Скачать 1.25 Mb.
|
4. Бағдарламаны iске асыру нәтижелерiнiң көрсеткiштерi Ескерту. 4-кiшi бөлiмге өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2012.05.15 № 621 Қаулысымен.
5. Бағдарламаны iске асыру тетiгi Ескерту. 5-кiшi бөлiм жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.05.15 № 621 Қаулысымен. Бағдарламаның iс-шараларын iске асыруға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi, Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгi, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгi мен жергiлiктi атқарушы органдар, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi, Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi, Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi қатысады. 5. Бағдарламаны iске асыру кезеңдерi Ескерту. 5- бөлiмге өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2012.05.15 № 621 Қаулысымен. Бағдарламаны iске асыру мынадай кезеңдерде жүзеге асырылады және тиiсiнше мiндеттер шешiлетiн болады: 1 - кезең 2011 - 2015 жылдар. ауылдық жерде орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткiзудi АЕМ-нiң жалпы санының 49 %-на, қалаларда - 87 %-ға қамтамасыз ету; ауылдық жерде орталықтандырылған су бұруға қол жеткiзудi 12 %-ға, қалаларда - 85 %-ға қамтамасыз ету; 2- кезең 2016 - 2020 жылдар. ауылдық жерде орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткiзудi АЕМ-нiң жалпы санының 80 %-на, қалаларда - 100 % қамтамасыз ету; ауылдық жерлерде орталықтандырылған су бұруға ауылдық елдi мекендердiң жалпы санының 20 %-на, қалаларда - 100 %-ға қол жеткiзу. Бюджет қаражатын тиiмсiз және үнемсiз пайдалану фактiлерiн болдырмау, Бағдарламаны iске асырудың алдағы 2011 - 2020 жылдар кезеңiне арналған халықты ауыз сумен және су бұрумен жабдықтау бойынша баламалы және үнемдi шешiмдерiн iздеудi кеңейту мақсатында мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады: 1. Сумен жабдықтаудың және су бұрудың жаңа объектiлерiн салу және қолданыстағыларды қайта жаңарту кезiнде жүйелi тәсiлдi енгiзу. 2. Сумен жабдықтау және су бұру су шаруашылығы секторының инвестициялық тартымдылығын арттыру және сумен жабдықтау мен су бұру объектiлерiн қаржыландыруға жеке капиталды барынша тарту. 3. Мемлекеттiк-жекеменшiк әрiптестiктiң экономикалық негiзделген моделiн енгiзу. 4. Қалалық және ауылдық жерлердегi сумен жабдықтау және су бұру кәсiпорындарын МЖӘ моделiне кезең-кезеңiмен көшiру. 5. Сумен жабдықтау және су бұру саласындағы нормативтiк-құқықтық және нормативтiк-техникалық базаны жетiлдiру. 6. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiнiң техникалық жай-күйiнiң мониторингi жүйесiн құру. 7. Халықты ауыз сумен жабдықтау үшiн жер асты суларының әлеуетiн барынша пайдалану. 8. Сумен жабдықтау мен су бұру жүйелерiн жобалау сапасын арттыру және сумен жабдықтау мен су бұру саласында қазақстандық қамтуды дамыту. 9. Саланы кадрмен қамтамасыз ету. 1. Сумен жабдықтаудың және су бұрудың жаңа объектiлерiн салу және қолданыстағыларды реконструкциялау кезiнде жүйелi тәсiлдi енгiзу Сумен жабдықтаудың және су бұрудың жаңа объектiлерiн салуға және қолданыстағыларды реконструкциялауға жұмсалатын бюджет қаражатын тиiмдi пайдалану мақсатында жүйелi тәсiл қолданылатын болады. Жүйелi тәсiл ауылдық және қалалық сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiнiң ағымдағы жай-күйiне мiндеттi зерттеу, сондай-ақ ғылыми-техникалық негiздемесi жағдайын және ауылдық және қалалық жерлерде сумен жабдықтаудың және су бұрудың келiсiлген жобалар тiзбесiн қалыптастыруды көздейдi. 2. Қалалық сумен жабдықтау және су бұру жүйелерi үшiн Ескерту. 2-кiшi бөлiм жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.05.15 № 621 Қаулысымен. Қалалық жерлердегi жүйелi тәсiл мыналарды көздейдi: 1. Сумен жабдықтау және су бұру желiлерiн салуды және қайта жаңартуды талап ететiн елдi мекендердiң алдын ала тiзiмiн қалыптастыру. 2. Қалалардың сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiне (2011 жылдың екiншi жартыжылдығында аяқтай отырып) зерттеу жүргiзу. Жүргiзiлген зерттеулердiң нәтижелерi бойынша 56 қалалық сумен жабдықтау мен су бұру жүйелерiнiң қалалық сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiне арналған инвестициялар негiздемелерiн әзiрлеу (жұмыстың 2011 жылдың екiншi жартыжылдығында бастау және 2013 жылы аяқтау). Қалаларды дамытудың перспективалық көрсеткiштерi (халық саны, өнеркәсiп және т.б.) сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiне инвестициялардың негiздемелерiн әзiрлеу үшiн негiз болып табылады, соның негiзiнде тиiстi деректер қалыптастырылады (су тұтынудың және су бұрудың жалпы көлемi, сарқындының сапалық және сандық сипаттамалары болжанады және т.б.). Бас жоспарлары жоқ қалалар бойынша инвестициялардың негiздемесiн бекiту жергiлiктi атқарушы органдар бекiткен кемiнде 2020 жылға дейiн есептелген мерзiмге арналған қалаларды дамытудың перспективалық көрсеткiштерiнiң негiзiнде жүргiзiледi. 3. Жергiлiктi атқарушы органдардың жобалау-сметалық құжаттаманы әзiрлеу жоспарланып отырған жобалардың тiзбесiн Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгiмен келiсуi. 4. Сумен жабдықтау және су бұру жобаларының бiрыңғай тiзбесiн зерттеу нәтижелерi болған кезде және сумен жабдықтау мен су бұрудың қалалық жүйелерi инвестицияларының негiздемесiне қатаң сәйкестiкте қалыптастыру. 5. Сумен жабдықтау және су бұру жобаларының алдын ала тiзбесiн бекiту: 1. Сумен жабдықтау және су бұру жобаларының алдын ала тiзiмiн қалыптастыруды Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгi жоспарланатын қаржы жылының алдындағы жылдың бiрiншi тоқсанында жергiлiктi атқарушы органдардың келесi қаржы жылына арналған бюджеттiк өтiнiмдерi негiзiнде жүзеге асыратын болады. Бұл ретте, сумен жабдықтау және су бұру жобаларын iрiктеудiң негiзгi өлшемi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жергiлiктi атқарушы органдар тарапынан жобаларды мiндеттi түрде бiрлесiп қаржыландыру болуы тиiс. Сумен жабдықтау және су бұру жобаларын iрiктеу және тiзбеге қосу мынадай өлшемдерге сәйкес жүзеге асырылуы тиiс: 1) электрондық және қағаз жеткiзгiштерде жобалау-сметалық құжаттаманың болуы; 2) экологиялық сараптаманың болуы; 3) Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi Геология және жер қойнауын пайдалану комитетiнiң келiсiмi, оның iшiнде пайдалану мерзiмi аяқталған қолданыстағы сумен жабдықтау көздерi бойынша уақытша қорытынды; 4) жобаның жобалау-сметалық құжаттамасына мемлекеттiк сараптаманың қорытындысы; 5) салалық мемлекеттiк органның салалық сараптамасы; 6) түсiндiрме жазба; 7) техникалық зерттеудiң болуы; 8) жобаны бекiту туралы бұйрық 9) пайдаланушы кәсiпорынның болуы. 2. 2010 жылы басталған қалалық елдi мекендердiң (бұдан әрi – ҚЕМ) сумен жабдықтау мен су бұру жүйелерiне зерттеу жүргiзу жалғасады. Зерттеу жөнiндегi iс-шаралар: диагностикалау әдiстерiн қолдана отырып, қолдағы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiнiң техникалық жағдайы туралы бастапқы деректердi жинауды жер асты су тартқыштар бойынша гидрогеологиялық қорытындылар мен жер үстi су тартқыштар бойынша гидрогеологиялық қорытындылар жасауды қамтиды. Орындалған iс-шаралардың нәтижесi сумен жабдықтау, су бұру жүйелерiн зерттеу актiсi және "Ғимараттар мен құрылғылардың техникалық жағдайын зерттеу және бағалау" ҚР ҚН 1.04-04-2002 сәйкес объектiлер жағдайы туралы техникалық түйiндеме болып табылады. Зерттеудiң орындалуына қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгi техникалық тапсырма түрiнде бекiтедi. Зерттеулер нәтижесi Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiмен келiсiменнен кейiн Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгi оны есеп түрiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсынуға тиiс. Зерттеуден кейiн пайдаланушы кәсiпорындар негiзгi құралдарға қайта бағалау жүргiзуге тиiс. Жүргiзiлген зерттеулер қорытындысы бойынша (iрi және орташа қалалар) 2011 – 2013 жылдары сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiнiң инвестициялық негiздемесi әзiрленетiн болады. Қалаларды сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiнiң инвестициялық негiздемесi мыналарды қамтуы тиiс: коммуналдық қызметтердi өндiру және тұтыну көлемiнiң, коммуналдық қызметтерге тарифтер деңгейi өсуiнiң болжамы; инвестициялық жобаларды iрiктеу өлшемдерi және оларды iске асыру басымдылығы; коммуналдық секторды қайта жаңғырту және дамыту жобаларын қаржыландыру көздерi бойынша ұсыныстар әзiрлеу; инвестициялық жобалардың жалпы тiзiмi; жобаларды қаржыландыру көздерi бойынша ұсыныстар; энергияны және ресурстарды үнемдейтiн технологияларды енгiзу; қазақстандық қамтуды қамтамасыз ету. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiне инвестициялардың негiздемелерiне қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгi белгiлеуi тиiс. Сумен жабдықтау және су бұру инвестициялық жүйелерiнiң негiздемелерiн әзiрлеудi Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгi сумен жабдықтау және су бұру саласындағы ведомстволық бағынысы мемлекеттiк жобалау-iздестiру ұйымы арқылы орталықтандырып жүзеге асырады. Одан кейiн, инвестициялар негiздемелерiнiң негiзiнде сумен жабдықтаудың және су бұрудың қалалық жүйелерiнiң жекелеген учаскелерiне және объектiлерiне ЖСҚ әзiрленетiн болады. 56 қалаға инвестициялық негiздемелер әзiрлеу жөнiндегi жұмыс 2013 жылы аяқталуға тиiс, алайда бүгiнгi күнге дейiн орындалған жұмыстардың көлемi кестеден артта қалып келедi. 3. Қалалық жерлерде сумен жабдықтау және су бұру жобаларының бiрыңғай тiзбесiн қалыптастыру зерттеу қорытындылары болған кезде және сумен жабдықтау мен су бұрудың қалалық жүйесiнiң инвестициялық негiздемесiмен қатаң сәйкестiкте жүзеге асырылатын болады. Бұл ретте, қалалық жерлерде жобалар тiзбесiн қалыптастыру кезiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жергiлiктi бюджет тарапынан бiрлесiп қаржыландыру мiндеттi шарт болады. Бөлiнетiн қаражатты өңiрлер арасында бөлiп беру өңiрде тұратын халық санына тепе-тең жүзеге асырылады. Өңiр iшiнде бюджет қаражаты қалалар бойынша мынадай өлшемдерге сәйкес бөлiнетiн болады: қалалардағы халық саны; халықтың сумен жабдықтаумен және су бұрумен қамтылуы; жөндеудi қажет ететiн сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiнiң үлесi. Осылайша, сумен жабдықтау және су бұру жобаларының тiзбесiн қалыптастыруды жергiлiктi атқарушы органдардың өтiнiмдерi мен инвестициялар негiздемелерiнiң нәтижесi негiзiнде Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгi жүзеге асырады. Жобалардың басымдылығын сумен жабдықтаудың және су бұрудың қалалық жүйелерiнiң инвестициялары негiздемелерiнiң негiзiнде жоғарыда көрсетiлген басымдылық өлшемдерiн ескере отырып, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгi анықтайды. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерi инвестицияларының негiздемелерiн әзiрлеу кезеңiнде (2011 – 2013 жылдар) қалалық жердегi сумен жабдықтау және су бұру жобаларының бiрыңғай тiзбесiне жобаларды iрiктеу осы бөлiмнiң 1-тармағында көрсетiлген өлшемдерге сәйкес жүзеге асырылатын болады. Жыл сайын құрастырылатын қалалық жердегi сумен жабдықтау және су бұру жобаларының бiрыңғай тiзбесi мыналарды қамтитын болады: ЖСҚ-ның сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiн инвестицияларының негiздемесiне сәйкестiгi расталған, сондай-ақ сумен жабдықтаудың расталған көздерi бар ҚЕМ жобалары; ЖСҚ әзiрлеудi немесе түзетулердi қажет ететiн ҚЕМ жобалары; жер асты сулары қорымен қамтамасыз ету үшiн геологиялық-барлау жұмыстарын жүргiзудi қажет ететiн ҚЕМ жобалары; жер асты су көздерiнiң пайдалану мерзiмi аяқталған, Геология және жер қойнауын пайдалану комитетi жер асты сулары қорларының бар болуы туралы уақытша қорытынды берген ҚЕМ жобалары; Қалалық жердегi сумен жабдықтау және су бұру жобаларының түпкiлiктi қалыптастырылған бiрыңғай тiзбесi кейiннен, жоспарланған қаржы жылының алдындағы жылдың екiншi тоқсанында Ауыз сумен қамтамасыз ету саласында ұсыныстар әзiрлеу жөнiндегi комиссияның қарауына шығару үшiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiне және Экономикалық даму және сауда министрлiгiне алдын ала қарауға енгiзiлетiн болады. |
![]() | «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы» «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 1... | ![]() | Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы |
![]() | Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы Республикасының 2030 жылға дейінгі Даму Стратегиясын іске асыру мақсатында қаулы етемін | ![]() | 2011 – 2020 жылдарға арналған «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің |
![]() | «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы | ![]() | Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1... |
![]() | Жаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері Жолдауын және «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің... | ![]() | Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы №1158 жарлықтарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының... |
![]() | 1. бағдарламаның паспорты Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің... | ![]() | Т ұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту Республикасы Президентінің «Мемлекет басшысының 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына... |