Қазақстан республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы




НазваниеҚазақстан республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы
страница2/8
Дата конвертации14.02.2016
Размер0.83 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.urzhar.vko.gov.kz/kz/files/programm_09.doc
1   2   3   4   5   6   7   8

3. Ағымдағы жай-күйдi талдау
      Қазақстан Республикасында ел басшылығының адами капиталды дамытудың қажеттiлiгi мен маңыздылығын түсiнiп, бiлiм беру жүйесiн реформалауды бастауға және жүргiзуге жан-жақты қолдау көрсетуiнiң нәтижесiнде бiлiм берудi қарқынды дамыту мен жаңғырту мүмкiн болып отыр.
      2005 жылдан бастап Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы, Қазақстан Республикасында техникалық және кәсiптiк бiлiм берудi дамытудың 2008 – 2012 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы, 2007 – 2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасы, Балаларды мектепке дейiнгi тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөнiндегi 2010 – 2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы қабылданды.
      Дарынды жас қазақстандықтарға әлемнiң үздiк университеттерiнде бiлiм алуға мүмкiндiк беретiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Болашақ» халықаралық стипендиясын iске асыру елiмiздегi адами капиталдың дамуына қосылған елеулi үлес болды.
      Қазақстан қазiргi уақытта бiлiм беру, адам мен бала құқығын қорғау саласындағы негiзгi халықаралық құжаттарға қатысушы болып табылады. Бұл – Жалпыға бiрдей адам құқықтары декларациясы, Бала құқықтары туралы конвенция, Адамның экономикалық, әлеуметтiк және мәдени құқықтарының Халықаралық декларациясы, Еуропа өңiрiнде жоғары бiлiм беруге жататын бiлiктiлiктi тану туралы Лиссабон конвенциясы, Болон декларациясы және т.б.
      Адами ресурстарды дамыту елiмiздiң 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспарындағы басымдықтардың бiрi ретiнде айқындалған.
      Бiлiм беруге инвестиция салу арқылы адами капиталды сапалы дамытуда нақты қол жеткен мақсаттар бар.
      Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру нәтижесiнде 2010 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша бiлiм берудiң барлық деңгейi тиiстi ұйымдар желiсiмен институционалды қамтамасыз етiлген. Бiлiм берудiң құрылымы Халықаралық бiлiм берудiң стандартты жiктеуiшiне сәйкес келтiрiлдi. Оқытудың 12 жылдық моделiн енгiзу үшiн жағдайлар жасалуда. Техникалық және кәсiптiк бiлiм қайта құрылымдалды. Мамандарды үш деңгейлi даярлау енгiзiлдi: бакалавр – магистр – Ph.D докторы. Мамандықтардың iрiлендiрiлген топтарынан тұратын Қазақстан Республикасы жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм мамандықтарының жiктеуiшi бекiтiлдi.
      Тәуелсiз сыртқы бағалау элементтерiн қамтитын (лицензиялау, аттестаттау, аккредиттеу, рейтинг, ұлттық бiрыңғай тестiлеу (бұдан әрi – ҰБТ), мемлекеттiк аралық бақылау (бұдан әрi – МАБ), талапкерлердi кешендi тестiлеу және т.б.) Ұлттық бiлiм беру сапасын бағалау жүйесi құрылды.
      Республиканың барлық өңiрлерiнде бiлiм беру сапасын бағалаудың облыстық жүйесiн енгiзу басталды.
      Бiлiм беру ұйымдарының материалдық базасы нығайтылуда.
      2009 жылдың өзiнде мектептерде 640 биология кабинетi, 536 – лингафондық мультимедиалық кабинет (бұдан әрi – ЛМК), 10 физика кабинетi, 78 химия кабинетi жарақтандырылды, 721 мектеп интерактивтi тақталармен толықтырылды. Қазiргi уақытта 3450 мектептiң лингафондық мультимедиалық кабинеттерi бар, 2005 жылмен салыстырғанда олардың саны 2661-ге көбейiп отыр.
      Бiлiм беру сапасы арттырылуда.
      Инклюзивтi бiлiм дамуда.
      Орта мектептiң балаларын тегiн тамақтандыру және жеткiзу мәселелерi баяу шешiлуде.
      Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы 2005 жылғы 25710-нан 2010 жылы 35425-ке артты.
      Бiлiм саласын ақпараттандыруды дамыту жұмыстары жүргiзiлуде. Қазiргi уақытта 18 оқушыға бiр компьютерден келедi. 2005 жылы аталған көрсеткiш 41-дi құраған, оның iшiнде 36-сы – ауылдық жерлерде.
      Интернет желiсiне мектептердiң 98 %-ы қосылған, ауылдық жерлерде – 97 % (2005 жылы – тиiсiнше 75 % және 70 %). Мектептердiң 34 %-ның кең жолақты интернетке шығуға мүмкiндiгi бар.
      Қазақстандық мектеп оқушылары TIMSS – 2007 халықаралық салыстырмалы зерттеуiне қатысып, 36 елдiң 4 сынып оқушылары арасында математика бойынша 5-орынды және жаратылыстану бойынша 11-орынды иелендi.
      Қазiргi уақытта Қазақстанда мемлекеттiк тiлдiң дамуына зор көңiл бөлiнуде. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдарда, республика өңiрлерiндегi жоғары оқу орындары жанынан қазақ тiлiн оқыту орталықтары құрылды, мiндеттi оқыту курстары енгiзiлдi, қазақ тiлiнде iс жүргiзу, негiзгi және орта жалпы бiлiм беретiн мектептерде мемлекеттiк тiлдi деңгейлеп оқыту енгiзiлдi.
      Дарынды балаларға арналған үш тiлде оқытатын мамандандырылған мектептердiң желiсi құрылды. Қазiргi уақытта республикада үш тiлде оқытатын 33 мектеп жұмыс iстейдi.
      6 Назарбаев Зияткерлiк мектебi құрылды.
      Ұлттық жоғары мектепте бiлiм берудiң әлемдiк деңгейiне жету жөнiнде шаралар қабылданды: Қазақстан Еуропалық бiлiм кеңiстiгiне ендi, Болон Декларациясына қосылды, Астана қаласында әлемдiк деңгейдегi беделдi жоғары оқу орны – «Назарбаев Университетi» құрылды.
      Оқу бағдарламаларының мазмұнын айқындауда жоғары оқу орындарының академиялық еркiндiгi кеңейтiлдi: таңдау бойынша компонент бакалавриатта 40 %-дан 50 %-ға, магистратурада 50 %-дан 60 %-ға және докторантурада 70 %-дан 80 %-ға дейiн ұлғайтылды.
      Сапалы жоғары бiлiм алуға ынталы студенттердiң саны өсiп келедi. Шет елдерде 20 мыңнан астам қазақстандық бiлiм алады. 3 мыңға жуық «Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаты әлемнiң 27 елiнде оқиды.
      Шетелдiктер үшiн елiмiздiң жоғары оқу орындарында бiлiм алудың тартымдылығын арттыру үшiн жағдайлар жасау жөнiнде шаралар қабылдануда. Республиканың жоғары оқу орындарында 10 мыңнан астам шетел азаматтары бiлiм алуда.
      Дегенмен қазақстандық бiлiм беру сапасы бәсекеге түсе алмайтындай күйiнде қалып отыр.
      Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту
      Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың мәнiн арттыру жалпы әлемдiк үрдiстер қатарына жатады. Балабақшаға баратын балалар бiлiм берудiң барлық деңгейлерiнде бiлiмдi тез қабылдайды және жалпы өмiрде табысты болып келедi.
      2010 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша Қазақстанда мектепке дейiнгi тәрбиемен және оқытумен қамту 2005 жылмен салыстырғанда 16,8 %-ға өскен және балалардың 40 %-ын ғана құрайды, ал дамыған елдерде бұл көрсеткiш 90-100 %-ға жетiп отыр.
      Туу деңгейiнiң есебiнен балабақшалардағы орын тапшылығы елiмiзде орта есеппен жыл сайын 5–7 %-ды құрайды. Сонымен қатар 5 өңiрде туу факторы мен көшi-қон әсерiнен бұл көрсеткiш 11,1 %-ды құрайды: Оңтүстiк Қазақстан облысында – 8,1 %, Қызылорда – 11,8 %, Жамбыл – 10,7 %, Алматы қаласында – 11,3 %, Астана қаласында – 13,6 %.
      Балабақшаларда орта есеппен 100 орынға 111 баладан келедi, қалаларда – 120. Қалалық жерлерде әрбiр үшiншi бала, ауылдық жерлерде 100 баланың 5-уi ғана балабақшаға барады.
      Инклюзивтi бiлiм беру қажеттi деңгейде дамымаған. Қазiргi кезеңде мүмкiндiктерi шектеулi 149 246 баланың 29 212-сi немесе 19,5 %-ы – мектеп жасына дейiнгi балалар. 37 арнайы балабақшада және 240 арнайы топта 10 мыңдай бала мектепке дейiнгi тәрбиемен және оқытумен қамтылған, бұл 32,8 %-ды ғана құрайды.
      Мемлекеттiк мектепке дейiнгi ұйымдармен қатар жекеменшiк балабақшалар да ашылуда, егер 2005 жылы олардың саны 158 болса, 2010 жылы 284 болып отыр.
      Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттiк бюджет шығыстарының үлесi соңғы жылдар iшiнде iшкi жалпы өнiмнiң (бұдан әрi – IЖӨ) шамамен 0,1 %-ын құрайды. ЭЫДҰ елдерiнде – IЖӨ-ден 1 %-дан 2 %-ға дейiн.
      Орта бiлiм
      Бiлiм беру жүйесiнiң базалық деңгейi орта бiлiм болып табылады. Оны тегiн алу құқығына ел Конституциясы кепiлдiк бередi.
      Орта бiлiм беру жүйесiнде материалдық-техникалық, оқу-әдiстемелiк базаның нашарлығына, сондай-ақ оқытудың мазмұны мен әдiстерiн жаңарту қажеттiлiгiне байланысты проблемалар орын алған.
      2010 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша республикада жергiлiктi атқарушы органдар (бұдан әрi – ЖАО) мен Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiне (бұдан әрi – БҒМ) ведомстволық бағынысты 7576 мемлекеттiк күндiзгi жалпы бiлiм беретiн мектеп жұмыс iстейдi, онда 2,5 млн.-ға жуық оқушы бiлiм алады. Мектептердiң жалпы санының 64,6 %-ы үлгiлiк, 35,4 %-ы – ыңғайластырылған ғимараттарда орналасқан, 201 мектеп апатты жағдайда. Мектептердiң 37,4 %-ы тасымалданатын суды пайдаланады. 70 мектеп 3 ауысымда, 1 мектеп 4 ауысымда жұмыс iстейдi. Мектептердiң 25,1 %-ы күрделi жөндеудi қажет етедi.
      Республиканың негiзгi және орта мектептерiнiң 47,4 %-ы жаңа үлгiдегi физика кабинеттерiмен, 13,2 %-ы химия, 16,3 %-ы биология, 46,7 %-ы лингафондық мультимедиалық кабинеттерiмен жабдықталған.
      Әрбiр бесiншi мектепте асхана мен буфет жоқ. Мектеп асханаларының жабдықтары мен мүкәммалының ескiруi 80 %-ды құрайды. Мектептердiң 26,4 %-нда спорт залдары жоқ. Мемлекет қаржыландыратын арнайы автобустармен балаларды мектепке тасымалдау бағдарламасы жоқ.
      Осылардың барлығы 12 жылдық бiлiм беру моделiн енгiзу мерзiмiн кейiнге қалдыруға себеп болды.
      Қазақстандық бiлiм беру жүйесiнiң ерекшелiгi – мектептердiң жалпы санының 56,5 %-ын құрайтын (2005 жылы – 52 %) ШЖМ болуы. Оның iшiнде, ауылдық жерлерде – 68,6 %.
      Iс жүзiнде әрбiр төртiншi мұғалiм ШЖМ-да жұмыс iстеп, әрбiр алтыншы қазақстандық оқушы ШЖМ-да оқиды.
      Мүмкiндiктерi шектеулi балалар саны өсуде. Егер 2005 жылы олардың саны 124 мыңды құраса, 2010 жылы 149 мыңнан асты. Олардың 41,4 %-ы ғана арнайы бiлiм беру бағдарламаларымен қамтылған.
      Қазiргi заманғы бiлiм беру жүйесi, оқытудың инновациялық нысандары мен әдiстерiн енгiзу педагог қызметкерлердiң тұлғасына және кәсiби құзыреттiлiгiне жоғары талаптар қоюда.
      Бүгiнгi таңда педагог еңбегiн материалдық және моральдық жағынан ынталандыратын және оның әлеуметтiк мәртебесiн көтеретiн барабар заңнамалық база мен жүйе құрылмаған.
      Жұмыс iстейтiн әрбiр бесiншi мұғалiмнiң жасы 50-де және одан да үлкен. Педагогтердiң жалпы санынан 3 жылға дейiнгi өтiлi барлар – 13 %. Жыл сайынғы жас кадрлар есебiнен толығу тек 2,6 %-ды құрап отыр.
      Гендерлiк сәйкессiздiк, кәсiп феминизациясы (81,3 % әйел мұғалiмдер) байқалып отыр. Төмен жалақы (елiмiздегi орташа жалақының 60 %-ға жуығы), педагог кәсiбiнiң беделiнiң болмауы жоғары бiлiктi кадрлардың бұл саладан кетуiне ықпал етедi. 2000 жылдан бастап қызметкерлер жалақысының 400 %-ға өскенiне қарамастан, оның деңгейi елiмiздегi төмен деңгейлердiң бiрi болып қалып отыр.
      Бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк саясаттың басым бағыты өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесiн дамыту болып табылады.
      Алайда, бiлiм беру ұйымдары мен балалардың қоғамдық ұйымдарының тәрбие беру әлеуетiнiң тиiмдiлiгi төмен болып отыр. Мектептерде еңбекпен тәрбиелеу және кәсiптiк бағдарлау жүйесi жойылған, мектептердегi және мектептен тыс ұйымдардағы көркем және музыкалық шығармашылық үйiрмелерiнiң, спорт секцияларының саны жеткiлiксiз. Балалар мен мектептiң қоғамдық ұйымдарының қызметi дұрыс жолға қойылмаған. Балаларды қосымша бiлiм берумен қамту басқа елдермен (30–50 %) салыстырғанда 21,5 %-ды ғана құрайды. Бiлiм алушыларды спорт секцияларымен қамту бүгiнде 20 %-ды құрайды.
      Орта бiлiмге керi әсер ететiн факторлар – ескiрген әдiснамалар мен бiлiм беру мазмұнын iрiктеу қағидаттары. Ақпараттың шамадан тыс болуы оқуға деген ынтаның төмендеуiне және оқушылар денсаулығының нашарлауына әкеледi. Оқыту тұлғаны дамытуға емес, жалаң нәтижелер алуға бағытталған.
      Осылайша, қазiргi бар проблемалар орта бiлiм жүйесiн қазақстандық қоғам дамуының қазiргi заманғы талаптарына және әлемдiк бiлiм беру кеңiстiгiне кiрiгу шарттарына сәйкес жаңғыртуды талап етедi.
      Техникалық және кәсiптiк бiлiм
      ТжКБ жүйесi тұлға мүдделерiн, еңбек нарығының сұраныстарын және экономика мен әлеуметтiк саланы дамытудың перспективаларын қанағаттандыруда маңызды рөл атқарады.
      2010 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша жалпы мемлекеттiк статистика деректерi бойынша 786 ТжКБ оқу орны жұмыс iстейдi, 2005 жылмен салыстырғанда олардың саны 64-ке өстi, оның iшiнде 306 кәсiптiк лицей, 480 колледж. Олардың 22,8 %-ы ауылдық жерлерде орналасқан.
      Жалпы бiлiм беретiн мектептердi бiтiрушiлердiң 32,7 %-ы кәсiптiк лицейлер мен колледждерде оқуын жалғастыруда, оның iшiнде 9-сыныптан кейiн – 24,8 %, 11-сыныптан кейiн – 7,9 %.
      ТжКБ оқу орындарында 609 мың адам, оның iшiнде 36,3 %-ы ғана мемлекеттiк тапсырыс бойынша бiлiм алуда.
      Техникалық және қызмет көрсету еңбегiнiң бiлiктi мамандарын даярлау 177 мамандық және 416 бiлiктiлiк бойынша жүзеге асырылады.
      Сонымен қатар еңбек нарығында кәсiби стандарттардың, мамандарға қойылатын қазiргi заманғы бiлiктiлiк талаптарының болмауы индустрия және жұмыс берушiлер сұраныстарына кадрларды даярлау мазмұнының барабарлығына қол жеткiзуге мүмкiндiк бермейдi.
      ТжКБ жүйесiнiң қолданыстағы инфрақұрылымы мен материалдық-техникалық жарақтандыруы кадрлар даярлаудың сапасы мен жастар үшiн оқытудың тартымдылығын қамтамасыз ете алмайды.
      Жоғары деңгейде бiлiм беру үшiн инженер-педагог қызметкерлердi қолдаудың төмен болуы бiлiктiлiгi жоғары кадрлардың экономиканың басқа салаларына ауысуына себеп болуда.
      Тиiмсiз басқару нарықтық жағдайда оқу орындарының бәсекеге қабiлеттiлiгiн қамтамасыз етпейдi.
      Аз қаржыландыру және мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бойынша бiр маманды оқытуға кететiн шығыстар құны оқушының қазiргi заманға сай бiлiктiлiк алуына мүмкiндiк бермейдi.
      Бұдан басқа үздiксiз бiлiм алу және бiлiктiлiгiн өмiр бойы арттыру мәселелерiн шешу қажет.
      Бiлiмге негiзделген экономика және қоғам, өмiр бойы оқыту – бәсекеге қабiлеттiлiк пен жаңа технологияларды қолдану проблемаларын шешудiң, әлеуметтiк бiрлiктi, тең мүмкiндiктер мен өмiр сапасын жақсарту тәсiлдерi болуы тиiс.
      Жоғары, жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм және ғылым
      Жоғары бiлiм республика экономикасының барлық салалары үшiн құзыреттi және бәсекеге қабiлеттi мамандарды кәсiби даярлауды қамтамасыз етуде, ғылым мен өндiрiстi бiрiктiруде маңызды рөл атқарады.
      Қазiргi уақытта 148 жоғары оқу орны (9 ұлттық, 2 халықаралық, 32 мемлекеттiк, 12 азаматтық емес, 90 жеке меншiк жұмыс iстейдi, оның iшiнде 16-ы акционерленген), онда 595 мыңнан астам адам оқиды.
      Көптеген жұмыс берушiлер жоғары оқу орындары оқытып шығаратын мамандар сапасына қанағаттанбайды. Бiлiм беру бағдарламалары жұмыс берушiлердiң күткен нәтижелерiне жауап бермейдi және экономика талаптарына сәйкес келмейдi.
      Қазақстанда барлық жоғары бiлiм жүйесiн қамтитын маңызды жасырын фактор жемқорлық болып табылады. Оны жоюдың нақты шаралары қабылданбайынша жоғары бiлiм саясаты тиiмдi болмайды.
      Жоғары оқу орындарын кадрлармен қамтамасыз етуде керi үрдiс орын алған: профессор-оқытушы құрамын жүйелi даярлау жоқ, қоса жұмыс атқару кеңiнен таралған.
      Қазақстанның жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық ресурстары жеткiлiктi қарқынмен жаңартылмайды. Жоғары оқу орындарында гуманитарлық мамандықтар сияқты техникалық мамандықтар бойынша да кiтапхана қорын жаңартудың бекiтiлген нормалары сақталмайды. Көптеген пәндер бойынша оқулықтар әзiрленбейдi немесе аз тиражбен басылады. Жоғары оқу орындарының ақпараттық ресурстары бiрiктiрiлмеген, кiтапхана қоры бытыраңқы сипатқа ие.
      Қазiргi уақытта бiлiм беру қызметiн қаржыландыруды мемлекеттiк қолдаудың қазiргi тетiктерi жеткiлiксiз.
      Бiлiмдi, ғылымды және өндiрiстi бiрiктiру, жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмдi ғылым мен техниканың қазiргi кезеңдегi жетiстiктерi негiзiнде дамыту бүгiнгi күнде экономиканы дамытудың басым бағыттарының бiрi болып табылады.
      Ғылым саласында бiрқатар шешiлмеген проблемалар бар.
      Ескiрген материалдық-техникалық база және зертхана жабдықтары сапалы ғылыми зерттеулердi жүргiзуге мүмкiндiк бермейдi.
      Жобалау институттары мен конструкторлық бюролар санының жеткiлiксiздiгi өндiрiстегi технология трансфертiн бәсеңдетедi. Жобалау институттарының, конструкторлық бюролардың және өндiрiстiң жоғары оқу орындарымен өзара қарым-қатынас тетiгi жоқ.
      Жастарды ғылымға тарту үшiн жағдайлар жасалмаған. Кадрлардың қартаюы байқалады.
      Ғылыми қызметкерлердiң орташа жасы – 55-те.
      Қазақстанның жоғары оқу орындарының ғылыми әлеуетi аса тиiмсiз пайдаланылады.
      Бiлiмнiң, ғылымның және өндiрiстiң арасындағы байланыстың нашарлығы мына себептерге негiзделген:
      жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдар арасындағы ведомствоаралық кедергiлер;
      жоғары оқу орындарының ғылымын жеткiлiксiз қаржыландыру;
      ғылым мен техниканың жетiстiктерiне орай әрекет етуге, өндiрiстiң өзгерген сұранысын есепке алуға мүмкiндiк бермейтiн бiлiм беру процесiн шамадан тыс әкiмшiлендiру;
      жеке меншiк сектордың бiлiмдi, ғылымды және инновациялық қызметтi қаржыландыруды жүзеге асыруға экономикалық ынталандыру шараларының болмауы.
      Қазақстанда әзiрлемелердi орындайтын және ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды нәтижесiне жеткiзудi қамтамасыз ететiн, оларды тәжiрибе жүзiнде iске асыратын инновациялық құрылымды қолдаудың институционалды нысандары дамымаған.
      Қазақстандағы ғылыми әзiрлемелердiң үлес салмағы дамыған елдерде қабылданған деңгейден он есе төмен қалып отыр.
      Тәрбие жұмысы және жастар саясаты
      Бiлiм беру жүйесiн жаңғыртудың маңызды мiндеттерiнiң бiрi – өкiлдерi бәсекеге қабiлеттi бiлiмдi меңгерген, ой-өрiсi дамыған ғана емес, жоғары азаматтық және адамгершiлiк ұстанымы, отансүйгiштiк сезiмi мен әлеуметтiк жауапкершiлiгi қалыптасқан зияткер ұлтты қалыптастыру болып табылады.
      2010 жылдың басында 14–29 жас аралығындағы халықтың саны жалпы халықтың 28,7 %-ын құрайды. Ауылдық жерлерде тұратын жастардың үлесi – 49,1 %.
      2010 жылдың басында туылғаннан бастап 18 жасқа дейiнгi жас өспiрiмдердiң саны 5 млн. адамға жуық. Балалардың құқығы мен мүдделерiн қорғауды жергiлiктi атқарушы органдардағы мамандар қамтамасыз етедi.
      Мемлекеттiк жастар саясаты саласында мынадай проблемалар орын алып отыр.
      Жастар арасындағы тәрбие жұмысын үйлестiрудiң орталықтандырылған жүйесi жоқ.
      2008 - 2009 жылдардағы әлеуметтiк сауалдың деректерi бойынша жастар ұйымдарының қызметiне қатысатын жастардың үлесi жастардың жалпы санының 22 %-ын құрайды.
      Өкiлдi органдардағы жастар саясатының мәселелерi бойынша шешiмдердi қабылдауға қатысатын жастардың үлесi 1 %-ға жетпейдi.
      Әлеуметтiк сауалдың нәтижелерi респонденттердiң 64 %-ы мемлекеттiк жоғары оқу орындарын жемқорлыққа аса бейiм деп санайды, 54 %-ы жоғары оқу орындарында жемқорлықтың деңгейiн жоғары деп бағалайды, 28 %-ы дипломдарды «сатып алу» фактiлерiн көрсетедi.
      Барлық балалар үшiн өз құқықтарын толығымен пайдалану қамтамасыз етiлмеген.
      Одан басқа, бiлiм саласында бiлiм беру статистикасы мәлiметiнiң бiртұтас базасы жоқ. Бiлiм берудiң мемлекеттiк статистика нысандарында кең жарияланымдар жоқ, бiрiктiрiлмеген, олар бойынша терең талдау жоқ әрi қоғамның көпшiлiгiне қолжетiмсiз. Бiлiм берудiң ұлттық статистикасының көрсеткiштерi халықаралық статистиканың талаптарына сай емес.
      Осылайша, бiлiм берудегi ахуалды талдау мыналарды көрсетедi.
      Күштi жақтары:
      бiлiмдi дамытудың нақты айқындалған басым бағыттары;
      мектепке дейiнгi және орта бiлiм объектiлерi желiсiнiң ұлғаюы;
      бiлiм берудiң әрбiр деңгейi бойынша ұлттық және республикалық орталықтардың болуы;
      қазақстандық бiлiм беру құрылымының Бiлiм берудiң халықаралық стандарты жiктеуiшiмен сәйкестiгi;
      техникалық және кәсiптiк бiлiмдi қайта құрылымдау;
      Ұлттық бiлiм беру сапасын бағалау жүйесiнiң қызмет етуi;
      TIMSS – 2007 халықаралық зерттеуiндегi жоғары көрсеткiштер;
      Еуропалық бiлiм беру кеңiстiгiне кiру.
      Әлсiз жақтары:
      бiлiм берудi қаржыландырудың жеткiлiксiздiгi;
      педагог кәсiбi мәртебесiнiң төмендiгi;
      педагог кадрларды даярлау сапасының жеткiлiксiздiгi;
      жоғары бiлiктi педагог кадрлардың тапшылығы;
      балалар құқықтарын қорғау мамандарының саны жеткiлiксiз;
      бiлiм берудегi менеджменттiң нашар дамуы;
      бiлiм беру саласында мемлекеттiк – жеке-әрiптестiк (бұдан әрi – МЖӘ) жүйесi толық дамымаған;
      бiлiм берудi ақпараттандырудың нашар дамуы;
      бiлiм беру статистикасы халықаралық стандарттарға сәйкес емес және бiлiм алушыларға қолжетiмсiз;
      мектепке дейiнгi тәрбиемен және оқытумен төмен қамтылуы;
      жалпы орта және жоғары бiлiм мазмұнының бiрiгуiнiң жоқтығы;
      бiлiм беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасының нашарлығы;
      ШЖМ ұсынатын бiлiм беру қызметтерi сапасының нашарлығы;
      инклюзивтi бiлiмнiң нашар дамуы;
      ұлттық бiлiктiлiк жүйесiнiң жоқтығы;
      колледждер мен ЖОО бiтiрушiлерiнiң бiлiктiлiгiне бiлiм беру жүйесiнiң ұсынысы мен жұмыс берушiлердiң сұранысының арасындағы теңдiктiң жоқтығы;
      жоғары бiлiм мен ғылымның ықпалдасуының жоқтығы.
      Мүмкiндiктер:
      Мемлекет үшiн:
      қазақстандық бiлiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру;
      адами капиталдың сапасын арттыру;
      балалардың өмiр сапасының әлеуметтiк құқықтық кепiлдiктерiн қамтамасыз ету;
      еңбек ресурстарын пайдалану тиiмдiлiгiн арттыру;
      ұлттық экономиканы тұрақтандыру;
      халықаралық ұйымдар мен жұмыс берушiлер тарапынан бiлiмдi инвестициялық қолдау;
      бiлiм беру саласында басқарудың жаңа тиiмдi әдiстерiнiң пайда болуы;
      оқушылар арасында спортты өрiстету;
      бюджет қаражатын пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыру;
      бiлiм беру саласының қолжетiмдiлiгiн, тартымдылығын, сапасын, ашықтығын арттыру;
      ел экономикасының орнықты өсуiн қамтамасыз ету;
      халықаралық рейтингтердiң көрсеткiштерiн жақсарту;
      ата-аналардың бала тәрбиелеудегi жауапкершiлiгiн арттыру.
      Ата-аналар үшiн:
      бiлiм беру ұйымдарын таңдау мүмкiндiгi;
      бiлiм берудi басқаруға қатысу;
      мектепке дейiнгi тәрбиенiң және оқытудың еркiн қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету;
      баланың жетiстiктерi туралы қашықтықтан ақпараттық хабарландыру арқылы ата-ана – бiлiм беру ұйымы – бала байланысын жүзеге асыру.
      Педагог үшiн:
      педагог кәсiбiнiң тартымдылығы;
      мансаптық өсу жүйесiн қамтамасыз ету;
      барлық қызмет аясында бiлiм алу, оның iшiнде шетелде және кәсiптiк құзыреттiлiктi дамыту.
      Бiлiм алушылар үшiн:
      баршаға бiрдей сапалы бiлiмге қол жеткiзу;
      үздiк бiлiм беру ресурстары мен технологияларына қол жеткiзу;
      коммуникативтiк және кәсiптiк құзыреттiлiктi дамыту.
      Қауiп-қатер:
      бiлiм берудiң жеткiлiксiз қаржыландырылуына байланысты алға қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзбеу;
      педагог еңбегiнiң төмен уәждемесi, мұғалiм кәсiбiнiң беделсiздiгi;
      педагогтердiң басым бөлiгi даярлығының төмен деңгейi;
      педагог кадрлардың өздiгiнен бiлiм алуға және кәсiби өсуiне ұмтылысының жеткiлiксiздiгi;
      электрондық оқыту жүйесiн қолданудағы пайдаланушылардың төмен уәждемесi;
      демографиялық процестерге (туудың өсуi) және көшi-қон жағдайларына байланысты мектепке дейiнгi ұйымдардан орын алуға кезек пен оқушы орны тапшылығының өсуi;
      бiлiм сапасының нашарлауы;
      бiлiм беру ұйымдарын пайдалануға беру мерзiмдерiнiң бұзылуы;
      апаттық деп танылған мектептер санының ұлғаюы;
      мүмкiндiгi шектеулi балалардың және мүгедек балалардың көбеюi;
      еңбек нарығында мамандарға деген болжамның жоқтығы;
      саладағы еңбекақы деңгейi мен елдегi жалақының орташа деңгейiнiң арасындағы сәйкессiздiктен туындаған техникалық және кәсiптiк бiлiм жүйесiнен кадрлардың кетуi;
      Қазақстанның ЖОО-да бiлiм алуды қалайтын шетел азаматтары санының қысқаруы;
      өзiнiң ғылыми әлеуетiн iске асырудың анағұрлым қолайлы перспективаларын iздеумен ғалымдардың басқа мемлекеттерге кетуi;
      ғылымға жастардың аз келуi;
      бағдарламаны iске асыру барысында қоса орындаушылардың үйлессiздiгi.
      Осылайша, аталған бағдарлама бiлiм беру жүйесiн одан әрi жаңғыртуды және оның еуропалық деңгейге шығу перспективаларын болжайды.
1   2   3   4   5   6   7   8

Похожие:

Қазақстан республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы iconҚазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын бекiту туралы
Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын бекiту туралы
Қазақстан республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы iconҚазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға
Республикасы Конституциясының 44-бабының 8 тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының бiлiм беру жүйесiн дамыту мақсатында...
Қазақстан республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы iconҚазақстан Республикасында білім беруді дамытудың
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Қазақстан республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Президентінің 2014 жылғы 12 тамыздағы №893 Жарлығымен Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі...
Қазақстан республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы icon2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын Павлодар облысында іске асыру жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан...
Қазақстан республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы iconҚазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы iconҚазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы iconҚазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы iconҚазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2014 2016 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекiту туралы
Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2014 2016...
Қазақстан республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы iconҚазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасы
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығымен бекітілген...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница