«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы»




Название«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы»
страница2/9
Дата конвертации14.02.2016
Размер1.25 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://kyzylorda.gov.kz/upload/file/4kaz.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9
2. Ауылдық жердегi сумен жабдықтау жағдайы

      2010 жылы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 93 қаулысымен бекiтiлген 2002 - 2010 жылдарға арналған «Ауыз су» салалық бағдарламасын iске асыру аяқталады.
      Осы Бағдарламаның iс-шаралары ауыл халқын ауыз сумен жабдықтау бөлiгiнде мынадай көрсеткiштерге қол жеткiзуге бағытталған:
      жалпы ел бойынша сумен жабдықтаудың орталықтандырылған көздерiнiң суын пайдаланатын халықтың санын 20 - 25 %-ға арттыру;
      жалпы сумен жабдықтау деңгейiн 80 %-ға дейiн арттыру.
      Бағдарлама шеңберiнде барлығы 12 935 километр су құбыры мен ауыз сумен жабдықтау желiлерi салынды, қайта жаңартылды және күрделi жөнделдi. Халқының саны 3,5 млн. адамнан асатын 3 449 елдi мекендi ауыз сумен жабдықтау жақсарды.
      Талдау жасайтын кезеңде тасымалданатын суды пайдаланатын ауыл халқының саны 6 еседен астам қысқарып, 71,1 мың адамды құрады. Санитарлық нормаларға сай келмейтiн су құбырларының жағдайы 336-дан 133 бiрлiкке азайды.
      Бағдарламаны iске асырудағы белгiлi бiр оң нәтижелерге қарамастан, ауыл халқын сумен жабдықтау проблемасы осы күнге дейiн сақталып келедi.
      Осылайша, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң деректерi бойынша 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауылдық елдi мекендердiң (бұдан әрi - АЕМ) орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткiзуi 13,5 %-ға ғана артып, 42,5 %-ды құрады.
      Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң деректерi бойынша АЕМ-нiң жалпы санынан 6943 -тен орталықтандырылған ауыз сумен жабдықталмағандарына (проблемалы) барлық ауыл халқының 40 %-ын құрайтын немесе халқының саны 3 млн. адамды құрайтын 3 592 АЕМ жатады. Осындай АЕМ 4 санат бойынша топтастырылған және 1-кестеде келтiрiлген.

1-кесте

Орталықтандырылған ауыз сумен жабдықталмаған АЕМ санаттары

Р/с


АЕМ санаттары

АЕМ саны

Үлес салмағы, %

1.

Тасымалданатын суды пайдаланатындар

134

3,7

2.

Топтық су құбырына қосылуды талап ететiндер

386

10,7

3.

Топтық су құбырлары (қайта жаңарту мен салу)

114

3,2

4.

Орталықсыздандырылған сумен жабдықтау жүйесi барлары

2958

82,4




Барлығы

3 592

100

      Жалпы, 2002 - 2010 жылдарға арналған «Ауыз су» бағдарламасын iске асыру кезiнде бюджет қаражатын тиiмсiз пайдалану, су құбырларын сапасыз салу мен қайта жаңарту, жөндеу-салу жұмыстарын орындау мерзiмдерiнiң бұзылуы және ауыз судың сапасын қамтамасыз етпеу фактiлерi орын алған.
      Оның басты себебi сумен жабдықтау жүйесiн дамыту мен жаңғырту жұмыстарын жоспарлау кезiнде орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың жүйелi тәсiлi мен тиiстi өзара iс-әрекетiнiң болмауы болып табылады.
      Республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қаржыландыру үнемi басымдықтарға сәйкес жүргiзiлмедi. Нәтижесiнде, кейбiр жағдайларда ауқымды бюджет қаражатына салынған объектiлер тұрып қалып, ал басқалары қаржыландырудың жетiспеуi салдарынан азғантай бөлшектермен қайта жаңартылып жатты.
      Сонымен қатар, 2002 - 2010 жылдарға арналған «Ауыз су» бағдарламасын iске асыру нәтижелерiне жасалған талдау ауыл халқын ауыз сумен жабдықтау мәселесiнде пайдалану кәсiпорындарының болмауы немесе олардың жеткiлiктi дәрежеде материалдық-техникалық жабдықталмауы тежеушi факторлардың бiрi болды.

3. Қалалық жердегi су бұру жағдайы

      Ескерту. 3-кiшi бөлiмге өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2012.05.15 № 621 Қаулысымен.

      Статистика агенттiгiнiң деректерi бойынша 2009 жылы қалалық жерлерде желiлерiнiң жалпы ұзындығы 12 455,8 километр болатын 186 су бұру кәсiпорындары бар, олардың 8 712 километрi немесе 70% жөндеудi қажет етедi.
      Су бұру инфақұрылымына қосылу деңгейiнiң ауқымы қалаларда өте кең, Аякөз қаласында - 12 %, Сәтпаев қаласында - 98 %-ға дейiн. Облыс орталықтарында және Астана мен Алматы қалаларында су бұру жүйесiне халықтың 60-94 %-ы қосылған. Риддер, Зырянов, Қаратау, Сәтпаев, Жезқазған, Жаңатас сияқты өндiрiстiк бағыттағы көптеген қалаларда су бұру жүйесiне қосылу деңгейi жоғары - 90 %-дан асады.
      Бұл ретте, суды бұрумен бiрге қалалық тұрғын үй қорының жалпы алаңының үлес салмағы республика бойынша орташа 73,4 % құрайды.
      39 қала мен кентте тазалау құрылыстары мүлдем жоқ, тиiсiнше сарқынды судың төгiндiсi тазалаусыз жүзеге асырылады.
      Барлық сарқынды су көлемiнен тазаланудан өтетiн, нормативтiк талаптарға дейiн 64 %-ы жеткiзiледi, тазаланбаған сарқынды судың қалған 36 %-ы, мәселен Тараз қаласында тiкелей сүзгiлеу алаңына, Көкшетау, Орал, Петропавл, Қостанай қалаларында жинағыштарға ағызылады.
      Жұмыс iстеп тұрған құрылыстардың көпшiлiгi қазiр өзiнiң пайдалану ресурстарын сарқыған және жөндеудi талап етедi, басқалары - артық жүктемемен жұмыс iстейдi, ол сарқынды суларды тазалау технологияларының жобалық деректерiне сәйкес келмеуiне әкелiп соғады.
      Мәселен, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстiк Қазақстан, Шығыс Қазақстан сияқты облыстарда жеткiлiксiз тазаланған сулардың пайызы 39-дан 72%-ға дейiн жетiп отыр.
      Бұл қолданыстағы тазалау құрылыстарының артық жүктемемен жұмыс iстейтiнiн көрсетедi.
      Тазартылған сарқынды су жинағыштары жиi өзiнiң шектi белгiлерiне дейiн толып қалады, бұл ұдайы қоршау бөгеттерiнiң авариялық жарылу, су объектiлерiнiң ластану және елдi мекендердi су басу қаупiн туғызады.
      Сондай-ақ су бұру желiлерiнiң негiзгi қорлары тозуының салдары аварияның жоғарғы деңгейi болып табылады, мәселен 2009 жылы республика бойынша орташа алғанда 1 километрге 0,2-ден 29,5 аварияға дейiн құрады.
      Өнеркәсiптiк кәсiпорындардың сарқынды суларының едәуiр көлемi тiкелей қалалық тазалау құрылыстарына түседi, олар өнеркәсiптiк сарқынды суларды тазалауға есептелмеген. Соңғы уақытта тұрмыстық сарқынды суларда шетелде өндiрiлген жуу заттарының сарқынды суы көп болып отыр, оларды тазалау қиын және табиғи ортаға зиянды әсерiнiң сақталу кезеңi ұзақ әрi тиiсiнше су көздерiн ластайды.
      Қоршағанортаминiнiң деректерi бойынша қазiргi уақытта 43 iрi өнеркәсiптiк кәсiпорнының сарқынды суы төгiндiлерiнiң 50 %-ы қойылған талаптарға сәйкес келмейдi, су бұру жүйесiне төгiндiлердегi зиянды заттардың шоғырлануы шектi жол жiберiлетiн нормадан асып кетедi. Тұтастай, республикадағы көптеген елдi мекендердiң су бұру жүйесiнiң негiзгi қорларының тозуы 40-70%-ға, ал кейбiреулерiнде 100%-ға дейiн жетедi.

4. Ауылдық жердегi су бұру жағдайы

      Ескерту. 4-кiшi бөлiмге өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2012.05.15 № 621 Қаулысымен.

      Статистика агенттiгiнiң деректерi бойынша 2009 жылы ауылдық жерлерде жалпы ұзындығы 2 075,5 километр болатын, су бұру желiсi бар 163 кәсiпорын жұмыс iстейдi, бұл ретте 1 452 километр жөндеудi талап етедi.
      Су бұру жүйесi бар ауылдық тұрғын үй қорының жалпы алаңының үлес салмағы республика бойынша орташа 8,8%-ды құрайды.
      Ауылдық елдi мекендердегi сарқынды сулардың барлық көлемiнен нормативтiк деңгейге дейiн 45,4% тазартылады, қалған 54,6% тазартылмаған сарқынды сулар.
      Бұдан бұрын ауылдарда су бұру объектiлерiнiң құрылысына қажеттi деңгейде назар аударылмаған, яғни сумен жабдықтау басымдық болып табылған. Су бұру жүйелерi аудандық орталықтарда және iрi кенттерде салынған. Ал сарқынды суларды әкiмшiлiк-шаруашылық ғимараттардан, мектеп, аурухана және көп этажды құрылыстардан ғана бұру жүзеге асырылған.
      Қазiргi таңда, ауылдық кенттерде шығарылатын (ассенизациялық) қалдықтарды жоюдың жүйесi басым, кәрiздiк (ағым) аз пайызбен - 3-5% шамасында қамтылған.
      Сонымен қатар, кенттердiң санитарлық жағдайы сумен жабдықтау бойынша алдағы шығындарды есепке ала отырып, су бұрудың орталықтандырылған жүйесiнiң құрылғыларынсыз қоғамдық және өндiрiстiк объектiлерде жергiлiктi тазалау құрылыстарын, септиктердi жетiлдiру жолымен бiрiншi кезеңде жақсартылуы мүмкiн.
      Мынадай жұмыс жүргiзу қажет:
      1) ауылдық жерлерде су бұру жүйесiн ұйымдастыру бойынша дамыған елдердiң тәжiрибесiне талдау жүргiзу;
      2) қоршаған ортаның, атап айтқанда жер бетiндегi және жер астындағы сумен жабдықтаудың, топырақтың ластануына жауап беретiн бақылау қызметтерiнiң жұмысын ұйымдастыру;
      3) тұтынушылармен түсiндiру жұмыстарын жүргiзу.

5. Сумен жабдықтау мен су бұру жүйелерiн жобалау сапасы

      Ескерту. 5-кiшi бөлiмге өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2012.05.15 № 621 Қаулысымен.

      Сапасыз құрылыс себептерiнiң бiрi сумен жабдықтау мен су бұру жүйелерiнiң жобалау-сметалық құжаттамасының әзiрлену деңгейiнiң төмендiгi болып табылады.
      Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгiнiң деректерi бойынша бүгiнгi таңда сараптамаға ұсынылатын жобалардың жартысы дерлiк мемлекеттiк құрылыс нормалары мен қағидаларының талаптарына сәйкес келмей, пысықтауға қайтарылуда.
      Тек 2009 жылдың өзiнде жобаларда 326 мыңнан астам әр түрлi кемшiлiктер мен жобалау нормаларынан ауытқу анықталған. Негiзiнен, жобалау-сметалық құжаттаманы әзiрлеумен сумен жабдықтау және су бұру объектiлерiн жобалау тәжiрибесi жоқ ұйымдар айналысады.
      Қазiргi уақытта "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтi лицензиялау Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгiнiң құзыретiне кiредi.
      Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгiнiң деректерi бойынша 2010 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанда жергiлiктi атқарушы органдар жобалау жұмыстарын өткiзуге 12 мың лицензия берген. Бұл ретте, 50-ден аспайтын ұйым сумен жабдықтау объектiлерiн жобалауға маманданған және жақсы өндiрiстiк базасы мен бiлiктi мамандары бар.
      Жобалау-iздестiру жұмыстары деңгейiнiң төмендiгi құрылыс жұмыстарының едәуiр қымбаттауына, ал кейде оны жүргiзудiң мүмкiн еместiгiне алып келедi. Сумен жабдықтау объектiлерiн салу немесе қайта жаңарту жұмыстары сапасыз жасалған жобалау-сметалық құжаттама (бұдан әрi - ЖСҚ) негiзiнде жоспарланып жүргiзiлген жағдайлар орын алған.
      Нәтижесiнде жаңадан салынған желiлер 1-2 жыл iстеп, пайдаланудан шығады. Сумен жабдықтау объектiлерiн жер бөлiнiсiнiң және электрмен жабдықтау жүйелерiне қосу мәселелерi шешiлмей аудандық әкiмдiктер әзiрлеген ЖСҚ бойынша салу орын алған фактiлерi болды.
      Қазiргi кезде сумен жабдықтау және суды бұру жүйелерiн жобалаған кезде жобаларға алыс және жақын шетелдiк технологиялар, материалдар және жабдықтар қолданылады.
      Сонымен қатар, сумен жабдықтау және су бұру объектiлерiн жобалаған кезде алыс шетел және отандық өндiрушiлердiң тиiмсiз технологиялары негiзiнде үлгiлiк жобалар қолданылады, оларда энергия тиiмдiлiгi жоқ, бiрақ бiр артылықшылығы бар - бағасы арзан.
      Осыған байланысты, технологиялық шешiмдерi бар, қазiргi уақыттағы жабдықтарды шығаратын, бәсекелестiгi бар отандық өндiрушi нарығын құрып, қазiргi және болашақтағы өндiрiстi қолдайтын және ұзақ мерзiмдi кепiлдiгi бар отандық кәсiпорындардың өнiмiн қолдау қажет.
      Бұдан басқа бүгiнгi күнi ғимарат салу сметаларында iске қосу-баптау жұмыстарының шығыны мүлдем жоқ, бұл объектiлердi пайдалануға беруде және оларды одан әрi пайдалануда керi әсер етедi. Көбiнесе баптаусыз қабылданған күрделi объектiлерге қызмет көрсетiлмейдi және жұмыс iстемейдi.

6. Жер асты суларын пайдалануға байланысты жағдай

      Жер асты су объектiлерi суының сапасы жер үстi суынан едәуiр жоғары, сондықтан оларды ауыз сумен жабдықтау көздерi ретiнде пайдаланған тиiмдiрек. Соған қарамастан, елдi мекендердiң елеулi бөлiгi жер асты суларын ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық мақсатта пайдаланбайды.
      Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң Геология және жер қойнауын пайдалану комитетiнiң деректерi бойынша республикада 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекет теңгерiмiнде тұрған жер асты суларының 1282 кен орны барланған.
      Барланған ауыз судың пайдалану қоры республиканың жиынтық қажеттiлiгiнен 2 есе артады және тәулiгiне адам басына 1,12 м3 құрайды.
      Сонымен қатар, жер асты суларының барланған қорларын игеру баяу қарқынмен жүргiзiлiп жатыр, ал соңғы жылдары республиканың бiрқатар өңiрлерiнде мүлдем дерлiк тоқтатылған. Көптеген жер асты суларының кен орындары 10 — 15 жыл қатарынан пайдаланылмай келедi, ал жекелеген жағдайларда олардың пайдалануға берiлу мерзiмiнiң кешiктiрiлуi 25 -30 жылды құрайды.
      Сондықтан, барланған қорлар халықтың ауыз суға деген қажеттiлiгiн толық көлемде қамтамасыз ете алмайды.
      Бұдан басқа, қазiргi уақытта барланған кен орындарының жалпы санынан (1282) 402 кен орны ғана пайдаланылуда (алынатын судың көлемi тәулiгiне 2,0 млн. текше метрдi құрайды), ол халықтың ауыз суды тұтынуының жалпы теңгерiмiнде 56 %-ды құрайды.
      Келтiрiлген фактiлер жер асты су көздерiнiң қолда бар әлеуетiн толық көлемде пайдаланбауының куәсi болуда.
      Пайдалану ұңғымаларын орналастыру көптеген жағдайда есептiк схемаларға сәйкес келмейдi, бақылау тораптары жоқ, бұл жер асты су көздерi қорының тауысылуына әкелуi мүмкiн.

7. Су айдындарының санитарлық жағдайы

      Ескерту. 7-кiшi бөлiмге өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2012.05.15 № 621 Қаулысымен.

      Жалпы сумен жабдықтаудың барлық жер үстiндегi көздерi соңғы жылдары антропогендiк сипаттағы әр түрлi заттармен айтарлықтай ластанғанын және олардың көбiнiң су сапасы нормативтiк талаптарға сай келмейтiнiн атап еткен жөн.
      Аумағы бойынша жер асты суларының тым тепе-тең бөлiнбеуi және әртүрлi сапа оларды шаруашылық қызметке толық тартуға мүмкiндiк бермейдi. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң деректерi бойынша республика шеңберiнде жер асты суларының 700-ден аса әлеуеттi ластану көзi табылды. Жер асты сулары сапасының нашарлану қаупi 10 шақты елдi мекенде, жүзден аса су көзiнде және шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға арналған бiрқатар жер асты суларының су жинағыштарда анықталды.
      Қазiргi уақытта 291 бақылау пунктi жер үстi суларына мониторинг жүргiзедi. Сонымен қатар, Дүниежүзiлiк Метеорологиялық Ұйымның талабы бойынша Қазақстанда желi 740 гидрологиялық бекеттен тұруы қажет. Осыдан жер үстi суларының сапасын бақылау үздiксiз бақылауды бұзумен өтедi деген қорытынды жасауға болды. Бiрнеше жылдар бойы көптеген су объектiлерiнде тiптен бақылау жүргiзiлмеген.
      Сумен жабдықтау жүйесiндегi құбырлардағы су сапасын бақылау маңызды проблема болып табылады. Ауыз су сапасын бақылайтын санитарлық-эпидемиологиялық зертханалардың жабдықтары, әсiресе ауылды мекендерде тiптен жаңартылмайды. Қалалық су арналары өз қаражаты есебiнен зертханаларын ұстап тұра алса, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қызметтерде мұндай зертханалар мүлдем жоқ немесе уақыт талабын қанағаттандырмайды, тiкелей су өткiзу жүйесiндегi су сапасының автоматтандырылған үздiксiз бақылау құралдары мүлдем қолданбайды.
      Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтердiң бақылауында 2950 су құбыры бар, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 42 су құбырына артық (2010 жылы – 2908). Сумен жабдықтау объектiлерiне санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асырудың нәтижелерi бойынша жұмыс iстемейтiн және санитарлық талаптарға сәйкес келмейтiн су құбырларының саны жыл сайын азайып келе жатқаны байқалады. Айталық, 2011 жылдың қорытындысы бойынша жұмыс iстемейнтiн су құбырларының саны су құбырларының жалпы санының 99-ның немесе 3,4 % (2010 жылы 139 немесе 4,7 %), ал санитарлық талаптарға сәйкес келмейтiндер – 126 немесе 4,2 % (2010 жылы 133 немесе 4,5 %) құрады.

1   2   3   4   5   6   7   8   9

Похожие:

«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы» icon«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы»
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 1...
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы» iconҚазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы» iconҚазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы
Республикасының 2030 жылға дейінгі Даму Стратегиясын іске асыру мақсатында қаулы етемін
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы» icon2011 – 2020 жылдарға арналған
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы» icon«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы»
Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы» iconҚазақстан Республикасы Президентінің
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1...
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы» iconЖаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері
Жолдауын және «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің...
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы» iconҚазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы
Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы №1158 жарлықтарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының...
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы» icon1. бағдарламаның паспорты
Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің...
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы» iconТ ұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту
Республикасы Президентінің «Мемлекет басшысының 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница