Қазақстан республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы




НазваниеҚазақстан республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы
страница8/8
Дата конвертации14.02.2016
Размер0.83 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.urzhar.vko.gov.kz/kz/files/programm_09.doc
1   2   3   4   5   6   7   8

 Өмiр бойы оқу
      Мақсаты:
      Өмiр бойы бiлiм алу жүйесiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету.
      Мiндетi:
      Баршаға арналған бiлiм, өмiр бойы бiлiм алу үшiн жағдай жасау.
      Нысаналы индикатор:
      Барлық жастағылар үшiн бiлiм берудiң әртүрлi нысандары мен типтерiн енгiзу.
      Өмiр бойы оқу бiлiм алудың барлық деңгейiнде адамның бiлiм алуға деген қажеттiлiктерiн қанағаттандырудың түрлi мүмкiндiктерiн жасау есебiнен жүзеге асырылады.
      2020 жылға қарай өмiр бойы оқу үшiн жасына, бiлiмi мен кәсiби бiлiктiлiк деңгейiне қарамастан жағдайлар жасалатын болады.
      Жасына және әлеуметтiк жағдайына қарамастан барша халыққа техникалық және кәсiптiк, жоғары бiлiм жүйесiнде оқытудың түрлi нысаны және бiлiм беру қызметтерiн жекеше берушiлер арқылы (қашықтықтан оқыту, қайта бiлiктiлiк беру, формалды, формалды емес, инклюзивтi қысқа мерзiмдi курстар) жаңа базалық дағдыларды игерудi қоса алғанда, негiзгi дағдыларды игеру мен жетiлдiру мүмкiндiгi ұсынылатын болады. Оқу орындарымен, сондай-ақ әлеуметтiк әрiптестермен бiрлесiп, өндiрiстен қол үзбей оқыту қарастырылатын болады.
      Бiлiм беру ұйымдарында 2016 жылдан бастап мүмкiндiктерi шектеулi адамдарды кәсiби даярлау үшiн жағдайлар жасалатын болады, модульдiк бiлiм беру бағдарламалары жасалады.
      Халықтың ересек тобын қайта мамандандырудың ваучерлiк жүйесi әзiрленетiн болады.
      Өндiрiсте жұмыс iстей жүрiп, адам өзi оқытудың түрлерiн, қарқынын және мерзiмiн таңдап, бiлiм алу процесiн дербестендiре алады. Бiлiм алушылардың тәуелсiз коммерциялық емес агенттiктерде өздерiнiң алған бiлiктiлiк деңгейiн бағалаудан өтiп, сертификаттар алуы арқылы мемлекеттiк және жекеше бiлiм беру қызметтерiн ұсынушыларды оқыту нәтижелерiн тануда тиiмдi шаралар әзiрленетiн болады.
      Өмiр бойы оқыту оқытудың формалды және формалды емес нысандарының тұтастай спектрiн, инклюзивтi бiлiм берудi қоса алғанда, мектеп жасына дейiнгi жастан бастап зейнеткерлiкке шығу жасынан кейiнгi оқытуды қамтитын болады.
      Инклюзивтi бiлiмдi дамыту тиiстi бейiндегi мамандарын даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарының жанынан консультациялық-практикалық орталықтардың құрылуына ықпал етедi.
      Жұмыс берушiлер оқу бағдарламаларын қоса қаржыландыруға және әрбiр қызметкердiң үздiксiз бiлiмге қатысуына мүмкiндiк беретiн икемдi сызбаларды дайындауға тартылады.
      Барша қазақстандық азаматтар мемлекеттiк тiлдi толық меңгергенге дейiн тiлдердi меңгерудiң халықаралық стандарттары негiзiнде мемлекеттiк тiлдi үздiксiз оқытатын «Балабақша - мектеп, кәсiптiк лицей, колледж – жоғары оқу орындары» жүйесi құрылатын болады.
      Қазақстан азаматтары (оқушылар, студенттер, магистранттар, түрлi сала қызметкерлерi) мен Қазақстанда жұмыс iстейтiн шетелдiк азаматтар үшiн сертификат бере отырып, қазақ тiлiн бiлу деңгейiн бағалау жүйесi – Қазтест енгiзiледi.
 Тәрбие жұмысы және жастар саясаты
      Мақсаты:
      Жастардың бойында белсендi азаматтық ұстанымды, әлеуметтiк жауапкершiлiктi, отансүйгiштiк сезiмдi, жоғары адамгершiлiк және көшбасшылық қасиеттердi қалыптастыру.
      Мiндетi:
      Жастарды отансүйгiштiкке тәрбиелеу және олардың азаматтық белсендiлiгiн, әлеуметтiк жауапкершiлiгiн және әлеуетiн ашу тетiктерiн қалыптастыру жөнiндегi шаралар кешенiн iске асыру.
      Нысаналы индикатор:
      Жастар саясаты саласындағы iс-шараларды iске асыруға белсендi қатысатын жастардың олардың жалпы санынан үлесi (2015 жылы – 27 %, 2020 жылы – 55 %).
      Жастар саясатын iске асыру қазақстандық патриотизмдi, рухани-адамгершiлiк мәдениеттi тәрбиелеу, ұлттық сәйкестiктi қалыптастыру негiзiнде жүзеге асырылады.
      2011 жылдан бастап:
      консультациялық, ақпараттық-талдамалық, оқыту және басқа да қызметтер көрсету мақсатында мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс шеңберiнде жастардың үкiметтiк емес ұйымдары базасында қызметтi жүзеге асыратын облыстық және республикалық әлеуметтiк қызметтер одан әрi дамитын болады;
      республикалық деңгейде мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты iске асыру шеңберiнде ерiктi, әскери-патриоттық ұйымдардың, әскери-спорттық, әскери-iздеушi және спорттық-техникалық клубтардың желiсi 20 дан 30-ға дейiн көбейедi;
      бiлiм беру ұйымдарында спорт секцияларының желiсi дамытылады;
      қазақстандық патриотизмдi қалыптастыру мақсатында тұрақты негiзде мемлекеттiк рәмiздердi таныту, тарих, салт-дәстүр және ана тiлiн бiлу жөнiнде iс-шаралар жалғастырылатын болады;
      түрлi жобаларды iске асыру арқылы жастар арасында қайырымдылық мәдениетiн қалыптастыру жөнiнде мақсатты шаралар қабылданатын болады.
      Алматы қаласы үлгiсiнде жастардың үкiметтiк емес ұйымдарының және жастардың қызметiн үйлестiрудiң орталықтандырылған жүйесiн құру мақсатында жастар саясаты басқармасы құрылады.
      Девиантты және деликвенттi балалармен жұмысты күшейту жоспарлануда. Балалар мен жасөспiрiмдер арасында девиантты мiнез-құлықтың алдын алуы түрлi факторлардың өзара iс-қимылымен қамтамасыз етiлетiн болады: отбасы, мектеп, бос уақыттағы орта және тұтас қоғам.
      Одан басқа, тәрбие мен оқытуды, девиантты және деликвенттi мiнез-құлықты балаларды әлеуметтiк оңалтуды қамтамасыз ету бойынша арнайы бiлiм ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын бiлiм ұйымдарына баса назар аударылатын болады.
      Бiлiм беру жүйесiне кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейiмдеу және оңалту орталықтарын беруге байланысты олар Кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталығы (бұдан әрi – КТБО) болып қайта ұйымдастырылады.
      КТБО-ның негiзгi мiндетi – кәмелетке толмағандардың дағдарыс жағдайынан шығуға және өмiрiн орнықтыруға, баланы отбасымен қосуға көмек көрсету мен отбасын әрi қарай сүйемелдеу.
      Тұтас алғанда, мектепке дейiнгi жастан бастап тәрбиеге ерекше көңiл бөлiнетiн болады.
      Жастардың әлеуетiн ашу тетiктерiн iске асыру
      Жастар саясаты саласындағы мәселелердi шешуге жастардың қатысуы үшiн оның өкiлдi органдарда қатысуын қамтамасыз ету мiндетi қойылып отыр.
      Ұйымдастырушылық қабiлетi мен көшбасшылық қасиетi бар студенттер арасынан белсендi жастарды, сондай-ақ әлеуметтiк жобаларды iске асыру аясында жастар ұйымдарының жетекшiлерiн оқыту жоспарлануда.
      Шығармашыл жастарды қолдау мақсатында жыл сайынғы ұлттық конкурстар, ойындар, турнирлер, КТК, оның iшiнде Дельфий ойындарын өткiзу және кейiннен қазақстандық құрамалардың халықаралық конкурстарға, турнирлер мен ойындарға қатысуын қамтамасыз ету көзделуде.
      Осылайша, шығармашыл жастарды қолдау 2020 жылға қарай Дельфий ойындарына қатысушыларды 2000 адамға дейiн жеткiзудi көздейдi.
      Республиканың ғылыми-техникалық әлеуетiн тұрақты негiзде нығайту үшiн ғылыми ұйымдарда және жоғары оқу орындарында консультативтiк-кеңесшi органдардың қызметiне жастардың шығармашылық және инновациялық бiрлестiктерi тартылатын болады.
      Мәдениеттегi, өнердегi, ғылымдағы, ақпараттық технологиялар саласындағы ұзақ мерзiмдi конкурстық жобаларды дамыту бойынша ведомствоаралық жұмыс күшейтiледi.
      Осылайша 2020 жылға қарай:
      өкiлдi органдарға сайланушы жастардың үлесi 15 %-ға жетедi;
      жастар ұйымдарының қызметiне жастардың 29 %-ы қатысатын болады;
      мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс шеңберiнде әлеуметтiк маңызды жобаларды iске асыруға тартылған жастар ұйымдарының үлесi 24 %-ды құрайды.
6. Бағдарламаны iске асыру кезеңдерi
      Қазiргi заманғы жағдайда стратегиялық ресурсы адами капитал болып табылатын еңбек өнiмдiлiгi экономикалық өркендеу мен бәсекеге қабiлеттiлiктiң ұзақ мерзiмдi негiзiне айналуы тиiс. Мемлекет осы ресурстың дамуына үлес қосуы керек.
      Бiлiмдi адамдарсыз заманауи инфрақұрылымды дамыту, тиiмдi мемлекеттiк аппарат құру, қолайлы бизнес климатты қамтамасыз ету мүмкiн емес.
      Саяси ерiк пен мемлекеттiң жан-жақты қолдауының болуы осы реформаларды жүргiзуге негiз болып табылады.
      Бағдарлама екi кезеңде iске асырылатын болады: 2011 – 2015 жылдар мен 2016 – 2020 жылдар.
      Бағдарламаны iске асырудың бiрiншi кезеңiнде (2011 – 2015 жылдар) жекелеген бағыттар бойынша бiлiм берудi дамытудың модельдерiн әзiрлеумен, оларды сынақтан өткiзумен, сондай-ақ ауқымды қайта құрулар мен эксперименттердiң басталуымен байланысты жұмыстарды жүргiзу көзделген.
      Екiншi кезеңде (2016 – 2020 жылдар) басымдық жабдықтарды сатып алуды, бiлiм беру жүйесiн дамыту мiндеттерiн шешуге бағытталған iс-шараларға инвестициялар салуды (бiлiм берудiң материалдық инфрақұрылымын жаңғырту және басқа да шығыны көп жұмыстар, әдiстемелiк, кадрлық, ақпараттық қамтамасыз ету) көздейтiн iс-шараларды жүзеге асыруға берiледi, негiзiнен, өткен кезеңдерде алынған нәтижелердi енгiзуге және таратуға бағытталған iс-шараларды iске асыру қарастырылған.
      Әрбiр кезеңде жылдар бойынша Бағдарламаның iске асырылу барысын және бағдарламалық iс-шаралардың бiлiм беру жүйесiнiң жай-күйiне әсерiн сипаттайтын көрсеткiштердi өзгерту жоспарланған.
      Күтiлетiн нәтижелер:
      2015 жылға қарай өтпелi кезең аяқталады және Қазақстанның бiлiм беру жүйесi құрылымы, мазмұны, басқару мен қаржыландыру тетiктерi бойынша дамыған елдер моделiне сәйкес келетiн болады.
      Бiлiм беру жүйесiнiң дамуы бойынша Қазақстан ТМД елдерi арасынан көшбасшылық орындарға шығады.
      2020 жылға қарай бiлiм беру жүйесi жоғары бiлiм сапасы мен халықаралық индикаторлармен расталған адами капиталдың даму деңгейi түрiнде нәтиже беретiн болады.
      Бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде мынадай әлеуметтiк-экономикалық әсерлер қамтамасыз етiледi:
      2015 жылға қарай:
      1. Жаңа қаржы-экономикалық тетiк әзiрлеу.
      2. Электрондық оқыту жүйесiн құру.
      3. Оқытудың 12 жылдық моделiне көшудiң басталуы.
      4. Ұлттық бiлiктiлiк жүйесiнiң негiзi жасалады.
      5. Мектептiң және жоғары бiлiмнiң бағдарламалары кiрiктiрiледi.
      6. Бiлiмдi, ғылымды және өндiрiстi кiрiктiру басталады.
      2020 жылға қарай:
      1. Адами капиталдың сапасын арттыру мен еңбек ресурстарын пайдалану тиiмдiлiгiнен туындаған мемлекет экономикасының бәсекеге қабiлеттiлiгi мен тиiмдiлiгiн арттыру.
      2. Ғимараттарды жобалау, салу және қайта салудың жаңа принциптерiн ескере отырып, бiлiм беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту. Тозған және апатты бiлiм беру объектiлерiн жою. Бiлiм берудiң технологиялық және әлеуметтiк инфрақұрылымын жаңғырту (асханалар мен спорт залдарын, автопарктердi, компьютерлiк техниканы жаңарту және т.б.).
      3. Бюджет қаражатын пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыру.
      4. Бiлiм беру саласының қолжетiмдiлiгiн, сапасын, ашықтығын арттыру; корпоративтiк басқару принциптерiн енгiзу.
      5. Нормативтiк-жан басына шағу принциптерi, ваучерлiк негiзде бiлiктiлiктi арттыру жүйесi негiзiнде орта, техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарын қаржыландырудың жаңа қаржы-экономикалық тетiктерiн енгiзу.
      6. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың вариативтi нысандарын енгiзу, балалардың мектепте бiлiм алуға дайындығының жоғары болуын қалыптастыру, олардың жастай оңды әлеуметтенуiн қамтамасыз ету.
      7. Мектеп оқушыларын оқытудың жеке траекторияларын пайдалану арқылы бейiндiк мектеп моделiн құру.
      8. Оқушылардың әлемдегi барлық бiлiм беру ақпараттық ресурстарына on-line арқылы қол жеткiзуiн қамтамасыз ету.
      9. Бiлiм беру сапасын бағалаудың облыстық жүйесiн енгiзу.
      10. Даму мүмкiндiктерi шектеулi балалар мен ересектерге арналған мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың, мектептегi және кәсiптiк бiлiм берудiң тиiстi деңгейiн қамтамасыз ететiн оқытудың инклюзивтi жүйесiн құру.
      11. Республикада жаңа тұрпаттағы педагогтердiң қажеттi санын және тиiстi бiлiктiлiгiн қалыптастыру. Бiлiм саласы қызметкерлерiнiң еңбегiн экономикалық және әлеуметтiк жағынан ынталандыру жүйесiн, оқытушылардың еңбекақысын елiмiздегi орташа еңбекақы деңгейiне жеткiзетiн және жұмыс сапасын ынталандыратын еңбекақы төлеудiң икемдi жүйесiн енгiзуге басымдық беру.
      12. Iшкi нарықта бiлiм берудiң үлес салмағын арттыру, елiмiздiң бiлiм беру жүйесiндегi бiлiм беру қызметiнiң экспорттық көлемi мен құрылымын ұлғайту.
      13. Еңбек нарығының талаптарына сай келетiн, азаматтардың кәсiптiк, мансаптық және жеке тұлға боп өсуiне ықпал ететiн үздiксiз кәсiптiк бiлiм берудiң икемдi жүйесiн қалыптастыру.
      14. Бiлiм беруге мемлекеттiк-жеке меншiк әрiптестiктi енгiзу.
      15. Кәсiптiк бiлiм бағдарламаларының, сондай-ақ ұлттық және халықаралық аккредиттеуден өткен жоғары оқу орындарының санын арттыру.
      16. Заманауи ғылыми бiлiм-бiлiкке ие және елiмiздiң инновациялық дамуына үлесiн қоса алатын ғылыми-педагог кадрларды даярлау.
      17. Бәсекеге қабiлеттi ғылыми-техникалық өнiмдi жасау және өткiзу.
      18. Жастар саясаты саласындағы iс-шараларды iске асыруға қатысатын жастардың үлесiн 55 %-ға арттыру.
7. Қажеттi ресурстар
      2011 – 2020 жылдары бiлiм беруге жұмсалатын бюджет шығыстарын кезең-кезеңiмен арттыру, 2020 жылға қарай олардың жалпы iшкi өнiмдегi үлесiн дамыған елдердiң орташа деңгейiне дейiн өсуiн қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
      Бiлiм беру саласында педагогтiк қызметтiң ерекшелiгiн ескере отырып, еңбекақы төлеудiң сараланған жаңа жүйесi әзiрленiп, енгiзiледi.
      Ауылдық ШЖМ педагогтерiн қолдауға арналған шаралар жүйесi қарастырылуда.
      Болжамды қаржы шығындары (күрделi және ағымдағы)
      Шығын құрылымында АКТ мен электрондық оқытуды дамытуға, 3 ауысымды және апатты жағдайдағы мектептердiң орнына бейiндiк, «Назарбаев зияткерлiк мектептерiн» салуға, жетекшi ЖОО-ларға шетелдiк ғалымдар мен консультанттарды тартуға, магистратура мен докторантураға қабылдау бойынша мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысына шығындар басым.
      Бағдарламаның бiрiншi кезеңiн республикалық бюджеттен қаржыландырудың қосымша көлемi 461,1* млрд. теңгенi құрайды, оның iшiнде:
      2011 жылы – 59,7 млрд. теңге;
      2012 жылы – 62,3 млрд. теңге;
      2013 жылы – 52,8 млрд. теңге;
      2014 жылы – 145,9 млрд. теңге;
      2015 жылы – 140,4 млрд. теңге.
      Бағдарламаның iс шараларын жергiлiктi бюджеттен қаржыландыру жыл сайын тиiстi жергiлiктi бюджеттерден бiлiм беру жүйесiн дамытуға бөлiнетiн қаражат шеңберiнде жүзеге асырылатын болады.
      * 2011 – 2015 жылдарға арналған Бағдарламаны қаржыландыру көлемi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиiстi қаржы жылдарына арналған республикалық бюджеттi бекiту кезiнде нақтыланатын болады.
1   2   3   4   5   6   7   8

Похожие:

Қазақстан республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы iconҚазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын бекiту туралы
Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын бекiту туралы
Қазақстан республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы iconҚазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға
Республикасы Конституциясының 44-бабының 8 тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының бiлiм беру жүйесiн дамыту мақсатында...
Қазақстан республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы iconҚазақстан Республикасында білім беруді дамытудың
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Қазақстан республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Президентінің 2014 жылғы 12 тамыздағы №893 Жарлығымен Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі...
Қазақстан республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы icon2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын Павлодар облысында іске асыру жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан...
Қазақстан республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы iconҚазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы iconҚазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы iconҚазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы iconҚазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2014 2016 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекiту туралы
Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2014 2016...
Қазақстан республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы iconҚазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасы
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығымен бекітілген...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница