«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы»




Название«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы»
страница3/9
Дата конвертации14.02.2016
Размер1.25 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://kyzylorda.gov.kz/upload/file/4kaz.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9
8. Сумен жабдықтау және су бұру жүйесiндегi тарифтiк саясат

      Бұрын атап көрсетiлгендей, су шаруашылығы секторына сумен жабдықтау желiлерiнiң тозуы мен су шаруашылығы секторы кәсiпорындарының активтерiн жаңартуға және жаңғыртуға жұмсалатын қаржының жетiспеушiлiгi туралы мәлiмдейтiн нормативтiк техникалық шығындар жоғары деңгейге тән.
      Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң деректерi бойынша 2005-2009 жылдар кезеңдерiнде сумен жабдықтау мен су бұру қызметiн көрсетуге ел бойынша тарифтер орташа 27 теңгеден 33,8 теңгеге дейiн көтерiлдi.
      Осыған байланысты, сумен жабдықтау саласындағы табиғи монополиялар субъектiлерi қызметтерiне тариф белгiлеумен байланысты мәселелерге басты назар аудару қажет.
      Сумен жабдықтау саласындағы жағдай, сонымен қатар суды тиiмсiз пайдалану проблемасына байланысты күрделене түсуде.
      Осылайша, бүгiнгi таңда ауыз суды пайдалануда тарифтiң төмен деңгейiне қатысты дамыған елдерге қарағанда бүгiнгi күнi Қазақстанда жан басына шаққанда 2345 м3 құрайды, Еуропада бұл көрсеткiштер жылына 455,5 м3 құрайды.
      Сол себептi, бүгiнгi таңда сумен жабдықтау қызметтерiн жеткiзушiлердi өз шығындарын қысқартуға ынталандырумен бiрге, тұтынушылардың суды ұтымды пайдалануға, оның iшiнде суды есептеу аспаптарын орнату жолымен ынталандыру, суды үлестi пайдалану нормаларын төмендету, пайдаланылған су көлемiне байланысты және тұтынушылар топтары бойынша сараланған тарифтердi енгiзу мәселесi де өткiр тұр.
      Тұтынушы топтарға сараланған тарифтердi қолдану Алматы қаласы мен Ақмола облысының су арналарының жұмысын үлгi ретiнде көрсетуге болады. Екiншi жылдың өзiнде заңды тұлғалардың суды тұтынуы төмендегенi байқалды.
      Қолданған су көлемiне сай сараланған тарифтерге - яғни екiншi кезеңге өту қажет. Егер де заңды тұлғаларға қатысты мәселенiң түсiнiктiлiгi белгiлi болса, онда осындай тарифтердi халыққа қолданған кезде, қызметтердi тұтынушылар сияқты пайдалану орындарында барлық тетiктерi мен қатерлерiн егжей-тегжейлi әзiрлеу қажет. Нұсқаларды салыстыру, аспаптардың көрсеткiштерiн қашықтан беретiн су есептейтiн автоматтандырылған жүйенi енгiзу немесе бiрден бақылаушылар санын өсiру.
      Сезiмталдығы жоғары, нақтылығы төмен класты суды есептеудiң арзан аспаптарын пайдалану, аспаптарды дұрыс құрастырмау, үйдiң жалпы есептегiш құралының (ЖЕҚ) болмауы немесе оны олардың көрсеткiштерiн елемеу, пайдаланылған суды 30 %-ға дейiн дұрыс есептемеу-коммерциялық шығындарға әкеледi, тиiсiнше пайдаланушы кәсiпорындар елеулi түрде табысын жоғалтады.
      Осылайша, 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң деректерi бойынша қалалардағы суды есептеу аспаптарымен қамту деңгейi республика бойынша орташа есеппен 82 %-ды құрады. Ауылдық елдi мекендерде суды есептеу аспаптарымен қамту 40 %-ға да жетпейдi.
      Тарифтiк саясат - орта және ұзақ мерзiмдi бағдарламаларды iске асыруға арналған инвестицияларды өтейтiн пайдаланушы кәсiпорындарының жұмыс өтiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн сумен жабдықтау және су бұру қызметтерiнiң тарифтерiн қалыптастыруға бағытталған болуы қажет.

9. Сумен жабдықтау және су бұру секторын кадрмен қамтамасыз ету

      Ескерту. 9-кiшi бөлiмге өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2012.05.15 № 621 Қаулысымен.

      Қазiргi уақытта пайдаланушы кәсiпорындар, жобалық ұйымдар, жергiлiктi және республикалық деңгейдегi мемлекеттiк мекемелердiң аппараттары, оқу орындары «Су ресурстары және су пайдалану» мамандығы бойынша бiлiктi кадрларға тапшы.
      Қазiргi уақытта, 7 ЖОО ҚР су секторы үшiн кадрларды даярлауды қамтамасыз етуде: Қазақ Ұлттық Техникалық Университетi - Алматы қаласы, Еуразия Ұлттық Университетi - Астана қаласы, Қызылорда мемуниверситетi, Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетi - Шымкент қаласы, Шығыс Қазақстан Мемлекеттiк техникалық университетi, Атырау және Тараз мемуниверситеттерi.
      Сала үшiн мамандар "Су ресурстары және суды пайдалану" мамандығы шеңберiнде даярланады. Қалалық сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiн пайдалануға беру үшiн ЖОО мамандар даярламайды.
      Бұдан басқа, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мамандықтар бойынша 26 техникалық және кәсiптiк бiлiм беру оқу орнында, сондай-ақ 21 кәсiпкерлiк лицейде және 5 колледжде кадрларды даярлау жүргiзiлуде, бұл ретте, 2008-2009 оқу жылдары «Сумен ресурстары және су пайдалану» мамандығы бойынша бiтiргендер 19 адамды құрады.
      Тұрақты ғылыми-техникалық прогресс инновациялық есептеу аспаптарымен сумен жабдықтау мен су бұрудың жаңғыртылған желiсiнiң болуын талап ететiнiн ескере отырып, сала қазiргi уақытта суды есептеу аспаптарының жаңа жоғары дәлдiкте жүргiзе бiлетiн сертификаттары бар жұмыскерлердi қажет етедi.
      Сезiмталдығы жоғары, нақтылығы төмен классты суды есептеудiң арзан аспаптарын пайдалану, үйге ортақ есептеу аспаптарының жоқтығы, аспаптарды дұрыс монтаждамау пайдаланылған суды дұрыс есептемеу коммерциялық шығындарға әкеледi, тиiсiнше пайдаланушы кәсiпорындар елеулi түрде табысын суды тұтынушыға қойылған құнынан оншақты пайызын жоғалтады.
      Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң деректерi бойынша геология саласы және су секторы саласы гидрогеолог мамандарына аса зәру. Соңғы жылдары жоғары бiлiктi инженер-гидрогеолог мамандарын даярлау тоқтатылған, қазiргi жоғары бiлiм сыныптамасында мұндай мамандық қарастырылмаған.
      Бүгiнгi күнi бұл саладан кадрлар көптеп кетуде. Негiзiнен салада жұмыс iстейтiн инженер-техник қызметкерлерiнiң бiлiмi қажеттi бiлiктiлiкке сай келмейдi. Сонымен бiрге республикада, жалпы, кадрларды қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру жүйесi жоқ.
      Жалпы, өткен кезеңде мемлекеттiң халықты ауыз сумен жабдықтауға және су бұруға бағытталған iс-шараларды iске асыруы кезiнде мынадай кемшiлiктер анықталды:
      сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiн жаңғырту мен дамыту жұмыстарын жоспарлаған кезде жүйелiк тәсiл мен орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қажеттi өзара iс-қимылының болмауы;
      су қорының (ашық су айдыны) шектеулi болуына байланысты сумен және суды бұру мәселесiн шешуде кешендi тәсiлдiң жоқтығы;
      сумен жабдықтау және су бұру жобаларын iске асыру барысы мониторингiнiң болмауы;
      сумен жабдықтау және су бұру жобалары ЖСҚ әзiрлеу деңгейiнiң төмендiгi;
      жер асты суларының қорларын растамай сумен жабдықтау жобаларын iске асыру;
      тұтынушыларға берiлетiн судың есепке толық алынбауы;
      кәсiпорындардың сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiн қайта жаңартуға және жаңғыртуға жұмсалатын инвестициялық ресурстарының жеткiлiксiздiгi;
      сумен жабдықтаудың және су бұрудың қолданыстағы жүйелерiн техникалық пайдаланудың қажеттi деңгейiнiң болмауы;
      бiлiктi кадрлардың тапшылығы мен тұрақтамауы және салалық мамандарды даярлау мен бiлiктiлiгiн арттыру жүйесiнiң жоқтығы.

2-кесте

10. Су шаруашылығы секторының мүмкiндiктерiн және ықтимал қатерлерiн, күштi және әлсiз жақтарын талдау

Күштi жақтары

Әлсiз жақтары

Қатерлер (Тәуекелдер)

Мүмкiндiктер

1

2

3

4

мемлекеттiң қолдауы

су шаруашылығы секторының құрылысын және қайта жаңғыртылуын жоспарлауда жүйелi тәсiлдiң болмауы

сумен жабдықтау және су бұру жүйесi жобаларын iске асыруда бюджет қаражатын тиiмсiз пайдалану

жеке инвестициялар тарту

сумен жабдықтау және су бұру желiлерiнiң қолданыстағы инфрақұрылымының болуы

сумен жабдықтау және су бұру желiлерi тозуының жоғары деңгейi;
жаңа және қолданыстағы сумен жабдықтаудың және су бұру жүйелерiнiң құрылысына және қайта жаңартуларға мемлекеттiк инвестициялардың жеткiлiксiздiгi, ауылдық жерлерде мамандандырылған пайдаланушы кәсiпорындар мен ұйымдардың болмауы

сумен жабдықтау және су бұру объектiлерiнiң қанағаттанғысыз техникалық жай-күйi;
аварияның өсуi;
тәулiк бойы су берудiң болмауы;
тұтынатын су сапасының нашарлауы.

сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiнiң техникалық жай- күйiн жақсарту;
суды тазалау және суды әзiрлеу шығындарын ұлғайту, материалдық — техникалық базаны жарақтандыру арқылы пайдалану қызметiн жетiлдiру

су шаруашылығы секторының өтiмдiлiгi

инновациялық-инвестициялық жобаларды iске асыруға жеке операторларды тартудың төмен деңгейi, бiлiктiлiгi жоғары мамандардың болмауы

инновациялық-инвестициялық жобаларды енгiзудiң болмауы, қабiлеттi жас мамандарды жұмысқа тарту тетiгiнiң болмауы

сумен жабдықтау және су бұру саласындағы бизнес ортаны дамыту; Мемлекеттiк-жеке әрiптестiк (бұдан әрi -МЖӘ) шартында жүзеге асырылатын инновациялық-инвестициялық жобаларды iске асыруға жеке операторларды тарту

сумен жабдықтау және су бұру объектiлерiн дамытуға және жаңғыртуға шетелдiк қаржы институттарының мүдделiлiгi

қолайсыз инвестициялық ахуал; ауыл халқының төлем қабiлеттiлiгiнiң төмендiгi;
сумен жабдықтау және су бұру желiлерi тозуының жоғары деңгейi;
халықтың төмен тығыздығы және ауқымды қашықтықтарға су тасымалдау үшiн су тарту құрылысының қажеттiлiгi

инфляцияның өсуi;
халықтың әлеуметтiк наразылығы

шетел инвестицияларын тарту мүмкiндiгi;
МЖӘ тетiктерiн дамыту;
тариф белгiлеудiң прогрессивтi әдiстерiн қолдану

сараланған тарифтердi пайдалану

5 және одан ұзақ жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi тарифтердiң болмауы және орта мерзiмдiлер санының аз болуы

инфляцияның өсуi, халықтың әлеуметтiк наразылығы

аз қамтылған азаматтарға мемлекеттiк қолдау көрсету

су факторына байланысты науқастануларды төмендету

пайдаланушы ұйымдардың болмауы

сумен жабдықтау және су бұру жүйелерi жабдықтарының қызмет мерзiмiнен бұрын iстен шығуы

әрбiр ауданда пайдаланушы ұйым және әрбiр ауылдық елдi мекенде пайдаланушы топ құру

жер асты тұщы су қорының жеткiлiктi деңгейi

ел аумағындағы жер асты су қорларының бiрдей бөлiнбеуi, жер асты тұщы суларының қазiргi қорын жеткiлiктi пайдаланбау

ұңғымаларды пайдалану режимдерiн бұзу нәтижесiнде жер асты су көздерiнiң сапасының төмендеуi, иесiз гидрогеологиялық ұңғымалар санының көптiгi, жер асты суларының техногендiк ластануы

иесiз гидрогеологиялық ұңғымаларды шаруашылық айналымға тарту, жер асты тұщы суларының жаңа кен орындарын игеру; су қорғау, техникалық және санитарлық iс - шараларды iске асыру; су тазалау станцияларында суды өңдеу технологияларын жетiлдiру; жер асты суын жинау және мониторингiлеу, тасымалдау және суды бөлу жүйелерiн дамыту

4. Мақсаттар, мiндеттер, нысаналы индикаторлар және бағдарламаны жүзеге асыру нәтижелерiнiң көрсеткiштерi

1. Бағдарламаның мақсаты

      Халықты сапалы ауыз сумен және су бұру қызмет көрсетумен қамтамасыз ету.

2. Нысаналы индикаторлар

      Ескерту. 2-кiшi бөлiмге өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2012.05.15 № 621 Қаулысымен.

      Бағдарламаның мақсатына қол жеткiзу көрсеткiштердi аралық нәтижелермен салыстыру және өлшеу арқылы мынадай индикаторлар бойынша анықталатын болады:
      ауылдық жерде орталықтандырылған сумен жабдықтауға қоя жеткiзудi АЕМ-нiң жалпы санының 80 %-на, шағын қалаларда - 100 % қамтамасыз ету;
      ауылдық жерде орталықтандырылған су бұруға қол жеткiзудi ауылдық елдi мекендердiң жалпы санының 20 %-на, қалаларда 100 %-ға қамтамасыз ету;
      2020 жылы 64,5 %-дан 100 %-ға дейiн тазалау құрылғыларынан еткен жалпы сарқынды сулар көлемiнде нормативтiк мәнiне дейiн тазартылған сарқынды сулар үлесiн ұлғайту;
      әр аудан орталығында сумен жабдықтау және су бұру объектiлерiнiң мамандандырылған пайдаланушы ұйымдарын құру;
      пайдаланушы кәсiпорындар жұмысының тиiмдi өтемдiлiгiн қамтамасыз ету;
      жеке капиталдың қатысуымен, оның iшiнде концессиялық келiсiмдер және басқа да шарттар негiзiнде су шаруашылығы кәсiпорындары санының 2015 жылға дейiн 20 бiрлiкке өсуi;
      суды есептеу ЖЕҚ аспаптарымен қалаларда 100 % және АЕМ-де 80 %-ға қамту;
      сумен жабдықтау және су бұру жобаларын iске асыру кезiнде қазақстандық өнiм мен технологиялар көлемiн пайдалануды 60 %-ға жеткiзу;
      3000-нан астам АЕМ-дi жер асты суы қорымен қамтамасыз ету;
      қалалар және iрi елдi мекендер үшiн қорларды қайта бағалау мақсатында 165 кен орынына және топтық су құбырлары үшiн 15 кен орынына одан әрi барлау жүргiзу;
      86 қалада және 6943 АЕМ-де сумен жабдықтау жобаларын мониторинг жүйесiмен қамту;
      аудандық мамандандырылған пайдаланушы кәсiпорындарға жабдықтар, машиналар мен механизмдер сатып алуға жергiлiктi бюджеттен кезең-кезеңiмен қаражат бөлу.
      Алдағы жылдары машиналар мен механизмдердi сатып алу және күтiп-ұстау кәсiпорынның шаруашылық қызметi есебiнен тарифтердегi қажеттi шығындарды ескере отырып, жүзеге асырылуы қажет.

3. Бағдарламаның мiндеттерi

      Ескерту. 3-кiшi бөлiмге өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2012.05.15 № 621 Қаулысымен.

      1. Сумен жабдықтаудың және су бұрудың жаңа объектiлерiн салған және қолданыстағыларды қайта жаңғыртқан кезде жүйелi тәсiлдi енгiзу.
      2. Қалалық жерлерде сумен қамтамасыз ету мен су бұрудың орталықтандырылған жүйесiн және ауылдық елдi мекендерде жергiлiктi жүйелердi (септик) салу және қайта жаңарту.
      3. Қалалардың сумен жабдықтау және су бұру секторының инвестициялық тартымдылығын арттыру және оны қаржыландыруға жеке капиталды барынша тарту.
      4. Су секторын реттеу саласында нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру.
      5. Елдi мекендердiң сумен жабдықтау мен су бұру жүйесiн тиiмдi және рентабельдi пайдалануды қамтамасыз ету.
      6. Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету үшiн жер асты суларының әлеуетiн барынша пайдалану.
      7. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiн жобалау сапасын арттыру.
      8. Сумен жабдықтау және су бұру жүйесi жай-күйiнiң мониторингi жүйесiн құру.
      9. Жер асты және жер үстi сулары сапасының мониторингi жүйесiн құру.
      10. Су шаруашылығы ұйымдары жұмысының өтемдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн тариф белгiлеу.
      11. Сумен жабдықтау және су бұру жобаларын iске асыру кезiнде қазақстандық қамтуды дамыту.
      12. Саланы кадрмен қамтамасыз ету.

1   2   3   4   5   6   7   8   9

Похожие:

«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы» icon«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы»
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 1...
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы» iconҚазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы» iconҚазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы
Республикасының 2030 жылға дейінгі Даму Стратегиясын іске асыру мақсатында қаулы етемін
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы» icon2011 – 2020 жылдарға арналған
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы» icon«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы»
Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы» iconҚазақстан Республикасы Президентінің
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1...
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы» iconЖаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері
Жолдауын және «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің...
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы» iconҚазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы
Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы №1158 жарлықтарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының...
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы» icon1. бағдарламаның паспорты
Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің...
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы» iconТ ұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту
Республикасы Президентінің «Мемлекет басшысының 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница