Тарбағатай ауданының




Скачать 34.07 Kb.
НазваниеТарбағатай ауданының
Дата конвертации14.02.2016
Размер34.07 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://tarbagatay.vko.gov.kz/rep/rep-2014-2-2-1-kz.rtf
Тарбағатай ауданының

2014 жылдың қаңтар-маусым айларындағы әлеуметтік-экономикалық

даму қортындылары туралы ақпарат

Өнеркәсіп саласы бойынша ауданда есепті мерзім ішінде 690,5 млн (934,2) теңгенің өнімі шығарылып, өнеркәсіп өнімінің көлемі 136,9 пайыз болды.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі аудан бойынша 5727,6 млн теңгені құрап, табиғи индекс көлемі 104,0 % болды.

Есепті мерзім ішінде барлық өндірілген ет тірі салмақта 6381,2 тоннаны, сауылған сүт 30779,1 тоннаны, алынған жұмыртқа 1771,8 мың. дананы құрап, ет өндіру 3,4 пайызға, сүт өндіру 4,5 пайызға, жұмыртқа өндіру 8,7 пайызға орындалды.

Шаруашылықтың барлық санаттарында мал басы мен құс санының өсу қарқыны қамтамасыз етіліп, Ірі қара саны 126,5 мың басқа (2,1%), қой-ешкі 481,7 мың басқа (өсім 2,3%), жылқы – 25,0 мың басқа (өсім 2,6%), құс – 29,3 мың басқа (өсім 4,9%) жеткізілді.

Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі былтырғы жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 1952,4 млн теңге немесе өсу қарқыны 204,6 пайызды құрап, нақты көлем индексі 200 пайыз болды.

Қаржыландыру көздері бойынша жеке тұлғалар мен кәсіпорындардың меншік қаражаттары 819,2 млн теңгені , республикалық бюджет қаражаттары 364,8 млн теңгені, жергілікті бюджет қаражат есебінен 718,4 млн теңгені құрады.

Оның ішінде экономиканың нақты секторына жеке меншік қаражат есебінен тартылған инвестиция көлемі 819,2 млн теңгеге немесе өсу қарқыны 155,8 пайызға орындалды.

Есепті мерзім ішінде 1256,3 млн теңгенің құрылыс жұмыстары атқарылып, былтырғы жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда (376 млн теңге) 3,3 есеге ұлғайды.

Тұрғын үйді пайдалануға енгізу 2013 жылмен салыстырғанда 124,3 пайызға орындалып, 2625 шаршы метрді құрады.

Шағын бизнес субъектілері бойынша ауданда шағын бизнестің 55 кәсіпорыны тіркелді. Оның ішінде белсенді жұмыс істейтін кәсіпорындар саны 39 болып, былтырғы жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 7 кәсіпорынға көбейіп, өсу қарқыны 121,9 пайызға орындалды.

Бөлшек тауар айналымы. Аудан бойынша бөлшек тауар айналымы бойынша тоқсан сайын есеп беретін 4 кәсіпорын тіркелген. Бөлшек тауар айналымының салыстырмалы бағада 1623,6 млн теңгені құрап, өсу қарқыны 113,2 пайызды құрады.

Мемлекеттік бюджетке түскен түсімдер 394,9 млн. теңгені құрап, болжам (353,3 млн. теңге) 41,6 млн теңгеге немесе 111,8 % артық орындалды. Өткен жылмен салыстырғанда түсімдердің өсу қарқыны – 109,7 % құрады.

Меншікті кірістер бойынша аудан бюджетінің болжамы 306,0 млн теңгеге орындалып, (немесе 9,7 % артық орындалып), аудан бюджетіне жоспардан тыс қосымша 27,1 млн теңгенің салық түсімдері түсірілді. Өткен жылмен (279,1 млн. теңге) салыстырғанда өсу қарқыны – 109,6 % құрады.

Қосымша кіріс көздерін іздестіру алгоритмі бойынша 4910,9 мың теңгенің салық түсімдері бюджетке қосымша түсірілді. Өткен жылмен (4120,5 мың теңге) салыстырғанда өсу қарқыны – 119,2 % құрады.

Әлеуметтік қорғау саласында өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ресми тіркелген жұмыссыздар 27 адамға азайып, 165 адам болды. Тұрғын үй көмегін алушылар – 3 алушы отбасына немесе 4,2 пайызға көбейіп(73-70), мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар – 139 адамға немесе 81,8 пайызға (627-766), балалар жәрдемақысын алушылар – 725 балаға немесе 89,7 пайызға азайған (6321-7046).

Мектепке дейінгі білім және тәрбиемен қамту бойынша 16 бала бақша 79 шағын орталық жұмыс істейді. Онда аудандағы мектеп жасына дейінгі тіркелген 2740 баланың 97,4 пайызы немесе 2671 бала қамтылған.

Мектепке дейінгі білім және тәрбиемен қамтылған балалардың өсу қарқыны былтырғы жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 114,6 % құрады.

Денсаулық сақтау саласы бойынша.

Есепті мерзім ішінде 386 бала дүниеге келіп, туу көрсеткіші былтырғы жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда (406 бала) 20 балаға азайды. Былтырғы жылмен салыстырғанда қайтыс болу көрсеткіші 19 адамға азайып, қайтыс болғандар саны 149 адам болды.

2014 жылдың қаңтар-маусым айында аудан бойынша туберкулезбен алғаш ауырған 8 адам тіркеліп, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда туберкулезбен алғаш ауырған адамдар саны 80 % болды.

Қылмыстылық.

Есепті мерзім ішінде 87 қылмыс тіркеліп, былтырғы жылмен салыстырғанда тіркелген қылмыс саны 19 бірлікке азайған.

10 мың халыққа шаққандағы қылмыстың ашылу деңгейінің өзгеруі былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 65,7 пайызды құрады.

Похожие:

Тарбағатай ауданының iconШығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының қаржы бөлімі
Тарбағатай ауданыныњ қаржы бөлімі мемлекеттік мекеме ( бұдан әрі – Бөлім) бюджеттің орындалуы, аудандық коммуналдық меншік және базарларда...
Тарбағатай ауданының iconМәдениет мекемелерінің компьютерлермен жарақтануы
Ақтоғай ауданының Жидебай, Бұқар жырау ауданының Алғабас, Жаңаарқа ауданының Атасу станциясында, Қарқаралы ауданының Абыз, Бастал,...
Тарбағатай ауданының iconТарбағатай ауданының
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі аудан бойынша 13809,5 млн теңгені құрап, табиғи индекс көлемі 103,1 болды
Тарбағатай ауданының iconТарбағатай аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі
«Жергілікті атқарушы органдардың құрылымдарына және штаттық кестелеріне енгізілген кейбір өзгерістерді бекіту туралы» Тарбағатай...
Тарбағатай ауданының iconТарбағатай ауданы тарбағатай ауданы әкімінің 2007 жылғы 22 маусымдағы
Сарыөлең сайлау учаскесі Сарыөлең ауылы, Б. Момышұлы атындағы мектеп ғимараты, тел. 50-503
Тарбағатай ауданының iconТарбағатай ауданы әкімдігінің
«Бөлім» Тарбағатай ауданы Әкімдігінің 17. 01. 2006 жылғы №58 қаулысы негізінде құрылды
Тарбағатай ауданының iconТарбағатай ауданының
Бөлшек тауар айналымы. Ауданда бөлшек тауар айналымы бойынша тоқсан сайын есеп беретін 4 кәсіпорын тіркелген Бөлшек тауар айналымының...
Тарбағатай ауданының iconКөкпектi аймағындағы соңғы 2011 жылы i-жартыжылдық ішіндегі денсаулық сақтау жағдайының дамуы туралы ақпарат
Көкпектi ауданының тұрғындарына, дәрiгерлiк жәрдемді Көкпектi ауданының қайта ұйымдастырған ем алу мекемелерi Шығыс Қазақстан облысының...
Тарбағатай ауданының iconАуыл аруашылығына арналған жерлерді тиімді пайдаланудың 2008-2012 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын жүзеге асырудағы аудандық жер қатынастары бөлімінің атқарған жұмысы туралы анықтама
«Тарбағатай ауданының жерді тиімді пайдалану, топырақ құнарлылығын арттыру, жер ресурстарын қорғау туралы 2008-2012 жылдарға арналған...
Тарбағатай ауданының iconШортанды ауданының «Дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62 бабына сәйкес Шортанды ауданының әкімдігі Қаулы етеді
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница