіне қойылатын (несие базасында) банк бақылауының әлсіздігі;

- бақылауға жатпайтын несиелік және банктік ақшалардың басып шығарылуы.

1987 жылғы банктік жүйені қайта ұйымдастыру бұрынғыша әкімшілік сипатқа ие болып қала берді, тек қана бұл жерде үш банктің монополиясын бірнеше банктер монополиялары ауыстырды.

1987 жылғы банк жүйесін қайта ұйымдастырудың оң жағынан теріс жақтары басымырақ болды, атап айтсақ:

- банктер бұрынғы меншік формасында, яғни мемлекеттік болып қала берді;

- олардың монополизмі толық сақталып монополистердің саны өсті;

- реформа жаңа экономикалық механизмдер жоқтығына қарамай-ақ жүргізілді;

- кәсіпорындардың банктерге бекітілгендігінен, олардың несие көзін тандаудың ешбір мәні болмады;

- клиенттер арасында несиелік ресурстарды бөлу тігінен жалғаса берді;

- ақша нарығы және несиелік ресурстар, саудаға түсетін орындар құрылмады;

- банк аппаратын ұстауға жұмсалатын шығындар артып кетті;

-ағымдық және саудалық шоттарды бөлу барысында «банктік соғыс» шыға бастады;

- қайта ұйымдастыруда несиені қайтарудың басты көздері ретінде сақтандыру мекемелерінің қызметтері жайлы қозғалыс болмады.

Оң жақтары ретінде, қолма қолсыз ақша аркылы есеп-айырысуды тәртіпке келтіруімен қатар, банк қызметінің мамандандыруын қысқартты десе болады.

Сонымен 70 жыл бойы КСРО-ның банктік жүйесінде, оның ішінде Қазақстанда қатаң түрде орталықтандыру мен шоғырландыру, әкімшілік әдістері кеңірек орын алады. Сол уақыттардан қалыптасып келген ақша-несие қатынастары жаңадан туындай бастаған нарықтық қатынастарға сәйкес келмеді.

Социалистік эксперимент жүргізуі барысында ғасырлар бойы қалыптасып келген қаржы-несие институттары мен қаржы нарығының құралдары жойылып кеткен болатын. Сөйтіп, утопиялық, идеологиялық тұжырым негізінде, монобанктік жүйе қалыптасып, мұнда мемлекеттік банк барлық несиелік жүйені өзіне бағындырып және бесекелестік элементтерін өзі реттеп отырады.

1989 жылдан бастап, елімізде алғашқы коммерциялық банктер, кооперативтік және жеке банктер қатары жұмыс істеді. Сол жылы алғаш құрылған коммерциялық банктер - Интеринвестбанк, Крамдсбанк және т.б. болатын.

1990 жылы Қазақстан Республикасы өз егемендігін жариялағаннан бастап нарықтық қатынастардың талаптарына сай келетін, өзінің меншікті банк жүйесін құруға бетбұрыс жасады.

1990 жылы желтоқсан айында қабылданған «ҚазКРО-ы банктер және банктік қызмет туралы» алғашқы қабылданған заңы Қазақстанда банктік реформаны жүрудің бастапқы кезендерін қамтыды.

Нарық экономикасында өту жағдайында және экономикалық дағдарысты жоюда ҚР банк жүйесіне макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады.

Қазіргі уақытта қалыптасқан екі деңгейлі банк жүйенің қызмет етуге жасалған талдау, олардың көрсетіп отырғандай кемшіліктердің басым бөлігі банктер қызметін реттейтін нормативтік базаны жасаудағы артта қалушылық

және оның іске асырылуына іс жүзінде бақылау жасау механизмдеріндегі кемшіліктерімен сипатталады. Қазір жұмыс жасап отырған ҚР-ғы банктік жүйенің қалыптасу үрдісін үш кезеңге бөледі.

Бірінші кезең. 1988 - 1991 жылдары (КСРО-ның тұсында) - мемлекеттік салалық мамандандырылған банктердің қызметінің бір бөлігі республикалардағы сол банктердін, тиісті бөлімшелеріне беруі арқылы қайта түрлендіру; алғашқы коммерциялық банктер қатарын құру; КСРО Мемлекеттік банкіне орталық банктің жекелеген функцияларын беруге байланысты бастапқы қадамдар жасау кезеңі.

Екінші кезең. 1992 жылдың аяғы 1993 жылдары - рубль аймағында бола отырып, ҚР Ұлттық банкінің орталық банктің бірқатар қызметтерін орындауға біртіндеп кірісуі, коммерциялық банктердің экстенсивті (сандық) түрде қалыптасуы және дамуы, ұлттық нормативтік базаның қалыптасуының бастапқы кезеңі.

Үшінші кезең. 1993 жылдың қараша айынан осы уақытқа дейінгі, яғни айналысқа Ұлттық валютаның еңгізілуіне байланысты Ұлттық банкінің ақша несие аясының қызмет етуіне толық жауапкершілік алуымен, бюджет және банктермен қарым-қатынас орнатудың классикалық қағидаларын енгізумен, банктердің қызметін реттеу жүйесін нығайту кезеңін білдіреді.

1995 жылғы банктік реформалауға дейінгі жұмыс жасаған банктік жүйенің басты кемшіліктеріне мыналарды жатқызуға болады: а) Ұлттық банк - елдің орталық қызметіне байланысты:

- мемлекеттін, қаржы саясатын жүргізу барысындағы Ұлттық банк пен Қаржы министрлігі қызметтерінің жеткіліксіз шоғырлануы;

- коммерциялық банктердің өтімділігін толық қолдау механизмінің жеткіліксіздігі;

- екінші деңгейдегі банктер қызметін қадағалау жөне реттеу жүйесінің баяу құрылуы;

- валюталық реттеу және бақылау жүйесінің қалыптасуындағы артта қалушылық;

- макроэкономикалық процестерді жедел түрде талдау, оларды болжау және шешім қабылдауда пайдалану деңгейінің төмендігі;

- осы уақытқа дейін пайдаланылып келген Ұлттық банк пен екінші деңгейдегі банктердің бухгалтерлік есеп жүйесінің халықаралық стандартқа және нарықтық экономика талаптарына сай келмеуі;

- Ұлттық банк жүйесінідегі еңбек ақының төмендігінен кадрлардың кету деңгейінің жоғарылығы;

ә) Екінші деңгейдегі банктерге байланысты:

- Ұлттық банктер тарапынан белгіленген экономикалық (қазіргі пруденциялдық) нормативтер мен банк клиенттерінің құқықтарын тікелей бұзған банктердің нарықта қызмет ете беруі;

- қаржы ресурстарын жинақтаудың іс жүзіндегі механизмдерінің әлсіздігі;

- шаруашылық субъектілерін несиелеу барысында жобаларды бағалау деңгейінің және банк үшін несие беру туындайтын тәуекелді бағалау дәрежесінің, сондай-ақ несиенің қайтарылуына жасалатын бақылаудың қанағаттанарлықсыз деңгейде болуы;

- орта жене ұзақ мерзімде ірі жобаларды дербес түрде қаржыландыруды іске асыруға мүмкіндік беретін, банктердің капиталдану деңгейінің жеткіліксіздігі;

- прогрессивті қаржы құралдарын және технологияларды пайдаланып, игерудің баяулығы;

- банк қызметкерлерін кәсіби жағынан даярлаудың жалпы төмен деңгейде болуы.

Сонымен қатар, қаржы нарығының дамуындағы төлем жүйелерінің қызмет етуіндегі артта қалушылықтарда орын алды.

Қазақстанда банк секторын реформалау бағдарламасын іске асыру нәтижесінде келесідей маманданған мемлекеттік банктер құрылды:

1. Мемлекеттік даму банкі - бұл банк экономиканың маңызды саларында тиімді инвестициялық жобаларды ұзақ мерзімді несиелеуді жүзеге асыруға бағытталган Үкіметтің қаржы-несие институты болып табылады.

2. Экспортты-импорттық банк (Эксимбанк) - бүл Қазақстан бүгін дәстүрлі емес, даму және ғылыми сиымды ұйымдардың экспортын қаржыландыру үшін, экспорттық несиелер мен инвестицияларға сақтандыру және кепілдеме беру үшін Әлем банктен бөлініп шыққан банк болып табылады.

3. Тұрғын-үй құрылыс банкі - бұл тұрғын-үй құрылысын коммерциялық құрылысшылар арқылы несиелеуге, халық үшін тұрғын-үй жинақ шоттарын қалыптастару, ипотекалық несиелеу жүйесін құру мақсатында құрылған банкті білдіреді.

4. Медетші банк (траст) - бүл Дүниежүзілік банктің ықпалымен «Проблемалық кәсіпорындар үшін госпиталь» ретінде құрылған банк.

Бұл банктердің барлығы бірдей бюджет қаражаты есебінен құрылғандықтан да, олар үшін несиелік ресурстарды қалыптастыру басты мәселеге айналды. Сондықтан да, бұл банктердің қазіргі уақытта Мемлекеттік даму банкі Эксембанктен бірігіп, Тұрғын-үй құрылыс банкі Центркредитбанкпен қосылып жұмыс жасауда. Ал Медетші банк, қазіргі күні Медетші қор етіп қайта түрлендіріліп, өз қызметін одан әрі жалғастыруда.

1991 жылы қабылданған заңның негізінде Республикадағы мемлекеттік банк Ұлттық банк болып қайта түрлендірілді. Сонымен бірге, Құрылыс өнеркәсіп банкісі - акционерлік-коммерциялық банк Туранбанк, Агроөнеркәсіп банкі - акционерлік-коммерциялық банк Агроөнеркәсіп банкісі, Сыртқы экономикалық банкі - акционерлік-коммерциялық банк Әлембанк, Жинақ банкі - акционерлік-коммерциялық банк Жинақ банкісі болып қайта құрылды.

1993 жылы осы аталған банктердің барлығы акционерлік банк болып қайта түрлендіріліп, Жинақ банкі - Халықтық банк болып қайта атауға ие болды.

Міне мұндай банктер қатарының жаңадан нарықтық экономика талаптарына сай пайда болуы, өз кезегінде, банктік жүйенің екі деңгейлік құрылымын білдірді.


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Похожие:

Кіріспе iconИнфляция: пайда болу себептері, салдары және онымен күресі жолдары Мазмұны Кіріспе
Кіріспе 3
Кіріспе iconМазмұны Кіріспе і-тарау. Америка мен Жапонияның тарихы, саясаты және тарихи-саяси қарым-қатынастары
Кіріспе
Кіріспе iconIi мазмұны Кіріспе
Кіріспе «Геронтология және гериатрия» жас ерекшелігі физиологиясын, қартаю заңдылықтарын, егде және қарттык кезеңдегі ауруларды зерттейтін...
Кіріспе iconПән: «клиникалық медицинаға кіріспе»
Силлабус ішкі аурулары пропедевтикасы кафедрасымен 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша «Медиициналық клиникаға кіріспе»...
Кіріспе icon«Мамандыққа кіріспе» пәнінен барлық мамандық студенттеріне арналған
ПОӘК оқытушыға арналған пәннің оқу жұмыс бағдарламасы «Мамандыққа кіріспе» пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Кіріспе iconШетел филологиясы кафедрасы О. Қ. Жармакин тіл біліміне кіріспе гуманитарлық мамандықтар студенттеріне арналған негізгі дәрістердің конспектісі Павлодар
Т93 Тіл біліміне кіріспе: дәрістер конспектісі/құраст. О. Қ. Жармакин. –Павлодар, 2007. – 81б
Кіріспе icon«Жалпы және салыстырмалы психологияға кіріспе» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс бағдарламасы
«жалпы және салыстырмалы психологияға кіріспе» ПӘні бойынша оқУ-Әдістемелік кешені
Кіріспе iconДәріс кіріспе. Балық шаруашылықтары туралы түсінік Кіріспе. Балық шаруашылығы туралы түсінік
Халық саны жыл сайын 12ж милрядқа өсуде. Африкада мемлекетде азық тапшы. Дүние жүзінің көп бөлігін азық құрайды. Балық шаруашылығы...
Кіріспе iconКіріспе: Экология ғылым ретінде анықтамасы
Кіріспе: Экология – ғылым ретінде анықтамасы. Экологияның мақсаты, есептері және әдістері. Экологияның даму тарихы. Экология – табиғатты...
Кіріспе iconКіріспе

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница