6М050600-Экономика мамандығы бойынша талапкерлерден емтихан қабылдау бағдарламасы




Название6М050600-Экономика мамандығы бойынша талапкерлерден емтихан қабылдау бағдарламасы
страница1/8
Дата конвертации14.02.2016
Размер0.56 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.wksu.kz/images/M_images/2014/magistratura/vopros/economika_6050600_2014_kaz.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8
6М050600-Экономика мамандығы бойынша талапкерлерден емтихан қабылдау бағдарламасы.

  1. Кәсіпорын экономикасы

  2. Менеджмент

  3. Маркетинг


Кәсіпорын экономикасы


1. Тақырып: Қазақстан Республикасы экономикасының даму сипаттамасы.

Мазмұны: Ұзақ мерзімдік келешектегі ҚР экономикасының дамуының негізгі бағыттары. ҚР экономикасының қазіргі салалық құрылымы және оның негізгі бағыттары, олардың жіктелінуі. Нарықтық қатынастар құру жағдайындағы Қазақстан Республикасының құрылымдық мемлекеттік саясаты: ұзақ мерзімдік мақсаттар және жүзеге асыру стратегияларының басым бағыттары. Қазақстн Республикасының сыртқы экономикалық келіссөздері: ашық экономика және еркін саудалар құру. Өнеркәсіп және оның әлуметтік-экономикалық қоғам дамуындағы рөлі. Өнеркәсіптің салалық құрылымы: түсінігі, көрсеткіштері және анықтаушы факторлары. Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік саясатының негізгі бағыттары.Өнеркәсіпті орналастыру принциптері, өнеркәсіптің әртүрлі салаларындағы өндірісті орналастыру ерекшеліктері. Өндірісті орналастыруды экономикалық негіздеу әдісі. Өнеркәсіп объектілерін орналастырудың экономикалық тиімділігін бағалау критерилері және көрсеткіштері.

2.Тақырып: Экономиканы мемлекеттік реттеу.

Мазмұны: Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеудің мәні және әдістері. Экономикаға мемлекеттің араласуының шектеуліктер.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің экономикалық ырғағы: салықтар, бағалар, еңбек ақы, экспорт пен импортты лицензиялау, кедендік ереже, қаржылық және несиелік қатынастар, амортизациялық саясат. Ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеудің формалары және әдістері жүйесіндегі Қазақстан Республикасының Салық Кодексі. Дамыған елдердегі экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері. Бәсекелік қалыптастырудың экономикалық негіздері. Бәсекелік мінез – құлық түрлері және фирманың бәсекелік стратегиясы.

Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу және бәсекелік. Жеке инвестицияларды кәсіпкерлік ынталандыру.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік стратегиясы.

ҚР тұрғындарын әлеуметтік қорғау тұжырымдамасы. Өнеркәсіпті жоспарлы реттеу. Дамыған елдердегі жоспарлау тәжірбиесі (индикативтік, статегиялық жоспарлау, бағдарламалар, жоспарлар формасы ретіндегі болжамдар). Жоспарлаудың салалық ерекшеліктері.

3. Тақырып: Шаруашылық жүргізу обьектісі ретіндегі кәсіпорын.

Мазмұны: Кәсіпорын – нарықтық қатынастарды негізгі тасымалдаушы ретіндегі өзбетінше шаруашылық субьектісі. Кәсіпорынның басты міндеттері. ҚР Азаматтық Кодексіне сәйкес барлық кәсіпорын түрлерінің қызмет етуінің негізгі принциптері. Кәсіпорын қызметін лицензиялау. Кәсіпкерлік құқы және кәсіпорын міндеттері. Меншік формалары бойынша кәсіпорын түрлері. Негізгі және қосымша белгілері, ұйымдық – құқықтық формалары бойынша кәсіпорындардың жіктелінуі. Кәсіпорындар құрылымы. Банкроттау түсінігі және белгілері. Банкроттауды таңдау стратегиясы және оны болдырмау. Кәсіпорынды банкроттауды жариялау тәртібі. Қиыншылық және банкроттық кезеңдегі кәсіпорынды басқару және реконстукциялау. Кәсіпорынды сауықтыру, қайта құру және жою.

4.Тақырып: Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі.

Мазмұны: Өндіріс тиімділігінің мәні және көрсеткіштер жүйесі. Өндіріс қызметтердің тиімділік көрсеткіштері. Өтімділік көрсеткіштері. Қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері. Базалық салыстыруды таңдау. Күрделі қаржы салу есебі және жанама салалардағы тиімділік. Уақыт факторын есептеу әдістері (ақша ағымдарын дисконторлау). Күрделі қаржы салымдарының экономикалық тиімділігін анықтау. Таза ағымдық құндылық және ішкі табыстылық нормалар көрсеткішінің сипаттамасы. Варианттарды салыстыру жағдайындағы сапалық талдау. Өндіріс тиімділігіне әсер етуші факторлар.

5.Тақырып: Негізгі капитал.

Мазмұны: Кәсіпорынның негізгі қорларының экономикалық мәні, олардың құрамы және құрылымы. Кеңейтілген ұдайы өсімдегі негізгі қорлардың ролі. Ұдайы өсім формалары және негізгі қорларды жетілдіру. Негізгі капиталды жаңарту формасы ретіндегі лизинг.

Өндірістік және қаржылық лизинг. Негізгі қорлардың тозуы және амортизациясы. Салық есептеудегі негізгі өндірістік қорларды бағалау әдістері. Негізгі қорларды қайта бағалау. Нарықтық қатынастар құру жағдайындағы Қазақстан Республикасының амортизациялық саясаты. Негізгі өндірістік қорларды пайдалану көрсеткіштері. Кәсіпорындағы негізгі капиталды тиімді пайдаланудың факторлары және жолдары.

6.Тақырып: Шикізат, материалдар және отын – энергетикалық ресурстар.

Мазмұны: шикізат, материалдар және отын – энергетикалық ресурстар түсінігі және жіктелуі. Пайдалы қазба запастарының шикізат базасы және оны дамыту бағыты. ҚР энергетикалық ресурстарды пайдалану. Материалдық ресурстарды ұтымды пайдаланудың жолдары. Шикізат таңдауды экономикалық негіздеу, шикізатты алғашқы өңдеу және байытудың экономикалық тиімділігі.Өндіріс қалдықтарын өңдеу және шикізатты кешенді пайдалану.Материалдық ресурстарды пайдаланудың көрсеткіштері және талдау тәсілдері.

7.Тақырып: Айналым капиталы.

Мазмұны: Кәсіпорынның айналым қоры, олардың құрамы және құрылымы. Айналым қорларын пайдалануды жақсартудың негізгі бағыттары.

Айналым капиталы: құрамы және құрылымы. Айналым капиталын қаржыландыру көздері. Әртүрлі саладағы айналым құралдары құрылымының ерекшеліктері. Таза айналым капиталы түсінігі.

Айналым құралдарының айналымдылығы. Кәсіпорын жұмысының экономикалық көрсеткіштерін жақсартудағы айналым құралдарының айналымдылығын жеделдетудің маңызы. Айналым құралдарына қажеттілікті анықтау.

Өндірістегі айналым қорларының пайдалануды бағалау. Кәсіпорында айналым қорлары элементтерін үнемдеу. Кәсіпорындағы айналым құралдарын жасақтау және пайдалану. Айналым құралдарының айналымдылығын жеделдету факторы ретіндегі шарт жасасу және төлем тәртібін қатайту. Кәсіпорын жұмысының ақырғы нәтижелеріне айналым капиталын басқарудың әсер етуі.

8.Тақырып: Еңбек ресурстары.

Мазмұны: Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу. Еңбек қуаты және еңбек ресурстары, олардың құрамы және құрылымы, жасақтау көздері. Еңбек қуатын жүзеге асыру формасы ретіндегі жұмыс бастылық. Кәсіпорын кадрларының құрамы және құрылымы.

Кәсіпорындағы кадрлар жұмысы. Кәсіпорындағы персоналды басқару тұжырымдамасы. Кәсіпорын тиімді қызмет ету үшін ұйымдық мінез – құлықтық маңызы және мәні.

Еңбек тиімділігі және оны өлшеу тәсілдері. Еңбек өнімділігін көтерудің факторлары.

9.Тақырып: Еңбек ақы.

Мазмұны: Еңбек ақының мәні және принциптері. Еңбек мотивациясы, жалақы төлемін дифференциялаудың экономикалық негіздері. Тарифтік жүйе, оның мазмұны және жалақы төлеуді ұйымдастырудағы маңызы. Әлеуметтік партнёрлікті дамыту: басты, салалық және тарифтік келіссөз, ұжымдық шарт.Тарифсіз еңбек ақы жүйесі. Кәсіпорынның таза пайдасы және шығындарына қатынасу жүйесі. Кәсіпорын капиталына қатынасу жүйесі.

езервтері.

10.Тақырып: Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты.

Мазмұны: Кәсіпорын қызметінің инвестициялық стратегиясы: мәні және құрылу принциптері. Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын бағалау тәсілдері. Баламалы инвестициялық ұсыныстарды бағалау көрсеткіштері. Инвестициялық экономикалық тиімділігін анықтаудың әдістері. Қазақстан республикасының ғылыми – техникалық саясаты. Инновациялық (жаңалық енгізу): олардың табиғи және таратудың цикілділігі. Инновациялық және экономикалық мүдделердің өзара әрекеті. Жаңалық енгізуді инвесторлеу. Кәсіпорынның инновациялық мененджменті: мәні және міндеттері. Инновациялық стратегиялар: Қауіп – қатерлі және қауіпсіз. Инновациялық процес және инновациялық құрылым. Жаңалық енгізуді басқару. Венчурлық кәсіпкерлік. Ғылыми – техникалық альянстар. Инновациялық жобалар қоржынын жасақтау, мәні, принциптері және бағалау факторлары. Инновациялық лизинг.

11.Тақырып: Өндіріс және өнімдерді өткізу шығындары.

Мазмұны: Шығын түсінігі, құрамы және түрі. Тұрақты және өзгермелі шығындар. Өнімдердің өзіндік құн құрылымы және оның әртүрлі салалардағы ерекшеліктері. Кәсіпорын шығындарын құрайтын шығындардың жіктелуі. Өндіріс және өнімдер өткізуге жұмсалатын шығындарды есептеу әдістері. Өндіріс шығындардың анықтаудың шетелдік тәжірбиесі. Өндіріс және өнімдер өткізу шығындарын төмендетудің маңызы, көздері және факторлары.

12.Тақырып: Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі.

Мазмұны: Стратегиялық жоспарлау және маркетингтік шешімдер үшін ақпарат, маркетингтік тәсіл. Маркетинг стратегиясын таңдау және жүзеге асыру. Өндіріс ұйымдастыруға маркетингтің әсері және кәсіпорынның негізгі функциялары. Бәсекелік стратегиялар жасақтау. Саланы бәсекелік талдау. Кәсіпорын жағдайын талдау. SWOT – талдау. Кәсіпорыннның бәсекеқабілеттілігін салыстырмалы бағалау. Жоспарлаудың әдістемелік негізі. Кәсіпорын жоспарлары құрылымы. Өндіріс ішілік жоспарлау. Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорында өнімдер шығаруды жоспарлауды ұйымдастыру. Өнімдер өндіру бағдарламасын жасақтау ( зиянсыз болу нүктесі). Өндіріс және өнімдерді сату “аталған кәсіпорын жоспары тарауының” көрсеткіштері. Тапсырыстар қоржынын жасақтау. Өндірістік бағдарламалар көрсеткіштерін есептеу тәсілдері. Кәсіпорынның өндірістік қуаты және оны анықтау тәсілдері.

13 Тақырып: Өнімдердің бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ету.

Мазмұны: Өнімдердің бәсекеқабілеттілігі: түсінігі, оны көтерудің қажеттілігі. Ғылыми – техникалық прогресс стратегиясы және оның өнімдердің бәсекеқабілеттілігіне әсері. Ғылыми – техникалық күш – қуат және оның тиімділігін экономикалық бағалау.

Өімдер сапасы: түсінігі, көрсеткіштері және оның деңгейін көтеру көрсеткіштері және жолдары. Сапаны басқарудағы жаңа стратегия. Өнімдерді стандарттау. Өнімдерді сертификаттау. Бағалар ролі және өнімдердің бәсекеқабілеттілігін көтеру. Өнімдерге, жұмыстарға және қызметкөрсетуге бағалар түрі. Кәсіпорындағы баға жасақтау тетігі. Нарықтық экономика жағдайындағы бағаны мемлекеттік реттеу.

14.Тақырып: Кәсіпорынның экономикалық стратегиясы.

Мазмұны: Экономикалық стратегия түсінігі.Экономикалық стратегияны негізгі құрайтындар: тауар стратегиясы, баға қалыптастыру стратегиясы; Фирмалар және өндірістік ресурстар капиталының өзарақимыл көрсету стратегиясы; құнды қағаздар және ақшалар нарығындағы фирманың мінез – құлық стратегиясы; сыртқы экономикалық қызмет стратегиясы; өндірістік шығындарды төмендету стратегиясы; инвестициялық қызмет стратегиясы; персоналды ынталандыру стратегиясы, банкрот болдырмау стратегиясы. Экономикалық стратегияның локалдық мақсаты.Экономикалық стратегияны жасақтау кезеңдері.

15.Тақырып: Таза пайда және өндіріс рентабелділігі.

Мазмұны: Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижелерінің жинақты көрсеткіштері ретіндегі таза пайда.

Кәсіпорын кірісін жасақтау және бөлістіру тәртібі. Кәсіпорын төлеуге тиіс салықтарға жалпы сиппаттама. Кәсіпорын кіріспе салық салу және оны бөлістіру. Қазақстан Республикасының Салық жүйесі.Кәсіпорында таза пайданы көбейту резервтері. Кәсіпорын жұмысы тиімділігінің көрсеткіші ретіндегі өндіріс рентабелділігі. Рентабелділік деңгейін көтерудің жолдары және кәсіпорынның ішкі резервтерін пайдалану.Кәсіпорында қаржылық қатынастарды туындату формалары. Кәсіпорындағы қаржылық қызметінің негізгі принциптері және ұйымдастыру бағыттары. Қаржылық тетік: құрамдас элементтер, құқықтық, нормативтік және ақпараттық қамыту. Кәсіпорынның қаржылық ресурстары. Қаржылық жоспарлау. Кәсіпорында қаржылық ресурстарды жасақтау көздері. Қарыз құралдарын алу әдістері. Несиелер, оларды берудің негізгі принциптері. Қазақстан Республикасының Банкілік жүйесі.


Менеджмент


1.Тақырып. Басқару ғылымының пәні, әдісі мен міндеті.

Мазмұны: Берілген курстың мақсаты теориялық және практикалық материалдар, заңды және құқықтық құжаттар негізінде студенттерді басқарудың теориялық және практикалық аспектілері аумағында оқыту, басқару ғылымының мақсаты мен әдістері, пәнімен таныстыру.

Курстың міндеті – басқарудың әдістемесін зерттеу, басқару теориясының халықаралық тәжірибесін оқу, басқарудағы қоғам мен табиғат заңдарымен танысу; басқарудың негізгі заңдылықтарын анықтау.

Менеджмент теориясы мен практикасы курсы суденттердің келесі пәндерден алынған білімдеріне негізделеді: экономикалық теория, менеджмент негіздері, кәсіпорын экономикасы, қаржы, құқық негіздері және т.б.

Менеджмент теориясы мен практикасы пәні басқарушылық циклінің басқа курстары үшін базалық болып табылады: өндірістік менеджмент, стратегиялық жоспарлау, персоналды басқару, қаржылық менеджмент, коммерциялық менеджмент, инновациялық менеджмент, әкімшілдік менеджмент, жобаларды басқару, портфельді менеджмент және т.б.

Сонымен, жоғарыда қойылған міндеттерді шешу болашақ экономистердің, менеджерлердің және кәсіпкерлердің кәсіби дағдыларының түпкілікті қорытындысы бойынша үлесін және басқару аумағындағы негізгі білімдерін жетілдіруді көрсетеді. Дәрістерді оқу курстың теориялық ғылымдары шеңберіндегі практикалық сабақтармен, іскерлік ойындарды өткізумен, сонымен қатар студенттердің жеке сабақтар түріндегі өзіндік жұмыстарымен бірге жүргізіледі.

Қазіргі таңдағы менеджмент әртүрлі деңгейде белсенді түрде қарастырылатын және үдемелі тақырып болып табылады. Ол микро және макроэкономикалық саясаттың негізгі факторларының бірі болып табылады.

Бүгінгі әлемде тәжірибе және әлемдік қоғамдастық экономиканың әр түрлі салаларындағы басқарудың теориясы мен тәжірибесін және жоғарғы деңгейде көңіл бөлумен зерттеуге бағытталған.

Экономикалық дамыған мемлекеттер ғылыми-техникалық дамуда және жаңалықтар енгізуде жоғары орын алуда .

Қазіргі таңдағы экономикада басқаруда дұрыс шарттарды құру барлық шаруашылық жүйелердің тиімді функциялануының алғы шарты болып табылады. Сондықтан, шетелдік мемллекеттер қатарында, соның ішінде Қазақстандағы басқару тауқыметтері мемлекетке, сонымен қатар жалпы қоғамға негізгі көңіл аударатын жалпы ұлттық идеялар болып табылады.

Пәннің негізгі бөлім мазмұны, барлығынан бұрын, студенттердің әлемдік және мемлекеттік экономикадағы теориялық-әдістемелік және ұйымдастыру тауқыметтері, нарықтық қатынастар шарттарындағы басқарудың теориясы мен тәжірибесі бойынша білімдеріне тоқталады. Негізгісі болып тұлғалардың тиімді серіктестігін қамтамасыз ету, басқарудың барлық механизмдерін ұтымды қолдану және қалыптастыру.

Берілген курсты оқытудың қажеттілігі басқарудың барлық адамзат шығармашылығының объективті тұтынуынан туындайды. Басқарудағы қоғамды бақылау деңгейі оның даму деңгейімен анықталады. Қоғамды, тірі табиғатты, машинаны, процестерді, сонымен қатар үй шаруашылығын және адам өзін-өзі басқаруы керек.

Бұл орайда, берілген курсты оқу бағдарламасына енгізу студенттерге жаңа философия мен басқарушылық ой-пікірлер тәжірибесін қалыптастыруда мүмкіндік береді.

Берілген курс тыңдаушыларда басқарудың негізгі теориялары бойынша комплексті білім қалыптастырады және оларды кәсіпорынның, қоғамның, мемлекеттің, нақты өміріндегі тәжірибеде қолдануына көмектеседі.

2.Тақырып. Басқарудың табиғаты және менеджмент эволюциясы.

Мазмұны: Менеджмент – дәстүрлерді, тарихты, концепцияларды, институттарды, теория мен практиканы қамтитын бүкіл адам мәдениетінің элементі. Басқару проблемасы адамдарды ұйымдастыру (тайпалар, рулар, қауымдар, т.б.) басталған кезеңде пайда болды.

Менеджменттің пайда болу және даму тарихы 7 мыңжылдықты құрайды, сондай-ақ 5 басқару революциясынан тұрады. Ғылыми менеджменттің пайда болуы Ф.Тейлордың атымен байланысты. Ф.У.Тейлордың концепциясының негізгі қағидалары.Практикада қалыптасқан ескі дәстүрлі жұмыс тәсілдерінің орнына ғылыми іргетасын құру, оның әрбір элементін ғылыми тұрғыдан зерттеу.Жұмысшыларды ғылыми белгілері бойынша таңдау, оларды жаттықтыру және баулу, оқыту.Еңбекті біркелкі бөлісу және әкімшілік пен жұмысшылар арасындағы жауапкершілік.Еңбекті бірдей бөлу және әкімшілік пен жұмысшылар арасындағы жауапкершілік.20-жылдарда Тейлордың ізін басушы және “ғылыми басқарудың” белсенділері Генри Гантт Френк және Лилиан Гилбертьи, Эмерсон, Г.Форд, т.б. болды.3. Әкімшілік мектептің негізін салушы А.Файоль болды. Ол әкімшілік қызметті төрт элементке бөліп талдады. Олар: жоспарлау, ұйымдастыру, басшылық ету, үйлестіру, бақылау.А.Файоль әкімшілік басқарудың 14 принципін жасады.Әкімшілік мектептің өкілі Л.Урвин әкімшілік іс-әрекет аймағындағы Файольдың негізгі тұжырымдарын әрі дамытты. Яғни қазіргі кезге дейін өз өзектілігін жоғалтпаған формальды мекемені құру принципін жасау. Әкімшілік мектептің келесі өкілі болып М.Вебер табылады. Ол басты назарды мекемедегі билік құрылымы мен лидерлік проблемасын шешуге аударды.4. Мери Гаркер Фоллет және Элтон Мэйо адамгершілік қарым-қатынас мектебінің негізін салушылардың алғашқылары. Бұл мектептің көрнекті өкілдері болып К.Арджерис, Ф.Ферцберг, Р.Ликарт, Д.Макгрегор және т.б. табылады.Бұл бағыттың негізгі қағидасы ресми емес шағын топтардың рөлін орындау, басқару практикасындағы топтағы психологиялық және әлеуметтік ерекшеліктерді тауып, пайдалануға мүмкіндік беретіндей тәсілдерді қабылдау болып саналады.Психологиялық мектептің зерттеушілері былайша топшылайды: егер басшылар өз жұмыскерлеріне көбірек қамқорлық жасаса, онда олардың қанағаттану сезімі де, еңбек өнімділігі де жоғары болады.Жапония мен АҚШ-тың басқару мектебі қазіргі кезде әлемдегі алдыңғы қатардағылардың бірі болып табылады, басқа елдерде өздерінің менеджментті дамытудың әр түрлі эталоны ретінде қарастырылады.Бұл 2 мектептің ұқсастықтары: екеуі де адам факторының белсенділігіне, инновацияға, шығарылған тауарлар мен қызметтер диверсификациясына көп көңіл бөлді, кәсіпорынның дамуы үшін ұзақ мерзімді стратегиялық жоспар жасап жүзеге асырады.Сыртқы ұқсастықтарына қарамастан бұл мектептер осы елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуына көмектеседі.Еуропалық менеджмент әр түрлі мәдениетті ұстанады.Араб менеджменті ұлттық дәстүрді және құранды білуді талап етеді.

3.Тақырып. Басқарудағы қоғам мен табиғат заңдары.

Мазмұны: Ғылыми басқару ең алдымен қоғамдық өндірісте әрекет ететін заңнамалар мен негізгі заңдарды тану мен пайдалана білуді көздейді.Заң пайда болу арасындағы нақты қажеттілікті бір негізде көрсетеді.Заңдылық дұрыстықты, жүйелілікті көрсетеді, берілген пайда болулар тектен тек еместігін растайды. Басқару принципі – басқарушы жағдайдың объективті негізделуі, процесте басқару органдары басшылық ететін басқару қатынастары және олардың заңдылықтары.

4.Тақырып. Жүйелерді және оның құрамын анықтау.

Мазмұны: Жүйе – біршама шартты, абстрактылы ұғым. Сандық, байланыс, білім беру түріндегі жүйелер де болады. Жүйелердің біреуі физикалық, техникалық мәндердегі концепциялардың өзіндік үйлесімі болып саналады. Адам денесінің жеке органы да, жеке адамның өзі де, жеке көлік немесе көлік кешені де, яғни кейбір міндеттерді шешетін кез келген нәрсенің өзі жүйе бола алады. Тұтас әлемнің өзі жүйе, ал оның өзі көптеген үлкен және шағын жүйелерден тұрады.Жүйелілік – табиғат құбылысының жалпылама қасиеті болып табылады. Қоғам әрқашанда ұйымдасқан түрде болады да, белгілі бір жүйе ретінде жұмыс істейді. К.Маркс осы туралы жазып және қоғам тұтастай жүйе ретінде дамиды деп атап көрсеткен болатын. Ағылшын тілінің «Оксфорд сөздігінде» жүйеге былайша анықтама берген:«Жүйе дегеніміз күрделі бірлікті құрайтын бір-бірімен байланысты немесе өзара байланысты объектілердің немесе кешенді комплекстер кешені болып табылады, белгілі бір схемаға немесе жоспарға сәйкес реттеліп орналасқан бірнеше бөлімнен тұратын тұтастық». Ал, ағылшын тіліндегі бұл сөздікке «Рэндом-фоус» фирмасы жүйеге мынадай анықтама беріп отыр: «... белгілі бір саладағы білімнің немесе ойдың, реттелген және көлемді фактлердің, принциптердің және т.б. жиынтығы».Жүйе дегеніміз тұтастай құрылымды құрайтын жаңа қасиетке ие болатын өзара әрекеттесетін элементтердің жиынтығы.

Жоғарыда атап өткеніміздей, жүйелердің алуан түрлі нышаны болады. Дегенмен, алуан түрлі бола тұрса да, бүкіл жүйені шартты түрде үш түрге бөлуге болады:

  1. техникалық;

  2. биологиялық;

  3. әлеуметтік, соның ішінде әлеуметтік-экономикалық.

Кез келген жүйеде элементтер өзара тығыз байланысты, әрі белгілі бір әдіспен өзара әрекеттеседі. Жүйедегі өзара әрекеттесу элементтердің арасындағы өзара байланыс арқылы көрінеді, ал бұлардың өзі заттық немесе ақпараттық болуы мүмкін.

Кез келген жүйе секілді, кәсіпорын жекелеген элементтердің ұйымдасқан бірлестігі, ал оның бірлескен жеке бөлігі – жаңа сапаға ие болатын бірыңғай тұтас құрылым. Әр деңгейдегі жүйе өзінің белгілерімен және ерекшеліктерімен ажыратылады. Алайда, олардың барлығы құрылымдық заңдылықты және жүйенің жоғары дәрежеде жұмыс істеуін көрсетеді. Осыған байланысты жекелеген өндірістік бөлімшелер, басқару буындары атқаратын міндеттер жүйедегі жалпы түпкі саясатқа жетуге бағытталған.Ашық және жабық жүйелер.

Жүйенің негізгі екі типі болады: жабық және ашық.

Жабық жүйенің белгіленген нақты шекарасы болады, оның іс-әрекеті қоршаған орта жүйесіне біршама тәуелсіз. Мәселен, кәдімгі сағат-жабық жүйе болып табылады, өйткені оны бұрағанда тетіктері тоқтаусыз әрі дәл жүретін болады. Сағатта жиналған энергия көзі болған кезде, оның жүйесі қоршаған ортаға тәуелсіз.

Ашық жүйенің ерекшелігі сыртқы ортамен тығыз байланыстылығында. Энергия, мәліметтер, материалдар – бұл жүйе шекарасы арқылы сыртқы ортадан енетін объектілер.

Мұндай жүйе өзін-өзі қамтамасыз ете алмайды, оның өмір сүруі сыттан келетін энергияға, мәліметтерге және материалдарға тәуелді болып келеді. Сонымен қоса, сыртқы ортаның бейімделгіштігіне байланысты ашық жүйенің қабілеттілігі болады және де ол жүйенің одан әрі дамуына әсер етеді. Басшылар негізінен ашық жүйемен жұмыс істейді, өйткені барлық ұйымдар ашық жүйеге жатады.Ұйым сыртқы ортадан мәліметтер, капитал, адам ресурстары мен материалдар алады. Бұл компоненттер кіруші деп аталады. Түрлендіру процесінде ұйым осы компоненттерді өңдеп, оларды өнімге немесе қызмет көрсету үшін түрлендіреді. Бұл өнімдер мен қызметтер ұйымнан сыртқы ортаға шығатын компоненттер болып табылады. Егер ұйым тиімді жұмыс істесе, онда түрлену процесіне енетін компоненттердің қосымша құны пайда болады. Ал осының нәтижесінде, пайда, нарық үлесінің ұлғаюы, сатылатын заттардың көбеюі (бизнесте), әлеуметтік жауапкершілікті жүзеге асыру ұйымның өсуі секілді қосымша шығу компоненттерінің пайда болуына әкеледі.

5.Тақырып. Құрылымға қойылатын талаптар және оны анықтаушы факторлар.

Мазмұны: Менеджмент қызметі - өндіріс процесіндегі адамның қарым-қатынасына және оны басқаруға ықпал жасау кезеңіндегі немесе бағыт анықтайтын ерекше іс-әрекет түрлері.

Менеджмент функциясын жіктелу белгілері есебі бойынша қарастыру қажет (басқарудың өзіндік процесінің негізгілері және өндіріс процесінің өзін), соған байланысты жалпы және нақты қызметтерді ажыратады. Жоспарлау – бұл басқару процесінің бір кезеңі. Бұл кезеңде іс-қызметтің мақсаты, оған қажетті қаражат, басқа да заттар. Сонымен бірге нақты жағдайлардағы ең тиіс әдіс-тәсілдер жасалынады. Стратегиялық жоспарлау – басшы қабылдаған іс-әрекеттер мен шешімдер жиынтығы, ұйымның болашақта тиімді, ұтымды жұмыс жасау мақсатын қамтамасыз етуге қажетті ресурстарды белгілеу, анықтау, алу, оларды үнемді бөлу. Индикативтік жоспар – бұл мемлекет экономикасының даму және қазіргі жағдайын сипаттайтын индикаторларды, басымдылықтарды, міндеттерді қалыптастыру процесі, сонымен бірге белгіленген нәтижелерге жету мақсатында әлеуметтік және экономикалық процестерге мемлекеттік ықпалды ұйымдастыру. Бизнес-жоспар – бұл фирманың, ұйымның белгілі уақыт аралығында даму бағытын айқындайтын құжат.

Бизнес-план 3 негізгі қызметті орындайды:

    1. Кәсіпкердің белгілі уақыт аралығында нақты іс-қызмет нәтижесін бағалау құралы болып есептелінеді.

    2. Болашақ бизнес консепциясын жасау үшін қолданылады

    3. Қаражаттарды табу құралы.

  1   2   3   4   5   6   7   8

Похожие:

6М050600-Экономика мамандығы бойынша талапкерлерден емтихан қабылдау бағдарламасы icon6М050700-Менеджмент мамандығы бойынша талапкерлерден емтихан қабылдау бағдарламасы
М050700-Менеджмент мамандығы бойынша талапкерлерден емтихан қабылдау бағдарламасы
6М050600-Экономика мамандығы бойынша талапкерлерден емтихан қабылдау бағдарламасы icon6М051000 мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша талапкерлерден емтихан қабылдау бағдарламасы Орал 2015ж
М051000 мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша талапкерлерден емтихан қабылдау бағдарламасы
6М050600-Экономика мамандығы бойынша талапкерлерден емтихан қабылдау бағдарламасы icon6М050600 «Экономика» мамандығы бойынша оқуға түсушілер үшін арнайы пән бойынша қабылдау емтихандарының бағдарламасы
Академия магистратурасына 2014–2015 оқу жылына 6М050600 «Экономика» мамандығы бойынша түсу үшін кешенді емтиханның
6М050600-Экономика мамандығы бойынша талапкерлерден емтихан қабылдау бағдарламасы icon«6М050600 Экономика» мамандығы бойынша магистратураға түсушіге
«6М 050600 Экономика» мамандығы бойынша магистратураға түсуге арналған емтихан бағдарламасы мемлекеттік білім беру стандарты талабы...
6М050600-Экономика мамандығы бойынша талапкерлерден емтихан қабылдау бағдарламасы icon6М050600- экономика мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған кіріспе емтиханының бағдарламасы алматы 2012
Бағдарлама Мемлекеттік жалпы білім беретін стандартқа «6М050600 –Экономика» мамандығы бойынша құрастырылған. Бағдарлама э.ғ. д.,...
6М050600-Экономика мамандығы бойынша талапкерлерден емтихан қабылдау бағдарламасы icon6М050600- экономика мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтихан бағдарламасы микро-макроэкономика Микроэкономика Макроэкономика пәні. Ұлттық есеп жүйесі
Кірістер мен шығыстардың ауыспалы айналымы. Негізгі макроэкономикалық тепе-теңдік. Экономиканың мемлекеттік және жеке меншік секторлары....
6М050600-Экономика мамандығы бойынша талапкерлерден емтихан қабылдау бағдарламасы iconҚазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы
«6М050600 – Экономика» мамандығы бойынша магистратураға түсушілер үшін кешенді қабылдау емтиханының
6М050600-Экономика мамандығы бойынша талапкерлерден емтихан қабылдау бағдарламасы iconҚабылдау емтиханының СҰРАҚтары мамандықтар: «6М050600-Экономика»
«6М050700-Менеджмент» және «6М051100-Маркетинг» мамандықтары бойынша э.ғ. к., доцент Джубалиева З. У
6М050600-Экономика мамандығы бойынша талапкерлерден емтихан қабылдау бағдарламасы iconҚазақстан Республикасы Президентінің жаныңдағы Мемлекеттік басқару академиясы
«Саясаттану» мамандығы бойынша қабылдау емтиханы кешендi емтихан түрінде өткізіледі, соның ішінде «Саясаттану» мамандығы бойынша...
6М050600-Экономика мамандығы бойынша талапкерлерден емтихан қабылдау бағдарламасы iconЖоғары мектеп әдістемелік бюро мәжілісінде құпталды
Мамандығы бойынша магистратураға түсетіндер үшін мамандық бойынша емтихан қабылдау
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница