«бекітілді» «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің 2008 жылғы «12»




Скачать 221.01 Kb.
Название«бекітілді» «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің 2008 жылғы «12»
Дата конвертации14.02.2016
Размер221.01 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.kazpost.kz/uploads/content/files/2положениеокорпоративномсекретареаоказпочта.doc


«ҚАЗПОЧТА» АҚ КОРПОРАТИВТІК ХАТШЫСЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

«БЕКІТІЛДІ»

«Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің 2008 жылғы «12» қыркүйектегі № 10/08 хаттамасының шешімімен, 2009 жылғы «5» ақпандағы №02/09, 2010 жылғы «18» ақпандағы №02/10 хаттамаларындағы өзгерістерімен

«ҚАЗПОЧТА» АҚ КОРПОРАТИВТІК ХАТШЫСЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

1. Жалпы қағидалар

  1. «Қазпочта» АҚ Корпоративтік хатшысы туралы осы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Қазпочта» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Жарғысы, ішкі құжаттары мен Корпоративтік басқару кодексі негізінде әзірленген.

  2. Ереже Қоғамның Корпоративтік хатшысын (бұдан әрі – Корпоративтік хатшы) тағайындау тәртібін, оның міндеттерін, атқарымдарын, құқықтарын, жауапкершілігін, сонымен қатар Қоғамның Корпоративтік хатшы аппаратының қызметі мен білім тәртібін белгілейді.

  3. Корпоративтік хатшы лауазымы Қоғамның Жалғыз акционерінің құқықтары мен міндеттерін іске асыруға кепілдік беретін корпоративтік басқару рәсімдері мен қағидаларын Қоғамның лауазымды тұлғалары мен органдарының сақтауын қамтамасыз ету мақсатында енгізіледі.

  4. Корпоративтік хатшы Қоғамның штаттық жұмыскері болып табылады, өз міндеттерін толық жұмыс күні режимінде тұрақты негізде орындайды.

  5. Корпоративтік хатшы өз қызметінде Қоғамның Директорлар кеңесіне (бұдан әрі – Директорлар кеңесі) есеп береді және бағынады.

  6. 4. Корпоративтік хатшы өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына (бұдан әрі – Заңнама), Қоғам Жарғысына, Корпоративтік басқару кодексіне, осы Ережеге және өзге де ішкі құжаттарға, сонымен қатар Жалғыз акционер мен Директорлар кеңесінің шешімдеріне сәйкес жүзеге асырады.

7. Корпоративтік хатшының өз қызметін Қоғамдағы басқа атқарымдарды орындауға қосуға, сонымен қатар Директорлар кеңесінің алдын ала келісімінсіз басқа ұйымдарда қызметті жүзеге асыруға құқығы жоқ.

2. Корпоративтік хатшы лауазымына тағайындау және одан босату тәртібі

  1. Корпоративтік хатшы Директорлар кеңесі мүшелерінің жай көпшілік дауысымен қабылданған Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімімен тағайындалады.

  2. Корпоративтік хатшыны тағайындау мәселесі Директорлар кеңесінің ашық мәжілісінде қаралады. Корпоративтік хатшы лауазымына үміткер(лер)дің аталған мәжіліске қатысуы міндетті.

10. Корпоративтік хатшыны тағайындау туралы Директорлар кеңесінің шешімінде оның өкілеттік мерзімі, лауазымдық жалақы мөлшері және оған сыйақы беру талаптары көрсетіледі.

11. Корпоративтік хатшы лауазымына үміткерлер жөнінде ұсынысты Директорлар кеңесінің мүшелері енгізе алады.

12. Әрбір үміткерге қатысты Директорлар кеңесіне келесі құжаттар электрондық таратушыда және қағаз бетінде ұсынылуы тиіс:

  1. осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес үміткер туралы мәлімет;

2) Қоғамға үлестестігі (жоқтығы) туралы ақпарат; 1

3) үміткер бұрын жұмыс істеген немесе жұмыс істейтін ұйымның лауазымды тұлғаларынан және мүмкін болса кәсіптік ұйымдардың беделді мүшелерінен екі ұсыныс хат;

4) Корпоративтік хатшы болып тағайындалатын үміткердің жазбаша келісімі.

Директорлар кеңесінің тағайындаулар жөніндегі комитеті ұсынылған құжаттарды қарастырады және Корпоративтік хатшы лауазымына үміткер жөніндегі өз ұсынысын Директорлар кеңесіне ұсынады.

  1. Директорлар кеңесі және/немесе Директорлар кеңесінің тағайындаулар жөніндегі комитеті Корпоративтік хатшы лауазымына тиісті үміткерді тағайындау туралы шешім қабылдауға қажетті қосымша ақпаратты сұрата алады.

  2. Корпоративтік хатшы лауазымына келесі талаптарға жауапты тұлға тағайындалады:




  1. жоғарғы құқықтық немесе экономикалық білімінің болуы;

  2. кәсіби саладағы, оның ішіндегі корпоративтік құқық немесе корпоративтік басқару саласында жұмыс тәжірибесінің кем дегенде бес жыл немесе басшылық лауазымдарда кем дегенде екі жыл болуы;

  3. өзіне жүктелген міндеттерді орындауға жеткілікті білімінің, тәжірибесінің және біліктілігінің болуы. Осы Ереженің 2-қосымшасында Корпоративтік хатшы біліміне қойылатын талаптар көрсетілген;

  4. Қоғамға үлестестігінің жоқтығы;

  5. мінсіз іскерлік беделінің, сонымен қатар адалдық, белсенділік, тұрақтылық, мақсатқа ұмтылушылық, өз біліктілігін көтеруге тырысу, тіл тапқыштық, жауапкершілік, дауға қатысушылар арасында жанжалдарды шешу шеберлігі сияқты жеке қасиеттерінің болуы;

  6. ұйымдастырушылық және талдамалық қабілеттері мен дағдыларының болуы;

  7. компьютерде жұмыс істеу дағдысының болуы;

  8. Қоғам қызметінің ерекшеліктерін білуі.




  1. Корпоративтік хатшы тағайындаған тұлғамен еңбек шарты жасалады. Қоғам атынан жасалған еңбек шартына Қоғамның Басқарма төрағасы қол қояды.

  2. Директорлар кеңесі Корпоративтік хатшы өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату және онымен жасалған шартты Заңнамамен белгіленген тәртіпте, оның ішінде Еңбек кодексінің 52-бабының 4-тармағына сәйкес (егер осы Корпоративтік хатшымен жасалған еңбек шартында қарастырылса) бұзу туралы шешім қабылдауға құқылы.

Жаңа Корпоративтік хатшыны тағайындау туралы шешімді Қоғамның Директорлар кеңесі Корпоративтік хатшының өкілеттігінің тоқтағандығы туралы шешім қабылданған сәттен бастап бір айдан кешіктірмей қабылдайды. Жаңа Корпоративтік хатшыны тағайындау туралы шешім Корпоративтік хатшының өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтағаны туралы шешім қабылдаумен бір уақытта қабылдануы мүмкін.

17. Жаңадан тағайындалған Корпоративтік хатшыға алдыңғы Корпоративтік хатшы электронды тартушыларда және (немесе) қағаз бетінде іс қағаздарын, құжаттарды және құжаттардың деректер базасын тапсыруы тиіс. Іс қағаздарын табыстау жаңа Корпоративтік хатшы тағайындалған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, орындау кезеңіндегі істер (іс-шаралар, әрекеттер, сұраулар) тізімі, табыс етілетін іс қағаздарының атауы мен құрамы, табыс етілген күні міндетті түрде көрсетілуі және жаңа тағайындалған Корпоративтік хатшы орындауы тиіс қабылдау-табыстау актісі бойынша жүзеге асырылады.

3. Корпоративтік хатшының міндеттері

18. Корпоративтік хатшының қызмет шеңберіндегі міндеттері болып табылады:
1) Корпоративтік хатшы өз қызметінде Қоғам органдары мен лауазымды тұлғаларының корпоративтік басқару саласындағы Заңнаманы, Қоғам Жарғысын, Корпоративтік басқару кодексін және ішкі құжаттарын, сонымен қатар корпоративтік басқару саласындағы саясат пен тәжірибені жетілдіруді сақтауын қамтамасыз ету;

2

2) Директорлар кеңесі мен оның комитеттерінің тиімді жұмысын қамтамасыз ету;

  1. Заңнаманың, Қоғам Жарғысы мен өзге де ішкі құжаттардың талаптарына сәйкес Жалғыз акционердің шешімдерін қабылдауды қамтамасыз ету;

  2. Қоғам туралы елеулі ақпаратты сақтауды, ашуды және ұсынуды, сонымен қатар ақпараттық айқындылықты жоғарғы деңгейде ұстауды қамтамасыз ету;

  3. Қоғам мен Жалғыз акционер арасында, сонымен қатар Қоғам органдары арасында анық және тиімді өзара іс-қимылдарды қамтамасыз ету.

4. Корпоративтік хатшы атқарымдары

19. Қоғам органдары мен лауазымды тұлғаларының корпоративтік басқару саласындағы Заңнаманы, Қоғам Жарғысын, Корпоративтік басқару кодексін және ішкі құжаттарын, сонымен қатар корпоративтік басқару саласындағы саясат пен тәжірибені жетілдіруді сақтауын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындау үшін Корпоративтік хатшыға келесі атқарымдар жүктеледі:

1) Қоғам органдары мен лауазымды тұлғаларының корпоративтік басқару саласындағы Заңнаманы, Қоғам Жарғысын, Корпоративтік басқару кодексін және ішкі құжаттарын сақтау, орындау мониторингі;

  1. корпоративтік басқару саласындағы Заңнама ережелеріне, мемлекеттік органдардың талаптарына байланысты мәселелер бойынша Қоғамның лауазымды тұлғаларына ұсыну және кеңес беруді ұйымдастыру;

  2. Директорлар кеңесін Қоғамда анықталған корпоративтік басқару саласындағы жөнсіздіктер туралы хабардар ету;

  3. Қоғамның корпоративтік басқару саясаты мен тәжірибесін әзірлеуге қатысу, сақтау және жүйелі түрде қарап шығу;

  4. Қазақстан Республикасы мен шетелдерде корпоративтік басқару саласындағы даму перспективаларының, үрдістерінің, қолданыстағы тәжірибенің мониторингі мен оларды талдау және Қоғамның тиісті органдары мен лауазымды тұлғаларына, құрылымдық бөлімшелер басшыларына ұсынымдарды, талдама анықтамаларын, ақпараттарды ұсыну;

  5. Жалғыз акционердің, Қоғам қызметіне мүдделі тұлғалардың күткендерін және онда қабылданған корпоративтік басқару жүйесін талдау;




  1. Қоғамдағы корпоративтік басқарудың жағдайы, корпоративтік басқару саласындағы Заңнаманы, Қоғам Жарғысын, Корпоративтік басқару кодексін және ішкі құжаттары талаптарының Қоғамдағы корпоративтік басқарудың тәжірибесін жетілдіруге бағытталған шешімдерді ұсыну арқылы орындалуы туралы Директорлар кеңесі үшін есеп дайындау;

  2. корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы үрдіс мониторингін жүзеге асыру және Қоғамның Директорлар кеңесіне осы үрдістерге шолу дайындау, сонымен қатар осы мәселелер бойынша Қоғам есептілігі мәселелері бойынша кеңес беру.

20. Директорлар кеңесі мен оның комитеттерінің тиімді қызметтерін қамтамасыз ету жөнінде міндеттерді орындау үшін Корпоративтік хатшыға келесі атқарымдар жүктеледі:

1) Қоғамдағы қолданыстағы Директорлар кеңесінің және өзге органдар қызметінің қағидаларын Директорлар кеңесінің жаңадан сайланған мүшелеріне түсіндіру, Қоғамның лауазымды тұлғалары мен ұйымдық құрылымы, оның ішкі құжаттары туралы ақпаратты және олардың міндеттерін Директорлар кеңесі мүшелерінің тиісті түрде орындауы үшін маңызы бар өзге ақпараттарды ұсыну;

2) Қоғамның Жалғыз акционерінің өкілдерімен, органдарымен және құрылымдық бөлімшелер басшыларымен Директорлар кеңесінің жаңадан сайланған мүшелерін таныстыруды ұйымдастыру;

3) Директорлар кеңесінің төрағасымен бірлесіп, тиісті жылдағы өткізілетін мәжіліс кестесі мен Директорлар кеңесі жұмысының жоспарын әзірлеу;


3

  1. мәжілісті өткізу нысаны бойынша ұсыныс беру арқылы Директорлар кеңесінің мәжілісіне күн тәртібінің жобаларын дайындау және оларды Директорлар кеңесі төрағасына ұсыну;

  2. Директорлар кеңесі мәжілісінің күн тәртібіндегі мәселелері бойынша материалдардың тиісті түрде дайындалуын, оның ішінде материалдарды дайындау рәсімдерін сақтауды, Қоғамның лауазымды тұлғаларымен, Ішкі аудит қызметімен, Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен және жұмыскерлерімен алдын ала талқылауды қосқанда қамтамасыз ету;

  3. Директорлар кеңесі мүшелеріне Директорлар кеңесі мәжілісінің күн тәртібін барлық қажетті материалдарды, сонымен қатар мәжіліске қатысуға шақырылған тұлғаларға хабарламаны қоса беру арқылы уақтылы жіберу;

  4. Заңнаманың, Қоғам Жарғысы мен ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес Директорлар кеңесінің мәжілістерін хаттамалауды, сонымен қатар Директорлар кеңесі мәжілістерінің хаттамаларына Директорлар кеңесі мүшелерінің уақтылы қол қоюын қамтамасыз ету;

  5. Директорлар кеңесінің мәжілісіне қатыспаған Директорлар кеңесі мүшелеріне мәжіліс хаттамаларын, шешімдерін жіберу;

9) Директорлар кеңесі мәжілістерін өткізу және шешімдер қабылдау рәсімдерін тиісті түрде сақтауды қамтамасыз ету, Директорлар кеңесі шешімдерін қабылдауға қажетті Заңнаманың, Қоғам Жарғысы мен ішкі құжаттарының талаптарын түсіндіру;

10) Директорлар кеңесі шешімдерін Қоғамның тиісті органдары мен лауазымды тұлғаларына жіберу, Директорлар кеңесімен бекітілген тәртіпте орындау нәтижелері туралы Директорлар кеңесін хабардар ету және орындалуын бақылау;

11) Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беруі үшін бюллетеньдерді дайындау, тарату және жинауды жүзеге асыру, Директорлар кеңесі мәжілісінде қарастырылатын мәселелер бойынша дауыс беру қорытындысын шығару.

12) Директорлар кеңесі мүшелеріне олардың сұратқан құжаттары мен ақпараттарын ұсыну;

13) Корпоративтік хатшының өз міндеттерін орындауына кедергі келтіретін барлық фактілер туралы Директорлар кеңесі төрағасын хабардар ету;

14) Заңнамамен белгіленген тәртіпте тиісті мемлекеттік органдарға беруге қажетті Директорлар кеңесінің мүшелеріне қатысты ақпаратты жинау және есепке алу;

15) Директорлар кеңесі комитеттерінің қызметін ұйымдастыру, оның ішінде материалдарды дайындау мен мәжілістерді өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз ету, хаттамаларды жүргізу, комитеттердің ұсынымдарын, тұжырымдамаларын сақтау және оларды Директорлар кеңесінің төрағасына ұсыну;

  1. Директорлар кеңесінің, оның комитеттерінің мекенжайына түскен барлық хат-хабарларды есепке алу және сақтау, түскен сұрауларға жауаптарды дайындауды қамтамасыз ету;

  2. Директорлар кеңесі мүшелерінің біліктілігін көтеруді ұйымдастыруда көмек көрсету.

Корпоративтік хатшы Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңына сәйкес Директорлар кеңесі хатшысының атқарымдарын орындайды.

21. Заңнаманың, Қоғам Жарғысының, Корпоративтік басқару кодексінің және ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес Қоғамның Жалғыз акционерінің шешімдер қабылдауын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындау үшін Корпоративтік хатшыға келесі атқарымдар жүктеледі:

1) Заңнама талаптарына сәйкес Жалғыз акционер шешімінің жобасына қоса берілетін материалдарды дайындау мен жинауды ұйымдастыру;

2) Жалғыз акционердің мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен Жалғыз акционер шешімінің жобасын келісуді қамтамасыз ету;

4

22. Қоғам туралы елеулі ақпаратты сақтауды, ашуды және ұсынуды, сонымен қатар ақпараттық айқындылықты жоғарғы деңгейде ұстауды қамтамасыз ету жөнінде міндеттерді орындау үшін Корпоративтік хатшыға келесі атқарымдар жүктеледі:

1) Заңнамамен, Қоғам Жарғысымен және басқа да ішкі құжаттарымен белгіленген Қоғам туралы ақпараттарды сақтау және ашу (ұсыну) тәртібіне қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;

  1. Заңнамамен, Қоғам Жарғысымен және басқа да ішкі құжаттарымен белгіленген тәртіпте ақпаратты Қоғамның уақтылы ашуына бақылау жасау;

  2. міндетті түрде сақталуға тиіс Қоғам құжаттарын есепке алуды және сақтауды, оған қолжеткізуді, олардың көшірмелерін беруді Заңнамаға және Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес қамтамасыз ету;

4) Жалғыз акционердің мүддесін Заңнамаға, Қоғам Жарғысына, ішкі құжаттарына, Жалғыз акционердің шешімдеріне сәйкес қозғайтын ақпаратты оған уақтылы беруді қамтамасыз ету;

5) Директорлар кеңесі мүшелерінің, Басқарманың және Басқарма мүшелерінің құзыры жөніндегі мәселелерді шешуді қабылдауға мүдделілігі туралы ақпаратты есепке алу мен сақтауды қамтамасыз ету;

  1. ақпараттық саясатты (ақпаратты ашу туралы ережені), Қоғамның коммерциялық және өзге құпия ақпаратын сақтау туралы ережені әзірлеуге қатысу;

  2. веб-сайтты ұстауға, оның сапасы мен ақпараттығын көтеру туралы Қоғамның Директорлар кеңесі мен Басқармасына ұсыныстар енгізу.

23. Қоғам мен Жалғыз акционердің арасында, сонымен қатар Қоғам органдары арасында анық және тиімді өзара іс-әрекетті қамтамасыз ету жөнінде міндеттерді орындау үшін Корпоративтік хатшыға келесі атқарымдар жүктеледі:

  1. Қоғамның жарияланған акцияларының орналастырылғаны туралы ақпаратты, сонымен қатар қоғамның орналастырылған және орналастырылатын акцияларын сатып алу туралы басқа тұлғалардан түскен ақпараттарды есепке алуды Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асыру;

  2. Жалғыз акционерден түскен хаттардың (өтініштерді, талап етулерді) тиісті түрде есепке алынуын қамтамасыз ету, Қоғамның тиісті органдарының оларды уақтылы қарастыруын және жауапты дайындауын бақылауды жүзеге асыру;

3) Қоғам органдары арасында ақпарат алмасу арналарын құруға және тиімді пайдалануға көмек көрсету;

4) Қоғамның тиісті органдарын әлеуетті және нақты корпоративтік жанжалдары мен мүдделер жанжалдары туралы хабардар ету және корпоративтік жанжалдар мен мүдделер жанжалдарын реттеу жөніндегі Қоғамның ішкі құжаттарымен белгіленген тәртіпте оларды шешуге қатысу.

24. Өзге атқарымдар:

  1. өз құзыры шеңберінде, сонымен қатар Директорлар кеңесі мүшелері мен Жалғыз акционердің тапсырмасы шеңберінде іскерлік хат алмасулар, Қоғамның лауазымды тұлғаларымен, органдарымен, құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен, сонымен қатар жеке және заңды тұлғалармен іскерлік байланыстарды жүзеге асыру;

  2. Жалғыз акционер мен Директорлар кеңесі бекітуі тиіс Қоғамның ішкі құжаттарының жобаларын дайындау және оған қатысу;

  3. Жалғыз акционердің орындауына бақылауды жүзеге асыру;

4) Қоғамның еншілес (тәуелді) ұйымдарының корпоративтік хатшыларының жұмысына көмек көрсету;

5

5) сыртқы аудиторлар мен мемлекеттік органдар жүргізген тексерулер нәтижелерін Директорлар кеңесінің және қажет болған жағдайда оның комитеттерінің назарына жеткізу;

6) Заңнамамен белгіленген корпоративтік хатшының өзге атқарымдары.

25. осы Ереженің аталған бөлімінде қарастырылған атқарымдарды орындауды корпоративтік хатшы өздігінен де, корпоративтік хатшы аппараты жұмыскерлеріне тиісті нұсқау беру арқылы жүзеге асырылады.

5. Корпоративтік хатшы аппараты

26. Корпоративтік хатшының Қоғамда өз атқарымдарын орындауын қамтамасыз ету үшін корпоративтік хатшы аппараты (бұдан әрі – Аппарат) құрылады. Аппарат Қоғамның құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

  1. Аппарат Директорлар кеңесінің шешімімен құрылып, таратылады. Аппараттың штаттық саны Директорлар кеңесінің шешімімен бекітіледі. Директорлар кеңесі мәжілісінің күн тәртібіндегі материалдарда тиісті мәселелер бойынша корпоративтік хатшының пікірі көрсетілуі тиіс.

  2. Аппарат басшылығын корпоративтік хатшы жүзеге асырады. Аппарат жұмыскерлері корпоративтік хатшыға тікелей бағынады.

29. Аппарат жұмыскерлерін лауазымнан Қоғамның Директорлар кеңесінің төрағасымен келісім бойынша Басқарма төрағасы тағайындап, босатады.

  1. Аппарат жұмыскерлері осы Ереженің негізінде дайындалған лауазымдық нұсқаулық пен еңбек шарттарына сәйкес әрекет етеді.

  2. Аппарат жұмыскерлері өздеріне жүктелген міндеттемелерді орындауға жеткілікті тиісті біліктілікке және дағдыларға ие болуы тиіс.

32. Аппарат жұмыскерлері Қоғамда басқа атқарымдарды бір уақытта қоса атқара, сонымен қатар Директорлар кеңесі мен корпоративтік хатшымен келіспей басқа ұйымдарда жұмыс істей алмайды.

6. Корпоративтік хатшының құқықтары мен міндеттері

33. Корпоративтік хатшы құқылы:

  1. Қоғам лауазымды тұлғаларынан, Ішкі аудит қызметінің, құрылымдық бөлімшелер басшыларынан материалдарды (ақпаратты), қажет болған жағдайда корпоративтік хатшының өз атқарымдарын жүзеге асыруына қажетті түсіндірулерді сұратып алуға;

  2. ескертулер мен ұсыныстарды беру құқығымен Жалғыз акционердің қабылдануына шығарылатын, Директорлар кеңесі мәжілісінің күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша ұсынылған материалдар пакетінің толықтығын тексеруге;

  3. Директорлар кеңесі мүшелері мен Басқарма төрағасынан Жалғыз акционердің, Директорлар кеңесі шешімдерінің орындалу барысы туралы есепті сұратып алуға және орындалмаған немесе орындалу мерзімдері бұзылған жағдайда шешімдердің орындалмау (толық орындалмау) және/немесе уақтылы орындалмау себептеріне жазбаша түсінік сұратуға;

  4. 3) Директорлар кеңесі мүшелері мен Басқарма төрағасынан Жалғыз акционердің құқықтарын бұзуға немесе корпоративтік жанжалдар мен мүдделер жанжалдарының туындауына әкелетін жағдайға байланысты ақпараттар мен түсініктемені сұратуға.

34. Корпоративтік хатшы міндетті:

  1. өз қызметінде Заңнама, Жарғы, Корпоративтік басқару кодексі, осы Ереже және Қоғамның өзге ішкі құжаттары нормаларын және талаптарын сақтауға;

  2. Директорлар кеңесінің тапсырмаларын орындауға;

  3. Директорлар кеңесі алдында өз қызметі туралы есеп беруге;

4) Қоғам мен оның үлестес тұлғалары туралы ақпараттың, корпоративтік хатшының атқарымдарын жүзеге асыру кезеңінде және корпоративтік хатшы ретінде өкілеттігін тоқтатқаннан кейін кем дегенде үш жыл ішінде белгілі болған инсайдерлік ақпараттың сақталуына; 6

7. Корпоративтік хатшы мен Аппарат жұмыскерлерінің жауапкершіліктері

35. Корпоративтік хатшы, Аппарат жұмыскерлері Қоғам мен Жалғыз акционердің мүдделеріне әрекет етуі, өз міндеттерін адал атқаруы тиіс.

36. Корпоративтік хатшы, Аппарат жұмыскерлері Заңнамамен және Қоғамның ішкі құжаттарымен белгіленген тәртіпте төмендегілерге жауап береді:

  1. жүктелген міндеттерді, атқарымдарды, құқықтар мен міндеттерді тиісті түрде орындауға;

  2. олардың кінәлі әрекеттерімен (әрекетсіздіктерімен) Қоғамға келтірілген шығындарға.




  1. Корпоративтік хатшы, Аппарат жұмыскерлерінің жауапкершілігі олармен жасалған еңбек шарттарында бекітіледі.

  2. Қоғамның Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелерінің корпоративтік жанжалдарды жою, не болмаса әлеуетті корпоративтік жанжалдарды болдырмау жөнінде шараларды қабылдаудан бас тартуы корпоративтік хатшы хабардар еткеннен кейін соңғысын корпоративтік жанжалдарды шешуді ұйымдастыруға жауапкершіліктен босатады.

8. Корпоративтік хатшы мен оның Аппаратын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету

39. Корпоративтік хатшы, оның Аппараты қажетті ұйымдастырушылық-техникалық талаптармен (оргтехника, компьютер (ноутбук) сканер, көшіргіш, «ЗАҢГЕР» анықтамалық-құқықтық жүйесі» бағдарламалық қамсыздандыруы, Ғаламтор, мерзімді әдебиет, көлік, коммуникация құралдары және басқалары) қамтамасыз етілуі тиіс.

«Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің 2008 жылғы « » _________ № хаттамасының шешімімен бекітілген «Қазпочта» АҚ Корпоративтік хатшысы туралы ереженің 1-қосымшасы



Үміткердің суреті

Корпоративтік хатшы лауазымына үміткер туралы мәлімет

1. Жалпы мәліметтер

Аты-жөні

(жеке куәлігіне (төлқұжатына) толық сәйкес, аты-жөні өзгерген жағдайда қашан және не себепті өзгергенін көрсету)

Туған күні мен орны




Тұрақты тұрғылықты жері, телефон нөмірлері







(тұрақты мекенжайын, қызметтік, үй, байланыс телефондарын, елді мекеннің кодын қосып көрсету)

Азаматтығы

Шетел азаматы болған жағдайда шетелдік жұмыс күші ретінде тартуға рұқсаттың қолданыс мерзімі мен нөмірі көрсетіледі

Жеке басын куәландыратын құжаттың толық деректемелері




Жақын туыстары (ата-анасы, жұбайы, аға-інілері, әпке-қарындастары, балалары), сонымен қатар жұбайының аға-інілері, әпке-қарындастары, ата-анасы, балалары:





Аты-жөні

Туған күні, айы, жылы

Туысқандық қарым-қатынасы













Заңды тұлғалардың жарғылық капиталға тікелей немесе жанама қатысуы:





Орналасқан жердің атауы

Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері

Сіздің қатысу үлесіңіз және сомасы

2. Кәсіби деректері:

8

Білімі







(оқу орнының, факультеттің немесе бөлімшенің атауы мен орналасқан жері, оқыған кезі, берілген мамандық атауы, білімі туралы дипломның деректемелері)

Қосымша білімі, оның ішінде біліктілігін көтеру курстары, арнайы тренингтер мен семинарлар, ғылыми дәрежесі







(оқу орнының, факультеттің немесе бөлімшенің атауы мен орналасқан жері, оқыған кезі, білімі туралы дипломның, сертификат, куәлік деректемелерін көрсету)

Корпоративтік құқық және басқару саласындағы жұмыс тәжірибесі







(корпоративтік заңгер және/немесе корпоративтік дамыту және активтерді басқару блогының маманы лауазымдарында қанша жыл жұмыс істегенін көрсету)

Басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі







(қанша жыл жұмыс істегенін көрсету)

Қол жеткізген жетістіктері







(аталған мәселе бойынша ақпаратты, мысалы ғылыми жарияланымның атын, ғылыми зерттемелерге, заң жобаларына және т.б. қатысуын көрсету)

Кәсіби ұйымдарға қатысуы







(аталған мәселе, мысалы Корпоративтік хатшылар қауымдастығы, Тәуелсіз директорлар жөнінде ақпаратты көрсету)

Аталған мәселеге қатысы бар басқа ақпарат







(үміткердің кәсіби жете білушілігін сипаттайтын ақпарат көрсетіледі)

Еңбек қызметі туралы мәлімет (соңғы жұмыс орнынан бастап барлық алдыңғы жұмыс орындарын атап көрсетіңіз):

Ұйымның аты:

Мекенжайы:

Құрылымдық бөлімше:

Ұйым қызметінің бағыты:

Лауазымының аты:

Басталған айы/жылы

Аяқталған айы/жылы

Лауазымдық міндеттері:

9










Жұмыстан шығу себебі:

(қажет болған жағдайда жолдар қосылады)

3. Тіл дағдылары

(меңгеру деңгейін көрсетіңіз: қанағаттанарлық, жақсы, өте жақсы, еркін):



Тіл

Меңгеру деңгейі

оқу

әңгімелесу

жазбаша

Қазақ










Орыс










Ағылшын










Басқа (көрсетіңіз)










4. Компьютерде жұмыс істеу дағдылары: Операциялық жүйелер (белгілеу қажет):

  1. Windows XP

  2. Windows 2000 Professional

  3. Windows NT 4.0 Workstation

  4. Windows 3.11/95/98/Me, MS DOS

  5. RedHat 64 bit Бағдарламалар (белгілеу қажет)




  1. MS Office (Word, Excel, PowerPoint, Access,Visio, Outlook, Microsoft Project )

  2. Lotus (LotusNotes, Lotus-123, Organizer) қосымшалары

  3. Internet-браузерлер (MS Internet Explorer, Mozilla Firefox, Netscape және басқалары)

  4. Adobe (Acrobat Reader, Photoshop және басқалары)




  1. WinRAR, AutoCAD, ABBYY Lingvo, PROMT

  2. басқалары (атап көрсетіңіз)

5. Басқа мәліметтер:



Экономикалық қызмет саласында жасалған қылмысы, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы жемқорлық және өзге қылмысы үшін белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алып тасталмаған сотталғандығы

Иә/жоқ

Заңнаманы бұзғаны үшін қызметтік міндеттерін орындаудан уәкілетті мемлекеттік органдардың шеттетуі туралы деректердің болуы

Иә/жоқ, егер «Иә» десе, онда ықпал ету шаралары қолданылған күн, оны кімнің қолданғанын көрсетіңіз

Банкрот болып танылған немесе мәжбүрлеп тарату, қосу, акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылданған ұйымның басшысы болған болса

Ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі

10

Осы мәселеге қатысты басқа ақпарат

(ерікті түрде көрсетіледі)


Мен (Корпоративтік хатшы лауазымына үміткердің аты-жөні), , осы ақпаратты өзімнің толық тексергенімді және оның дұрыс, толық болып табылатынын растаймын және мен ұсынған мәліметтердің дұрыс еместігі мені тағайындау туралы келісімді қайта қарап шығуға (кері алдыруға) негіздеме болып табылады деп танимын (қолы, күні).


11

«Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің 2008 жылғы « » _________ № хаттамасының шешімімен бекітілген «Қазпочта» АҚ Корпоративтік хатшысы туралы ереженің 2-қосымшасы


Корпоративтік хатшының біліміне қойылатын талаптар

Корпоративтік хатшы білуі тиіс:

Қазақстан Республикасының корпоративтік басқару саласындағы заңнамалары, әсіресе:

Азаматтық кодекс, ҚР «Акционерлік қоғамдар туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы» заңдары, акционерлік қоғам органдарының қызметін реттейтін өзге нормативтік құқықтық актілері, эмиссия және бағалы қағаздар айналымы тәртібі;

Монополияға қарсы, еңбек, әкімшілік заңнамаларының, сот тәжірибесінің негіздері.

Қоғам органдарының өзара іс-қимыл қағидасы, әсіресе:

Қоғам органдары мәжілістерін дайындау және өткізу, олардың өзара іс-әрекеті тәртібі.

Корпоративтік басқарудың отандық және жетекші халықаралық тәжірибесі, әсіресе:

Корпоративтік басқарудың алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік тәжірибесін көрсететін негізгі нормативтік құжаттар (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының корпоративтік басқару қағидаттары, Ұлыбритания корпоративтік басқарудың біріккен кодексі, COSO ішкі бақылау жүйесінің үлгісі және т.б.);

Корпоративтік басқару кодексі,

қор биржаларының, ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес ақпаратты ашу қағидасы,

корпоративтік жанжалдар мен мүдделер жанжалын реттеу тәртібі,

ақпаратты техникалық қорғау мәселелері бойынша әдістемелік және нормативтік құжаттар,

келіссөздерді ұйымдастыру және жүргізу тәртібі,

корпоративтік мінез-құлықтың этикалық стандарттары.

12

Похожие:

«бекітілді» «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің 2008 жылғы «12» icon«Казпо ш та» а қ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілді
«Қазпошта» АҚ директорлар кеңесінің МҮшелерімен біліктілікті жоғарлату және сыртқы сарапшыларды тарту жөніндегі саясат
«бекітілді» «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің 2008 жылғы «12» icon«kegoc» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілді 2009 жылғы 20 қазандағы №
Ереже Қоғамның Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитетінің дәрежесін, құзыретін, құрамын, жұмыс істеу және қызмет ету тәртібін,...
«бекітілді» «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің 2008 жылғы «12» icon«ҚазМұнайГаз» Ұк ақ Директорлар кеңесінің 2010 жылғы 21 маусымдағы шешімімен бекітілді №9/2010 хаттама
Басшылықтың үндеуі
«бекітілді» «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің 2008 жылғы «12» icon«kegoc» АҚ-тың 2009 жылғы 20 қазандағы Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілді
«электр желілерін басқару жөніндегі қазақстан компаниясы» акционерлік қОҒамы kazakhstan
«бекітілді» «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің 2008 жылғы «12» icon«kegoc» АҚ Директорлар кеңесінің шешішімен бекітілді 2009 жылғы 20 қазандағы №
«электр желілерін басқару жөніндегі қазақстан компаниясы «kegoc» акционерлік қОҒамы
«бекітілді» «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің 2008 жылғы «12» iconКассалық операция және құндылықтарды сақтау орталығы (бұдан әрі Орталық) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің 1999 жылғы 20 тамыздағы
Орталық Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің 1999 жылғы 20 тамыздағы қаулысының шешімімен құрылған. Оның құрамына...
«бекітілді» «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің 2008 жылғы «12» icon«Банк ЦентрКредит» АҚ-тың
Директорлар кеңесінің 2010 жылғы 19 қарашадағы №276, 2011 жылғы 25 ақпандағы №36, 2011 жылғы 24 наурыздағы №55, 2011 жылғы 16 мамырдағы...
«бекітілді» «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің 2008 жылғы «12» icon«Астана-Теплотранзит» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілді
Ереже) Қазақстан Республикасының Азаматтық, Еңбек кодекстеріне, «Акционерлік қоғам туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13...
«бекітілді» «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің 2008 жылғы «12» icon«сенім-банк» АҚ Директорлар кеңесінің 2010 жылғы 22 қарашадағы №92 Шешімімен Бекітілген

«бекітілді» «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің 2008 жылғы «12» icon«Қазпочта» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі туралы ереже
«Қазпочта» акционерлік қоғамының (бұдан әрі Қоғам) Директорлар кеңесі туралы осы ереже (бұдан әрі Ереже) ҚР «Акционерлік қоғамдар...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница