Кәсіпорындарды тікелей инвестициялар бойынша зерттеу сауалнамасы




Скачать 51.58 Kb.
НазваниеКәсіпорындарды тікелей инвестициялар бойынша зерттеу сауалнамасы
Дата конвертации14.02.2016
Размер51.58 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish442134_6581.doc






Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы «27» сәуірдегі № 97 бұйрығына 4-қосымша


«Кәсіпорындарды тікелей инвестициялар

бойынша зерттеу сауалнамасы»

ведомстволық статистикалық байқаудың

статистикалық нысанды толтыру жөніндегі нұсқаулық

(КтИЗ-1 индексі, кезеңділігі бір жолғы)


1. Осы нұсқаулық «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының   2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 7) тармақшасына сәйкес дайындалды және ведомстволық статистикалық байқаудың «Кәсіпорындарды тікелей инвестициялар бойынша зерттеу сауалнамасы» (КтИЗ-1 индексі) статистикалық нысанын толтырудың тәртібін жан-жақты көрсетеді (бұдан әрі – Нұсқаулық).

2. Келесі анықтамалар осы зерттеу сауалнамасын толтыру мақсатында қолданылады:

1) Қазақстанның резиденттері:

халықаралық ұйымдарды, шетелдік елшіліктерді, консулдықтарды және басқа да дипломатиялық және ресми өкілдерді қоспағанда Қазақстан Республикасының аумағындағы заңды тұлғалар;

Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі қазақстандық елшіліктер, консулдықтар және басқа да дипломатиялық және ресми өкілдіктер;

осы тармақтың 1) тармақшасының 2 абзацында және 2) тармақшасының 2 абзацында көрсетілген заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағындағы филиалдары және өкілдіктері;

азаматтығына қарамастан Қазақстан Республикасында бір жылдан астам тұратын жеке тұлғалар және Қазақстаннан тыс аумақта бір жылдан кем уақытша тұратын азаматтар. Шет елде мемлекеттік қызмет, білім алу және емделу мақсатында жүрген азаматтар олардың басқа елдердің аумағында болу мерзімдеріне қарамастан резиденттер болып табылады;

2) Қазақстанның резидент еместері:

Қазақстан Республикасының елшіліктерін, консулдықтарын және басқа да дипломатиялық және ресми өкілдіктерін қоспағанда басқа мемлекеттердің аумағындағы заңды тұлғалар;

Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық ұйымдар, шетелдік елшіліктер, консулдықтар және басқа да шетелдік дипломатиялық және ресми өкілдіктер;

осы тармақтың 1) тармақшасының 2 абзацында және 2) тармақшасының 2 абзацында көрсетілген заңды тұлғалардың басқа мемлекеттер аумағындағы филиалдары және өкілдіктері;

азаматтығына қарамастан шет елде бір жылдан астам тұратын жеке тұлғалар және Қазақстан аумағында кемінде бір жыл тұратын шетелдік азаматтар. Республика аумағында мемлекеттік қызмет, білім алу және емделу мақсатында жүрген шет мемлекеттердің азаматтары олардың республика аумағында болу мерзімдеріне қарамастан резиденттер еместер болып табылады;

3) тікелей инвестор – дауыс беретін акциялардың он және одан артық пайызына/дауыстардың жалпы санының он және одан да артық пайызына (тура немесе жанама) ие тұлғалар. Заңды тұлғалар, жеке тұлғалар, үй шаруашылықтары тікелей инвесторлар бола алады;

4) бастапқы тікелей инвестор - тура тікелей инвесторды бақылаушы, меншік қатынастарының шыңындағы тікелей инвестор. Бастапқы тікелей инвестор тура тікелей инвестордан бастап бақылау тізбегі бойынша (дауыс беруші акциялардың немесе қатысушылар дауыстарының елу пайыздан астамына ие болған кезде) басқа ешбір кәсіпорынға бағынбайтын кәсіпорын шыққанша жоғары жүру арқылы айқындалады. Тура тікелей инвесторды бақылайтын кәсіпорын болмаған жағдайда осы тікелей инвестордың өзі тікелей инвестициялар бар кәсіпорынның бастапқы тікелей инвесторы болып табылады;

5) еншілес кәсіпорын – жарғылық капиталының 50% астамы (тікелей немесе жанама) басқа заңды немесе жеке тұлғаға тиесілі дербес заңды тұлға;

6) филиал – заңды тұлғаның толық иелігіндегі және осы заңды тұлғаның барлық функциясын немесе бір бөлігін жүзеге асыратын дербес заңды тұлға болып табылмайтын бөлек бөлімшесі;

7) қауымдасқан (тәуелді) кәсіпорын – жарғылық капиталының 10-нан 50%-ға дейінгі үлесі (тікелей немесе жанама) басқа заңды немесе жеке тұлғаға тиесілі дербес заңды тұлға;

8) өкілдік – заңды тұлғаның толық иелігіндегі, осы заңды тұлғаның мүдделерін қорғайтын және білдіретін, оның атынан мәмілелер және өзге де құқықтық іс-қимылдар жасайтын дербес заңды тұлға болып табылмайтын бөлек бөлімшесі;

9) тел кәсіпорындар – ортақ бастапқы тікелей инвесторы бар, бірақ бір біріне қатысу құралдарының 10 және одан артық пайызына ие емес кәсіпорындар;

10) респондент кәсіпорынмен тікелей инвестициялау қатынасындағы тұлғаларға мыналар жатады:

тікелей инвесторлар (тура және жанама);

тікелей инвестицияланған кәсіпорындар (еншілес кәсіпорындар, филиалдар, қауымдасқан кәсіпорындар, тікелей инвестордың еншілес кәсіпорындарының еншілес кәсіпорындары, тікелей инвестордың қауымдасқан кәсіпорындарының еншілес кәсіпорындары, тікелей инвестордың еншілес кәсіпорындарының қауымдасқан кәсіпорындары);

тел кәсіпорындар.

3. Осы статистикалық нысан шеңберінде ақпарат 2009 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша берілуі тиіс.

4. Статистикалық нысанның 1 бөлімі бойынша есептегі барлық сомалар «Жария мүдделі ұйымдардың (қаржылық ұйымдарынан басқа) жариялауы үшін жылдық қаржылық есептіліктің тізбесі мен нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрірінің 2007 жылғы  23  мамырдағы  № 184 бұйрығына 2 қосымшаның «Бухгалтерлік баланс» 1 нысанына сәйкес мың теңгемен көрсетілуі тиіс.

«Барлық активтер», «Барлық міндеттемелер» және «Капитал» жолдары бойынша көрсетілетін сомалар (тиісінше 10000, 20000, 30000 шифрлар) Бухгалтерлік баланстың осындай көрсеткіштеріне сәйкес келуі тиіс.

Капиталға инвестициялар (12100 шифр) Бухгалтерлік баланстың «Үлестік қатысу тәсілімен ескерілетін инвестициялар» 022 жолына сәйкес келуі тиіс.

Резидент еместерге өзге де талаптар (12200 шифр), сондай-ақ резидент еместер алдындағы міндеттемелер (22000 шифр) респондент кәсіпорындардың резидент еместерге қатысты: борыштық бағалы қағаздар, салымдар, сауда кредиттері, несиелер, қаржы лизингі және басқа да құралдар бойынша қаржылық талаптарынан және міндеттемелерінен тұрады.

32000 шифры бойынша көрсеткіш жарғылық капитал бойынша ғана толтырылады, яғни Бухгалтерлік баланстың резидент еместер бөлігіндегі «Жарғылық капитал» 050 жолына сәйкес келуі тиіс.

Резидент еместерге қатысты талаптар мен міндеттемелер олардың орналасқан жерлерінің елдері бойынша нақтыланады.

Статистикалық нысанның 2 бөлімі тікелей инвестициялау қатынастарының схемасын беруге арналған. Кесте респондент кәсіпорынның өзін қоса алғанда респондент кәсіпорынмен тікелей инвестициялау қатынасындағы (олардың арасында қаржылық талаптар мен міндеттемелер бар-жоғына қарамастан) барлық тұлғалар (резиденттер және резидент еместер) бойынша толтырылады.

1-бағанда бастапқы тікелей инвестордан бастап заңды тұлғаның/жеке тұлғаның реттік нөмірі көрсетіледі.

2 және 3-бағандарда заңды тұлғаның атауы/жеке тұлғаның аты-жөні және схемаға қатысушының әрқайсысы бойынша елінің атауы көрсетіледі.

4 және 5-бағандарда заңды тұлғаның/жеке тұлғаның (1-баған бойынша) реттік нөмірі және осы жолда ақпарат енгізіліп отырған және оған қатысты осы заңды тұлға/жеке тұлға инвестор болып табылатын заңды тұлғаның капиталына оның тікелей қатысу үлесі көрсетіледі.

Ескерту: Х – осы ұстанымды толтыру қажет емес.

5. 1 бөлім бойынша арифметикалық-логикалық бақылау:

1) 1-баған бойынша:

10000 шифр = 20000 шифр + 30000 шифр;

2) Барлық бағандар бойынша:

12000 шифр = 12100 шифр + 12200 шифр;

12100 шифр = 12110 шифр + 12120 шифр + 12130 шифр + 12140 шифр;

12130 шифр = 12131 шифр + 12132 шифр + 12133 шифр;

12200 шифр = 12210 шифр + 12220 шифр + 12230 шифр + 12240 шифр;

12230 шифр = 12231 шифр + 12232 шифр + 12233 шифр;

22000 шифр = 22010 шифр + 22020 шифр + 22030 шифр + 22040 шифр;

22030 шифр = 22031 шифр + 22032 шифр + 22033 шифр;

32000 шифр = 32010 шифр + 32020 шифр + 32030 шифр + 32040 шифр;

32030 шифр = 32031 шифр + 32032 шифр + 32033 шифр.

3) 1-баған = 2-баған + 3-баған + … (резидент еместер бойынша ғана).

Похожие:

Кәсіпорындарды тікелей инвестициялар бойынша зерттеу сауалнамасы icon«Кәсіпорындарды төлем балансы бойынша тексеру сауалнамасы» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын
Коды 7612205, индексі тбз-1, кезеңділігі бір жолғы толтыру жөніндегі нұсқаулық
Кәсіпорындарды тікелей инвестициялар бойынша зерттеу сауалнамасы iconДағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру)
Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) (бұдан әрі – Бағдарлама)
Кәсіпорындарды тікелей инвестициялар бойынша зерттеу сауалнамасы icon«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы»
Ал ұзақ мерзімді активтеріне: ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар, ұзақ мерзімді дебиторлық берешек, жылжымайтын мүлікке инвестициялар,...
Кәсіпорындарды тікелей инвестициялар бойынша зерттеу сауалнамасы iconҚазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Тікелей материалдарға шығындар кәсіпорын шикізат және материалдарды сатып алумен байланысты шығындар сомасынан тұрады, яғни өндіріске...
Кәсіпорындарды тікелей инвестициялар бойынша зерттеу сауалнамасы iconІ. Коммерциялық фирмалар және оны басқару құрылымы. Коммерциялық кәсіпорындар мен фирмалар түрі
Коммерциялық кәсіпорындарды және фирмаларды өндірушілер мен тұтынушылармен экономикалық өзара байланыстарының мінездемесі бойынша...
Кәсіпорындарды тікелей инвестициялар бойынша зерттеу сауалнамасы iconҚазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Инвестиция комитетінің аумақтық департаменті
«Бурабай» арнайы экономикалық аймағының (бұдан әрі аэа) жұмыс істеуін қамтамасыз етумен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес...
Кәсіпорындарды тікелей инвестициялар бойынша зерттеу сауалнамасы iconАкционерлік қоғамның бұрынғы толық және қысқартылған атаулары
«Мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамдарға қайта құру жөніндегі ұйымдастырушылық шаралар туралы» №1136 Жарлығына сәйкес Меммүлік...
Кәсіпорындарды тікелей инвестициялар бойынша зерттеу сауалнамасы iconХимия мамандығы бойынша Ғбк студенттерге арналған «Физика» пәні бойынша оқу әдістемелік кешен
Физика сол сияқты техниканың барлық салаларындағы революциялық түрленулердің басты себептісі болып табылады. Мысалы, энергетика,...
Кәсіпорындарды тікелей инвестициялар бойынша зерттеу сауалнамасы iconӘӨЖ: 613. 24(574) семіздікке шалдығУҒА Әсер ететін кейбір факторларды зерттеу
Зерттеу қортындысы бойынша жоғары қамсыздандырылған респонденттер семіздікке 2 есе, ал артық салмаққа 1,5 есе жиі шалдығатындығы...
Кәсіпорындарды тікелей инвестициялар бойынша зерттеу сауалнамасы iconЛекция: 15 Семинар: 15 СӨЖ: 30 обсөЖ: 30 р б- 30 балл Р. Б- 30 балл Емтихан -40 балл ∑: 100 балл Лектор: Сырбаева а жетісай 2009ж «Қазақстан табиғатын зерттеу тарихы»
«Қазақстан табиғатын зерттеу тарихы» пәні бойынша 050116-«География» мамандығының студенттерінің обсөЖ сабақтарының білімін бақылауға...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница